Қорытынды сұрақтары (кері байланысы): Таблеткаларға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіз. Таблеткалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.
Таблеткаларға қойылатын негізгі талаптар.
Таблеттеу механизмін қандай теориялар тұрғысынан түсіндіруге болады?
Таблеткалардың дәл дозалануын, механикалық беріктігін, ыдырағыштығын қамтамасыз ететін негізгі шаралар қандай?
Қосымша заттар таблеткалардың биологиялық тиімділігіне қандай әсер тигізеді?
№ 4 кредит Дәріс № 12 Тақырыбы: Таблеткалар өндірісінің технологиялық схемасы. Түйіршіктеудің мәні және тәсілдері. Түйіршіктің сапасын бағалау. Түйіршіктеу тәсілінің таблеткадағы дәрілік заттардың биологиялық тиімділігіне әсері.
Мақсаты: Студенттерге таблеткалар өндірісінің технологиялық сатыларын үйрету.
Дәріс тезистері: Таблеткалар өндірісінің технологиялық схемасы.
Түйіршіктеу тәсілінің таблеткадағы дәрілік заттардың биологиялық тиімділігіне әсері.
Таблетка өндірісінің технологиялық сатылары. Қазіргі кезде фармацевтік өндіріс таблеткаларды екі түрлі әдіспен шығарады:
престеу немесе престелген таблеткалар.
арнайы қоспаларды қалыптау немесе тритурациялық таблеткалар.
Таблеткалардың басым көпшілігі престеу тәсілімен алынады, ал таблеткалардың жалпы өндірісінің тек 1-2 пайызы ғана арнайы қоспаларды қалыптау арқылы дайындалады.
Өндірісте таблеткалар дайындауда үш технологиялық схема кеңірек таралған: ылғалды немесе құрғақ түйіршіктеуді және тікелей престеуді қолдану (схеманы қара).
Технологиялық процесстің аса күрделі сатысы таблеттелетін қоспаны түйіршіктеу болып табылады.
Таблеттелуші қоспалардың көпшілігінің құрамында көлемдері 0,1 мм төмен 80-100% жуық шамада ұсақ фракциясы болады және сондықтан олардың сусымалдығы нашар болып келеді. Олар таблеткалық машиналарда көлемі бойынша нашар дозаланады, таблеткалар салмағы және беріктігі бойынша біртекті болып алынбайды. Сондықтан осындай массалардың бөлшектерін бағытты түрде ірілету қажет, яғни, түйіршіктеу керек.
Түйіршіктеу ұнтақ тәріздес заттарды белгілі көлемді түйірлерге айналдыру процессі. Түйіршіктеу таблеттелуші қоспаның сусымалдылығын жақсарту және оның қатпарланып кетуін болдырмау үшін қажет.
Сусымалдықтың жақсаруы бөлшектердің түйіршік болып жабысқанында олардың жалпы бет көлемінің едәуір азаюы және осыған сәйкес бөлшектер арасындағы пайда болатын үйкелістің азаюы нәтижесінде іске асады. Көп компонентті қоспаның қатпарланып кетуі, әдетте, оның құрамына кіретін дәрілік және қосымша заттар бөлшектерінің көлемдері мен меншікті салмақтарының әртүрлі болуына байланысты. Мұндай қатпарлану таблеткалық машинаның немесе тиеуші воронкасының әртүрлі қозғалыстары кезінде пайда болуы мүмкін.
Таблетканың қатпарлануы бұл өте қауіпті және жарамсыз процесс, өйткені, ол кейбір жағдайларда меншікті салмағы жоғары компоненттердің қоспадан толық бөлініп кетуін және оның дозасының бұзылуын тудырады. Түйіршіктеу осы қауіпті болдырмайды, себебі, мұнда көлемдері мен меншікті салмақтары әртүрлі бөлшектер бір-біріне жабысып қалады да, алынған түйіршіктердің көлемдері біркелкі болған жағдайда, олар тұрақты көлемдік салмаққа ие болады.
Сонымен, түйіршіктеу процессі көп компонентті таблеттелуші қоспаның қатпарланып кетуін болдырмайды, ұнтақтардың және олардың қоспаларының сусымалдылығын жақсартады, олардың таблеткалық машинаның матрицасына біркелкі түсу жылдамдығын қамтамасыз етеді, демек, таблеткалардың біркелкі болуын да қамтамасыз етеді.