Дәріс тезистері:
органдық препараттардың анықтамасы, технологиялық белгілері бойынша, құрамындағы белсенді заттар бойынша жіктелуі, органдық препараттардың номенклатурасы;
органдық препараттар өндірісінің жалпы әдістері, органдық препараттарды тазарту әдістері мен тәсілдері, олардан жеке заттарды бөлу тәсілдері;
органдық препараттарды стандарттау және оларды босату түрлері;
Жас өсімдіктерден алынатын препараттар. Сипаттамасы. Жіктелуі.
Жас өсімдіктерден сығынды (экстрактар, тұндырмалар) алудың технологиялық схемасы. Жас өсімдіктер сөлдері дәрілік түр ретінде.
Жануарлар шикізатынан алынатын препараттар органотерпевтік немесе органдық препараттар деп аталады. Олардың өндірісі ет комбинаттарында, яғни шикізат көзі алынатын негізгі өнекәсіп тұсында ұйымдастырылады. өндірістің бұлай ұйымдастырылуы эндокриндік бездердің шикізат ретінде өте тұрақсыз, әсер етуші заттардың тезщ бұзылып кетуіне байланысты.сондықтан оларды малды сойып болған соң тез бөліп алып, өңдеуге жібереді немесе консервілейді.
Органдық препараттарды екі түрлі белгісі арқылы жіктеуге болады:
Біріншіден технологиялық өнім ретінде олар үш топқа бөлінеді:
кептірілген, ұнтақталған, майсызданған органдар
экстрагенттердің көмегімен алынған және біріншілік тазарту мен қойылту сатысынан өткен сығындылар
терең тазартудан өткен фармакологиялық заттардың ерітінділері.
Екіншіден, құрамы немесе фармакологиялық заттардың табиғаты бойынша органдық препараттар алты топқа бөлінеді:
гормондық препараттар
ферменттік препараттар
витаминдік препараттар
аминқышқылдардың препараттары
әсері ерекшеленбеген препараттар
құрамында фосфоры бар препараттар
Органдық препараттар алудың жалпы технологиялық схемасы экстракциялық препараттар алу сатысына сәйкес жүргізіледі:
шикізат пен экстрагенттерді дайындау
сығындылау
сығындыны тазарту
стандарттау.
Галендік және жаңа галендік препараттар әдетте кептірілген өсімдік шикізатынан дайындалады. Көптеген өсімдік шикізаттарының әсер етуші заттары кептіру және сақтау кезінде энзиматикалық процестер, булану, ауадағы оттегінің әсері, және тағы басқа факторлардың ықпалынан әртүрлі өзгерістерге ұшырайды.
Көп жағдайда жа өсімдіктерден алынған препараттардың осыған сәйкес кептірілген өсімдіктерден алынған препараттардан белсенділіг жоғары екені анықталған.
Осындай жағдайлар жас өсімдік препараттарын қолдану тиімді екенін көрсетеді. Бірақ, жаңа жиналған өсімдік шикізатын жаппай өңдеу техникалық қиындықтары бар. Көптеген өсімдіктер бір мезгілде гүлдейді, пісіп жетіледі, оларды жинау мерзімі өте қысқа болады. Жас өсімдік шикізатын тез өңдеу үшін үлкен өндіріс қуаты қажет. Олар сақтауға жарамсыз, тасымалдау қиын, зауыттар шикізат көзіне жақын орналасуы керек. Сондықтан жас өсімдіктерден дайындалатын препараттардың номенклатурасы көп емес. Оларды сығындылар және сөлдер деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |