Жылына 1000 адамға шаққандағы халықтың есірткі дәрілік заттарға (граммен) кажеттілігінің есептік нормативтері
№
|
Дәрілік заттардың атаулары
|
1000 адамға
шаққандағы
норматив
|
1
|
Морфин гидрохлориді
|
0,3
|
2
|
Промедол (тримепиридин)
|
5,0
|
3
|
Омнопон
|
0,3
|
4
|
Кокаин
|
0,02
|
5
|
Дионин (этилморфин)
|
0,1
|
6
|
Эстоцин гидрохлориді
|
0,3
|
7
|
Кодеин
|
70,3
|
8
|
Апиын
|
833,3
|
9
|
Фентанил
|
0,006
|
Ескерту: Нормативтер барлық дәрілік түрлерді таза әсер етуші заттарға ауыстырып есептеу жолымен белгіленген, сондықтан тапсырыстарды норматив бойынша есептік қажеттіліктермен салыстырғанда құрамында көрсетілген заттар бар барлық дәрілік заттарды таза әсер етуші заттарға ауыстырып есептеу жасау керек.
Наркотикалық дәрілік заттардың дәріханаларға қажетті мөлшері төмендегі формула бойынша есептелінеді:
Қ - дәрілердің мөлшері;
Н - дәрінің 1000 адамға есептелінген нормасы;
С - тұрғындар саны.
Стацттонарлық жағдайда емделіп жатырған науқастар үшін наркотикалық дәрілік заттардың қажеттіліктері емдеу-профилактикалық ұйымдардың емдеу бағыттары мен ем жүргізуші бөлімдері бойынша бір ауру төсегіне есептелініп анықталған есептік нормативтері арқылы жүргізіледі.
Наркотикалық дәрілік заттардың жылына бір ауру төсегіне керекті есептік нормативтері емдеу-профилактикалық ұйымдардың бөлімдері бойынша жоғарыда аталып көрсетілген № 234 бұйрықтың 2 таблицасында көрсетілген.
Этил спиртінің шығындалу нормативтер мен есепке алу тәртібі Қазакстан Республикасының денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі №224 бұйрығымен бекітілген.
Этил спиртінің шығындалуының есептік нормативтері емдеу-профилактикалық ұйымдарында бір стационарлық науқасқа есептелінген (95%) нормалары бойынша анықталады. Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда этил спиртінің қажеттілігі 1000 келушіге есептелінген нормалар бойынша жүргізіледі. Мысалы, туберкулезге қарсы емдеу диспансерінде 1000 келушіге 800 г., тері-венерологиялық емханада 1000 келушіге 1000 г., онкологиялық емханада 1000 келушіге 1300 г., эндокринологиялық емханада 1000 келушіге 900 г., кардиологиялық емханада 1000 келушіге 800 г., наркологиялық емханада 1000 келушіге 800 г., аллергологиялық емханалық ұйымдарда 1000 келушіге 1100 г., акушерлік-гинекологиялық емханалық ұйымдарда 1000 келушіге 800 г. т.б.
Таза күйіндегі этил спирті концентрациясының ауытқуын (96°-тан 97°) есепке алмастан босатады.
Камфорлы спирт түрінен басқа бор, салицил, құмырсқа спирттері жеке және басқа дәрілік заттар құрамында емдеу-профилактикалық ұйымдарға босатылуы, таза этил спирті нормативті есебінен жүргізіледі.
Дәріханаларда этил спиртінің қажетті мөлшерін анықтауда дәріхананың жұмыс көлеміндегі өзгерістер ескеріліп, рецептура санына байланысты анықталады.
Кең түрде қолданылатын дәрілік заттарға антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, витаминдер, гормонды препараттар, қызуды төмендететін дәрілер т. б. жатады.
Аталған дәрілік заттар тобының қажетті мөлшерін анықтау, олардың нақтылай пайдаланылған мөлшеріне талдау жүргізудің негізінде жүргізіледі. Кең түрде қолданылатын дәрілік заттардың нақтылай пайдаланылуына талдау жасау жұмысы екі сатыдан тұрады:
1) дәрілік заттардың колданылу көрсеткіштерін жинау және талдау;
2) талдаудың негізінде дәрілік заттардың қажетті мөлшерін есептеу.
Дәрілік заттардың қажетті мөлшерін анықтау күрделі де, қиын жұмыс.
Дәрілер топтарының қажетті мөлшерін анықтау барысында түрлі әдістемелік нұсқаулар, нормалар және компьютерлік техникалар кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |