Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет11/36
Дата25.11.2023
өлшемі494,5 Kb.
#127422
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
тезисы-лек-5-курс-9-семестр.каз 2

Аэрофонтанды кептіргіштер. Қатты заттарды қайнау қабатында кептіру аэрофонтанды кептіру деп аталады. Кептірудің бұл әдісін қолданған кезде қатты бөлшектердің және кептіруші агенттің температуралары тез тураланып, қатты және газды фазалар арасында күшті жылу және масса алмасу жүреді, кептіру тез аяқталады (15-20 минут). Қайнау қабатында кептіру кезінде кептіруші агенттер ретінде жағар газдар мен ауа қолданылады.
Шашырата кептіргіштер. Сұйық материалдарды кептіру үшін материалды шашырату принципі бойынша жұмыс істейтін кептіргіштер қолданылады. Шашырата кептіргіштерде кептірудің соншалықты тез жүретіндігі, материал керекті мөлшерден жоғары шектен қызып кетуге үлгермейді.
Кептірілген материал ұнтақ түрінде болады және оны әрі қарай ұнтақтаудың қажеті жоқ. Шашырата кептірудің қарқыны сұйықтықтың және кептіргіш агенттің әрекеттесу беті ұлғая түсуіне қарай күшейе түседі.
Контактілі кептіргіштер. Вакуумды кептіргіштер. Егер материалды өте жоғары температурада кептіруге болмайтын болса немесе ол тотығуға бейімді болса, онда вакуум кептіргіштерде сұйылту арқылы кептіреді.
Бұл кептіргіштер құрамында құнды экстрагенттері болатын сығындыларды, көбінесе, қою заттарды, қопарылғыш материалдарды және шаң тудыратын заттарды кептіру үшін қолданылады. Вакуум – кептіргіштерде төменгі температуралы пайдаланылған бу немесе конденсат қолданыла алады.
Вакуумды кептіргіштердің келесі түрлері бар: үздікті жұмыс істейтін вакуум-кептіргіш шкафтар және үздіксіз жұмыс істейтін білікті вакуум-кептіргіштер.
Вакуум-білікті кептіргіштер. Олар ішінен қыздырылатын баяу айналатын металл біліктер болып табылады. Біліктің айналу саны және оның температурасы білік бір толық айналым жасап болғанша кептірілетін сұйықтық кеуіп үлгеретіндей болып реттеледі. Кептірілген материалды біліктен қырып алады. Вакуум-білікті кептіргіштердің әр түрі болады.
Кептірудің арнайы тәсілдері.
Сублимациялық кептіру. Бұл тәсіл өз сапасын толық сақтаған және сақтау мерзімі ұзақ болатын материалдар алуға мүмкіндік береді. Сублимациялық кептіру қыздыруға шыдамсыз препараттар, антибиотиктер, қан препараттары, жануарлар органдарынан дайындалатын препараттар, гормондар, витаминдер және т.б. үшін пайдаланылады.
Сублимациялық кептіру тоңазытылған материалдан, яғни, қатты фазадан булы фазаға, сұйықтық күйін айналып өтіп, жүргізіледі.
Сублимациялық кептіру кезінде үш кезең орын алады:
1) дайындық кезеңі – кептірілетін материалды бөлшектенген күйде (флакондарда, ампулаларда) тоңазыту. Мұнда процестің температурасы, жылдамдығы, тоңазыған қабаттың көлемі мен қалыңдығы, ыдыстың формасы мен көлемдері бақылауға алынады.
2) терең вакуум астында сублимация кезінде кептіру ұзақтығы, өнімнің температурасы экспериментальды анықталады. Вакуум астында тоңазыған материалдан су буы молекуласы, содан кейін ұшқыш заттар аластатылады. Су буын кенденсациялау камерасында температура тоңазыту температурасынан 5-10°С төмен болуы керек және қысым кептіру камерасына қарағанда төмен болуы тиіс.
3) материалдан барлық мұз аласталған соң, вакуум астында 0°С температурадан жоғары жағдайда байланысқан суды аластату үшін 6-7 сағат бойына жылулық кептіру жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет