«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет42/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49

ӘОЖ 373.1.02:372.8 
РНР БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІН ҤЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ 
ҚҦРАЛ ДАЙЫНДАУ 
 
Шалбаева Ш.А. 
 
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
Создать   электронный   учебник по  языку программированию РНР. Пользователь электронным 
учебником по тестам может определить уровень своих знании по данному предмету. 
 
Summary
 
To create the electronic tutorial in a subject "PHP". The user by the electronic tutorial under the tests 
can define(determine) a level the knowledge in the given subject. 
 
Delphi  бағдарламалау  ортасында  РНР  бағдарламалау  тілін  үйретуге    арналған 
инновациялық  бағдарламалық    құрал  дайындау.  Онда  кӛптеген  операторларды 
пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия 
процестерін  ұйымдастыру,  OLE  технологиясын    пайдаланып,  басқа  офистік 
қосымшаларды  шақыру,  олармен  жұмыс  істеу  және  т.б.  іс-әрекеттерді  орындауда 
мүмкін.    Әрбір  ізденушінің  ӛз  ерекшеліктеріне,  ынтасына,  мүмкіндіктеріне  орай 
білім  алуын  қамтамасыз  ететін  оқыту  жүйесін  жасауға  ұмтылу  болып  табылады. 
Oрта  мектептерде  информатика  курсын  оқытуда  электронды  оқулықтарды 
пайдаланып  оқыту  әдістемесін  құрастыру,  оны  қолдану  тиімділігін  теориялық-
практикалық тұрғыда негіздеу. 
Delphi  бағдарламалау  ортасының  кӛмегімен  жасалған  электронды  әдістемелік 
құрал  -  компьютерлік  оқу  кұралы  деп  аталынып,  білім  берудің  компьютерлік 
технологиясын  кеңінен  пайдалануға  негізделген  электронды  оқып-үйрену 
құралдарына жатады. Ӛз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі 
кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану 
жолдарының  әлі  ашылмаған  тәсілдері,  күнделікті  сабақтарға  қолдану  үшін  әлі  де 
айқындалатын  жақтары  кӛп  екенін  ғалымдар  да,  мұғалімдер  де  жиі  айтып  келеді. 
Компьютермен  оқыту  әдісін  жүзеге  асыру  жалпы  білім  беру  ісін  жетілдіру 
тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің ӛз ерекшеліктерін 
де  есепке  алуды  талап  етеді.  Мұнда  бірнеше  мәселені  қатар  шешуге  тура  келеді, 
олар: 

334 
 
-  компьютерді  оқыту  ісінің  қай  жақтарын  жетілдіру  үшін  баса  пайдалануға 
болатынын анықтау; 
- оқу процесі компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау; 
- компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау; 
-  әр  пән  мұғалімдері  мен  әдіскерлерінің  талап-тілектеріне  сәйкес  келетін 
компьютерлік оқу кұралын жасау. 
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе 
оқулықты  пайдалану  қазіргі  заман  талабын  қанағаттандырмайды.  Сондықтан 
қазіргі  ақпараттандыру  қоғамында  бұл  оқулықтарды  пайдаланбай  алға  жылжу 
мүмкін  емес.  Соның  нәтижесінде  ізденушілердің  пәнге  деген  қызығушылығы 
артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. 
Интернет – үлкен және кіші компютерлік желілердің бірігуі ғана емес, сонымен 
қатар олардың бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістіктегі қызметі болып табылады. Бұл 
қызметтер ақпарат алмасудың әр түрлі хаттамаларына негізделген және сәйкесінше 
олармен жұмыс істеу үшін әр түрлі бағдарламалық жабдықтаулар пайдаланылады. 
Интернет сӛзінің мағынасында оның ең танымал қызметтерінің біреуі World Wide 
Web  пен  түсіндіріледі.  Интернет  желісіндегі  ақпарат  осы  қызметтің  форматында 
орындалса, онда ол Web парақтар түрінде болады. Web парақтар кез келген түрдегі 
мәліметтер:  мәтіндер,  сілтемелер,  графика,  дыбыс,  видео,  анимациялар  т.с.с 
тобынан тұратын комплекстік құжаттар болып табылады.  
Сайттар және олардың адрестері 
Қаладағы  серверлерге  шығу  үшін  домендерді  қолдануға  болады.  Ал  ондағы 
аудан,  үйге  қатынас  жасау  үшін  сайттар  қолданылады.  Қандай  да  бір  мекемеге
 
немесе жеке тұлғаның  және қандай  да бір тақырыпқа арналған желінің логикалық 
түрде аяқталған элементі. Әрбір сайттың  ӛз адресі болады, ол әріптен турады.  
Желіні  жасаушылар  арнайы,  домендік  аттарды,  (DNS)  серверін  құрады.  Олар 
автоматты түрде әріптік адрестерді (URL) цифрлыққа (ІР) ауыстырады. DNS ӛзінде 
сол адрестердің сәйкесіне таблицасы сақтайды. 
Сайт  адрестері  бірнеше  маңызды  элементтерден  тұрады.  http://  -  гипертестік 
құжаттарды теру протоколын білдіретін префикс.  
WWW  –  ресурстың  WWW  жүйесіне  жататындығын  білдіретін  ―сигналдық 
жалауша‖.
 
Бұдан  кейін  адрес  атының  ең  тӛмендегі    элементі  –  сайттың  ӛз  аты 
орналасады.  
Беттер –біртұтас «ағзаны» -сайтты құрайтын жеке гипертекстік құжаттар[1].  
РНР дегеніміз не? 
РНР-бұл  Web  –серверге  жіберілетін  скриптердің  кӛмегімен  Web-беттерінің 
динамикалық  генерациясына  қажетті  бағдарламалау  тілі.  Сіз  бетті  РНР  және 
HTML-дің кӛмегімен ашасыз. Сайтты пайдаланушы бетті ашқанда, сервер html-код 
қосылған  РНР  операторларын  орындайды  және  нәтижені  пайдаланушының 
браузеріне  жібереді.  Бұл  әрекет  дәл  осылай  ASP  және  Cold  Fusion-ның  кӛмегімен 
жасалады. Дегенмен ASP және Cold Fusionға қарағанда, РНР ашық бастапқы кодты 
ӛнім болып табылады және платформалы тәуелсіз. РНР Windows NT және Unix-тің 
кӛптеген версияларында жұмыс жасайды. Ол Аpache –дегі модуль ретінде жіберіле 
береді. Егер жіберілу Apache модулі түрінде болса РНР оңай және жылдам жұмыс 
жасайды.  Бұл  кезде  процессті  жасауға  байланысты  туындайтын  қосымша 
шығындар болмайды. Сондықтан нәтижесі тез шығады және сервердегі сақтаудағы 
шығынды азайтатын mod _perl-ді орнатудың қажеттілігі болмайды.  
 РНР  операторлары  сіздің  бетіңізге  Web-беттерді  қойып  береді,  сондықтан 
арнайы  ортада  жүзеге  асырудың  қажеттілігі  туындамайды.  Сіз  РНР-кодының 

335 
 
блогын    тегімен  аяқтайсыз.  Бұл  тегтердің 
арасындағылардың барлығы РНР код ретінде интерпритацияланады.  
 РНР  тілінің  синтаксисі  Си  және  Рerl  синтаксисіне  ұқсас  келеді  сіз 
ауспалыларды оларды пайдаланудан бұрын жарияламауыңыз керек. Массивтермен 
Хэмтер оңай жүзеге асырылады.  
 Дегенмен  РНР  Apache  құрылған  жағдайда  бәрінен  жылдам  жұмыс  жасайды. 
РНР  Web  –  сайтында  оны  Microsoft  ІІS  және  Netscape  Enterprise  Server 
орналастырудың  реті  бар.  Егер  сізде  РНР  ді  орнатуға  бағдарламалық  қамтамасыз 
етудің кӛшірмесі жоқ болса, оны сізге ресми Web –сайттан ала аласыз. Ол жерден 
сіз РНР дің барлық ерекшелігі мен қызмет бейнеленген түсіндірілген жетекшілікті 
таба аласыз[2].  
РНР  және  АРАСНЕ  локалді  серверін  орнату.  Локальды  серверлерді 
пайдаланудың  себебі  кӛп  –  бізге  РНР  -  ды  үйрену  керек  болды  ӛзіңіздің 
хостингіңізде Web қосымшалары тестілеу қымбатқа түседі және бұндай мүмкіндік 
мүлдем  жоқ.  Бұл  жағдайда  сізде  локалды  машинада  Apache+PHP  байланыстары 
қажет болады.  
Ең  алдымен  Apache  және  РНР  дің  архивін  шығарып  алу  керек.  Apache 
http://www.apache.org/dyn/closer.egi.  ресми  сайтындағы  келтірілген  беттен  алуға 
болады. Іздестіруде мынаны есте сақтаған жӛн.  
  РНР  5-ті  http://www.php.het/downloads.php  сайтынан  табуға  болады.  Сайтта 
РНР  екі  формада  мүмкін  болады.  Алғашқы  кодта  (Complete  Source  Code)  және 
компилицияланған  нұсқада  (Windows  Binsries).  Бізді  ек  нұсқада  таралатын 
компиляцияланған  версия  қызықтырады:  орнату  түрінде  (php-5.0.0-installer  exe) 
және zip архив түрінде (php-5.0.0-Win 32. zip). Орнатушы орнатуда ыңғайлы, бірақ 
РНР  версиясы  шектеулі.  Оның  үстіне  автоматты  инсталляторды  пайдалану  бізді 
Арасһе  серверінің  конфигурациялаушы  файлын  құру  қажеттілігінен  арылтпайды. 
Сондықтан да zip –архивті жүктеу ұсынылады. Сіз РНР сайтында бола тұрып РНР –
ге  құжатитаманы  алуыңызға  да  болады.  Windows-ты  пайдаланушылар  үшін  сhm-
формат әлдеқайда ыңғайлы[3]. 
Delphi  ортасында  PHP  тілін  оқытудың  компьютерлiк  жүйесін  жасаудың 
алгоритмi: 
1.
 
Оқыту жүйесінiң бас мәзiрiнiң интерфейсiн жобалау; 
2.
 
Курс мазмұнын даярлау; 
3.
 
Тапсырмалар жүйесін даярлау; 
4.
 
Тест жүйесін даярлау; 
Оқыту жүйесінiң интерфейсiн жобалау технологиясы: 
Delphi  ортасын  iске  қосып,  суреттегi  форма  дайындамасын  жасау  керек. 
Суретте  келтiрiлген  компоненттердi  форма  бетiне  орнатып,  олардың  қасиеттерiне 
мәндер меншiктеу керек.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Компьютерлiк оқыту жүйесінiң интерфейсi 

336 
 
Негiзгi программаны ашып, бас мәзiрдегi командалық түймелер шертiлген кезде 
шақырылатын сәйкес процедураларды жариялау керек.  
Форманың onCreate оқиғасын ӛңдеуiш процедура құру  
Бас  мәзiрдегi  Оқулық,  Ӛзін  сынау,  Редактор  және  Бағдарлама  жайлы 
командалық  түймелерiнiң  басып  қайта  жiберген  кезде  орындалатын  ӛңдеуiш 
процедураларды жазу керек 
 Бас  мәзiр  даярланып  болған  соң  оның  әрбiр  пунктiнiң  қызметiн  сипаттайтын 
форма  терезелерi  мен  программалық  кодтарды  жазып  шығу  қажет.  Суретте 
компьютерлiк  оқыту  құралының  мазмұны  оқу  беттерiнiң  интерфейсiнiң 
дайындамасы келтiрiлген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Оқулық бӛлімі. 
Оқулық  бӛлiмiн  аяқтағаннан  соң,  Ӛзін  сынау  бӛлiмiне  кӛшемiз.  Ӛзін  сынау 
бӛлiмiне  кiру  терезесiнiң    түрі  суретте  келтiрiлген.  Ӛзін  сынау  бӛлiмi  күрделі 
бӛлiмдердiң бiрi болғандықтан оған толығырақ тоқталғанды жӛн кӛрдiк. Сонымен 
Ӛзін  сынау  бӛлiмi  бiрнеше  интерфейстiк  терезелерден  тұрады.  Бас  мәзiрдегi  Ӛзін 
сынау командалық түймесi шертiлген кезде  тест жүйесіне кiру терезесi ашылады.  
LabelEdit1  компонентi  студенттiң жеке паролiн енгiзуге  арналған. Ал  ListBox1 
ӛрiсiне  тест  тапсыруға  кiрген  студенттер  тiзiмi  шығарылады.  Label3  компонентi 
тест жүйесіне алғаш рет кiрiп отырған студент тiркелуi үшін қажет. ОК командалық 
түймесi сәйкесiнше тестке кiруге мүмкіндiк тудырады. 
Ӛзін  сынау  жүйесінiң  формасы  суретте  келтiрiлген.  Студент    ӛзін  сынау 
жүйесінде  болу  үшін  суретте  кӛрсетiлген  сәйкес  ӛрiстерге  мәндер  енгiзуi 
жеткiлiктi.  
 

337 
 
 
Ӛзін сынау терезесі 
 
Тесті редакциялау үшін, яғни тест сұрақтарын ендіру керек. Ол үшін Редактор 
түймесін  басамыз.  Онда  алдымен  пароль  сұралады.  Ары  қарай  Редактор  терезесі 
ашылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тест ендіру терезесі 
Мұнда сәйкесінше тест сұрақтарымен жауаптарын ендіре береміз. 
Компьютерлiк жүйенi пайдалануға нұсқау 
Информатика  курсының  компьютерлiк  оқыту  құралын  iске  қосу  үшін 
―Project1.exe‖  программасын  жүктеу  қажет.  Нәтижеде  экранда  алты  бӛлiктен 
тұратын  оқулықтың  негiзгi  терезесi  ашылады.  Экранның  сол  жақ  бетiнде  курс 
мазмұны, ал оң жағында оқу материалдары орналасқан.  
 Оқулық.  Мұнда  құрылымданған  курс  мазмұны,  ӛзін  сынау  орналасқан  оқу 
материалдарының  негiзгi  терезесi  ашылады.  Терезенiң  сол  жақ  бӛлiгiнде 
орналасқан  курс  мазмұнынан  сәйкес  тарауды  не  тақрыпшаны  таңдау  арқылы  оқу 
материалының керектi түсын ашып алуға болады. 
Пайдаланушы  әрбiр  қадамдағы  iс-әрекеттi  ретiмен  мұқият  орындау  арқылы 
суретте  кӛрсетiлген  нәтиженi  ала  алады.  Бұл  оқушының  мұқияттығын  ғана 
дамытып  қоймай,  сонымен  бiрге  курс  мазмұнын  игерудегi  ебдейлiгi  мен 
дағдысының  да  жылдам  қалыптасуына  әсерiн  тигiзедi.  Тапсырмалар  жүйесінде 
тапсырманы  орындаудың  дұрыс  нәтижесi  де  келтiрiлген.    Бұл  оқушының  қашан 
дұрыс  нәтижеге  қол  жеткiзгенше,  тапсыр-маны  қайталап  орындауына  әкеледi.  Ал 
дұрыс  нәтижеге  жеткен  кезде  оқушы  нәтиженi  оқытушыға  кӛрсету  арқылы  ӛзiнiң 

338 
 
қандай  деңгейге  жеткендiгiн  анықтап  бередi.  Бұл  оқытушыға  да  оқушының  бiлiм 
деңгейiн объективтi бағалауына ӛз әсерiн тигiзедi.  
РНР бағдарламалау тілі курсының компьютерлiк оқыту құралын оқу процесiнде 
пайдалану, оны басқару мен бақылауды жеңiлдетуге, студенттiң курсты игегрудегi 
ебдейлiгi мен дағыдысының жылдам қалыптасуына және студенттiң компьютермен 
үздіксіз  байланыста  болуын  қамтамасыз  етедi.  Компьютерлiк  оқыту  құралының 
құрамындағы  теориялық  материалдар,  тапсырмалар,  олардың  арасындағы 
интерактивтiлiк  пен  тақырыптық-логикалық    байланыстар,  қайталанбайтын 
кӛпнұсқалы  тапсырмалар  жоғарыда  аталған  мақсаттарға  жетудiң  тиiмдi  де  қысқа 
жолы деп санаймыз.  
Сонымен РНР бағдарламалау тілі курсын компьютерлiк оқыту құралдары:  

 
курсты  оқудың  мақсатымен  таныстыру,  оның  мазмұны  мен  құрылымын 
түсiну;  

 
курсты  игеру  мақсатында  берiлетiн  түрлі  деңгейдегi  лабораториялық  
жұмыстарды орындау;  

 
студенттiң түрлі есептердi шешудегi дағды мен ебдейлiгiн қадлыптастыру;  

 
эксперименттiк жұмыстар жасау даярлығын қалыптастыру;  

 
шығармашылық деңгейдегi есептердi шешу қабiлетiн қалыптастыру;  

 
iскерлiктi, дағды мен ебдейлiктi бекiту, орнықтыру;  

 
курсты игерудегi студенттiң бiлiм деңгейiн объективтi бағалау,  

 
т.с.с. педагогикалық мәселелердi шеше алады.  
Сонымен  қатар  компьютерлiк  оқыту  құралдары  дәстүрлі  оқыту  жүйелерiне 
қарағанда  келесi  артықшылықтарға  ие:  студентке  ӛзiне  ыңғайлы  уақытта  оқу 
жылдамдығын  ӛз  қалауынша  таңдауға  және  оқу  материалын  ӛз  бетiнше  игеруге 
мүмкіндiк бередi; курс мазмұнындағы зерттелетiн объектiлер мен процестердi кӛр-
некi мультимедиялық формада бейнелеуге мүмкіндiк бередi; тапсырмалар мен оқу 
материалдарын  оқушының  бiлiм  деңгейiне  сай  беру  оқыту  процесiндегi 
дараландыру  әдiсiн  жоғары  деңгейде  жұзеге  асырады;  бiлiктiлiк  пен  дағдыны 
автоматы  түрде  бақылау  жүйесi  оқушының  бiлiмiн  объективтi  түрде  бағалауға 
мүмкіндiк бередi; қайталанбайтын кӛпнұсқалы және ерекше жағдайларға арналған 
тапсырмалар жүйесi оқушының шығармашылық қабiлетiн арттырады. 
                                                       
Әдебиеттер 
 
1.  А.Федорчук.  «Как  создаются  WEB-сайты»:краткий  курс.  «ПИТЕР».  Санкт-
Петербург.2000. 
2. Кузнецов.М.В. «Учебник PHP» «ПИТЕР». Санкт-Петербург, 2000. 
3. Котеров.Д Костарев А. «PHP5 в подлинке» «ПИТЕР». Санкт-Петербург, 2000. 
 
 
 
 
 
 
 

339 
 
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ 
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ 
PEDAGOGICAL SCIENCES 
ӘОЖ  37.013=512.122 
АБАЙ ҚҦНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӚЗҚАРАСЫ 
 
Алиева Ш.Т. 
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются педагогические взгляды  Абая. 
 
Summary 
This Article discusses the pedagogical of Abai  
 
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, 
ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай ӛз ауылында арабша хат танығаннан кейін, 
он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға 
зерек,  ұғымтал  Абай  діни  сабақтармен  қоса  ӛз  бетінше  араб,  парсы  тілдерін 
үйреніп,  шығыс  классиктері:  Низами,  Сағди,  Хафиз,  Науан,  Физули  еңбектерімен 
танысып, тағылым алады. 
Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық 
ӛнер жолына түседі. Ӛз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл 
оқымыстыларының  еңбектерін  оқып,  білімін  толықтырады.  1870  жылдарда 
Петербургтен  айдалып  келген  революционер  Михаэлиспен  танысып,  дос  болады. 
Михаэлис  Петербург  университетінің  студенті,  Чернышевскийдің  жолын  қуушы, 
демократ-революционер  еді.  Михаэлис  арқылы  Абай  айдаудағы  орыс 
демократтары:  доктор  Долгополовпен,  табиғат  зерттеушісі,  тарихшы  Леонтьевпен 
танысады.  Солар  арқылы  ол  орыстың  белгілі  ақын-жазушылары:  Пушкин, 
Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары 
Белинский,  Герцен,  Чернышевский,  Добролюбов;  Батыс  Еуропа  ақындарымен: 
Гѐте,  Байрон,  философ  ойшылдарынан:  Спенсор,  Спиноза,  Дарвин,  т.б. 
еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады[1]. 
Абай  ӛзінің  ӛлең-жырларында  ел  ішіндегі  ұрлық,  зорлықты,  алтыбақан 
алауыздықты,  күштілікті,  жатып  ішер  жалқаулықты  ӛлтіре  сынап,  жастарды  адал 
еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке,  ӛнер-білімге шақырады. 
Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған 
ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, ӛзінің ӛлеңдері мен қара 
сӛздерінде педагогикалық кӛзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, 
ойсыздық,   салғырттық, күншілдік, кӛрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл 
мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, кӛргеннен үлгі-ӛнеге алу, 
жаман  әдет-дағдыдан  бойын  аулақ  ұстау,  нәпсіні  ақылға  жеңдіру,  ұстамды  болу 
сияқты  адамгершілік  қасиеттерді  насихаттайды.  «Егер  есті  кісінің  қатарында 
болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, 
ӛмірді қалай ӛткізгенің жайында ӛзіңнен ӛзің есеп ал»,-дейді. Яғни, адамның ӛзін-
ӛзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. 
Абай  сана-сезімді  тәрбиелеудегі  қоғамдық  ортаның  ролін  материалистік 
тұрғыдан  түсіндіре  білді.  Адамның  жақсы-жаман  болуы,  ақылды-ақылсыз  болуы 
генетикалық негізге  байланысты,  ақ  сүйек тұқымынан  шыққандар  ақылды,  батыр, 
алғыр  болады  деген  буржуазиялық  нәсілдік,  идеалистік  кӛзқарасқа  қарама-қарсы. 

340 
 
Абай  адам  мінезінің  қалыптасуы  тәрбиеге,  ортаға  байланысты  екенін  дәлелдеді. 
Ӛзінің  отыз  жетінші  қара  сӛзінде:  «Мен,  егер  заң  қуаты  қолымда  бар  кісі  болсам, 
адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,-деді[3]. 
Абайдың  поэтикалық  шығармалары  мен  қара  сӛздері  пәлсапалық,  этикалық, 
эстетикалық,  психологиялық  және  педагогикалық  ой-пікірлерге  толы.  Абай 
түсінігінше, табиғат  біздің санамыздан тыс  және бізге тәуелсіз ӛмір сүреді.  Біздің 
түйсігіміз  бен  қабылдауымыз,  түсінігіміз  айналадағы  ақиқат  шындық  ӛмірдің 
сәулесі ғана. 
Абай  түсінігінше,  табиғат  біздің  санамыздан  тыс  және  бізге  тәуелсіз  ӛмір 
сүреді. Адам баласы  «кӛзімен кӛріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап,   тілмен татып, 
мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,-дейді Абай. Адам баласы анадан 
туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар 
– тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу- жан құмарлығы (жетінші сӛз) деп 
ой түйіндей келе,  «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты 
ақыл,  ғылым…  ол  таланттылық  пен  ерінбей  еңбек  еткен  адамның  қолына  түседі» 
деген қорытынды жасайды. 
Абайдың  дүниенің  дамуы  жӛніндегі  кӛзқарасында  диалектикалық  сарын 
басым.  Ол  табиғат  құбылыстарын  ӛзара  бір-бірімен  байланыста,  үнемі  ӛзгерісте, 
дамуда  болады,  адамды  қоршаған  ортаның  –  табиғаттың  ішкі  сырын  білім-ғылым 
арқылы білуге болады деп қарастырады. 
Ұлы  ағартушы  ӛзінің  кӛптеген  шығармаларында  қазақ  халқының  ауыр 
тұрмысын  және  надандығын  мінеп-шенеді.  Қара  басының  қамын  ғана  ойлайтын, 
яғни  тән  қажеттігін  ӛтеуді  ғана  ескеріп,  рухани  қажеттілікті  ойламайтын,  біреуді 
алдап,  біреуді  арбап  күн  кӛрушілерге,  ӛзінен  күшті  әкімдер  алдында 
жағымпаздықпен кӛзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. 
Ондағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты: 
  Пайда ойлама, ар ойла 
  Талап қыл артық білуге. 
  Артық білім кітапта 
  Ерінбей оқып кӛруге, - деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды. 
  Сол  кездегі  кейбір  оқыған  жастардың  білімді  шен  алу,  шекпен  кию  үшін 
пайдаланып, парақорлықпен алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланған 
Абай: 
  Ойында жоқ олардың 
  Салтыков пен Толстой 
  Я тілмаш, я адвокат. 
  Болсам  деген  бәрінде  ой,-  деп  сӛкті.  Жастарға  халық  қамын  ойлаған  ақын-
жазушылар мен ғалымдарды үлгі-ӛнеге етіп, «білімдіден шыққан сӛз талаптыға кез 
болса екен», -дейді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімже деп ұққан Абай: 
  Түбінде баянды еңбек егін салған, 
  Жасынан оқу оқып, білім алған. 
  Би болған, болыс болған мақсат емес, 
  Ӛнердің бұдан ӛзге бәрі жалған. 
  Ел  болу  үшін  қала  салып,  отырықшылықта  болу  керек,  мектеп  салып,  оқу 
оқып,  білім  алу  қажет,  тіршіліктің  тұтқасы  еңбек  пен  білімде  ғана  тұр  деп  жар 
салды.  Ӛнер-білімсіз  қоғамның  пайдалы  азаматы  болудың  мүмкін  емес  екендігін, 
терең түсінген ол: «Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет… ӛнер де, 
ғылымда орыста тұр. Орыстың ғылымы, ӛнері – дүниенің кілті оны білгенге дүние 
арзанға түседі»
1
,-деп озық мәдениетті орыс халқын ӛнеге етті. 
  «Ақыл  –  ардың  сақтаушысы»  деп  қарап,  адамгершілік  мәселелерін  жоғары 

341 
 
бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы – 
  Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап, 
  Бұларды керек қылмас ешкім қалап… 
  Терей ой, терең ғылым іздемейді 
  Ӛтірік  пен  ӛсекті  жүндей  сабап,  -  деп  кейбір  жастардың  іс-әрекетін  қатты 
сынға  алады.  Абай  қазақ  қоғамындағы  жас  ұрпақтарды  тәрбиелеуге  байланысты 
ойларын  бірнеше  ӛлеңдерінде  («Жігіттер,  ойын  арзан,  күлкі  қымбат»,  «Мен 
жазбаймын  ӛлеңді  ермек  үшін»  т.б.)  айқын  білдіреді.  Ол  халықтың  артта 
қалушылығын,  надандығын  мінеп,  әдебиет  пен  ағарту  халыққа  қызмет  етуі, 
жалқаулыққа,  ымырашылдыққа  қарсы  күрес  жүргізуі  қажет  екендігін  кӛрсетеді, 
прогресшіл  орыс  мәдениетіне  жақындай  түсуді  уағыздайды.  Мұндай  күрделі 
міндеттерді  шешудің  жолдарын  іздестіре  келе,  Абай  ӛзінің  «Қырқыншы  сӛзінде» 
жалпыға  бірдей  білім  беру  талабын  ұсынып,  қыздар  да  оқып,  білім  алу  керек  деп 
есептейді. 
Ұлы  ағартушы  ӛз  айналасын  қоршаған  әділетсіздік  қазақ  халқын  аздырып 
бара  жатқанын,  жас  ұрпақты  тәрбиелеуге  теріс  ықпалын  тигізетіндігін  байқап, 
халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше кӛңіл аударды. 
Ал  жастар  бойына  дарытуға  тиісті  жоғары  адамгершілік  қасиеттер  ретінде 
туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық 
пен  сыпайылық,  адамдарға  қайырымдылықпен  қарау,  еңбек  сүйгіштік,  жарқын 
ӛмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты. 1886 жылғы бір ӛлеңінде ақын: 
  Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман, 
  Шошимын кейінгі жас балалардан. 
  Терін сатпай, телміріп кӛзін сатып, 
  Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман,- деп ӛз кезіндегі жастардың осындай 
жағымсыз мінездері н қатаң сынға алды. Абай уақытын еңбексіз бос ӛткізетіндерді, 
еріншектерді,  ӛсекшілдерді,  адамгершілік  қасиетке  ұмтылмайтындарды  мейлінше 
жек кӛрді. Ондайлар туралы: 
  Осындай сыйдаң жігіт елде мол-ақ, 
  Бәрі де шаруаға келеді олақ. 
  Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп, 
  Бар ӛнері – қу борбай – сымпыс шолақ-деп, күйзеле жазады ұлы ақын. 
  Гуманист  –  ақын  Абайдың  ХІХ  ғ.орта  шенінде  халқымыздың  бойындағы 
жағымсыз қасиеттерді қатты сынға ала отырып, айтқан ойларының, кӛтерген ӛзекті 
мәселелерінің бүгін де маңызды, күн тәртібінен түспей отырғандығын атап ӛткіміз 
келеді.  Абайдың  айтқан  ойлары  бүгінгі  Мақатаев  сияқты  ақындарымыздың 
ойларымен үндесіп жатыр[2]. 
Табиғатты  айтсын  мейлі,  махабатты  айтсын,  адамның  ары  мен  арманын 
айтсын,  жан  түршіген  міні  мен  арамза  мінез-қылығын  айтсын,  қазақтың  ақиық 
ақыны  Мұқағали  ағынан  жарылып  айтады,  әрбір  ӛлең  жолынан  ақынның  жүрек 
лүпілін естіп, жан айнасын кӛреміз, адам бойында әлі де арылып болмаған сұмдық 
пен сараңдылықтан жериміз, жамандықтан түршіге түңілеміз. Сондықтан да ол: 
  Мансапқорлардың қасынан 
  Шықпайтындарға ашынам ! 
  Жалданып ӛскен жасынан 
  Жағымпаздарға ашынам ! 
  Ӛзіңе ғана бас ұрам, 
  Сенесің бе, Отан осыған !? 
  Алаяқтарға ашынам ! 
  Ашынам-дағы тасынам 

342 
 
Құнымды  несін  жасырам,  -  деп  адам  бойындағы  жағымсыз  мінез  құлықты 
ашына  сынға  алды.  Мұқағали    айтқандай,  осы  жағымсыз  қылықтар  да  бүгін  де 
арамызда бой кӛрсетіп қалады. 
Сол кезде Абайдың кӛтерген мәселелері бүгін де маңызды, ӛзектілігін ерекше 
айта кеткен жӛн. 
Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді. Абай 
ӛлеңдері мен қара сӛздерінің тәрбиелік-тәлімдік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары 
болып келеді. 
«Мен жазбаймын ӛлеңді ермек үшін, 
Жоқты-барды, ертегіні термек үшін»,  
-  деп  ақынның  ӛзі  айтқандай  оның  ӛлеңдерінің  әлеуметтік,  этикалық  мәні 
мейлінше терең. Ең алдымен ол ӛз халқына ӛлеңдері, қара сӛздері арқылы ұдайы ой 
салды, оның кӛкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырды, 
мәдениетті болуға, прогреске шақырды. 
Абай ӛзінің ӛлеңдерінің бәрінде: 
«Қалың елім қазағым, қайран жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, 
Жақсы мен жаманды айырмадың 
Бірі қан, бірі май боп енді еккі ұртың» – деген сӛздері дәлел бола алады. Бұл 
ӛлеңде  Абай  ашынып,  халықтың  жанына  тие  айтады.  Сондай-ақ,  Абай  бос 
даурығуға, бекер сал шашуға, ӛтірік, ӛсек айтуға, жалқаулыққа қарсы шықты. «Бес 
нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - дей келіп, Абай 
«Ӛсек,  ӛтірік,  мақтаншақ,  еріншек,  бекер  мал  шашпақ,  Бес  дұшпаның  білсеңіз, 
Талап,  еңбек,  терең  ой,  қанағат,  рақым  ойлап  қой,  Бес  асыл  іс,  кӛнсеңіз»,  -  деген 
ӛсиет айтты. 
Абай  ӛнер-білім  алуға  шақырды,  ӛмірде  ӛз  орныңды  тап,  пайдалы  әрекет 
жаса, дейді. «Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!» деген сӛздер 
соның  айғағы.  Қазақ  елінде  ойын-сауыққа  кӛп  әуестеніп,  бір  үйден  бір  үйге,  бір 
ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет селтеңдеп, қыдырып 
жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті. 
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, 
Аздырар адам баласын», - деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді. 
Ол  А.С.Пушкин  мен  М.Ю.Лермонтовты  ұстаз  тұтты,  олардың  ӛлеңдерін, 
И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Мәселен, «Татьянаның хатын», 
«Онегиннің хатын» аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды. 
1840  жылы  М.Ю.Лермонтов  Гетенің  «Жолаушының  түнгі  әні»  деген  ӛлеңін 
«Горные вершины спят во тьме ночной» деген атпен аударған болатын. Гетенің бұл 
ӛлеңі  кӛптеген  ақындарға,  композиторларға  әсер  етті.  Ол  Абайдың  да  жүрегіне 
ұялады.  «Қараңғы  түнде  тау  қалғып,  ұйқыға  кетер  маужырап»  деп  аударды. 
Сонымен қатар, Абай шығыс мәдениетінен де нәр алды. Фирдоуси, Науан, Низами, 
Хафиз, Сағди шығармаларына еліктеді. 
1995  жылы  бүкіл  еліміз  Абайдың  150  жылдық  мерекесін  ЮНЕСКО  шешімі 
бойынша  әлем  болып  тойлады.  Ұлтымыздың  рухани  мақтанышы,  ұлы  гуманист, 
ақын-ағартушы  Абайдың  ғылыми-педагогикалық  мұрасының  зерттелу  жайы 
туралы  және  Қазақстанда  тӛңкеріске  дейінгі  педагогикалық  ой-пікірдің  даму 
тарихында  алатын  орны  туралы  айтқанымызда  ұлы  ғұлама  ойшылдың 
педагогикалық  мұрасын  алғашқы  зерттеушілер,  педагогика  тарихы  саласындағы 
кӛрнекті  қазақстандық  ғалымдар,  педагогика  ғылымдарының  докторлары, 
профессорлар 
Т.Т.Тәжібаев, 
Қ.Б.Бержанов, 
Ә.У.Сембаев, 
Қ.Б.Жарықбаев, 
С.Қ.Қалиев және т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атап ӛткен жӛн. 

343 
 
Ұлы  гуманист-ақынның  педагогикалық,  тағылымдық  мұраларының  мәні  мен 
маңызы бүгінгі таңда да ӛміршең, ӛзекті екендігін дәлелдейді. 
ХХ  ғасырдың  басында  бір  кезде  Шоқан,  Ыбырай,  Абай  кӛтерген 
ағартушылық қозғалыстың туын Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек 
Аймауытов, Міржақып Дулатовтар жалғастырды.    
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет