Сабақ № 8 Кредит 3 Тақырып 1: Сұйық экстракттар. Сұйық экстракттарды перколяция, жылдамдатылған бөлшекті мацерация тәсілдерімен алу. Абсолютті спирт бойынша материалдық баланс құрастыру.
Мақсаты: Сұйық экстрактты дайындауға қажетті шикізат пен экстрагент мөлшерін өз бетінше есептей білуге үйрету. Экстракцияның жылдамдығына және толықтығына әсер ететін факторларды есепке ала отырып, экстракциялау тәсілін дұрыс таңдай білуге үйрету, сұйық экстрактарды стандарттау.
Оқыту мақсаты: студент білуі тиіс: - экстракциялаудың теориялық негіздері;
- экстрактардың консистенция бойынша және экстрагенттің табиғаты бойынша жіктелуі;
- сұйық экстрактардың алыну тәсілдері;
- сұйық экстрактар өндірісінде қолданылатын аппараттар;
- сұйық экстрактарды стандарттау әдістері.
студент істей білуі тиіс: - сұйық экстрактар өндірісіне лабораториялық регламент құрастыру және экстрагентті
дайындау үшін қажетті есеп жүргізу;
- сұйық экстрактарды перколяция және реперколяция тәсілдерімен алу;
- сұйық экстрактарды стандарттау;
- сұйық экстрактар өндірісінде алынған сығындыларды тазартуды дұрыс жүргізу;
- спирттік сығындыларды стандарттауды дұрыс жүргізу:
а) спирттік сығындылардағы этанолдың құрам мөлшерін қайнау температурасы
бойынша анықтау;
б) спирттік сығындылардағы құрғақ қалдықты анықтау;
абсолюттік спирт бойынша материалдық баланс құрастыру және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу;
Тақырыптың негізгі сұрақтары негізгі білім бойынша: Сабақ тақырыбы бойынша орыс және латын тіліндегі терминология.
Жылу процестері. Буландыру.
Талдаудың физикалық әдістері.
сабақ тақырыбы бойынша: Экстракциялаудың теориялық негіздері. Экстракциялау тәсілдері.
Экстарктар дәрілік түр ретінде. Экстрактардың консистенция бойынша және экстрагенттің табиғаты бойынша жіктелуі. Номенклатурасы.
Сұйық экстрактар. Сұйық экстрактарды алу тәсілдері. Сұйық экстрактардың артықшылықтары мен кемшіліктері.