Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет29/50
Дата11.10.2023
өлшемі490 Kb.
#113593
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Бақылау:
Ситуациялық есептер:
Есеп N1. Магнолияның екі жібітпесінен екі сұйық экстракт алынды. 120 л бірінші экстрактта 13% алколоид, ал екіншісінде 200 л-де 0.08% алколоид бар. Өнімді қалыпты жағдайға қалай келтіруге болады (алколоидтардың стандартты құрамы 0,10% ). Қандай жағдайда стандартты экстрактың мөлшері артады? Сұйылтқанда немесе қанықтырғанда?
Есеп N2. Егер перколяция жылдамдығы 0,08 мл/мин болса 280 г шикізаттан 1:1 сұйық экстракт (перколяция әдісімен) алуда перколяттың алғашқы порциясын алуға қанша уақыт қажет.
Есеп N3. 180 л 1:2 қатынастағы шүйгіншөптің сұйық экстрактын алу үшін қажетті 96% этанолдың мөлшерін табу керек. Этанол сіңіру коэффициенті 1,3 тең.


Бақылау сұрақтары:

  1. Экстрактарға анықтама беріңіздер. Олар қалай жіктеледі? Номенклатурасы бойынша мысал келтіріңіздер.

  2. Сұйық экстрактар дегеніміз не? Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Қандай қатынаста дайындалады? Экстрагент ретінде не қолданылады?

  3. Сұйық экстрагенттерді алудың жалпы технологиялық схемасы.

  4. Сұйық экстрактарды алудың қандай әдістері бар? Еріту әдісімен қандай экстрактар дайындалады? Неге? Мысал келтіріңіз.

  5. Сұйық экстрактар өндірісінде перколяция әдісі қалай жүргізіледі? Оның тұндырмалар алудағы перколяция әдісінен айырмашылығы қандай?

  6. Реперколяция дегеніміз не? Оның перколяциядан айыормашылығы. Реперколяцияның қандай варианттары бар?

  7. Сұйық экстрактарды жеделдетілген бөлшекті мацерация әдісімен алу.

  8. Сұйық экстрактардың қалай сақталады және қолданылады?



Тест тапсырмалары:
1. Сұйық экстракттар өндірісіндегі шикізат пен дайын өнім қатынасы ... .

  1. 5:1

  2. 1:5

  3. 1:1

  4. 1:10

  5. 1:2

2. Сұйық экстрактар өндірісінде экстрагент ретінде ... қолданылады.

  1. ацетон

  2. сығылған көмірқышқыл газы

  3. әртүрлі концентрациядағы этанол

  4. ыстық және суық су

  5. хлороформ

3. Чулков бойынша реперколяция әдісінің артықшылықтары ... .

  1. шикізаттың толық өңделуі, диффузияға экстрагент шығынының төмендігі, жоғары концентрленген сіріңді, қыздыруды қажет етпейді

  2. экстрагенттің үлкен шығыны, диффузияға экстрагент шығынының төмендігі

  3. іске қосу кезеңінің ұзақтығы, сірінді қыздыруды қажет етпейді

  4. аппараттардың көптігі, қыздыруды қажет етеді

  5. іске қосу кезеңінің ұзақтығы, аппараттардың көптігі, қыздыруды қажет етеді

4. Қарсы ағынды экстракция – бұл ... әдіс.

  1. экстрагенттің барынша өңделгеннен азырақ өңделген шикізатқа оның экстрактивті заттармен толық қанығуына дейін көп сатылы жүретін

  2. шикізатты бөліктерге бөліп, әрбір келесі порциясын алдыңғыдан алынған сығындымен экстракциялайтын

  3. ісінген шикізат қабаты арқылы оның толық өңделгенше экстрагентті үздіксіз өткізіп отыратын

  4. бөлме температурасында есептелінген экстрагенттің мөлшерімен шикізатты ұзақ тұндыратын

  5. 2-3 бөлікке бөлінген экстрагенттің әртүрлі порциясында шикізатты кезекпен тұндыратын, ал сығындыларды соңынан біріктіретін

5. Экстрактар дегеніміз ... .

  1. бұл дәрілік өсімдік шикізатынан қыздырусыз және экстрагентті аластатусыз алынатын биологиялық белсенді заттардың спиртті сығындылары

  2. жас өсімдік шикізатынан сығындау жолымен бөлінген және биологиялық белсенді заттары табиғи жағдайда болатын қою немесе қою емес шырындар

  3. бұл дәрілік өсімдік шикізатынан экстрагентті толық немесе бөлшектеп аластатумен биологиялық белсенді заттардың концентрленген сығындылары

  4. оқшауланған өсімдік және жануарлар ұлпасында қолайсыз жағдайларда түзілетін заттардың препараттары

  5. биологиялық активті заттары табиғи жағдайда болатын, балласты және басқа да заттардан максималды тазартылған дәрілік өсімдік шикізатының сығындылары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет