«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет17/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49

Әдебиеттер 
 
1.  Кавзанадзе  Н.К.  Посткризисное  развитие  банковского  сектора:  тенденции  и 
перспективы. Журнал: Деньги и кредиты - 2013, с. 60-63.  
2.  Лаврушин И.О. Деньги и кредит. Учебник, Москва 2001 г. 
3.  www.albest.ru 
 
ӘОЖ 336.77.42 
ГЕРМАНИЯНЫҢ БАНК ЖҤЙЕСІ, ОНЫҢ ҚҦРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ 
ЕТУІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ 
 
Нурумбетов Т.Я., Қанатбаева А.А., Пазилов Ғ.А., Кальбаева Н.Т.  
 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
Банковская система Германии является одной из эффективных инструментов экономики. 
Здесь первые банки были организованный ХVІ веке. И сейчас они является одной из эффективных 
систем мировой экономики. Опыт Федеративной Германии особенно является в финансировании 
развитие государственного сектора и особенно малого и среднего бизнеса. Положительный опыт 
имеется в организации финансировании жилищного сектора экономики 
 
Summary 
The banking system in Germany is one of the most effective tools of the economy. Here, the first 
banks were organized by the XVI century. And now they are one of the most effective systems of the world 
economy. Experience of Federal Germany is particularly in financing the development of the public sector 
and especially small and medium-sized businesses. Positive experience is available in the organization of 
the financing of the housing sector 
 
Әлемдік  географиялық  жаңалықтар  ашылуы  ғасырда  Германияда  ірі  сауда 
компаниялары пайда болды. Олар  XVI  ғасырда ақша  аудару, немесе беру тағы да 
басқа  операцияларды  орындады.  XVII  ғасырдан  бастап  мемлекетте  қалалық 

149 
 
банктер  пайда  бола  бастады.  Осындай  банктердің  бірінші  қатарында  1961  жылы 
құрылған Гамбург банкі болып есептелінеді. 
1856 жылда 20 ұсақ Германдық мемлекеттерде 30 элинисландық банк қызмет 
етті.  1875  жылы  18  наурызда  Рейхстагқа  банк  туралы  бірінші  заң  ұсынылды.  Бұл 
заңның  негізгі  мазмұны:  орталық  банкті  құру  тәртібі;  жергілікті  эмиссиялық 
банктердің  жұмысын  реттеу;  банкноттар  шығару  тәртібі  және  эмиссиондық 
банктердің барлық операциялардың реттеу қағидалары. 1876 жылдың 1 қаңтарынан 
бастап Германия империясының орталық банкі  – Рейхс банк ӛз қызметін бастады. 
Ол  корпаративтік  үлескер  ретінде  құрылды.  Банк  бүкіл  Империя  шекарасында 
қызмет атқарып оның жұмысын мемлекет тарапынан бақылауда болды. бірінші заң, 
қабылданғаннан  бастап  Германияның  банкирлік  уйлері  және  қаланың  банктері  ӛз 
міндеттерін  акционерлік  коммерциялық  банктерге  ӛткізе  батады.  1895 
жылданбастап  акционерлік  банктер  жай  банктік  операциялармен  қатар  ӛз 
клиенттеріне  ӛнеркәсіптік  несиелерді  белсенді  ұсына  бастады.  Германияда 
коммерциялық  банктер  ағылшын  депозиттік  банктеріне  қарағанда  ереше 
инвестициялық банктерлің қызметін атқарады.  
Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  Германияның  орталық  банк  жүйесінің 
қалыптасуы  саяси  жғдайға  байланысты  болды.  1948  жылы  Германия  аймағында  4 
жер  орталық  банктер  құрылды.  1948  жылы  наурызда  окупациялық  Үкіметтердің 
шешімімен  Неміс  жерлері  Банкі  құрылды.  Бұл  банк  тек  коммерциялық  банктер 
және  меншіктік  мекемелерге  тиісті  қызметті  атқарды.  1957  жылы  Үкіметтің 
Конституциясына  сәйкес  Неміс  Федерал  Банкі  (Бундес  банк)  туралы  арнаулы  заң 
қабылданды. Нәтижесінде Орталық банктің екі деңгейлі құрылымы жойылды. Яғни 
Орталық анктер неміс жерлері Банкімен қосылды. Германияның Конституциясына 
сәйкес  Бундес  банк  мемлекеттің  ақша-несие,эмиссия  саясаттарын  іске  асыратын 
қаржының  мекеме  оның  жарғылық  капиталы  Германияның  Федералдық  үкіметіне 
тиісті. 1992 жылы Бундес банк туралы ӛзгертулер кірілді. 
Жерлерді  Орталық  банктердің  саны  11-ден  8-ге  қысқартылды.  1992  жылы 
қараша  айына  дейін  банктердің  190  филиалы  қызмет  етті.  Филиалдардың  негізгі 
міндеті  тиісті  аймақтарда  резервтерге  болған  міндеттерді  орындау  және 
(безналична) нақты ақшалық есептерді орындау. 
Германияда  2009  жылдың  соңыеда  2121  банк  қызмет  атқарды.  Банк 
есептерінің  құрылымы  3  негізгі  сектордан  құралды:  жеке  меншік,  меншіктік, 
корпаративтік. Мемлекеттік секторда 431 жинақ банкі 10 жер банктері және басқа 
қаржының институттар қызмет етті. Корпаративтік секторда 1144 кредиттік одақтар 
және 2 корпаративтік орталық банктер жұмыс атқарды. Жеке банктер секторында 4 
транснационалдық,  42  инвестициялық,  176  аймақтық  банктер  қызмет  атқарды. 
Германияда  шағын  және  орта  бизнесті  несиелендіруде  банктердің  қызметі  ӛте 
жоғары.  Шағын  және  орта  бизнесті  қаржыландыру  мақсатында  арнайы  қорлар 
құрылған.  Шағын  және  орта  кәсіпорындар  несиелерді  арнайы  банктерден  алады. 
Бұл  несиелерді  беру  тәртібі  арнайы  қағидалар  бойынша  қабылданады.  Неміс 
компенсациалдық банкі ГФР-да ежелден бастап шағын және орта кәсіпорындарды 
қаржыландырады. Сондай-ақ бұл банк, шағын бизнесті бірінші басталуынан батап 
8  жылға  дейін  қаржыландырады.  Германия  банкінің  шағын  және  орта 
кәсіпорындарды  дамытудағы  рӛлі  жылдан  жылға  артып  барады.  Бонндағы  шағын 
және орта бизнесті ғылыми зерттеу институттары мәліметтері бойынша жалпы ішкі 
инвестициялардың 40%-тен артығы осы кәсіпорындарға тура келеді. Сондай-ақ, 10 
және  500  адамға  дейін  жұмыс  істейтін  кәсіпорындар  үлесін  60%  артық  жұмыс 
орындары және оқу орындарының 80% тура келеді. Немістердің шағын және орта 
бизнестерінен  басқа  Еуропа  мемлекеттеріне  қарағанда  меншікті  капиталдың 

150 
 
дефициті  ӛте  жоғары.  Атап  айтқанда  Германия  кәсіпорындарында  орта 
кәсіпорындардағы  меншікті  капиталдың  үлесі  22%,  бұл  кӛрсеткіш  шағын 
уәсіпорындарда  14%  аспайды.  Сондықтан  мемлекеттік  шағын  және  орта  бизнесті 
дамытуға  арнайы  бағдарлама  және  олардың  дамуына  үлкен  қаржылық  кӛмек 
кӛрсетеді. 
2003  жылдан  бастап  шаығн  және  орта  бизнестің  дамуына  белсенді  ретінде 
«тіктенуі үшін қызмет ететін несиелік мекеме» және неміс банкі. Қазіргі жағдайда 
Германия  Үкіметі  осы  екі  банктің  қызметін  біріктірді,  есесіне  бір  банк  құрылды, 
яғни  орта  бизнес  инновация  деп  аталып  осы  салаға  қызмет  ететін  негізгі  болып 
есептелінеді.  
Германияда  тұрғын  үй  жинақ  банктерінің  ең  тиімді  банктері  қолданылады. 
Мемлекет ӛз азаматтарына қаржылай кӛмек кӛрсетеді. 
Әдебиеттер 
 
1. Шенин Р.К. Банковское стратегия стран мира. М.: КНОС, 2010г.-310с. 
2. Андрошин С.А. Банквское система Германии М.: Альфа-инфра, 2001г.-151с. 
3. Сейткасымов Г.С. Банковское дело, А.: 2012г.-150 с. 
 
ӘОЖ 657.1.012   
ӚСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӚНІМІН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Оспанкулова М.Ж., Калыкулов К.М. 
 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан, Қазақстан 
 
Резюме 
В  растениеводстве  понятие  "управленческий  учет"  используется  сравнительно  недавно. 
Однако  несмотря  на  новизну  термина  "управленческий  учет"  следует  признать,  что  для 
Казахстана  его  методы  (нормирование,  планирование,  анализ,  контроль)  не  новы.  Многие  его 
элементы  входят  в  наш  бухгалтерский  учет  (учет  затрат  на  производство  и  калькулирование 
сельскохозяйственной  продукции),  оперативный  учет  (оперативные  отчеты),  экономический 
анализ  (анализ  себестоимости  продукции,  оценка  выполнения  заданий,  обоснование  принимаемых 
решений) 
 
Summary 
In domestic practice, the concept of "management accounting" is used relatively recently. Despite 
the  novelty  of  the  term  "management  accounting"  should  be  recognized  that  his  techniques  (regulation, 
planning,  analysis,  control)  are  not  new  for  Kazakhstan.  Many  of  its  elements  are  included  in  our 
accounting (cost accounting and calculation of the production of agricultural products), 
routine accounting
 
(operational  reports),  economic  analysis  (cost  of  production  analysis,  evaluation  of  assignments,  the 
rationale of the decisions) 
 
Ӛсімдік  шаруашылығы  ӛнімдері  шығындары  есебі  және  ӛнімнің  ӛзіндік 
құнын  калькуляциялауды  дұрыс  ұйымдастыру  калькуляция  объектілері  мен  есеп 
объектілерін дәл бӛлуді талап етеді. 
  Ӛсімдік  шаруашылығында  шығындар  есебінің  объектілері  жеке  дәнді 
дақылдар; біртекті дақылдардың топтары, жұмыс түрлері болып табылады. 
  Шығындар  есебінің  объектілері  бӛлігінде  ӛсімдік  шаруашылығы  ӛнімдерін 
шығару және шығындарының аналитикалық есебін құрайды. 
  Шығындарды  тек  жылдар  бойынша  жеке  ғана  емес  сонымен  бірге  ӛнім 
бірлігін  және  аяқталған  ӛндірістің  ӛзіндік  құнын  дұрыс  есептеу  керек  [1].  Есепте 
шығындардың кезеңдер бойынша 3 жеке экономикалық топтарын бӛледі: 

151 
 
  -  Осы  жылда  астық  алу  үшін  (ӛткен)  ағымдағы  жыл  шығындары  – 
кӛктемдегі жер жырту, тырмалау, майдалау, астық жинау. 
  -  Алдағы  жылдар  астығының  ағымдағы  жыл  шығындары  –  сүдігер  (зияб), 
күздік егу, кӛп жылдық шӛптер егу, т.б. 
  -  Алдағы  жыл  және  кейінгі  жылдар  астығына  ауысатын  ӛткен  жыл 
шығындары – кӛп жылдық шӛптер, питомниктер, дақылдық жер жырту және шӛп 
шабу, топырақты ақбалшықтау, және гипстеу т.б.  
Ӛсімдік  шаруашылығының  сипатты  негізділігі  оның  жылына  1  немесе  2  рет 
ӛнім  береді,  ал  ӛндірістік  шығындары  барлық  жыл  ағымына  есептеледі.  Есепті 
кезең ағымында ӛсімдік шаруашылығы ӛнімдерін есепті бағасы бойынша кірістейді, 
есепті  кезеңге  жататын  барлық  шығындар  кезең  соңында  жиналғанда  іс-жүзінде 
ӛзіндік  құнның  есебінде  жүргізіледі.  Егер  есепті  баға  іс-жүзінде  ӛзіндік  құннан 
жоғары  болса,  онда  айырма  сомасы  сторно  жазбасын  жасайды.  Егер  есепті  құн 
ӛзіндік құннан тӛмен болса, жетпейтін соманы жеткізеді. 
Ӛсімдік  шаруашылығы  ӛнімдерін  шығаруда  шығындар  есебі  бухгалтерлік 
есеп  шоттарының  бас  жоспары  8  бӛлім  "Ӛндірістік  есеп  шоттары"  бухгалтерлік 
шоттарында  жүргізіледі.  Ӛндірістік  шығындар  есебі  үшін  8110  "Негізгі  ӛндіріс", 
8310  "Кӛмекші  ӛндіріс  ",  8410  "Үстеме  шығындар",  бӛлімшелерінің  бухгалтерлік 
есебіне кіретін шоттардың кешенді жүйесін қолданады.  
Сонымен,  ауылшаруашылық  ӛндірістің  әрбір  саласына  сәйкес  субшоттар 
ашуды ұсынады. ӛндіріс шығындардың синтетикалық есебі №10 жүзеге асырылады.  
Шығындардың аналитикалық есебі дақылдардың әрбір аты бойынша топтары 
және аяқталған ӛндіріс түрлері бойынша жүргізіледі. 
Аналитикалық  есеп  дақылдардың  келесі  топтары  бойынша  жүргізуді 
ұсынады: 
 
-  дәнді:  бидай,  сұлы,  арпа,  жарма  дақылдары,  горох,  фасоль,  атбас 
бұршақ; 
  
- техникалық: мақта, темекі, соя, зығыр, қыша; 
 
- бақшалық: қарбыз, қауын, асқабақ; 
 
- ашық топыраққа егілетін кӛкӛніс дақылдары: қияр, баклажан, қызанақ, 
бұрыш; 
 
-  жем-шӛптік:  сүрленген  жүгері,  жеміс-тамыр,  бір  жылдық  және 
кӛпжылдық шӛптер; 
 
- жабық жер астындағы шӛптер: жылыжай, парник; 
 
- жеміс-жидек: алма, алмұрт, абрикос, малина, қарақат; 
 
- питомниктер: кӛшеттер, отырғызулар, орманға егу, орман; 
 
- орман шаруашылығы және қорғау. 
Ауылшаруашылық  жұмыстардың  жекелеген  түрлері  бойынша  шығындар 
есебі  олардың  ӛзіндік  құнын  айқындауды  ғана  емес,  оларды  дақылдарға,  дақыл 
топтарына  жатқызуды  ұсынады.  Мысалы,  шаруа  қожалығы  кӛктемдік  жер  жырту 
500 га аланға жүргізеді, қара бидай – 205 га, бір жылдық шӛп – 20 га, сұлы 90 га, 
картоп  50  га,  сүрленген  жүгері  90  га,  кесу  кӛктемдік  жер  жыртуға  шығындардың 
жалпы  сомасы  450000  тг  құрайды.  Жер  жыртудың  1  гектары  ӛзіндік  құны  900  тг 
құрайды (450000/800). 
  Анықталған  дақылдарды  орындау  үшін  арналған  кӛктемдік  жер  жырту 
кӛлемін  жер  жыртудың  ӛзіндік  құнына  кӛбейту  арқылы  жекелеген  дақылдар 
бойынша жырту шығындарының сомасын анықтаймыз: 
  - қара бидайға (900*250) – 225000 тг. 
  - бір жылдық шӛпке (900*20) – 18000 тг 
  - сұлыға (900*90) – 81000 тг 

152 
 
  - картопқа (900*50) – 45000 тг 
  - сүрлемге қолданатын жүгеріге (900*90) – 81000 тг. 
  Ӛсімдік шаруашылығынан алынған ӛнімдер негізгі; қосылған және қосалқы 
болып бӛлінеді. 
Негізгіге  берілген  дақылды  жасау  және  алу  үшін  мына  ӛнімдер  жатады, 
мысалы, бидай, картоп, капуста, мақта т.б. 
  Қосылған  ӛнімдер  –  1  дақылдан  алынған  негізгі  ӛнімнің  бірнеше  түрлері. 
Мысалы, егілген шӛптен – шӛп, жасыл масса, тұқым. Қосалқы ӛнімдер – бұл негізгі 
ӛніммен  бірге  дақылдарды  жасаудан  биологиялық  және  ӛндірістік  жағдайлар 
күшімен алынған ӛнімдер. 
Ӛсімдік  шаруашылығында  калькуляция  объектісі  негізгі  және  қосылған 
ӛнімдер болып табылады. Бір дақылдан алынған ӛнімнің әртүрлі түрлері арасында 
шығындарды бӛлу үшін шартты коэффициенттер қолданылады. 
Ӛсімдік  шаруашылығы  ӛнімдерінің  ӛзіндік  құнын  калькуляциялауды  есепке 
басқа жаққа сатылатын немесе ары қарай ӛндіріске іс жүзінде қолданатын қосалқы 
ӛнімдер қатысады. 
  Негізгі,  қосылған  және  қосалқы  ӛнімдер  арасында  ӛндірістік  шығындарды 
тарату есепті калькуляция құруда келесідей тәсілдердің бәрінде жүзеге асырылады: 
 
-  дайындалған  баға  бойынша  қосалқы  ӛнімдер  құнының  шығындарының 
жалпы сомасынан шығару; 
 
-  тағайындалған  коэффициенттерді  қолдану,  мұнда  қосылған  ӛнімнің  бір 
түрі  шартты  бірлігі  ретінде  ал  ӛнімнің  басқа  түрлері  техника  экономика  есптеу 
негізінде  оған  теңестіріледі.  Бұл  тәсілде  ӛнімнің  барлық  түрлері  шартты  ӛнімге 
санайды,  ӛнімнің  әрбір  түрінің  үлес  салмағын  анықтайды,  содан  кейін  ӛнім  әрбір 
ӛнімнің түріне  шығындардың жалпы сомасын таратады; 
 
-  есепті  немесе  сатып  алу  бағасы  бойынша  бағалауда  ӛнімнің  қосылған 
түрлерінің құнын пропорционалды шығындардың жалпы сомасына тарату. 
Дәнді  және  бұршақты  дақылдар.  Дәнді  дақылдар  ӛнімдерінің  ӛзіндік  құнын 
калькуляциялаудың  объектісі  негізгі  ӛнім  дән  және  қосымша  сабағы  болып 
табылады. 
  Дәнді 
және  дәнді-бұршақ  дақылдар  топтары  бойынша  келесідей 
аналитикалық шоттар ашуды ұсынады: 
  - күздік дәнді дақылдар: бидай, арпа, қара бидай; 
  - жаздық бидай; 
  - басқа жаздық дәнді дақылдар
  - жаздық дәнді бұршақ дақылдары: ас бұршақ, үрме бұршақ, жемдік бұршақ, 
жасымық т.б. 
  Дәнді  және  сабанның  ӛз  құнын  есептеуді  қарастырамыз.  Мысалы,  шаруа 
қожалығы қайта ӛңдеуден кейін (62300 ц. дән) (яғни кептіру және қолданылмаған 
қалдықтар  массасын  шегерумен)  күздік  дақылдардың  астық  алды  –  62300  ц.  дән, 
3140  ц.  Дәндік  қалдықтар  дәнмен  бірге,  лабораториялық  талдау  мәліметтері 
бойынша  35%  және  81400  ц.  сабан.  Күздік  дақылдарды  ӛсіру  бойынша  шығару 
37250000  тг.  дәндік  қалдықтар  және  сабанды  қолданумен  бір  центнер  дәннің  ӛз 
құнын  анықтаймыз.  Есептеу  тәртібі  келесідей:  толық  дәннің  саны  анықталады. 
Дәнді қалдықтардың лабораториялық талдауы негізінде толық дәндік қалтарындағы 
тағайындалған пайызы 35% тең, ол дәнді қалдықтарын алынған санына кӛбейтіледі. 
  Кесте 1- Дәнді дақылдардың ӛзіндік қҧнының калькуляциясы 
 
 
Кӛрсеткіш аты 
Саны 
Сомасы,т
г 

153 
 

Жалпы жиын: 

дән  (о.і.  дән  қалдықтары-3140 
ц.) 

сабан 
 
62300 
81400 
 

Дәнді 
дақылдар 
бойынша 
ӛндірістік 
шығындар 
 
37250000 

Лабораториялық 
талдаудың 
тағайындалғаны %-і, % 
35 
 

Дәндік қалдықтағы толық дән (3140*35/100) 
1099 
 

Барлық толық дән (62300-3140+1099) 
60259 
 

Шартты  ӛнімге  келтірілген  толық  дән  және 
сабан (шартты бірлік): 
Дән (60259*1) 
Сабан (6512*100/66771) 
 
 
60259 
6512 
 

Барлық шартты толық ӛнім (60259+6512) 
66771 
 

Шартты  ӛнімге  ауыстырғандағы  дән  мен 
сабанның үлес салмағы, % 

дән (60259*100/66771) 

сабан (6512*100/66771) 
 
 
90,25 
9,75 
 

ӛндіріске жататын шығындар: 
- дән (90,25*37250000/100) 
- сабан (9,75*3725000/100) 
 
 
33618125 
3631875 
10 
ӛндірістік шығындар жиыны 
 
37250000 
11 
Бірлік ӛнімнің іс жүзіндегі ӛзіндік құны 

толық дән (33618125/60259) 

сабан (3631875/81400) 
 
 
558 
45 
Толық  дәндік  қалдығы  табылған  санына  оны  ӛңдеуде  алынған  толық  дәннің 
санын  қосады.  (35%*3140/100=1099;  62000-3140=59160;  1099+59160=60259). 
Толық дәннің барлық алынғаны 60259 ц. 
Ары  қарай  толық  дән  калькуляцияланады.  Толық  дәннен  және  сабаннан 
алынған  жиынды  шартты  ӛнімге  ауыстыруда    тағайындалған  коэффициенттерге 
кӛбейтеді.  Одан  кейін  кӛбейтінді  нәтижелерін  қосады  және  шартты  ӛнімге  қайта 
есептеуде дән мен сабанды алады (60259*1+81400*0,08=66771). Шартты ӛнім саны 
66771 ц. құрайды. 
  Негізгі және қосалқы ӛнімнің пайыздық қатынасын анықтайды, дән 90,25%; 
сабанға – 9,75%, 60259*100/66771=9025; 6512*100/66771=9,75. 
Пайыздық  қатынастан  жеке  негізгі  және  қосалқы  ӛнімдерге  жататын 
шығындар сомасын есептейді. 
  Дәнге  шығындар  33618125  тг.,  сабанға  –  3631875  теңгені  құрайды 
(90,25*37250000/100=33618125; 9,75*37250000/100=3631875). 
Осы  келтірілген  мысал  мәліметтерімен  ӛнімнің  ӛзіндік  құнының 
калькуляциясын құрады. 
Ӛндіріс  шығындарының  жалпы  сомасын  ӛнімдердің  шығуына  центнерде 
бӛліп  толық  дәннің,  дән  қалдықтарының  және  сабанның  1  ц.  ӛзіндік  құнын 
есептейді. 
Негізгі  ӛнімнің  ӛзіндік  құнын  анықтауда  пайдаланылмаған  қосалқы  ӛнім 
калькуляциялық есептеуде есепке алынбайды [2]. 
Экономиканың  дамудың  қазіргі  жағдайында  фирма  ӛнімнің  ӛзіндік  құны, 
тұтынушылар  сұранысы  мен  сапасына  сай  келуіне  ғана  тәуелді  емес,  сонымен 

154 
 
қатар,  құрамының  басты  бӛлігін  шығындар  құрайтын  сату  құнының  мӛлшеріне 
тікелей тәуелді екендігін кӛрсетеді. 
Сондықтан, 
ӛндірістік 
бухгалтерияның 
сарапшы-бухгалтерлері, 
материалдардың, еңбек және ақшалай қаражаттардың тиімді пайдалануының есебін 
және оларды қатал бақылауға алуды тек қана фирма бойынша емес, сонымен қатар 
әрбір бригада, әрбір аусым бойынша қысқа мерзім ішінде ұйымдастыруға міндетті. 
Бұл жерде әрбір аусым, әрбір шаруашылықтың ішінде және шаруашылық бойынша 
тұтастай иесіздік пен ысырапшылдыққа қарсы күресті күшейту қажет. 
 
Әдебиеттер 
 
1. Кондратова И.Г. Основы управленческого учета. - М.:Финансы и статистика, 1998. -756с. 
2. Нидлз. Б. И др. Принципы бухгалтерского учета (перевод с англ. Проф. Я.В. Соколова) 
 
ӘОЖ   379.85 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ІШКІ  ТУРИЗМДІ  ДАМЫТУ
 
 
Сабенова Б.Н,  Маширова Т.Н. 
 
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ,  Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме
 
В статье рассматривается развитие внутреннего туризма в Казахстане 
 
Summary 
The article discusses the development of domestic tourism in Kazakhstan
 
 
Қазіргі кезде туризм ең табысты бизнестің бірі болып табылады, сондықтан да 
ішкі  туризмді  дамыту  ӛте  маңызды.  Дүние  жүзіндегі  кӛптеген  елдер  халқын  ішкі 
туризмнен түсетін қаржы бойынша байытып отыр. Әлі де болса Қазақстан әлемде 
туристік  бағытта  белгісіз  ел  болып  қалуда,  туризмді  дамыту  үшін  Қазақстанның 
табиғаты да. ландшафы да. ұлттық мәдениеті де сай келеді. Сондықтан да еліміздің 
халықаралық  бірден-бір  танымал  туристік  ел  атануына  мүмкіндігі  жоғары,  бұған 
дәлел ретінде Астанада ӛтетін ЭКСПО-2017 атап айтсақ болады. 
 
Қазақстан Республикасының әлемдік туристік нарықтағы оң туристік имиджін 
қалыптастыруға  әсер  ететін  басты  фактор  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  бері 
Қазақстан  мемлекетінің  президенті  Н.  А.  Назарбаевтың  жүргізіп  келе  жатқан 
саясаттың нәтижесі  екені  белгілі, бәрінен бұрын, экономикалық  ӛсім, елдегі саяси 
тұрақтылық пен қауіпсіздік болып табылады.  
Қазақстанда ішкі туризмді дамыту жалпы алғанда, мемлекеттiң 
экономикасына оң нәтиже беретіні белгілі:  
          -шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етедi,  
          -халықтың жұмыспен қамтылуына кӛмектеседi,      
-ел экономикасының инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседi.  
Туристік  агенттіктер  туристерге  қызмет  кӛрсету  арқылы  мемлекеттік 
бюджеттің қірісін ұлғайтып отырғандығын байқауға болады. Туристік агенттіктері 
арқылы туристік қызмет кӛрген туристердің саны  ӛсіп келеді [1].  
Қазақстанның  ішкі  туризмдегі  коммуникациялық  техникаға  келетін  болсақ, 
тӛмен  деңгейде  дамып,  әлі  толығымен  қамтамасыз  етілмеген.  Алғы  шептегі 
техникамен  Қазақстанның  ірі  қонақ  үйлері  ғана  пайдаланып  отыр,  туристік 

155 
 
нарықтың сұранысына және де әлемдік стандартқа сай болу мақсатында болашақта 
ӛз  деңгейін  табады. Қазақстандағы  туризм  дамуының  болашағын  айқындайтын 
шешуші  факторлардың  бірі,  қонақүй  қызметін  кӛрсету  аясындағы  туризмнің 
қызметі әлеуметтік мәдени қызметке жатады. Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық 
принципіне негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. 
Сонымен  қатар  туристік  қонақүй  сервис  жүйесінде  кадрлар  дайындау  мәселесін 
шешуді талап етеді. 
Қонақтарды  орналастыру  жүйесі  мен  үй  жабдықтары  негізінен,  сервисті  әр-
түрлі  уақытша  келушілерді  қабылдауға  және  қондыруға  арналған  әр-түрлі 
денгейдегі (бастырмадан бастап, зәулім қонақ үйлер) әр-түрлі типтегі үйлер. Қазіргі 
таңда  қонақ  күту  индустриясы  -  қуатты  аймақтық  шаруашылық  жүйесі  немесе 
туризм  экономикасының  макңызды  құрамдас  бӛлігі  болып  табылатын  туристік 
орталық ретінде қызмет жасайды[2].  
Қазақстандағы туризімдік аймақтарды атап ӛтсек: 
-
 
    әлемге әйгілі Тау Түрген шатқалы, 
-
 
    Колорадо  штатындағы  Гранд  Каньонмен  салыстыруға  әбден  лайық 
Шарын каньоны, Шарын ӛзені құятын Іле жағалауы, 
-
 
Бурабай алабы  – халықаралық мәннің дауалы жері, 
-
 
Оңтүстік Қазақстан ӛңіріндегі Ақсу Жабағылы қорығы және т.б. 
Қазақстанда  ішкі  туризмді  дамыту  үшін  әлемнің  туризм  саласы  дамыған 
елдерден үйрену керек, ӛзіміздің мамандарды дайындау қажет.  
Толығымен айтсақ мынандай қорытынды шығаруға болады: 
-      Қазақстанда  ішкі  туризмді  дамытуда  аса  ірі  потенциалды  мүмкіншіліктер 
бар, 
-    туристік  ӛнімнің  жылдам  қозғалуына  жарнама  үлкен  әсерін  тигізеді. 
Қазақстандық  туристік  фирмалар  бұқаралық  ақпараттар  құралдарындағы 
жарнаманы жақсы қолдануда және де интернетте тиімді пайдалану қажет [3].  
Туризм  индустриясы  кӛптеген  мемлекеттердің  экономикасында  негізгі 
орындардың  бірін  алады.  Оның  қазіргі  таңдағы  дамуы,  нарық  заманына  қажетті 
жұмыс орнының пайда болуына үлкен ықпалын тигізуде.  
Егер  де    мемлекет  тарапынан  туристік  фирмаларды  қалыптастыру  арқылы, 
оларды қорғауды, республикада бәсекелестікке шыдамды туристік индустрия құру 
арқылы,  бюджетке  салықтық  түсім  ӛседі,  жаңа  жұмыс  орындары  кӛбейеді  және 
мәдени  мұраны  сақтауға  оң  ықпалын  тигізетіні  сӛзсіз.  Тӛмендегі  1-суреттен 
Қазақстандағы  туризм инудстриясының құрылымы кӛрсетілген.  

156 
 
 
 
 
1-сурет  Қазақстан  туризм инудстриясының құрылымы 
 
Кӛрсетілген құрылым туризм индустриясының қазіргі бӛлімін қамтиды және 
Қазақстан Республикасының жаңа туристік саясаттың құрылуына негіз бола алады. 
Қазақстанда туризм индустриясының дамуы мемлекеттің бюджетіне қаржы түсіріп, 
туризммен  байланысты  және  Қазақстан  экономикасының  басқа  салаларына 
қатысты    әлеуметтік,  экологиялық,  демографиялық  және  басқа  да  ӛзекті 
мәселелерді шешуге кӛмектеседі[4].  
Қазақстанда  туристік  индустрияның  дамуына  мына  жолдарды  ұсынуға 
болады: 
-  ішкі туризмді негізгі экономикалық құрылымдық бағыттарға қосу, 
-  мемлекеттік  бағдарламалардағы  бағыттардың  бӛлімдерін  орындау,  оның 
ішінде ішкі туризмге қатысын және туризм инфрақұрылымын дамыту,  
-  туризм дамуының нормативті - құқықтық базасын құру, 
-  ішкі  туризмдегі  экономикалық  механизмін  құру.  Осы  салаға  инвестиция 
тарту, саяхатқа және кедендік жеңілдіктер арқылы ішкі туристік рынокты қорғау,  
-  туристік  шаруашылықтағы  банктік  құрылымдарға,  кӛліктік,  қонақ  үйлік 
және сақтандыру компанияларының жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдай жасау. 
Қазақстанның ішкі туризмін дамыту бүгінгі күн талабы, ӛйткені ішкі туризмді 
дамытудың  маңызды  элементтерінің  бірі  Қазақстанның  оң  туристік  имиджін 
қалыптастыру  және  жаһандық  экономикаға  бірігу  арқылы  ұлттық  турӛнімді 
туристік қызмет кӛрсетулердің әлемдік нарығына шығару болып табылады. 
Туризмдi  кешендi  дамытудың  табысты  iске  асырылуын  қамтамасыз  ету 
саланы мемлекеттiк басқару әдiстерiн дұрыс таңдауға тiкелей байланысты. Қазiргi 
Туризм 
индустриясы
Жарнамалық, 
ақпараттық 
мекемелер 
БАҚ
Туристік 
фирмалар, аге
нттіктер
Туризмді 
басқаратын 
мемлекеттік 
орган
Ғылым және 
білім беру 
ұйымдары
Туризм
инфраструкту
расы
Т/ғы 
рекреациялық 
потенциал

157 
 
уақытта,  саланы  мемлекеттiк  реттеу  мынадай  шараларды  жүзеге  асыруға 
бағытталуға тиiс: 
-республикалық  және  аймақтық  деңгейлерде  туризмдi  дамыту  саясаты  мен 
жоспарлауды үйлестiру;  
-туристiк  индустрия  саласындағы  қарым-қатынасты  ретке  келтiру  мен 
жетiлдiруге  бағытталған  заңнамалық  және  нормативтiк  құқықтық  базаны 
қамтамасыз ету;  
 -сапалы туристiк ӛнiмнiң ажырамас бӛлiгi ретiнде туристердi қорғауды және 
олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;  
-тарифтердi, 
туристiк 
ұйымдардың, 
тасымалдаушылардың 
қызметiн 
лицензиялауды,  туристiк  объектiлердiң  сапасын  және  қызмет  кӛрсетудiң 
стандарттарын бақылау;  
-ел  беделiн  қалыптастыру,  қазақстандық  туристiк  ӛнiмнiң  маркетингi  және 
жылжытылуы  жӛнiндегi  басым  шараларды  белгiлеу,  оның  iшiнде  туристiк 
кӛрмелердi және басқа iс-шараларды ұйымдастыру; 
- визалық және кедендiк рәсiмдердi барынша оңайлату;  
 -мемлекеттiң туристiк кӛрнектi орындарын құру және қорғау;  
-туризм  инфрақұрылымының  аса  маңызды  базалық  компоненттерiн  жасау.  
         Бұлар  жай  ғана  ұсыныс,  ал  -  шынына  келсек  мұнда  шешілмеген  ӛзекті 
мәселелер  ӛте  кӛп  және  осы  бағытты  дамыту  бүгінгі  күн  талабы.  Қазақстанда 
қазiргi  кезде  iшкi  туризм  негiзiнен  бейберекет  күйде  екенi  мәлім,  сондықтан, 
мемлекеттiк  және  жергілiкті  басқару  органдары  шағын  бизнеске,  оның  iшiнде 
әлеуметтiк туризм  саласындағы қызметтi  жүзеге асыратын кәсіпорындарға қолдау 
кӛрсету  тәжiрибесiн  жалғастыруы  тиiс.  Бүгiнгі  таңда  атқарушы  билiк  органдары 
мен  туризм  саласында  әрекет  ететiн  ұйымдардың  арасындағы  ӛзара  iс-қимылды 
реттеудегi  мемлекеттiң  рӛлiн  арттыру  қажет.  Туризмнің  дамуы  барлық  жақтан 
қарап келгенде экономикаға тек оң әсерін тигізеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет