Жалбызшөп тұндырмасы (Тinсturа Мenthае рiреritае). Құрамы: жалбыз шөп жапырағы 50,0 г; жалбыз шөп майы 50,0 г, спирт 90% 1000 мл дейiн.
Тұндырманы бөлшектi мацерация тәсілiмен дайындайды. 950 мл сығынды алып, онда 50,0 г жалбыз шөп майын ерiтiп, 90% спиртпен көлемiн 1 литрге дейiн жеткiзедi.
Ащы тұндырма (Тinctura аmаrа). Құрамы: толғақ шөп 60,0 г; трифоль жапырақтары 60,0 г; аир түбiрлерi 30,0 г; ащы жусан шөбi 30,0 г; мандарин кабығы 15,0 г; спирт 40% 1000 мл дейiн.
Бұл тұндырманы дайындау ерекшелiгi: шикiзаттың әр түрiн жеке-жеке ұнтақтап, бiркелкi қоспа дайындайды. Өсімдіктер қоспасын перколяция тәсiлiмен экстракторда сығындайды.
Көкiрек немесе мия эликсирi. (Еliхir ресtоrа1ае, Еliхir сum extracta Glycyrrhizae). Препаратты қою немесе құрғақ мия тамыры экстрактысын аммиакты суда 2 тәулiк бойына ерiту арқылы дайындайды. Сонан соң 90% этанолда ерiтiлген анис майының ерiтіндiсiн қосады.
Барлығы 50-ден астам тұндырмалар шығарылады, олардың iшiнде 9-жас өсiмдiк шикiзатынан, 2-жануарлар шикiзатынан алынады. Тұндырмалардың басым көпшiлiгi кептiрiлген өсiмдiк шикiзатынан дайындалады.
Шикiзат пен экстрагент арасындағы ара қатынас және спирттiң концентрациясы.МФ VIII басылымынан бастап тұндырмалар үшін шикiзат пен дайын өнiм арасында салмақтық-көлемдiк қатынас кабылданған. Демек, бастапқы шикiзат салмақтық бөлiкте, ал экстрагент көлемдiк бөлiкте алынады. Әдетте, әсер етушi заттары күштi емес өсiмдiк шикiзатының бiр бөлiгiнен 5 бөлiк, ал күштi әсер етушi заттары бар шикiзаттан 10 бөлiк тұндырма алынады. Тек жеке жағдайларда ғана әсер етушi заттары күштi емес шикiзаттан тұндырмалар 1:10 қатынасында дайындалады (қырмызыгүл, арника, долана тұндырмалары), ал жапон сафорасы тұндырмасы 1:2 қатынасында 48% спирте, жалбыз тұндырмасы 1:20 қатынасында 90% спирте дайындалады.
Тұндырмалар мацерация, бөлшектi мацерация, перколяция және қою мен құрғақ экстрактарды ерiту тәсiлдерiмен алынады. Экстрагент ретiнде концентрациясы 40%-тен 95%-ке дейiнгi этанол қолданылады. Тұндырмалар алудың технологиялық процессi келесi сатылардан тұрады:
1. Шикiзат пен экстрагентгi дайындау.
2. Шикiзатты экстракциялау.
3. Алынған сығындыны тазарту.
4. Стандарттау.