Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет15/36
Дата25.11.2023
өлшемі494,5 Kb.
#127422
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
тезисы-лек-5-курс-9-семестр.каз 2

Мацерация немесе жібіту (лат. maceratio) – экстракциялаудың статикалық тәсілдеріне жатады. Көп жылдар бойы ол тұндырмалар мен экстрактар алу үшін негізгі тәсіл болып келді және МФ VIII басылымына енгізілген болатын. Тәсілдің мәнісі мынада: ұнтақталған шикізатты экстрагенттің есептелген қажетті мөлшерімен мацерациялық баққа салып, бөлме температурасында (15-20ºC) 7 тәулік бойына жібітіп қояды, әлсін-әлсін араластырып отырады. Сонан соң, сығындыны құйып алады, қалған қалдықты сығымдап, өңделген шикізатты таза экстрагентпен шайып алады да, сығындыларды біріктіріп, көлемін өлшейді. Егер алынған сығындының көлемі берілген көлемге тең болмаса, онда тиісті көлемге дейін таза экстрагент қосады.
Негізгі қондырғы ретінде мацерациялық бактар немесе ағаш бөшкелер қолданылады. Әр сығындының түріне арнайы бактар немесе ағаш бөшкелер пайдаланылады. Өйткені, ағаш бөшкелерге дәрі шөптің иісі мен дәмі сіңіп қалады.
Ремацерация немесе бөлшекті мацерация. Бұл – экстрагентті немесе шикізат пен экстрагентті бөлшекке бөле жүргізілетін мацерация тәсілінің бір түрі.
Перколяция – (лат. percolatio - сүзу) динамикалық тәсілдерге жатады. Бұл тәсіл бойынша шикізат арқылы экстрагенттің үздіксіз ағымы өткізіледі, яғни, оның өсімдік материалының қабаты арқылы сүзілу процессі жүреді.
Реперколяция немесе көп қайтара перколяциялау. Бұл тәсіл алғаш рет АҚШ-та ұсынылған болатын. Тәсілдің мәнісі мынада: шикізатты бірнеше бөліктерге бөліп, әрбір келесі шикізат бөлігін алдыңғы шикізаттан алынған сығындымен перколяциялайды. Бұл әдіс бойынша 3-5 немесе одан да көп перколяторлар батареясы қолданылады. Бір перколятордан алынған сығынды келесі перколятордағы шикізатты сығындауға қолданылады.
Бұл тәсіл әрі қарай қойылтуды жүргізбей-ақ, концентрлі сығындылар алуға мүмкіндік береді. Реперколяцияның 20-ға жуық әртүрлі варианттары бар. Біздің елде Н.А. Чулковтың реперколяция тәсілі белгілі.
Чулковтың реперколяциялық тәсілі. Бұл тәсілді 1943 жылы Н.А. Чулков ұсынған болатын және ол ірі өндіріс орындарында қолданылады. Экстракциялау 4-5 және одан да көп перколяторлар батареясында қарсы ағым принципі бойынша жүргізіледі. Экстракциялаудың екі кезеңі болады: іске қосу және жұмыс кезеңдері. Іске қосу кезеңінде күнделікті бір перколяторды шикізатпен толтырады. Шикізатты тең бөліктерге бөледі. Шикізатты суландыру және жібіту үшін өсімдік шикізаты салмағына қарасты экстрагенттің үш бөлігі қабылданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет