Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет18/36
Дата25.11.2023
өлшемі494,5 Kb.
#127422
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
тезисы-лек-5-курс-9-семестр.каз 2

Жалбыз шөп тұндырмасы (Тinсturа Мenthае рiреritае). Құрамы: жалбыз шөп жапырағы 50,0 г; жалбыз шөп майы 50,0 г, спирт 90% 1000 мл дейiн.
Тұндырманы бөлшектi мацерация тәсілiмен дайындайды. 950 мл сығынды алып, онда 50,0 г жалбыз шөп майын ерiтiп, 90% спиртпен көлемiн 1 литрге дейiн жеткiзедi.
Ащы тұндырма (Тinctura аmаrа). Құрамы: толғақ шөп 60,0 г; трифоль жапырақтары 60,0 г; аир түбiрлерi 30,0 г; ащы жусан шөбi 30,0 г; мандарин кабығы 15,0 г; спирт 40% 1000 мл дейiн.
Бұл тұндырманы дайындау ерекшелiгi: шикiзаттың әр түрiн жеке-жеке ұнтақтап, бiркелкi қоспа дайындайды. Өсімдіктер қоспасын перколяция тәсiлiмен экстракторда сығындайды.
Көкiрек немесе мия эликсирi. (Еliхir ресtоrа1ае, Еliхir сum extracta Glycyrrhizae). Препаратты қою немесе құрғақ мия тамыры экстрактысын аммиакты суда 2 тәулiк бойына ерiту арқылы дайындайды. Сонан соң 90% этанолда ерiтiлген анис майының ерiтіндiсiн қосады.
Барлығы 50-ден астам тұндырмалар шығарылады, олардың iшiнде 9-жас өсiмдiк шикiзатынан, 2-жануарлар шикiзатынан алынады. Тұндырмалардың басым көпшiлiгi кептiрiлген өсiмдiк шикiзатынан дайындалады.
Шикiзат пен экстрагент арасындағы ара қатынас және спирттiң концентрациясы. МФ VIII басылымынан бастап тұндырмалар үшін шикiзат пен дайын өнiм арасында салмақтық-көлемдiк қатынас кабылданған. Демек, бастапқы шикiзат салмақтық бөлiкте, ал экстрагент көлемдiк бөлiкте алынады. Әдетте, әсер етушi заттары күштi емес өсiмдiк шикiзатының бiр бөлiгiнен 5 бөлiк, ал күштi әсер етушi заттары бар шикiзаттан 10 бөлiк тұндырма алынады. Тек жеке жағдайларда ғана әсер етушi заттары күштi емес шикiзаттан тұндырмалар 1:10 қатынасында дайындалады (қырмызыгүл, арника, долана тұндырмалары), ал жапон сафорасы тұндырмасы 1:2 қатынасында 48% спирте, жалбыз тұндырмасы 1:20 қатынасында 90% спирте дайындалады.
Тұндырмалар мацерация, бөлшектi мацерация, перколяция және қою мен құрғақ экстрактарды ерiту тәсiлдерiмен алынады. Экстрагент ретiнде концентрациясы 40%-тен 95%-ке дейiнгi этанол қолданылады. Тұндырмалар алудың технологиялық процессi келесi сатылардан тұрады:
1. Шикiзат пен экстрагентгi дайындау.
2. Шикiзатты экстракциялау.
3. Алынған сығындыны тазарту.
4. Стандарттау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет