Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк


Кептірудің статикасы мен кинетикасы



бет10/36
Дата25.11.2023
өлшемі494,5 Kb.
#127422
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Байланысты:
тезисы-лек-5-курс-9-семестр.каз 2

Кептірудің статикасы мен кинетикасы.
Басқа процестердегідей, кептірудің де екі жағы болады: статикасы және кинетикасы.
Кептірудің статикасы материалдық және жылулық баланстардың теңдігі негізінде кептіруге қатысушы заттардың бастапқы және аяққы параметрлері арасындағы байланысты қалыптастырады. Кептірудің статикасы арқылы материалдың құрамын, кептіруші агенттің шығымын және жылу шығымын анықтайды.
Кептірудің кинетикасы материалдың ылғалдылығының белгілі уақытқа байланысты өзгеруі мен процестің параметрлері арасындағы байланысын қалыптастырады.
Кептіргіш аппараттардың түрлері және жұмыс істеу принциптері. Кептіру жағдайларының әр түрлі болуына байланысты кептіргіштердің көп конструкциясы бар. Кептіруші агентке байланыссыз кептіргіштер 2 түрлі белгісі арқылы топталады:

  1. кептіру жүретін қысым бойынша;

  2. процесті ұйымдастыру әдісі бойынша.

Осы белгілеріне байланысты: 1) атмосфералық немесе ауалық кептіргіштер; 2) вакуумды кептіргіштер болып бөлінеді.
Соңғы кездерде арнаулы кептіргіштер пайда болды: сублимациялық, радиациялық, жоғарғы толқынды, ультрадыбысты.
1. Конвективтік немесе ауалық кептіргіштер. Камералық кептіргіштер. Ауалық кептіргіштердің ең қарапайым түрі кептіргіш шкаф болып табылады. Бірақ, оларда кептіру бірқалыпты жүрмейді. Төменгі сөредегі материал кепкен кезде, жоғарғы сөредегі материал әлі ылғал болады. Жоғарғы сөредегі материал кепкенге дейін, төменгі сөредегісі қатты кеуіп кетеді. Сондықтан, сөрелерді материалдармен қоса әлсін-әлсін орын ауыстырып тұру керек болады.
Ленталы кептіргіштер. Кептірілетін материалдың кептіргіште үздіксіз араласып тұруы үшін жиі ленталық транспортерлар қолданылады. Ленталық кептіргіштер бір қабатты (ярусты) және көп қабатты болып бөлінеді. Бір қабатты кептіргіштерде материал қалындығы бойымен бір қалыпты кеппейді.
Көп қабатты кептіргіштерде материал бір лентадан екінші лентаға аударылып салынып тұрады және жақсы араласады. Көп қабатты (ярусты) кептіргіш тік бұрышты камерадан, барабанға керілген бірнеше торлы ленталық транспортерлардан тұрады. Ауа төменнен жоғарыға қарай барлық зоналарды дәйекті түрде аралап өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет