«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет16/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49

 
Әдебиеттер  
 
1.
 
Сейітқасымов Ғ.С. Банк ісі. – А., 2009.-580б. 
2.
 
Тұтыну несиесінің құрылымы. «Банки Казахстана» // №3, 2010.     
3.
 
Мақыш  С.Б.  Коммерциялық  банктер  операциялары.  Оқу  құралы.  2-ші  басылым, 
қайта ӛңделген және толықтырылған.-Алматы: ИздатМаркет, 2007. 
4.
 
http:/www.nationalbank.kz 
5.
 
http://ranking.kz/ 
 
 
 

140 
 
 
 
 
ӘОЖ 338(574) 
ТҦРҒЫНДАРДЫҢ ӚМІР САПАСЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ 
ЖҤЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ 
 
Магистрант  Молдалиева Сандугаш Амантаевна  
 
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 
 
Резюме 
В статье рассматриваются  пути совершенствования системы социальной защиты населения 
 
Summary 
This article discusses ways to improve the social welfare system 
 
Қазақстанның    қазіргі  жағдайындағы  ӛмір  сапасын  арттыру  мақсатында 
әлеуметтік  саясаттың  басым  бағыттарын  анықтау  арқылы  мемлекет  ең  алдымен 
негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды.  Демек, 
тиімді  тетіктерін  табу  арқылы  қоғамның  әр  түрлі  топтарына,  таптарына,  әсіресе 
әлжуаз  әлеуметтік  қорғауды  қажет  ететін  топтарын  әлеуметтік  қорғаумен 
қамтамасыз етеді. 
Бүгінгі  таңда  ӛркениетті  даму  жолына  түскен  Қазақстан  Республикасы 
қоғамның  барлық  саласында  аса  маңызды  реформаларды  жүзеге  асыруда.  Бұл 
реформалардың  ішіндегі  ең  күрделісі  әрі  ӛте  байыптылықты  қажет  ететін  бағыты  
әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Ӛйткені, біріншіден, әлеуметтік 
мәселе  адамдардың  ӛмірі  мен  тұрмыс-тіршілігіне  тікелей  қатысты  болғандықтан 
үнемі  күн  тәртібінде  тұрады;  екіншіден,  мемлекеттің  әлеуметтік  саясаты  әрқашан 
халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады.  
          Сондықтан  да  әлеуметтік  саясат  мемлекеттілікті  орнықтыру  мен  мемлекетті 
басқаруда  аса  маңызды  орын  алатындықтан,  тұрғындарды  әлеуметтік  қорғау 
саясаты  ӛзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.                      Әлеуметтік  қорғаудын 
мақсаттары  бір  жағынан  белгілі  бір  себептерге  байланысты  қолайсыз  жағдайда 
қалғандарды  қорғауда  болса,  келесі  жағынан  қоғамды  әлеуметтік  қатты 
наразылықтан  әр  түрлі  деструктивтік  оның  ішінде  экономикалық  ортадан 
туындайтын  әсерден  қорғауда  болады.  Әлеуметтік  проблемаларды  аумақтар 
деңгейінде шешу проблемалары  үкіметтін негізгі мақсаты болып табылады. 

1

         
          Мемлекеттік  әлеуметтік  кӛмек  жүйесі  объективті  себептерге  байланысты  
халықтың  құптауға  болатын  ӛмір  салтын  ӛз  бетінше  қамтамасыз  ете  алмайтын 
тобын  әлеуметтік  қорғаумен  байланыстыра  отырып,  азаматтарды  материалдық 
қолдаудың  негізі  ретінде,  еңбектің  тиімділігін  және  ӛнімділігін  жаппай  қолдауға 
бағытталған,  сондай-ақ  жұмыссыздық  пен  кедейшілікті  тӛмендету  жӛніндегі 
шаралар және оларды тудыратын жағдайлар мен себептерді талдаудан тұрады. 
         Кедейшілік  деңгейінің  ӛсуінің  негізгі  себебі  еңбек  рыногында  жұмысшы 
күшіне  деген  сұраным  теңгерімінің  дұрыс  болмауы  нәтижесінде  туындайтын 
жұмыссыздық болып табылады; еңбекақы, зейнетақы және жәрдемақы мӛлшерінің 
тӛмен  болуы;  алыс  елді  мекендерде  тұратын  халықтың  кедей  тобын  әлеуметтік 
жатсынуға  әкелетін  физикалық  инфрақұрылымдардың  нашар  болуы;  тегін  білім 
беру  және  тегін  медициналық  кӛмек  кӛрсетуге  қол  жеткізудің  аздығы;  халықтың 

141 
 
кедей  тобына  берілетін  мемлекеттік  атаулы  әлеуметтік  кӛмектің  тиімділігінің 
тӛмендігі. 
          Тұрғындардың  ӛмір  сапасын  арттырудың    аймақтық  жүйесін  жетілдіру 
әлеуметтік  реформалар  жасауда    негізгі  бағыт  болуы  тиіс,  себебі  тек  аймақ 
денгейінде  ғана  олардың  әлеуметтік-экономикалық,  табиғи-демографиялық, 
экологиялық және басқада ерекшеліктерін толық түрде есепке алуға болады. 
         Мемлекеттің  әлеуметтік  саясаты  –  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  ӛмір 
сүру  жағдайын  реттеудің  бір  бағыты.  Ол  елдегі  жалпы  экономикалық  жағдаймен 
тығыз  байланысты  және  екі  жақты  қызмет  атқарады.  Бір  жағынан,  әлеуметтік 
саясатта  тікелей    және  жанама  түрде  экономикалық  дамудың  мақсаттары  кӛрініс 
алады, ӛйткені экономикалық іс-әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай 
жасау  мақсатында  жасалады.Екінші  жағынан,  әлеуметтік  саясат  экономикалық 
ӛсудің  факторы  болып  келеді.Егер  экономикалық  даму  халықтың  әлеуметтік 
жағдайын  жақсартпаса,  онда  еңбек  ӛнімділігі  тӛмендеп,  жұмыс  күшінің  сапасы 
кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады. 

2

  
          Мемлекеттің  әлеуметтік  саясатының  нәтижелі  кӛрсеткіштері  халықтың  ӛмір 
сүру  деңгейін  сипаттайды,  яғни  халықтың  ӛмір  сүру  деңгейінен  әлеуметтік 
саясаттың  қандай  деңгейде  екенін    байқауға  болады.  Халықтың  қажеттіліктеріне 
кӛңіл  аудармау,  еңбек,  тұрмыс,  демалыс,  денсаулық  сақтау  сияқты  әлеуметтік 
аспектілеріне деген кӛзқарастың бәсеңдеуі, яғни халықтың әлеуметтік құқықтарын 
шектеу әлеуметтік әділеттілік қағидасына қарама-қайшы келіп, соңында ӛндірістің 
тӛмендеуіне және қоғамда әлеуметтік қақтығыстардың пайда  болуына негіз болуы 
мүмкін. 
           Сондықтан  да  аймақ  деңгейінде  әлеуметтік  саясаттың  белсенділігін 
күшейтіп, халықты әлеуметтік қорғау мақсатында тиісті шаралар қабылдап, жүзеге 
асырып  отыру  қажет.  Экономикалық  ӛсу  қарқынының  бәсеңдеуі,  жекелеген 
кәсіпорындарда  ӛндірісті  жабу  және/немесе  тоқтату,  ӛнімге  деген  сұраныстың 
азаюы  еңбек  нарығындағы  сұраныстың  азаюына  және  жұмыспен  қамтылу 
деңгейінің уақытша тӛмендеуіне, жасырын жұмыссыздықтың пайда болуына және 
заңсыз жұмыспен қамтудың кӛбеюіне әкелді. 

3

 
         Осындай  жағдайда,  ең  алдымен  жұмыссыздықтың  ӛсуінің  алдын  алуға 
бағытталған арнайы дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау қажеттігі туындады. 
         Осындай  міндеттерді  іске  асыру  үшін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 
Жол  картасы  деп  аталып  кеткен  Ӛңірлік  жұмыспен  қамту  және  кадрларды  қайта 
даярлау стратегиясын әзірледі. 
         Жол картасы аясында халықты әлеуметтік қолдаудың белсенді шаралары іске 
асырылды. Оның негізінде соңғы екі жылда 390,2 мың жаңа жұмыс орны құрылды, 
148,7  мың  жұмыссыз  кейіннен  жұмысқа  орналастырумен  даярлауға  және  қайта 
даярлауға жіберілді, 202,3 мың адам қоғамдық жұмыс орындарына жіберілді. 
          Сонымен қатар, халықтың нысаналы топтарының қатарынан 108,1 мың адам 
әлеуметтік 
жұмыс 
орындарына 
орналастырылды, 
жастар 
практикасын 
ұйымдастыруға  6,4  млрд.  теңге  жұмсалды,  бұл  89,9  мың  түлекті  уақытша 
жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 
          Алдағы  уақытта  жастар  практикасын  іске  асыру  «Бизнестің  жол  картасы 
2020»  бағдарламасы  аясында  оның  құрамдас  бӛлігі  ретінде  жүзеге  асырылатын 
болады,  бұл  51  мыңнан  астам  түлектің  алдағы  5  жылда  бастапқы  жұмыс 
тәжірибесін  алуына  және  кейіннен  жұмысқа  орналасуына  тиімді  жәрдемдесуге 
мүмкіндік береді. 
         Дағдарыс 
жағдайы  әлеуметтік  ымырашылдықты  ынталандырды.  Бір 
миллионнан  астам  жұмысшысы  бар  елдегі  8  мыңнан  астам  ірі  және  орта  бизнес 

142 
 
кәсіпорны  жұмыс  орындарын  сақтау,  қызметкерлердің  еңбек  құқықтарын  және 
кепілдіктерін қорғау бойынша меморандумдар жасады. 
       Саланы дамытудың негізгі параметрлері 
        Еңбек кодексінің негізгі ережелерін іске асыру шеңберінде мыналарға ерекше 
назар аударылды: 
           1)  заманауи  еңбек  стандарттарын  енгізу.  Қазіргі  уақытта  алты  салада:  тау-
кен-металлургия,  машина  жасау,  кӛмір,  мұнай-газ,  құрылыс  және  химия 
салаларында  еңбекақы  тӛлеудің  салалық  арттырушы  коэффициенттер  бекітілді 
және қолданылып келеді.  
          Зиянды  және  ӛте  зиянды  ӛндіріс  салаларында  еңбек  қауіпсіздігі  мен  еңбекті 
қорғаудың  халықаралық  стандарттарын  енгізу  жүзеге  асырылды  («Кәсіби  еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджменті жүйесі. Талаптар» (ҚР СТ 1348-2005); 
«Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару 
жүйесіне  қойылатын  жалпы  талаптар»  (ҚР  СТ  12.0.001-2005)  және  «Ұйымдағы 
еңбекті  қорғауды  басқару  жүйесіне  қойылатын  жалпы  талаптар»  (ҚР  МЕМСТ 
12.0.230-2007),  ХЕҮ-ЕҚБЖ  2001  ILO-OSH  2001  халықаралық  стандарты,  OHSAS 
18001:  1999  «Occupational  Health  and  Safety  Assessment  Series.  Requirements 
(MOD)»); 
         2)  ӛндірістегі  жарақаттану  деңгейін  азайту.  Еңбек  (қызметтік)  міндеттерін 
атқару кезінде қызметкердің ӛмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс 
берушінің  жауапкершілігін  сақтандыру  кеңейтіліп  келеді.  Қызметкерлерді  еңбек 
(қызметтік)  міндеттерін  атқару  кезіндегі  жазатайым  оқиғалардан  сақтандырумен 
қамту кеңейіп келеді. 
        3) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру үшін жағдай жасау.         4) 
еңбекақы тӛлеуді реттеу тетігін дамыту. Республикада мемлекеттің белгіленген ең 
тӛменгі мӛлшерден тӛмен жалақы тӛлемеу кепілдігін айқындайтын құқықтық база 
құрылып,  жетілдірілуде,  бюджет  саласы  қызметкерлерінің  жалақысын  реттеу; 
қызметкерлер, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында ұжымдық шарттар мен 
келісімдер арқылы еңбекақы деңгейін реттеудің шарттасу қағидатын дамыту. 

4

  
        Қазіргі  уақытта  негізінен  нарықтық  экономика  қағидаттарына  сәйкес  келетін 
және  әлеуметтік  қамсыздандыру  жауапкершілігін  мемлекет,  жұмыс  беруші  және 
қызметкер  арасында  бӛлуді  кӛздейтін  әлеуметтік  қамсыздандыру  жүйесінің  кӛп 
деңгейлі моделі қызмет етеді.  
 Әлеуметтік қолдау жүйесі мынаны қамтиды: 
        1)  ана  мен  баланы  әлеуметтік  қолдау.  Халықаралық  тәжірибеде  (АҚШ,  ЕО 
елдері,  Ресей,  Беларусь  Республикасы  және  т.б.)  кеңінен  таралған  жәрдемақының 
мынадай түрлері Қазақстанда кезең-кезеңмен енгізілді: 
-отбасыларға  табысына  байланыссыз  30  айлық  есептік  кӛрсеткіштен  (бұдан  әрі  - 
АЕК)  (бірінші,  екінші  және  үшінші  баланың  туылуына)  бастап  50  АЕК  (тӛртінші 
және  одан  кейінгі  балалардың  туылуына)  дейінгі  мӛлшерде  тӛленетін  баланың 
туылуына байланысты біржолғы жәрдемақы; 
-отбасыларға  табысына  байланыссыз  тағайындалатын  бала  1  жасқа  толғанға  дейін 
оның  күтімі  бойынша  жәрдемақы.  Жәрдемақы  мӛлшері  отбасында  туылған  және 
тәрбиеленіп  жатқан  балалардың  санына  байланысты  сараланады  (5,5  АЕК-тен  8,5 
АЕК-ке дейін); 
-мүгедек  балаларды  тәрбиелеп  отырған  ата-аналарға,  қамқоршыларға  арналған  ең 
тӛмен жалақы мӛлшеріндегі жәрдемақы; 
табысы  күнкӛріс  себетінің  құнынан  тӛмен  аз  қамтамасыз  етілген  отбасыларға 
тағайындалып,  1  АЕК  мӛлшерінде  тӛленетін  18  жасқа  дейінгі  балаларға  арналған 
жәрдемақы. 

143 
 
          Халықты  әлеуметтік  қолдау  жүйесін  ұйымдастырудағы  оң  ӛзгерістерге 
қарамастан,  бірқатар  кемшіліктер  мен  проблемаларға  байланысты  ол  үнемі  тиімді 
бола бермейді. 
         Біріншіден,  қажеттіліктерді  ең  тӛменгі  шекті  деңгейде  қанағаттандыруға 
бағытталған әлеуметтік кӛмектің жекелеген түрлері бірін-бірі толықтырмайды, бұл 
әлеуметтік қолдау түрлерінің жүйелілігі мен оңтайлылығына қайшы келеді. 
         Екіншіден,  әлеуметтік  кӛмек  бағдарламалары  мұқтаждықтың  әртүрлі 
ӛлшемдерін  пайдаланады  (кедейлік  шегі),  бұл  әлеуметтік  қолдау  кӛрсету 
механизмін қиындатады және әкімшілендіру шығындарын кӛбейтеді. 
        Үшіншіден,  әлеуметтік  кӛмек  алушылардың  мемлекет  алдында  отбасы, 
жағдайы,  табысы  мен  шығындары  туралы  анық  мәлімет  беруден  басқа 
міндеттемелері жоқ. Ӛзара міндеттемелердің болмауы және кӛмекті шартсыз ұсыну 
тәртібі  еңбекке  деген  ынтаның  жойылуына  және  масылдық  идеологияның  пайда 
болуына әкелуі мүмкін. 
          Тӛртіншіден,  әлеуметтік  кӛмектің  мӛлшері  мен  түрлерінде  айтарлықтай 
ӛңірлік саралау орын алған. Бірқатар жағдайда халықтың әлеуметтік әлсіз тобының 
жекелеген санаттары бірдей әлеуметтік бағыттағы (республикалық бюджеттен және 
жергілікті  атқарушы  органдардың    шешімі  бойынша  жергілікті  бюджет  қаражаты 
есебінен) бірнеше жәрдемақының алушысы болады. 

4

 
        Мұндай жағдайда әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін: 
-әлеуметтік  кӛмек  кӛрсетудің  және  арнаулы  әлеуметтік  қызмет  кӛрсетудің 
атаулығын күшейту; 
-әлеуметтік  кӛмек  және  қолдау  кӛрсетуді  есепке  алу,  мониторинг  жүргізу  және 
болжау жүйесін жетілдіру; 
-әлеуметтік  тӛлемдерді  ұйымдастыруды  оңтайландыру  және  оның  ашықтығын 
қамтамасыз ету қажет. 
-Әлеуметтік  кӛмек  кӛрсету  жүйесін  одан  әрі  жаңғырту  қажеттігі  аз  қамтамасыз 
етілген халықты әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру керек. 
 
                                                                         Әдебиеттер 
 
1.
 
А.Н. Әубәкіров. Экономикалық теория негіздері. Алматы. «Санат»2008. 
2.
 
Под  ред.  С.Н.  Алпысбаевой.  Формирование  модели  социально-ориентированной 
экономики в Казахстане /региональный аспект/.. Караганда, 2009. –219 с. 
3.
 
С.З.  Баймагамбетов.    Социальная  сфера  Казахстана.  Опыт  и  проблемы.  Казахстан  – 
спектр, 2007-4. 
4.
 
А.М. Волков. Швеция: социально-экономическая модель.-М. Мысль. 2009. – 180с. 
 
ӘОЖ 336.77.42 
ҦЛЫБРИТАНИЯ БАНК ЖҤЙЕСІНІҢ ҚҦРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ 
ТӘЖІРИБЕСІ 
 
Нурумбетов Т.Я., Әуесханова А.С., Кальбаева Н.Т., Пазилов Ғ.А. 
 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В  условиях  кризиса,  учитывая  особенности  экономики  Казахстана,  весьма  актуальным 
является обобщение опыта банков иностранных государств. Великобритания как самая развитая 
капиталистическая  страна,  имеет  огромный  опыт  по  развитию  финансовой  системы  в  условиях 
рыночной  экономики.  Особенно  важным  является  обобщенный  опыт  построения  и 
функционирования  Банка  Англии  -  государственного  Центрального  банка.  Центральный  банк, 

144 
 
являющийся  регулятором финансового состояния  страны, применяет эффективные  финансовые 
системы.  Среди  них,  порядок  установления  процентных  ставок,  привлечение  депозитов,  их  
гарантированное  страхование  и  финансовое  ограничение  по  повышению  прозрачности  работы 
кредитных  учреждений  страны.  Также  в  этой  стране  государство  обеспечивает  активный 
платежный баланс. 
Банк  Великобритании  тесно  связан  с  иностранными  банками.  Лондон  в  современных 
условиях превращен в мировой финансовый центр. В Англии расположены более 500 иностранных 
банков,  многие  из  которых  являются  американскими  и  японскими  банками.  За  счет  них,  в  этих 
условиях  возрастает  привлечение  иностранных  инвестиций,  использование  иностранного  опыта,  
новых технологий  в  области финансовых отношений. 
 
Summary 
In  a  crisis,  given  the  characteristics  of  the  economy  of  Kazakhstan,  highly  relevant  generalize  the 
experience of banks of foreign countries. United Kingdom as the most developed capitalist country, has vast 
experience  in  the development  of  the  financial  system  in  a market  economy.  Particularly  important  is  the 
generalized  experience  of  construction  and  operation  of  the  Bank  of  England  -  the  state  of  the  Central 
Bank. The central bank, which is the regulator of the financial condition of the country, applying efficient 
financial  system.  Among  them,  the  procedure  for  setting  interest  rates,  deposit  taking,  insurance  and 
guaranteed their financial limit to improve the transparency of the country's credit institutions. Also in this 
country, the government provides favorable balance of payments. 
Bank of England is closely connected with the foreign banks. London in the present conditions turned into a 
global financial center. In England, there are more than 500 foreign banks, many of which are American 
and Japanese banks. Due to them, in these conditions, increasing the attraction of foreign investment, the 
use of foreign expertise, new technologies in the field of financial relationships. 
Банктік  жүйе  нарықтық  экономиканың  ең  маңызды  құрылымы  ретінде  бастапқы  кезеңде 
дамыған  мемлекеттерде  пайда  болған.    Банктердің  даму  тауар  өндірісінің  ақша  айналымының 
реттелуімен  байланысты.    Бұл  жағдайда  банктер  ақшамен  есептер  жүргізіп,  кәсіпорындарды 
несиелеп,  капиталды  қайта  бөлуде  делдалдық  қызметтерін  атқарып,  өндірістің  тиімділілігін 
артыруына еңбек өнімділігінің өсуіне өз әсерін тигізеді. 
 
Бірінші  банктер  Еуропада  солар  қатарында  негізінде  1694  жылы  Англияда 
пайда  болды.  Оның  құқық  негіздері  Ұлыбританиядағы  банк  ісінің  тарихи  заңды 
негіздерін құрайды. 1979 жылға дейін яғни банктік акт қабылданғанға дейін заңды 
құжаттарда    «Банк»  терминінің  нақты  анықтамасы  болмаған.  Осы  жағдайда  банк 
дегенімізге:  
-
 
мекемелер мен азаматтардан ақша қабылдайтын ұйымдар;  
-
 
ақшалай  есеп  айырысу  үшін  ӛз  клиенттеріне  есеп  кітапшаларын  ұсынатын 
және  басқа  да  қаржылық  қызметтерді  атқаратын,    сондай-ақ  бағалы  қағаздармен 
орындалған операцияларды және несие беретін мекемелер деп түсіндірілген.  
Осы  жоғарыда  кӛрсетілген  негізгі  үш  операцияны  орындайтын  мекеме  банк 
деп аталса болатын еді. 1979 жылғы Британия банк туралы заңына байланысты бұл 
түсінік жеңілдетілді. Яғни кез келген компания Англия банкімен Банк деп танылса, 
сол мекеме банк болып есептелінеді. 
Англия  банк  ӛтініштерді  кӛріп  шығу  үшін  тәртіп  орнатты.  Банк  статусына 
үміткер  ұйым  тӛмендегі  дәлелдерді  келтіру  қажет  болды.  Яғни  ол  ақша 
салымдарды  қабылдаса,  несиелерді  ұсынса,  валютаны  айырбаса  және  экспорт-
импорттық  қаржылай  операцияларды  орындаса,  қаржыландыру  мекемелердің 
иинвестициялық  қызметтерін  орындаса,  және  қаржы  мәселелері  бойынша  кеңес 
берген жағдайда банк болып есептелінеді. Сондай-ақ осы 1979 жылғы заң бойынша 
кейбір  ұйымдар  шектелген  мәселелер  бойынша  банк  қызметін  атқарушы  болып 
есептелінеді.  Яғни  мәселен  депозиттерді  қабылдайтын  лицензияланған  ұйымдар 
(ДҚЛҰ) туралы анықтама берілген.  
Тәжірибеде  кез-келген  ұйым  банк  статусын  алу  үшін  ДҚЛҰ  ретінде  сынақ 
мерзімінен ӛту керек еді. Англия банкі қаржылық корпорацияларға банк статусын 
беру  құқығының  иегері  ретінде  осы  статус  клиентеріне  жұмыс  істеп  тұрған 

145 
 
банктердің алып тастауда мүмкін еді. 1987 жылы қабылданған банк акті осы 1979 
жылғы  актінің  толық  тәртібін  жоймай  оны  жаңа  тараулармен  толтырды,  ал 
кейбіреулерін  ӛзгертілді.  1987  жылғы  актке  сәйкес  Ұлыбритания  банк  жүйесінің 
негізі осы мемлекеттің орталық банкі Англия банкі болып есептелінеді. 
Ұлыбритания  банк  жүйесі  екі  деңгелі  банк  жүйесін  құрайды.  Жоғары 
деңгейде  Орталық  банк,  тӛменгі  деңгейде  басқа  банктер  коммерциялық 
(депозиттік) және мамандандырылған банктер. 
Коммерциялық  депозиттік  банктерге:  клирингтік  банктер,  қаржылық  үйлер, 
ұлттық  жиро  банктер  кіреді.  Мамандандырылған  банктерге:  сауда  банктері, 
достастық банктер, шетелдік банктер, концорциалдық банктік үйлер кіреді. 
Ұлыбританияда коммерциялық банктер депозиттік банктер деп аталады. Олар 
банк  жүйесінің  негізін  құрайды.  Депозиттік  банктің  негізгі  бӛлігі  Лондондық  6 
клирингтік  палаталарды  шоғырландырылған.  Олардың  бұлай  аталу  себебі  олар 
Лондон  клиринг  палатасының  мүшесі.  Клиринктік  банктің    үлкен  тӛрттігіне 
тӛмендегілер  кіреді:  «Нэшнл  Вестминстер»,  «Барклейз»,  «Мидлэнд»  және 
«Ллойде».  Кӛбінесе  бұл  банктерді  жеке  ссуда  банктер  деп  атайды.  Олардың  15 
мыңнан астам бӛлімдері бар.  
Клирингтік  банктер  клиенттеріне  кӛптеген  банктік  операциялар  мен 
қызметтерді  ұсынады.  Сондықтан  әмбебап  деп  есептелінді.  Бірақ  олар  ӛз 
ерекшеліктерімен  бӛлініп  тұрады    және  олар  жұмыс  атқаруда  басымдылыққа  ие 
болады,  яғни  олардың  клиенттерінің  айырықша  тобы  болады.  Олар  аналитик 
салалық  мамандандырылған  және  ӛздерінің  даму  тұжырымдамасын  ұсынады. 
Ұлттық  жиро  банктер  ерекше  банктік  статусқа  ие  мекемелер,  олардың  қызметін 
мемлекеттік мекемелер және жергілікті органдар пайдаланады. Қаржылық үйлерде 
депозиттік  банктер  қызметін  атқарады,  яғни  бұлар  тұтыну  несиелерін  беруші 
арнаулы  банктер,  олардың  актив  операциялардың  2/3  бӛлігі тӛлемнің  кешіктірілуі 
берілген  тұтыну  несиелерінен  құралды.  Және  олардың  60  пайызан  кӛбірегі 
автокӛлік сатып алуда несиелендіру операцияларынан құралды.  
Тұтыну несиесін алу үшін клиент апликациялық форманы толтырады. Ондағы 
мәліметтер  талданған  соң  банк  несие  беру  туралы  шешім  қабылдайды.  Алдымен 
ссуданың  кӛлемі  және  оның  тӛлеу  мерзімі  белгіленеді  сондай-ақ  олар  лизингтік 
операцияларды  орындайды.    Қаржылық  үйлер  ірі  банктердің  несие  сақтандыру 
компаниялардың  еншілес  кәсіпорындары,  олар  осы  банктердің  несиесін  ӛз 
ресурстарынан  қолдайды.  Ірі  қаржылық  үйлер  банк  операцияларын  максимал 
кӛбейтуге  тырсады  яғни  олар  жинақ  ақшаларды  таратып  барынша  әмбебап 
банктерге айналуға тырсады. Қаржылық үйлегер сауда орталықтарындағы арнаулы 
банктік орындарда кіреді( Money Shops). 
Сауда  банктері  акцептелген  вексельдерге  мамандандырылған  сауда 
фирмаларынан  келіп  шыққан,  олардың  ерекшелігі  дүние  жүзінің  түрлі 
аймақтардағы  фирмалардың  тӛлем  қабілетін  білу.  Акцептік  операциялар 
соншалықты  пайдалы  болғандықтан  бұл  фирмалар  саудадан  бас  тартып  акцептік 
несие  беретін  мамандандырылған  банктерге  айналады  және  олар  акцептік  үйлер 
атағын 
алады.Олар 
Лондон 
нарығында 
шетелдік 
үкіметтердің 
және 
компаниялардың  ұзақ  мерзімді  облиғацияларын  Ұлыбритания  және  басқа 
мемлекеттердің инвестициялық сатып алуға орналастырды.  
Осындай  жағдайда    Лондон халықаралық  ұзақ  мерзімді  несие  берудің  басты 
орталығына айналды. 
Достастық банктері ежелгі, бұрынғы колониялық мемлекеттерде әрекет етеді. 
Оларға  Оңтүстік  Африка  республикасы,  Кариб  бассейні  мемекеттері,  Оңтүстік 
Америка, Оңтүстік Азия, Шығыс және Орталық Америка мемлекеттері кірді. 

146 
 
Шетелдік  банктер  Ұлыбританияда  пайда  болған  несиелік  институттар. 
Олардың  капиталы  басқа  мемлекеттерге  қарасты.  Англияда  негізінде  АҚШ-тың, 
Жапонияның,  Францияның  және  Германияның  шетелдік  банктер  қызмет  етеді. 
Олардың  негізгі  міндеті  сыртқы  сауданы  қаржыландыру,  инвестицияларды 
несиелеу  т.б.  Олардың  Англияда  ашылуы  осы  мемлекеттің  бас  банкі  -  Англия 
банкінің  беделімен  байланысты.  Осы  жағдай  Лондондық  әлемдік  қаржылық 
орталық  ретінде  дамуына  әсер  етеді.  Сондай-ақ  шетелдік  банктер  осы  елге  жаңа 
технологияларды  алып  келеді,  жаңа  банктік  операцияларды  дамытады.  Мысалы, 
бағалы қағаздың жаңа түрі, депозиттік сертификаттарды осы елде қолдану.  
Англияда шетелдік банктердің саны 500ден асады. Консорциялдық банктер - 
екі  және  одан  да  кӛп  мемлекеттердің  қатысуымен  құрылатын  қаржылық  несиелік 
институттар. Олардың бірде біреуі бақылау акция пакетіне ие емес. Бұлар негізінде 
трансұлттық және мультиұлттық ӛнеркәсіптік консерндердің банктері. 
Есеп  -  кітап  үйлерінің  ерекшеліктері  ол  Англия  банкінен  несие  алу 
үстемдігіне  ие.  Ежелден  олар  есеп-қисап  үйлері  ретінде  вексельдердің  есебінен 
пайдаланған.  Сондықтан  осылай  аталған.  Сондай-ақ  бұл  қаржылық  институттары 
мемлекеттік  облегацияларды  және  жергілікті  әкімдіктің  міндеттерін  сату  және 
сатып  алу  операцияларымен  айналысады.  Онда  Орталық  банктің  жұмысын 
реттейтін заң 1997ж қабылданды. Осы құжатқа сәйкес Банкті басқару директорлар 
кеңесіне жүктелген. Қазіргі жағдайда Англия Банкінің үстем бағыттары мыналар:  
-ұлттық валютаның атаулы құнын қолдау, 
-қаржы құрылымының тұрақтылығын сақтау (ұлттық және әлемдік деңгейде);  
-ӛзіндік  қаржы  құралымының  бәсекеге  қабілеттілігін  мемлекетте  және 
халықаралық деңгейде асыру. 
Англия  Банкі  ішкі  ақша  нарығында  ӛз  міндеттерін  орындай  отырып,  пайыз 
мӛлшерлемелерініңдеңгейіне әсер етеді. 
Үкімет  банкі,  банктердің  банкі  ретінде  Англия  Банкі  коммерциялық 
банктердің  есеп  шотынан  үкімет  шоттарына  келетін  тӛлем  ағымдарын  анықтап 
тұрады  және  оның  ӛзгеру    бағыттарын  болжайды.  Егер  банктердің шоттарындағы 
укімет  шотына  түсетін  тӛлемдер  артып  кетсе,  ақша  нарығында  молшылық  пайда 
болады. Нақты ақшаның жетіспеушілігін және тапшылығының келіп шығуын және 
оның жою жолдарын Англия Банкі реттейді. Яғни, әркімге керекті тӛлемдер, қажет 
соммасының  болуына  алып  келетін,  пайыз  ставкаларын  орнатады.  Әрбір  банктен 
жеке  жұмыс  атқару  жағдайында  Англия  Банкі  делдал  ретінде  есеп  үйлерінен 
пайдаланады. 
Бұлар  мамандандырылған  диллерлер  ретінде  ссудалық  вексельдердің  қорын 
құрады және бос жатқан қолма-қол ақшаларды банкке қояды. Есеп үйлері Англия 
банкінің  міндетті  қызметтерімен  пайдаланады,  яғни  олар  есеп  үйлерінің  бағалы 
қағаздарын  сатып  алу  немесе  оларға  ссуда  беру  жолымен  нақты  тӛлемдерді 
қамтамасыз  етеді.  Бұл  операцияларды  орындаудағы  қолданатын  мӛлшерлемелер 
экономикада  жалпы  қолданатын  мӛлшерлемелердің  пайызына  әсер  етеді.  Егер 
Англия  Банкі  бұл  мӛлшерлемелерді  ӛзгертсе,  коммерциялық  банктер  әдеттегідей 
тез  ӛзінің  базистік  мӛлшерлемесін  ӛзгертеді,  яғни  депозиттер  және  ссуда 
пайыздарын ӛзгеретін мӛлшерлемелерде ӛзгереді. 
Пайыз  мӛлшерлемелері  ішкі  ақшалай  жағдайға  әсер  етеді,  яғни  несие 
шарттары  тұтынушыға  сұранысына,  инвестицияға,  ӛнім  кӛлеміне  және  бағаларға 
әсер етеді. Олар сондай-ақ фунт-стерлинг құнына, шетел валютадағы құнына әсер 
етеді.  Басқа  жағдайларда  барлық  бірқалыпты  тең  жағдайларда  пайыз 
мӛлшерлемелері  қанша  жоғары  болса,  соншалықты  шетел  валютасы  фунт-

147 
 
стерлинкке  тартылады,  сондықтан  олар  фунт-стерлингтің  шетел  валютасының 
бағамына әсер етеді. 
Англия  Банкі  валюта  бағамына  мемлекеттің  алтын  және  валюта  қорларын 
қолдану  жолымен  де  әсер  етеді.  Бас  Банк  осы  қорларды  қазынашылық  атынан 
басқаруы  мүмкін.  Ұлыбританияның  мемлекет  аралық  саясаттың  негізгі  құралы 
ретінде  қысқа  мерзімді  пайыз  мӛлшерлемелері  және  валюталық  инвертенция 
қызмет  етеді.  Қазіргі  кезеңдегі  монетарлық  саясаттың  құралы  ретінде  резервтік 
саясат қызмет етеді. Ол Орталық Банктің коммерциялық банктердің және басқа да 
несиелік институттардың (минималдық) резервтердің міндеттемелеріне қойылатын 
талаптардың  ӛзгеруіне  байланысты.  Барлық  акша  несие  бақылауының  негізгі 
құралдары.  
Орталық  банктегі  несиелік  мекеменің  резерв  есебіндегі  қалдық  кӛлемін 
ӛзгертуге,  реттеуге  және  оны  осы  шоттарды  толтыру  жағдайына  негізделген.  Екі 
деңгейлі  банктің  тізімінің  жоғары  дамығанына  байланысты  коммерциялық 
банктердің  кассалық  резервтері  Орталық  банктегі  есеп  шотына  орналастырған. 
Салымдар  бойынша  кепілдік  қоры  қызметін  атқарған.  Бұл  жағдайда  банктік 
операциялардың  орындалуын  ұйымдастыру  олардың  техникасының  дамуы  әсер 
етеді.  Сондай-ақ  депозиттердің  сақтандыру  тізімінің  пайда  болуында  жақсы  әсер 
етті.  
Кейбір  экономистердің  пікірінше  қазіргі  банктерге  ӛздерінің  2%  мӛлшерде 
ақшалай  қорлары  болса  болғаны.  Қазіргі  жағдайда  минималдық  резервтер  екі 
мағынаға ие. Олар коммерциялық банктердің тұрақты шектік жағдайын қамтамасыз 
ету қажет, олар коммерциялық  банктердің ақша массасын, тӛлемдерін және несие 
қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс. 
 Резервтік  міндеттемелерді  банк  пассивтеріне  тиісті  мӛлшерін  табу  әдісі 
коммерциялық  банктер  клиенттердің  тартқан  депозиттерінің  Орталық  Банк 
шотында  бір  бӛлігін  резервте  сақтау  қажет.  Ұлыбританияның  коммерциялық 
банктері Англия Банкінің есебінде стерлинг депозиттерінің 0,35% сақтайды. 
Банктің  бақылаудың  бірінші  мақсаты  ағылшын  қаржы  нарығындағы  банк 
клиенттерінің  салымдарын  қорғау.  1987  жылғы  Банк  актінің  келісімі  бойынша 
Англия  Банкінің  рұқсатынсыз  ешқандай  банк  халықтың  депозитін  қабылдай 
алмады.  Депозитті  сақтайтын  банктер  Англияның  банкінің  тұрақты  бақылауында 
болды. Қазіргі жағдайда 500 астам банк депозиттерді қабылдауға, Англия банкінен 
рұқсат  алған.  Депозиттерді  қабылдаудың  арнайы  сызбасы  қолданылады.  Әдетте 
90%  салым  қолданылады  қосылған  пайызбен  бірге).  Осы  сызбада  бір  салымшыға 
18000 фунт стерлингке дейін тӛлемді қамтамасыз етеді. 
Англия  Банкінің  негізгі  функцияларының  бірі  мемлекеттің  қарыздарын 
басқару.  Англия  Банкінде  Үкімет  мен  нарық  арасындағы  тӛлемдер  қорғалған, 
тӛлемдер  ағымы  Ұлттық  кредиттік картада  (Loens  Fund-  NLF)  кӛрсетіледі.  Егерде 
қысқа мерзімді тапшылық пайда болса NLF оны жабады, артқанын ақшалай банкке 
қояды.Бұл тура қысқа мерзімді несие болып есептеліп, Англия Банкінің негізгі рӛлі 
қазынашылық  атынан  орындалады.  Банк  Үкіметтің  жаңа  және  ескі  қарыздарын 
бақылайды. Осы мақсатта Үкімет зайымның үш түрі шығарылады. 
Қазынашылық  вексельдер,  Үкіметтің  жоғары  сенімді  бағалы  қағаздары  және 
валюта нарығындағы займдар. 
Қазынашылық  вексельдер  -  бұл  қысқа  мерзімді  (3  немесе  6  айға 
шығарылатын).  Англия  Банкінің  IOU-i  OWE  YOU  әр  аптада  шығарылған  құнды 
қағаздар.  Олардың  негізгі  мақсаты  үкімет  шығындарын  қаржыландыру  емес, 
керісінше  құрылымдағы  акцияларды  алып  (вексельдерді  алып)  монетарлық 
саясатты жүргізу. 

148 
 
Үкіметтің  жоғары  сенімді  бағалы  қағаздары-  бұл  ұзақ  мерзімді  бағалы 
қағаздар  (5  жылдан  40  жылға  дейін).  Бұлар  үкіметтің  шығыстары  табыстарынан 
жоғары  болған  жағдайда  тапшылықты  қаржыландыруға  шығарылатын  бағалы 
қағаздар.  
Валюталық займдар түрлі болса, олардың кӛлемі үкіметтің валюта резервінің 
пайда болуына байланысты. Валюталық займдарға, жай облигациялар ұзақ мерзімді 
несиелерден  құралады.  Займдардың  кӛп  бӛлігі  1  айлық  қазынашылық  билеттер 
ECV түрінде шығарылады.  
Қорыта  айтқанда  Ұлыбританияның  банк  жұмысынң  тізімі  жоғары  деңгейде 
шоғырландырылған  және  мамандандырылған  деңгейімен  ерекшеленеді.  Банктік 
инфроқұрылым  ӛте  жақсы  дамыған.  Әлемдік  қаржылық  орталығы  Лондонда  - 
Ағылшын  банкімен  бірге  кӛптеген  шетелдік  банктер  жұмыс  істейді.  Бұлардың 
негізгілері Американдық, Жапондық банктер.  
Ұлыбританияның  банктерінде  басқа  банктерге  қарағанда  шетелдік 
валютадағы тапшылығының  үлесі артық. Англия банктері шетелдік филиалдарын 
құрған.  Олардың  клирингтік  банктердің  ссуда  сауда  банктерінің  және  ДҚЛҰ 
сияқты  ұйымдардың  ерекшеліктерімен  ӛте  құнды.  Сондықтан  Ұлыбританияның 
банк  жұмысының  тізімін  оның  тиімді  бағыттарын  Қазақстан  банк  тәжірибесінде 
қолданысқа енгізуге болады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет