«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет14/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49

 
 
 
 
 
 
 
 
-
 
 
 
 
 
Сурет 1 -  Кластердің жалпы құрылымы 
Маркетинг 
 
Сыртқы ортаның 
ақпараттық 
ресурстары 
 
Сыртқы ресурстар 
мен контрагенттер 
 
Үкімет 
 
Жалпы жүйелік ішкі ақпаратық орта 
Кластер кеңесі 
Ақпараттық 
кеңестер 
Технологиялар 
Жабдықтар 
Арнайы 
қызметтер мен  
ресурстар. 
Білім беру 
Ғылым 
Инновациялар 
Байланысқан салалар 
Ішкі жабдықтаушылар 
Соңғы тауарлар 
ӛндірісі 
                   Тұтынушы 
   ішкі                                 сыртқы 
Ортақ логистикалық терезе 
Географиялық шекара 
 

122 
 
Жалпы  кластердің  үш    анықтамасы  ажыратылады,  әрқайсысы  оның  қызмет 
етуінің  негізгі белгілерін  атап кӛрсетеді: 
-  бұл  қандай  да  бір  ғылыми  мекемелерге  (ғылыми  зерттеу  институттары, 
университеттер  және  т.б.)    байланған    туысқан  секторлар  ішіндегі  экономикалық 
белсенділіктің аймақтық шектеулі формалары; 
-  бұл  тік  ӛндірістік  тізбектер;  ӛндірістік  процестің  қосалқы  кезеңдері 
кластердің  ядросын  құратын    (мысалы,  «жеткізуші-ӛндіруші-ӛткізуші-тұтынушы» 
тізбегі) тар анықталған секторлар. Бұл категорияға  бас фирмалардың айналасында 
қалыптасатын желілер де кіреді.  
-  бұл  агрегацияның  жоғары  деңгейінде  анықталған  ӛнеркәсіп  салалары 
(мысалы,  «мұнайгаз  кластері»)  немесе  одан  да  жоғары  агрегация  деңгейіндегі  
секторлардың жиынтығы (мысалы, «агроӛнеркәсіп кластері»). 
Кластер  жӛнінде  айта отырып,  бірін  бірі  толықтыратын  2  стратегияны  бӛліп 
кӛрсетуге болады: 
-әрекет етуші  кластерлерде  білімді пайдалануға бағытталған стратегиялар;  
-кластердің  ішінде  ынтымақтастықтың    жаңа    желілерін  құруға  бағытталған 
стратегиялар. 
Уақыт ӛте келе  тиімді әрекет етуші кластерлер  ірі капитал салымдары  мен 
үкіметтің  назар  аударуының  себебіне  айналады,  яғни  кластер  оның  жекелеген 
бӛліктерінің жай ғана қосылуы емес, қандай да бір  үлкеюі орын алады. Осылайша, 
ынтымақтастық    барған  сайын  қажетті  бола  бастайды.  Міне,  сондықтан  бірқатар  
елдерде  соңғы жылдары әлемдік нарықта ӛзінің күші мен  бәсекелік қабілеттілігін  
дәлелдеген    іскерлік  белсенділік    орталықтарында  құрылған    тиімді  «кластерлік  
стратегиялар» жоғары мәнге ие болды. Үкімет әрекет етуші кластерлерді қолдауға 
және  бұрын  ӛзара    байланыспаған    компаниялардың  жаңа    желісін  құруға    күш 
жігерін  шоғырландырады.  Мемлекет  бұл  кезде  тек  ғана  кластерлерді 
қалыптастыруға ықпал етпейді, сондай-ақ ӛзі де желінің  қатысушысына айналады.  
Кластерлік стратегиялар  Европа  елдерінде  кең қолданылады [5]. 
Кластерлі қалыптастыру процесі қысқа мерзімді бола алмайды, сондай-ақ  тек 
ғана ұлттық деңгейде  жүзеге асырыла алмайды. Бұл жерде  салалық министрліктер 
басшылары  мен  аймақтық  билік  ӛкілдерінің    саналы  басқаруы  да  маңызды.  Бұл 
жағдайда  кластерлер экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік тиімділік береді(сурет2). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 2 - Кластерді құрудан алынатын тиімділік деңгейлері 
САЛАЛЫҚ 
ҦЛТТЫҚ 
1.Бәсекенің дамуы  
2. Технология трансферті 
және саладағы инновациялық 
процестерді жеделдету 
3. Мамандандыру және 
фирмааралық кооперация 
4. Вертикальды интеграция 
5. Технологиялық кооперация 
және  логистиканы ендіру 
1. Аймақтың ӛнеркәсіптік 
кешеніндегі құрылымдық 
ӛзгерістер 
2. Инновациялық  
инфрақұрылымды дамыту 
3. Жаңа жұмыс орындарын 
құру 
4. Аймақтың іскерлік 
белсенділігін ӛсіру 
5. Әртүрлі деңгейдегі 
бюджеттердің табысты бӛлігін 
ӛзгерту
  
1.Экспортқа бағдарланған 
және импорт алмастыру 
саясатын жұзеге асыру 
2. Жаңа  нарықтарды жаулап 
алу стратегиясын жүзеге 
асыру  
3. Қосылған құн тізбегін 
жүзеге асыру 
4.Дамудың басым 
бағыттарына 
инвестициялық 
ресурстарды қайта бӛлу 
 КЛАСТЕРДІ ҚҦРУДАН АЛЫНАТЫН ТИІМДІЛІК 
АЙМАҚТЫҚ 

123 
 
Кластердің маңызды ерекшеленетін белгісі оның инновациялық бағдарлануы 
болып табылады.  Табысты кластерлер жаңа нарықтарға кезекті шығумен техника 
мен ӛндіріс технологиясы саласында «серпін» жүзеге асырылатын немесе күтілетін 
орында  қалыптасады.  Осыған  байланысты    кӛптеген  экономикалық  дамыған, 
сондай-ақ  нарықтық экономиканы енді қалыптастырған  елдер  - ӛздерінің ұлттық  
инновациялық  бағдарламаларын  қалыптастыру  мен  реттеуде  «кластерлік  тәсілді» 
қолданады.  
Дамыған  елдердің,  сондай-ақ  экономикасы  ӛтпелі    мемлекеттердің  
экономикалық  жүйелерін  инновациялық  қайта  құруды    белсендендіру  
жаһанданумен  қатар  экономикалық  қызметтің    барынша  айқындалған  
территориялық  шоғырлануымен    қатар  жүреді.    Қазіргі  уақытта    бұл    әрүрлі 
кластерлер  –  кәсіпкерлік  құрылымдар  интеграциясының  жаңа    формаларын  құру  
арқылы болып отыр. Белгілі  бір аймақтардың  экономикасы үшін  кластерлер ӛсу 
нүктесінің рӛлін ойнайды. Бір немесе бірнеше экономикалық субъектілер  нарықта 
бәсекелік қабілеттілікке қол жеткізгенде олар ӛздерінің ықпалын жақын қоршаған 
орта:  жеткізушілерге, тұтынушыларға, бәсекелестерге, инфрақұрылымға таратады. 
Ӛз кезегінде қоршаған ортаның жетістіктері аталған экономикалық кӛшбасшының  
бәсекелік қабілеттілігінің одан әрі ӛсуіне жағымды ықпал етеді.  Қорытындысында  
кластер  қалыптасады  –  бір-бірінің  бәсекелік  қабілеттілігінің  ӛсуін    ӛзара 
қамтамасыз  етуші  тығыз  байланысқан  салалардың,    экономикалық  субъектілердің  
ынтымақтастығы.Әлемдік  экономикада    кластердің  дамуы    инновациялық 
кәсіпкерлік қызметтің   тиімді бағыты ретінде саналады.   
Осылайша,  біздің  ойымызша  Қазақстанның  неғұрлым    бәсекеге  қабілетті  
елдердің  қатарына  кіру  міндеті  жоғары  дамыған  және  тиімді  қаржы  жүйесін,  ӛз 
ТҰК-дың  қалыптастырылуын  және  экономикалық  ӛсудің    әлеуметтік  бағдарының 
тұрақты  артуы  кезінде  жаһандық  постиндустриялдық  экономика  жағдайларына 
барабар  жоғары  технологиялық  ӛндіріс  кластерін    қалыптастыруды  кӛздейтін  
бағыттар  бойынша  іске  асырылуы    тиіс.  Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыру  бәсекелік 
қабілеттілікті  арттырудың    ұлттық  үлгісін  қалыптастыру  үшін    сай  келетін 
экономикалық  саясатты  іске  асыру  құралын  басқару  мен  реттеудің  әдістерімен 
және тетіктерімен  қамтамасыз етілуі тиіс.  
 
Әдебиеттер 
1.Назарбаев Н.А. «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс  состоявшегося 
государства». Послание Президента РК народу Казахстана. Астана, 14 декабря, 2012 года. 
2. Портер М. Международная  конкуренция. – М.: Международные отношения, 1993.-896с. 
3.Porter Michael E. The Competitive Advantage of Nations-US:Free Press,1998. 
4.  Porter  M.E.  ―Clusters  and  the  new  Economics  of  Competition‖,  Harvard  Buisness  Review, 
Issue 6, Nov/Dec 1998. 
5.Мырзалиев  Б.С.,  Ыдырыс  С.С.,  Мейрбеков  А.Т.,  Турысбекова  Г.К.  Кластеры  как  новая 
форма конкурентных  отношений в современной  экономике. Монография.-Алматы, 2013.-
272с. 
ӘОЖ 657.1.012   
                СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЕСЕПТІ ТИІМДІ ЖҤРГІЗУ ТЕТІКТЕРІ 
э.ғ.к., доцент Калыкулов К.М., магистрант Абжанова Р.Ж. 
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет, Шымкент, Қазақстан 
Резюме 
Стратегический  учет неразрывно  связан  с  финансовым  учетом,  так  как  содержит 
информацию не только о внутренней среде организации, но и о внешнем окружении, в том числе о 
положении  корпорации  по  отношению  к  основным  конкурентам,  и  позволяет  согласовать 

124 
 
интересы  различных  групп  лиц  при  принятии  стратегических  управленческих  решений. 
Стратегический  учет  неразрывно  связан  с  миссией,  стратегией  и  целями  деятельности 
корпорации  и  формирует  информацию,  необходимую  для  разработки  и  реализации  стратегии 
корпорации, а также диагностики результатов ее деятельности 
 
Summary 
Strategic  account  is  inextricably  linked  to  financial  accounting,  since  it  contains  information  not 
only  about  the  internal  environment  of  the  organization,  but  also  the  external  environment,  including  the 
position of the corporation in relation to its main competitors, and allows you to reconcile the interests of 
different groups of individuals in making strategic management decisions. Strategic account is inextricably 
linked with the mission, strategy and objectives of the corporation, and generates the information needed to 
develop and implement strategies corporations, as well as the diagnostic results of its operations 
 
Елбасы  «Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  30  елдің 
қатарына  кіру  стратегиясы»  атты  ӛз  жолдауында  (бұдан  әрі  –  Жолдау)  атап 
ӛткендей,  Қазақстан  ӛз  дамуындағы  жаңа  серпіліс  жасау  қарсаңында,  ӛркенді  де 
ӛршіл  дамып  келе  жатқан  қоғамның  іргетасы  тек  қана  осы  заманғы,  бәсекеге 
қабілетті  және  ашық  нарық  экономикасы  бола  алады.  Қазақстанның  әлемдегі 
бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік 
экономикаға  ойдағыдай  кірігуі  болып  табылады.  Осыған  байланысты  мемлекетті 
дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-
бар  дамыту  ерекше  ӛзектілікке  айналады,  ӛйткені  стратегиялық  есеп  жүргізудің, 
қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін 
мүдделі  пайдаланушыларды  экономикалық  ақпаратпен  қамтамасыз  ету  болып 
табылады [1].  
Стратегиялық  есеп  жүргізу  тұжырымдамасының  міндеті  Қазақстан 
Республикасының  экономикасында  стратегиялық  есеп  жүргізу,  қаржылық  есеп 
беру  және  аудит  жүйелерінің  ӛздеріне  тән  функцияларды  одан  әрі  дәйекті  түрде 
және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз 
ету болып табылады.  
Тұжырымдаманы  іске  асырудан  күтілетін  нәтиже  дегеніміз,  Қазақстанның 
әлемдік  экономикаға  кірігуін  жеделдету  мақсатында  стратегиялық  есеп  жүргізу 
жүйесін  реформалаудың  негізгі  бағыттарын,  оларды  іске  асыру  жӛніндегі  нақты 
тетіктерді  жасау,  шетелдік  инвестициялардың  ағынын  молайту,  халықаралық 
нарықтарда  қазақстандық  ұйымдардың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру,  қор 
нарығын жандандыру.  
Стратегиялық  есеп  жүргізудің  ӛзіне  тән  міндеттерді  тиімді  орындауы  үшін 
қаржылық есепке алу кәсібилік, айқындылық, тәуелсіздік, ӛзектілік, стандарттылық 
сияқты  талаптарға  жауап  беруі,  сондай-ақ  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық 
есеп беру принциптеріне және негізгі сапалық сипаттамаларға сай болуы тиіс.  
Әлемдік 
тәжірибе 
түсініктілік, 
орындылық, 
сенімділік 
және 
салыстырмалылық  сияқты  ақпараттың  тиімділігін  айқындайтын  сапалық 
сипаттамалар  халықаралық  стандарттарды  тікелей  пайдаланумен  немесе  оларды 
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесін құрудың негізі 
ретінде қолданумен қол жеткізетіндігін кӛрсетеді. ХҚЕС пен ХАС-ты қолданудың 
экономикалық  перспективасы  капиталды  тиімдірек  бӛлуден,  іске  жұмсалатын 
қаржының әр алуандығынан және оның табыстылығының ӛсуінен тұрады, әлемдік 
нарыққа  шығу  жеңілдейді,  капиталды  тартуға  жұмсалатын  шығындарды  азайту 
мүмкіндігі  туады.  Мұның  ӛзі  жаңа  бизнес  құрылымдарды  дамытуға,  жаңа  жұмыс 
орындарының  пайда  болуына,  жұмыссыздықтың  тӛмендеуіне,  халықаралық 
нарықтарда қазақстандық  ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тұтастай 
алғанда елдің экономикалық ӛсуіне әкеп соғады.  

125 
 
Стратегиялық  есеп  жүргізу  жүйесін  дамыту  елдің  экономикалық 
жағдайындағы  ӛзгерістермен  тығыз  ӛзара  байланыста  және  шаруашылық  тетіктің 
даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі тиіс.  
Стратегиялық  есеп  жүргізу  жүйесін  одан  әрі  дамытуды  ХҚЕС-ке  сәйкес 
бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілікте  қалыптастырылатын  ақпараттың 
сапасын,  ашықтығын  және  салыстырмалылығын  арттыру  мақсатында  мынадай 
негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет [2]: 

стратегиялық  есеп  жүргізуді  ұйымдастырумен  және  жүргізумен 
айналысатын мамандарды даярлау және қайта даярлау;  
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін стратегиялық есеп жүргізуді 
жүргізу тәртібін оңайлату;  
-  халықаралық  тәжірибенің  негізінде  стратегиялық  есеп  жүргізуді  реттеу 
жүйесін ӛзгерту;  
- стратегиялық есеп жүргізуді дамытудың халықаралық процесіне қатысу.  
Стратегиялық  есеп  жүргізуді  реформалағанда  Қазақстанда  қазіргі  уақытта 
жүргізілетін түбегейлі міндеттердің бірі бухгалтерлерді, қаржылық менеджерлерді, 
аудиторларды, маркетологтарды және басқа да мамандарды даярлау және олардың 
біліктілігін арттыру болып табылады.  
Шетелдік  компаниялар  санының  қазақстан  нарығында  барынша  арта  түсуі, 
бизнестің  ғаламдық  сипатталуы,  бірыңғай  еуропалық  нарықты  құру  батыстық 
есепке  алу  жүйелелерін,  халықаралық  қаржылық  есеп  беру  стандарттарын 
меңгерген,  батыс  стандарттары  бойынша  оқытылған  мамандарға  сұраныстың 
кӛбеюіне әкеп соғады.  
Нарықтық  экономика  жағдайларында  бухгалтерлік  деректер  негізінен 
ақпараттың  бірден  бір  шынайы  кӛзі  болғанда  бухгалтер  кәсібінің  мәні  артады, 
сонымен  қатар  оған  деген  талаптар  әсіресе  бухгалтерлік  пікір  қабылдау  маңызды 
әрі  шешуші  болып  табылатын  салаларда  ӛсті.  Кәсіби  бухгалтерлік  білім  берудің, 
тәжірибенің, білімнің, сондай-ақ басқару, жоспарлау, технология сияқты салаларда 
мұқтаждықтың  арта  түсуінің  маңызын  түсіну  ӛсті.  Бұл  сол  сияқты,  білгірлік  пен 
кәсіпқойлықтың  жоғары  деңгейін  тұрақты  қолдап  отыру  қажеттілігі  тұрғысынан 
бухгалтерлердің үздіксіз кәсіби білім алуының маңыздылығын растай түсті.  
Кәсіби  біліктілік  жұмыс  беруші  үшін  оның  иесі  осы  кәсіпке  қойылатын 
барлық  қазіргі  заманғы  талаптарға  жауап  беретініне  кепіл  болады  деген  сӛз. 
Осындай біліктілік иесінің мансаптық ӛсуде басқа қызметкерлердің алдында елеулі 
басымдығы болады.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  кезекті  Жолдауында  «еліміздің 
Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  кіруі  Қазақстанның  халықаралық  нарықтарда 
бәсекелестік қабілетін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынын» ескереді. Осыған 
байланысты халықаралық стандарттар бойынша қызметтерді ұсыну сапасын жедел 
арттыру қажет.  
Бүгінгі  таңда  ХҚЕС-қа  сәйкес  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп 
беруді  жасауда  ақпаратты  қалыптастыру  принциптерін  түсінетін,  бухгалтерлік 
есепке  алуды  жүргізудің,  қаржылық  есеп  беруді  дайындау  мен  аудитінің  қазіргі 
заманға сай дағдысы бар білікті бухгалтерлер мен аудиторлардың жеткілікті санын 
дайындау міндеті тұр.  
Бұл ретте стратегиялық есеп жүргізудің сапалы жүйесі экономикалық шешім 
қабылдаған,  атап  айтқанда  осыған  байланысты  капиталды  инвестициялау  және 
тәуекелдерді  талдау  бағыттарын  анықтаған  кезде  оны  пайдалану  мұқтажы  және 
дағдысы  бар  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  берудегі 
қалыптастырылатын  ақпаратқа  мүдделі  пайдаланушылардың  жеткілікті  санының 

126 
 
болуын  қажет  етеді.  Мүдделі  пайдаланушылардың  бар  болуы  стратегиялық  есеп 
жүйесін дамытудың маңызды алғы шарттарының бірі болып табылады.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев  ӛзінің  Жолдауында 
тӛртінші  басымдық  ретінде  қазіргі  заманғы  білім  беруді  дамытуды,  кадрлардың 
біліктілігін үздіксіз арттыру мен қайта мамандандыруды және Қазақстан халқының 
мәдениетін одан әрі гүлдендіруді анықтады.  
Қазақстанның  нақты  бәсекелестік  қабілетін  қамтамасыз  ету  мүмкіндігін 
беретін маңызды аспаптардың бірі қалыптастыру реформасы болып табылады. Осы 
мақсаттарда  экономикалық  және  қоғамдық  жаңғырту  мұқтаждықтарына  сәйкес 
келетін қазіргі заманғы білім беру жүйесіне қажеттілік байқалуда.  
 
Әдебиеттер 
1.
 
Райан  Б.  Стратегический  учет  для  руководителя.  /  Пер.  с  англ.  Под  ред. 
В.А.Микрюкова. - М.: Аудит, 1998. - 616 с. 
2.
 
Голов С.Ф. Управленческий учет: учебник. - 3-те изд. -К.: Либра, 2006. - 704 с. 
 
ӘОЖ  332.82 
 
ОҢТҤСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҦРҒЫН ҤЙ 
РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ 
 
Калманова Н.М. 
 
Халықаралық гуманитарлық – техникалық университет, Шымкент қ, Қазақстан 
 
Әр  аймақтың  экономикасының  тұрақты  дамуы  мен  ӛсімі,  оның  халқының 
әлеуметтік-экономикалық  мәселелерінің  табысты  шешімі,  кӛбінесе  тұрғын  үй 
реформасын  табысты  жүргізуден  тәуелді  болады.  Сондықтан  Ел  Президенті 
Н.Ә.Назарбаев  ӛзінің  жыл  сайынғы  жолдауларында  тұрғын  үй-коммуналдық 
шаруашылық  саласы,  тұрғын  үй  құрылысы  сияқты  ӛзекті  мәселелерге  назар 
аударған [1]. 
Мемлекеттің  тұрғын  үй  саясаты,  тұрғын  үй  құрылысы  негізгі  басым 
бағыттардың бірі бола отырып, оның шешімі үлкен жұмыс ауқымын қажет ететін, 
мемлекеттің  және  қоғамның  алдында  тұрған  неғұрлым  қиын  міндеттердің  бірі 
болып  табылады,  сондай-ақ    тұрғын  үйдің  халыққа  мүмкін  болуы  күрделі 
кӛрсеткіш  болғанымен  ол  тұрғын  үй  аясында  жүргізіліп  жатқан  реформаның 
барысын  ғана  кӛрсетпейді,  сонымен  қатар  қоғамдағы  әлеуметтік-экономикалық 
үдерістердің  дамуын,  олардың  табыстылығын,  халықтың  мемлекеттік  және 
коммерциялық институттарға сенімділігін кӛрсетеді. 
ҚР  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  саласындағы    реформа  1991 
жылдан  бастау  алып,  қазіргі  кезде  ҚР  аймақтарының  тұрғын  үй  аясындағы 
мәселелерді  шешуге  бағытталған  негізгі  құжат  «Мемлекет  басшысының  2012 
жылғы  14  желтоқсандағы  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы:  қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауын  іске  асыру 
жӛніндегі  шаралар  туралы»  ҚР  Президентінің  2012  жылғы  18  желтоқсандағы  № 
449 Жарлығына сәйкес  ҚР  Үкіметінің  2014  жылғы  28  маусымдағы  №  728 
қаулысымен бекітілген «Ӛңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» 
болып табылады[2].   
Бүгінгі  күнгі  тұрғын  үй  құрылысы,  жеңілдікпен  несиелеу,  халықты  тұрғын 
үймен  қамтамасыз  етуді  бюджеттік  қаржыландыру,  аз  қамтылған  азаматтарды 
үймен қамтамасыз ету сияқты кӛптеген мәселелердің  туындауы, тұрғын үй аясын 

127 
 
жергілікті,  аймақтық  деңгейде  реформалау  жағдайын  бағалауды,  оның  тиімділігін 
жақсарту жолдарын қарастыруды талап етеді.  
Отандық  ғалым-экономистер  ӛз  еңбектеріне  Қазақстандағы  тұрғын  үй 
реформаларының дамуын келесідей кезеңдерге бӛледі[3,4]:  
-
 
Бірінші кезең(1991-1995ж.); 
-
 
Екінші кезең (1996-1999ж.); 
-
 
Үшінші кезең (2000-2005ж.); 
-
 
Тӛртінші кезең (2006 -2011ж) 
Бұл кезеңдердің жалғасы ретінде бесінші кезеңді 2012-2015жылдар аралығын 
қарастыруға болады. 
Бұл  кезеңдер  тұрғын  үй  аясындағы  жекешелендіруден  бастап,  тұрғын  үй 
құрылысының  жандануымен,  тұрғын  үй  қатынастарының  дамуымен,  тұрғын 
үйлерді  несиеге  сатудың  тұрақты  нарығының  қалыптасумен,  Қазақстанда 
ипотекалық  несиелерді  кепілдендіру  қорының  қалыптасуымен,  тұрғын  үй-
коммуналдық  шаруашылық  қызметінің  тиімділігін  арттыру  мәселелерін 
қарастырумен сипатталды. 
Зерттеу  барысында  қабылданған  тұрғын  үй  бағдарламалары  мен 
реформаларының аймақ деңгейінде қол жеткізілген нәтижелері кесте 1 кӛрсетілді 
1 кесте  ОҚО бойынша тұрғын үйді реформалау нәтижелері 
 
№ 
Жүргізілген реформалар  Мақсаты 
Нәтижелері 

1991  ж.  соңында  ҚР 
Жоғарғы 
Кеңесі 
«Мемлекет иелігінен алу 
туралы» 
қаулы 
қабылдады.  
тұрғын 
үйді 
пайдалану 
тиімділігін арттыру 
мемлекеттік 
тұрғын 
үй 
қоры, 
инженерлік 
инфрақұрылым 
нысандары,  тұрғын  үйді  пайдалану 
және  құрылыс-жӛндеу  ұйымдарымен 
қоса 
муниципалды 
меншікке 
ӛткізілді. 

1992ж.  ҚР  Тұрғын  Үй 
Кодексі, 
тұрғын 
үй 
қатынасын реттеу 
тұрғын  үй  қатынастарын  реттеудің 
нақты  құқықтық  базасы  жасалып,  ӛз 
функцияларын жүзеге асырды 

1993  ж.  "Жаңа  тұрғын 
үй 
саясаты 
туралы" 
Жарлығы қабылданды. 
тұрғын 
үй 
қатынастарын  одан 
әрi 
реформалауға 
алғышарттар  жасау 
мен ынталандыру 
тұрғын  үй  саласына  қатысты  тұрғын 
үй саласын қаржыландыру, тұрғын үй 
құрылыс 
банкісінің 
жұмысын 
ұйымдастыру,  ипотекалық  кредиттеу 
және несие-жинақ жүйелерін дамыту, 
тұрғын 
үй 
алаңын 
арзандату 
тетіктері,  құрылыс  индустриясы  мен 
құрылыс  материалдары  ӛнеркәсібі 
базасын  реформалаудың  құқықтық 
негіздері анықталған. 

1994ж. 
Тұрғын 
үй 
несиелері  туралы  заңдар 
шығарылды  
орташа  табысы  бар 
азаматтарды 
шамасы 
жетерлік 
бағамен 
тұрғын 
үймен  қамтамасыз 
етудің 
тиімді 
жұмыс 
істейтін 
жүйесін құру. 
Баға  ӛте  жоғары  шамаға  жетіп,  баға 
деңгейі  нарықтың  жандануына,  жеке 
тұрғын  үй  құрылысының  ӛсіміне, 
ивестициялық  бағыттағы  сұранысқа 
тікелей әсер еткен, 

1995ж. 
Тұрғын 
Үй 
Құрылысы Жинақ Банкі  
тұрғын үй құрылыс 
жинағына 
салымшыларды 
тарту оны жақсарту 
үшін  тұрғын  үй 
жеке 
салушылардың 
нарықтағы 
беделдігі  арта  бастады,  олармен 
салынған  тұрғын  үйлердің  жалпы 
алаңы  ӛсімге  ие  болып,  123,6% 
пайызды 
құрады, 
жерге 
деген 

128 
 
заемдарын беру.  
сұраныс  пайда  болып,  жер  алуға 
үміткерлер  саны  барлық  аймақтарда 
ӛсті де жерге кезек қойылды 

«Тұрғын 
үй-
коммуналдық  қызметтер 
және 
тұрғын 
үйді 
қалыпты жағдайда ұстап 
тұру  тӛлемдерінің  жаңа 
принциптеріне 
ӛту 
туралы»  ҚР   Үкіметінің 
1996ж 12 сәуірдегі №437 
Қаулысы қабылданды 
тұрғын  үй  саласын 
реформалау 
тетіктерін әрі қарай 
жүзеге асыру 
тұрғын  үйлерді  жӛндеу,  қалпына 
келтіру жұмыстары жүргізілді. 

1997  ж.  16  сәуірде 
«Тұрғын 
үй 
қатынастары 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының  Заңы 
қабылданды. 
Тұрғын 
үй 
қатынастарын  әрі 
қарай жетілдіру 
заңды танылатын тұрғын үй қорының 
түрлерін,  оны  пайдалану,  басқару, 
жеке меншік құқығын алу, тұрғын үй 
және 
тұрғын 
үй-құрылыс 
кооперативтерін  құру,  мемлекеттік 
тұрғын  үй  қорын  пайдалану,  сондай-
ақ 
тұрғын 
үй 
дауларын 
шешудің  
құқықтық 
негіздері 
айқындалды.  

2000  ж.  ҚР  тұрғын  үй 
құрылысы 
жинақ 
ақшасы 
туралы 
заң 
қабылданды 
Қазақстанда 
тұрғын үй құрылыс 
жинақ 
жүйесін 
енгізу  
Азаматтардың  тұрғын  үй  құрылысы 
жинақ  ақшасын  жинау  арқылы 
басапанаға  қол  жеткізілді,  ОҚО  бір 
адамның  тұрғын  үймен  қамтылуы 
2001  жылы  -  17,1м
2
  құрады,  ал 
республика бойынша бұл кӛрсеткіш – 
16,6 м
2


2005-2007ж. 
арналған 
мемлекеттiк 
бағдарламасы 
«Тұрғын үй құрылысына 
үлестік  қатысу  туралы» 
(2006ж) 
 ҚР 
Заңы, 
бағдарлама қабылданды. 
Халықтың  қалың 
жiгiнiң 
тұрғын 
үйге 
қолжетiмділігiн 
қамтамасыз  ететін 
тұрғын 
үйқұрылысын 
дамыту 
2005-2007  жылдар  аралығында  17,5 
м

–тан    17,7  м
2   
ӛсті.  Бұл  жылы 
тұрғын  үй  қоры  36  739,6  құрап,  бір 
адамның  үймен  қамтамасыз  етілуі 
17,5 м
2
 болды. 
10 
«2010-2014  ж.  арналған 
тұрғын үй құрылыс, 
2012  ж.  «Қолжетімді 
баспана-2020»  бағдарла-
масы қабылданды. 
Ӛңірлерді дамытудың 
2020 жылға дейінгі 
бағдарламасы бекітілді 
ҚР Үкіметінің 2014 
жылғы 28 маусым № 
728 қаулысы 
ұтымды  аумақтық 
ұйымдастырылуын 
қалыптастыру, 
экономикалық  ӛсу 
орталықтарында 
халықтың, 
капитал-дың 
шоғырлануын 
ынталандыру 
арқылы  ӛңірлердің 
әлеу-меттік-
экономикалық 
әлеуетін  дамытуға 
жағдайлар жасау 
Жан  басына  шаққандағы  тұрғын 
үймен қамтамасыз етілуі 2010-2014 ж. 
аралығында    17,7  м
2
-тан  20,3  м

құрады.  
 
11 
2015  ж.  1  қаңтарынан 
еліміздің 
барлық 
ӛңірінде жаңа тұрғын үй 
бағдарламасы  бойынша 
Халықтың  қалың 
жігінің 
тұрғын 
үйге 
қолжетімділігін 
Тұрғын ғимараттарын пайдалануға 
енгізу болжамы  471ш.м. құрап отыр. 
Жалға берілетін тұрғын үйлерді салу 
арқылы тұрғын үй қорын ұлғайту 

129 
 
үйлердің 
құрылысы 
басталады» 
және 
«Тұрғын 
үй 
қатынастары» 
Заңына 
ӛзгерістер енгізілді  
қамтамасыз  ететін 
тұрғын        үй 
құрылысын  
дамытуды  кешенді 
түрде шешу 
жоспарланып отыр. 
 
ОҚО облысында тұрғын үйлерге бағаның белгіленуі 1991ж. бастап, нарықтық 
экономиканың  қағидасына  сәйкес,  сұраныс  пен  ұсыныс  бойынша  жүрді, 
бастапқыда  бұл  тұрғын  үйдің  тӛмен  бағада  сатылуына  әкеліп,  құрылыс 
компанияларын шығынға ұшыратты да, одан  кейінгі  жылдары нарықта тұрғын  үй 
сауда-саттығымен айналысушылардың қызметі дами бастады.Статистика деректерi 
екi 
үрдісті 
кӛрсетедi. 
Олардың 
бiрiншісi 

мемлекеттiкемессектордасалынғантұрғынүйдiңүлессалмағыныңтұрақтыӛсуi,  яғни, 
бәрiненбұрынжекеқұрылыссалушылардыңмаңызыныңартуы. 
Егер 
2010 
жылытұрғынүйдiң 
95%-ынмемлекеттіккәсiпорындар 
мен 
ұйымдарсалса, 
2014жылыжағдайтүбегейліӛзгердi, 
жаңатұрғынүйқұрылысының 
90%-ы 
жекесектордыңүлесiнетидi.  Тұрғын  үй  құрылысының  жеке  секторының  дамуы 
бәсекенің және оның негізінде тұрғын үй сапасының  артуына алып келеді. 
Реcми  статистикалық  мәліметке  жүгінсек  облыста  тіркеуде  2  млн  733  мың 
адам  бар  болса,  соның  14  мыңы  баспанаға  мұқтаж  екен.  Сол  азаматтарды 
баспанамен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанымен 
облысымызда  бір  адамға  сәйкес  келетін  тұрғын  үймен  қамтылу  кӛрсеткішіне 
жасалған талдау  бойынша 2001-2014 жылдар  аралғында орташа қамтылу 18,02 м

тең  болып  отыр.  2001жылмен  салыстырғанда  2014  жылы  бұл  кӛрсеткіш  3,3  м

артқанымен  жылдан  жылға  арту  кӛрсеткіші  тӛмен,  бұл  жалпы  адам  санының 
артуымен  байланысты  деп  түсіндіруге  болады.  2001  жылы  облысымыздағы 
тұрғындар саны 2млн жуық адам болса 2015 жылдың 1 маусымында бұл кӛрсеткіш 
2 млн 808 мың адамды құрап отыр[5,6]. 
Жоғарыда  жасалған    талдаулар  мен  қорытындылар  нәтижесі  жүргізілген 
реформалардың  ОҚО  бойынша  ахуалын  SWOT-талдау  түрінде  кӛрсетуге 
мүмкіндіктер береді. 

130 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет