Реагент-латыншы


Термореактивті пластмассалар



бет15/17
Дата26.03.2023
өлшемі49,18 Kb.
#76279
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
охт2

Термореактивті пластмассалар- торлы құрылымды полимерлер. Жеке молекулалы тізбектері арасында берік байланыстары бар, қиын балқиды, қайта қалпына келмейді. Термореактивті полимерлерге қыздырып артынша суытқанда бастапқы қалпына келмейтін полимерлер жатады. Мұндай полимерлердің тізбегінде бос функционалды топтары болады немесе қанықпаған байланыстары болады, сондықтан олар қыздырғанда макромолекулалар арасында химиялық байланыстар пайда болады да, олар торланған құрылымды полимер түзеді. Мұндай полимерлерге фенолформальдегидті, мочевинальдегидті полимерлер жатады.
Өнеркәсіпте тығыздығы төмен полиэтилен (ТТПЭ) (920-930 кг/м3) құбырлы реакторда немесе автоклавта этиленді полимерлеу жолымен үздіксіз әдіспен алынады. Қазіргі уақытта ТЖоғарыПЭ өндіру үшін екі негізгі әдіс — суспензиялық және газ фазалы қолданады. Суспензиялық әдіс бойынша ТЖПЭ кешенді металл органикалық катализаторлардың қатысуымен органикалық еріткіштің (гексан, бензин және т.б.) ортасында алынады.
26. Химиялық талшықтар өндірісі. Талшықтардың медицинада қолданылуы.
Талшық–ұзын,жұқа және жіп секілді материал. Талшықтар майысқақ болғандықтан, оларды иірілген жіпке айналдырып, маталар жасауға болады.
Барлық талшық түрлері шығу тегіне байланысты екі топқа бөлінеді – табиғи және химиялық. Табиғи талшықтар шығу тегіне байланысты өсімдік тектес, жануар тектес, минералды болады. Талшықтар табиғи қосылыстарды өңдеу арқылы алынған жасанды және синтетикалық полимерлерді өңдеу арқылы алынған синтетикалық болып бөлінеді. Өсімдік текті табиғи талшықтарға целлюлозалық талшықтар – мақта, зығыр т.б.жатады. Ал жануар текті талшықтарға жүн және жібек жатады
Химиялық талшық, жасанды талшық — табиғи органикалық және синтездік полимерлерден алынатын талшықтар. Шикізатқа байланысты оның синтездігіне карай - синтездік полимерлер және жасанды - табиғи полимерлерден алынатын түрлері болады. Кейде бейорганикалық қосылыстардан алынатын талшықтарды да химиялық талшық деп атайды. Жасанды химиялық талшыққа ацетат, вискоза, мыс-аммиакты талшық, штапель, т.б., ал синтездік химиялық талшыққа пололиэфир, полиакрилнитрил, полипропилен, т.б. көптеген талшықтар жатады. Филамент жіптің қолдануына қарай тоқыма және техникалық немесе арқан сияқты түрлері шығарылады.
1853 жылы ағылшын ғалымы Аудемарс шексіз жіңішке жіпті нитроцеллюлоза ерітіндісін спирттің эфирдегі қоспасына араластыру арқылы алу әдісін ұсынды. 1891 жылы француз инженері И. де Шардонне осындай жіпті өндірістік көлемде шығаруды алғаш ұйымдастырды. Қазіргі кезде химиялық талшық өндіру күшті дамып келеді. Қазір кең қолданылатын синтездік полиамид талшығы 1940 жылы (АҚШ) шығарылды. 1954 — 60 жылы полиэфир, полиакрилонитрил және полиолефин синтездік талшықтары өндірілді.
Химиялық талшық — берік, өзінің пішінін сақтайтын, ылғал, жарық әсеріне тұрақты зат. Химиялық талшыққа жаңа тоқыма бұйымдарын дайындау үшін табиғи талшық қосуға болады. Химиялық талшық арнайы ерітінді немесе балқыма дайындау, қалыптау, талшықты өңдеу процестері арқылы өндіріледі. Химиялық талшықтарды мақта мен жүнге қоспа ретінде әртүрлі тоқыма бұйымдарын өндіруде кеңінен қолдану оларға кең нарықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, олар көптеген тоқыма материалдары мен трикотаж бұйымдарын өндіру үшін таза күйінде қолданылады.
Тоқыма өнімдері медицинада және санитарияда кеңінен қолданылады. Оларға таңу материалдары мен сан алуан санитарлық-гигиеналық бұйымдар, медициналық май, медициналық киімдер, ауруханаға керек-жарақтар, тігіс, аллопластикалық және басқа да хирургиялық материалдар мен медициналық бұйымдар және т.б. кіреді. Суда ерімейтін полимер негізі (целлюлоза және оның туындылары) жағдайында, медицинада көбірек қолданылатын микробқа қарсы, қан тоқтататын және басқа да әсерлері бар маталар, талшықтар және пленкалар алынады.

27. Каучук және резеңке өндірісі. Силиконды резинаның медицинада қолданылуы.


Каучук – белгілі бір конъюгацияланған диен көмірсутектерінің табиғи немесе синтетикалық полимерлену өнімі. Олардың ең маңызды физикалық сипаттамалары: электр оқшаулауы, су және газ өткізбейтіндігі. Табиғи каучук көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті шырындарында болады. Табиғи каучукты, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады. Синтетикалық каучуктер табиғи каучукке қажетті балама болып табылаады. Жалпы, оларды екі үлкен топқа бөлуге болады: жалпы және арнайы міндет атқаратын каучуктер. Жалпылай міндет атқаратындарына: бутадиен, бутадиен-стирол каучугі ; арнайы міндет атқаратын каучуктерге – бутадиен-нитриль , хлопренды, бутилкаучук, тиоколовый, сиоиконовый жəне т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет