Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк


Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)



бет9/36
Дата25.11.2023
өлшемі494,5 Kb.
#127422
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
тезисы-лек-5-курс-9-семестр.каз 2

Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Жылу процестеріне қандай процестер жатады?

  2. Жылу өткізгіштікке сипаттама беріңіз және ол қандай заң бойынша анықталады?

  3. Жылу тасымалдағыштардың өзара қозғалысы бойынша жылу алмастырғыш аппараттар қалай бөлінеді?

  4. Фармацевтік өндірісте буландыру қандай мақсатта қолданылады?

  5. Қыздыру тәсілі бойынша вакуум буландырғыш қондырғылардың қандай түрлері ажыратылады?



кредит 2
ДӘРІС № 5
Тақырыбы: Фармацевтикалық өндірісте кептіру. Кептіру тәсілдері. кептіргіштер.


Мақсаты: Фармацевтік өндірісте қолданылатын жылу процесстері бойынша ақпараттармен студенттерді таныстыру және үйрету.


Дәріс тезистері:

  1. Фармацевтік өндірістегі жылу процесстері. Жылу алмастырғыш аппараттардың құрылысы және жұмыс істеу принциптері.

  2. Фармацевтикалық өндірісте кептіру. Кептіру тәсілдері. Кептіргіштер.

Химиялық және химиялық–фармацевтік өнеркәсіптерде жиі өңделуші материалдардан ылғалды аластату қажет болады, негізінен қатты денелерден суды кептіру керек болады.


Кептіру обьектілері әртүрлі өңделу сатысындағы түрлі материалдар болып табылады.
Ылғал әртүрлі әдістермен аластатыла алады:
а) механикалық – қысымның әсерімен, вакуумда фильтрлеу немесе центрифугирлеу. Бұл әдістер химиялық–фармацевтік өңдірісте материалдардан механикалық ылғалды кептіру үшін жиірек қолданылады.
б) физикалық–химиялық – кептірілетін материалды ылғалды сіңіріп алатын зат бар ыдысқа орналастырады. Мұндай зат болып: а) бу қысымы төмен сұйықтықтар, мысалы, күкірт қышқылы, хлорлы литий немесе кальций ерітінділері; б) беті қатты кеуек заттар – силикагель тәріздес адсорбент. Кептірудің бұл әдісі әдетте лабораториялық жағдайларда қолданылады.
в) жылулық әдіс – ылғалды буландыру арқылы. Бұл әдіс химиялық – фармацевтік өндірісте негізгі процесс ретінде кеңінен қолданылады.
г) радиациялық – кептірілетін материалды инфрақызыл сәулелермен өңдеу арқылы кептіру. Бұл әдіс ампулалар мен құтыларды туннельды кептіргіш – стерилизаторларда кептіру және стерильдеу (зарасыздандыру) үшін қолданылады, олар инфрақызыл сәуле таратушылармен жабдықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет