Еуропа қазақтары Тәуелсіздік
тойын бастады
Германияның Кельн қаласында
14-15 мамыр күндері Еуропа
қазақтарының құрылтайы өтті.
Бұл шараны еуропалық қазақтар
Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігінің 25 жылдығына
арнады.
Қазақстандық делега-
ция құрамында әншілер
Ұлықпан Жолдасов пен Фарида
Ұлықпанқызы, Төреғали Төрәлі,
Қажымұрат Шешенқұл және
ақындар – Мұхаметжан Тазабе-
ков, Жандарбек Бұлғақов, Сырым
Әуесхан, суретші – Гүлназым
Өмірзақ, этнограф – Салтанат
Өмірәлі, журналистер – Мар-
жан Тұрысбекқызы мен Жазира
Амантайқызы болды.
Мен құрылтай сахнасынан
Қабан жырау мен Көдек ақынның
термелерін орындау бақытына
ие болдым. Тыңдаушым –
Еуропаның 14 мемлекетінен
жиналған бауырларым болды.
Құрылтайдың алғашқы күні
футболдан жарыс өтті. Оған 14
команда қатысты. Финалда Ау-
стрия мен Түркия қазақтары ко-
мандалары бақ сынасып, Аустрия
командасы кубокты жеңіп алды.
Үшінші орын Кельн қаласының
командасына бұйырды.
Мұхаметжан Тазабековтің
Қазақстан және Ел Президенті
жайлы әнгімесін қандас бауырлар
зор ықыласпен тыңдап, қошемет
көрсетті.
Екінші күні ақындар айтысы
ЕУРОПА ТӨРІНЕН
ТӨГІЛГЕН ЖЫР
өтті. Жиылған қандас бауырлар
бір серпіліп қалды. Артынан кон-
церт берілді. Төреғалидің әндері
мен Қажымұрат орындаған «Қара
жорға» әніне залда отырған
қандастар билеп думандатып
жіберді.
Мен сахнада Қаблиса жырау
мен Көдек ақынның термелерін
орындадым. Кейіннен мәдени
орталық басшыларымен кездес-
кен жерде Абылай хан, Кабанбай,
Райымбек, Сұраншы батыр жыр-
ларынан орындадым. Шетелдік
бауырлардың елге, тілге және жыр-
термелерге ықыласы ерекше екен.
Еуропа қазақтары жастардың
болашағына алаңдайды
Шетелдегі бауырлар
жастардың болашағына
алаңдаулы, өйткені жастар өскен
орта, жүрген жердің ықпалына
кетіп барады, тілді ұмыту басым.
Құрылтай өткізу арқылы мәдени
және рухани байланыс орнайды,
салт-дәстүр дәріптеледі, жастар
бір-бірімен танысады, өзара
ақпарат алмасып, байланыс ор-
натады. Қазақстандай артында
елі бар екенін сезінеді, барыс-
келіс орнайды, мұның өзі сыртта
жүрген қандастарымызға бір
шаңырақтың астына бірігуге жол
ашады. Құрылтайды өткізудегі
шетелдік қандастардың негізгі
мақсаты – осы.
Еуропа қазақтарының
құрылтайы жоғарғы дәрежеде,
мақсат-мүддеге сай өтті.
Шетелдік бауырларды көру – бір
қуаныш, алайда жат жерде, жат
елде жат боп кетуі басым екендігі
көңілге қаяу түсіреді.
Енді менің алдымдағы
мақсат – Түркия, Франция және
Моңғолиядағы қандас бауырларға
барып, жырмен сусындатып
қайту, одан ары шақырту алған
Еуропа қазақтарын аралап,
ұлты мыз дың ұлы мұрасы – жыр-
термені дәріптеу.
Еуропа төрінде жасалған бата
Құрылтайдың алғашқы
күні мен үшін ерекше есте
қаларлық оқиға болды. Елші
Болат Нүсіпов мырза құрылтай
қонақтарына қонақасы берді. Еу-
ропа қазақтары федерациясының
президенті Қайым Кесежи
аға мыз дың ұсынысымен дас-
тарқанға бата жасау мәртебесіне
ие болдым. Бата жасауда қатты
толқыдым. Арқам терлеп кетті.
Елдегі жасап жүрген бата жа-
рамайды. Өйткені батаны Қазақ
елінің атынан беру керек.
Ел намысы бәрінен жоғары.
Еуропаның 14 елінен келген
қандастар мен Елші және Бун-
дестаг депутаты қарап отыр,
яғни, халықаралық дәрежедегі
бата беру керек болды. Әрі бұл
– үлкен дастарқан үстіндегі тари-
хи оқиға. Баталы сөз – аталы сөз.
Бата – айтыс сияқты ұлтымыздың
ұлы мұрасы. Ол бата жасаушы
адамның ақыл-парасатын, білімін
көрсететін, өресін танытатын
қиын өнер. Ұлағаты да зор. Осы
үрдістен шыға алуым керек бол-
ды. Осыларды ойлағанда терлемеске лажың
жоқ. Оның үстіне бата – мақал емес, мәтел емес
өміршеңдігімен бағаланатын. Бата берілген
сәттегі атқарған миссиясымен бағалы.
Еуропа қазақтарына арналған батам:
Жарылқаушы құдірет
Жарылқаудың қамын ет!
Ойдан-қырдан бас қосып
Құрылтайға жиналған
Қазағым аман бар болсын!
Ынтымақ, бірлік жарасып,
Бір Алла жар болсын!
Шашырап жүрмей әр жерде,
Жұтылып кетпей әр елде,
Атажұртқа жетіңдер!
Желбіреген көк тудың
Астында еңбек етіңдер!
Қамқор болған қазаққа
Айналдым сенен, немісім,
Дүниеге танымал
Бетховен, Моцарт елісің.
Гүлдей берсін жемісің,
Кеңейе берсін өрісің,
Көбейе берсін жеңісің!
Достастығы жарасқан
Қазақ пен неміс арасында
Мәңгілік болсын келісім!
Аллаhу акбар!
Бұл көпшіліктің көңілінен шыққан сияқты.
Ертесі кейбір қандас бауырлар арнайы келіп,
қайталап айтқызып, жазып алып жатты. Оны
аңғарған Кельн қазақ мәдени орталығының
басшысы Шуғайып Ерол құрылтай біткен соң
қазақстандықтарға жайылған мырза дастарқанда
менен тағы да бата жасауды сұрады.
Сондағы берілген бата:
Жаратушы бір Алла
Қайғы-уайым бермесін.
Қазағымның арасын
Басараздық бөлмесін.
Ынтымағы жарасып
Биіктерге өрлесін.
Пейілі дарқан халқыма
Енді нәубет келмесін.
Алға ұмтылған жастардың
Жұлдыздары сөнбесін!
Оң сапар беріп Құдайым,
Елге аман жетіңдер!
Бала-шағамен қауышып,
Ағайын-туыспен табысып,
Бақытты ғұмыр кешіңдер.
Артта қалған бауырлар!
Қайта айналып келгенше
Сендер де аман болыңдар!
Әбіш Әділбеков,
Жетісу жыршылық мектебін
жалғастырушы
ЕУРОПАДАҒЫ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙ
ЕУРОПАДАҒЫ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙ
№ 2 ( 2 0 1 6 )
№ 2 ( 2 0 1 6 )
72
73
Europa qazaqtari Täuelsіzdіk
toyin bastadi
Germaniyaniñ Keln qalasinda
14-15 mamir künderі Europa
qazaqtariniñ qwriltayi öttі. Bwl
şarani europaliq qazaqtar Qazaqstan
Respublikasiniñ täuelsіzdіgіnіñ 25
jildiğina arnadi.
Qazaqstandiq delegaciya
qwraminda änşіler Wliqpan
Joldasov pen Farida Wliqpanqizi,
Töreğali Törälі, Qajimwrat
Şeşenqwl jäne aqindar –
Mwhametjan Tazabekov, Jandarbek
Bwlğaqov, Sirim Äueshan, suretşі
– Gülnazim Ömіrzaq, etnograf
– Saltanat Ömіrälі, jurnalister
– Marjan Twrisbekqizi men Jazira
Amantayqizi boldi.
Men qwriltay sahnasinan Qaban
jirau men Ködek aqinniñ termel-
erіn orindau baqitina ie boldim.
Tiñdauşim – Europaniñ 14 mem-
leketіnen jinalğan bauirlarim boldi.
EUROPA TÖRІNEN
TÖGІLGEN JIR
Qwriltaydiñ alğaşqi künі fut-
boldan jaris öttі. Oğan 14 komanda
qatisti. Finalda Austriya men Tür-
kiya qazaqtari komandalari baq
sinasip, Austriya komandasi kubokti
jeñіp aldi. Üşіnşі orin Keln qalasiniñ
komandasina bwyirdi.
Mwhametjan Tazabekovtіñ
Qazaqstan jäne El Prezidentі jay-
li ängіmesіn qandas bauirlar zor
iqilaspen tiñdap, qoşemet körsettі.
Ekіnşі künі aqindar aytisi öttі.
Jiilğan qandas bauirlar bіr ser-
pіlіp qaldi. Artinan koncert berіldі.
Töreğalidіñ änderі men Qajimwrat
orindağan «Qara jorğa» änіne zalda
otirğan qandastar bilep dumandatip
jіberdі.
Men sahnada Qablisa jirau men
Ködek aqinniñ termelerіn orindad-
im. Keyіnnen mädeni ortaliq basşi-
larimen kezdesken jerde Abilay han,
Kabanbay, Rayimbek, Swranşi batir
jirlarinan orindadim. Şeteldіk bauir-
lardiñ elge, tіlge jäne jir-termelerge
iqilasi erekşe eken.
Europa qazaqtari jastardiñ
bolaşağina alañdaydi
Şeteldegі bauirlar jastardiñ
bolaşağina alañdauli, öytkenі jastar
ösken orta, jürgen jerdіñ iqpalina
ketіp baradi, tіldі wmitu basim.
Qwriltay ötkіzu arqili mädeni jäne
ruhani baylanis ornaydi, salt-dästür
därіpteledі, jastar bіr-bіrіmen tanisa-
di, özara aqparat almasip, baylanis
ornatadi. Qazaqstanday artinda
elі bar ekenіn sezіnedі, baris-kelіs
ornaydi, mwniñ özі sirtta jürgen
qandastarimizğa bіr şañiraqtiñ asti-
na bіrіguge jol aşadi. Qwriltaydi
ötkіzudegі şeteldіk qandastardiñ
negіzgі maqsati – osi.
Europa qazaqtariniñ qwriltayi
joğarği därejede, maqsat-müddege
say öttі. Şeteldіk bauirlardi köru –
bіr quaniş, alayda jat jerde, jat elde
jat bop ketuі basim ekendіgі köñіlge
qayau tüsіredі.
Endі menіñ aldimdaği maqsat
– Türkiya, Franciya jäne Moñğoli-
yadaği qandas bauirlarğa barip,
jirmen susindatip qaytu, odan ari
şaqirtu alğan Europa qazaqtarin
aralap, wltimizdiñ wli mwrasi –
jir-termenі därіpteu.
Europa törіnde jasalğan bata
Qwriltaydiñ alğaşqi künі men
üşіn erekşe este qalarliq oqiğa boldi.
Elşі Bolat Nüsіpov mirza qwriltay
qonaqtarina qonaqasi berdі. Europa
qazaqtari federaciyasiniñ prezidentі
Qayim Keseji ağamizdiñ wsinisimen
dastarqanğa bata jasau märtebesіne
ie boldim. Bata jasauda katti tolki-
dim. Arqam terlep kettі. Eldegі jasap
jürgen bata jaramaydi. Öytkenі
batani Qazaq elіnіñ atinan beru
kerek. El namisi bärіnen joğari. Eu-
ropaniñ 14 elіnen kelgen qandastar
men Elşі jäne Bundestag deputati
qarap otir, yağni, haliqaraliq däreje-
degі bata beru kerek boldi. Ärі bwl
– ülken dastarqan üstіndegі tarihi
oqiğa. Batali söz – atali söz. Bata –
aytis siyaqti wltimizdiñ wli mwrasi.
Ol bata jasauşi adamniñ aqil-para-
satin, bіlіmіn körsetetіn, öresіn
tanitatin qiin öner. Wlağati da zor.
Osi ürdіsten şiğa aluim kerek boldi.
Osilardi oylağanda terlemeske lajiñ
joq. Oniñ üstіne bata – maqal emes,
mätel emes ömіrşeñdіgіmen bağala-
natin. Bata berіlgen sättegі atqarğan
missiyasimen bağali.
Europa qazaqtarina arnalğan batam:
Jarilqauşi qwdіret
Jarilqaudiñ qamin et!
Oydan-qirdan bas qosip
Qwriltayğa jinalğan
Qazağim aman bar bolsin!
Intimaq, bіrlіk jarasip,
Bіr Alla jar bolsin!
Şaşirap jürmey är jerde,
Jwtilip ketpey är elde,
Atajwrtqa jetіñder!
Jelbіregen kök tudiñ
Astinda eñbek etіñder!
Qamqor bolğan qazaqqa
Aynaldim senen, nemіsіm,
Düniege tanimal
Bethoven, Mocart elіsіñ.
Güldey bersіn jemіsіñ,
Keñeye bersіn örіsіñ,
Köbeye bersіn jeñіsіñ!
Dostastiği jarasqan
Qazaq pen nemіs arasinda
Mäñgіlіk bolsin kelіsіm!
Allahu akbar!
Bwl köpşіlіktіñ köñіlіnen şiqqan
siyaqti. Ertesі keybіr qandas bauirlar
arnayi kelіp, qaytalap aytqizip,
jazip alip jatti. Oni añğarğan Keln
qazaq mädeni ortaliğiniñ basşisi
Şuğayip Erol qwriltay bіtken soñ
qazaqstandiqtarğa jayilğan mirza
dastarqanda menen taği da bata
jasaudi swradi.
Sondaği berіlgen bata:
Jaratuşi bіr Alla
Qayği-uayim bermesіn.
Qazağimniñ arasin
Basarazdiq bölmesіn.
Intimaği jarasip
Biіkterge örlesіn.
Peyіlі darqan halqima
Endі näubet kelmesіn.
Alğa wmtilğan jastardiñ
Jwldizdari sönbesіn!
Oñ sapar berіp Qwdayim,
Elge aman jetіñder!
Bala-şağamen qauişip,
Ağayin-tuispen tabisip,
Baqitti ğwmir keşіñder.
Artta qalğan bauirlar!
Qayta aynalip kelgenşe
Sender de aman boliñdar!
Äbіş Ädіlbekov, Jetіsu jirşiliq
mektebіn jalğastiruşi
ЕУРОПАДАҒЫ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙ
ЕУРОПАДАҒЫ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙ
№ 2 ( 2 0 1 6 )
№ 2 ( 2 0 1 6 )
74
75
С
ағымға садақ ілдірген – ескілікті аңыз
бойынша, «Шыңғыс хан Тәңірдің шапағынан
жаралған» деген түсінікпен байланысты
қалыптасқан тұрақты сөз орамы; идеологема. Біз
аталмыш фразеологизм аясында халық тілінің
когнитивтік базасындағы тарихи мағына-мазмұны
бар тұрақты сөз орамдары (фразеологизмдер) мен
пареомологизмдерді және прецедентті мәтіндерді
мақалаға арқау етіп алдық. Бұлар – бір жағынан, таза
тілдік тұрғыдан буын үндестігі, дыбыс үйлесімімен, яғни,
ішкі ұйқаспен қалыпқа түскен, мағынасы қырналып,
мінелген, «балталаса» бұзылмайтын ұйқасты тізбектер.
Екінші жағынан (тілдік емес жағынан), олардың ішкі
мазмұнында халықтың тарихи жадын, қоғамдағы
көнеліктің белгілерін білдіретін, тарихи тұлғалардың
бейнесін танытатын, сондай-ақ көмескі мағыналарды
арнайы шешуді қажет ететін әр алуан ақпарат кодқа
салынған.
Шыңғыс хан туралы қазақтар арасында кең тараған
«Қазақтың түбі» атты аңыздың академик В.В.Радлов
жазып алған бір нұсқасында: «Шыңғыс ана құрсағына
сағымнан келіп түскен», – делінеді. Шыңғыстың бір
анадан туған үш бауыры болады. Ел-жұрты жиналып:
«Шыңғысты хан қыламыз», – дегенде, әлгі үш кісі:
«Мұны патша қылмаймыз, бұл кетсін, кетпесе мұны
өлтіреміз!» – дейді. Содан соң жұрт жиылып кеңес
құрады: «Мұны қайтеміз? Бұны патша қылсақ,
өлтіреміз», – дейді. «Өздерін патша қойсақ, жұртты
тұтып тұра алмайды. Мұның қайсысын патша қылса
да, шешесі білсін!» – деді. Шешесіне үшеуін жіберді,
төрт баласының қайсысын шешесі патша қылса да,
біз соған ризамыз! – дейді. Төрт баласы шешесіне
келді. Бірісі: «М ен боламын патша!» және бірісі:
«Мен боламын!» – деді. Төртеуі таласып келеді. Төрт
баласына шешесі айтады: «Бәрің де менің баламсың.
Сендер таласпаңдар! Мен төртеуіңді әділ шариғат
қылайын. Мына сағымға садақтарыңды іл, сағым
садақтарыңды көтерсе, соның патша бол!». Төртеуі
апарып сағымға садақтарын ілді. Үшеуінің садақтары
жерге түсіп кетті, манағы Шыңғыстың садағын
көтеріп тұрды сағым, астында тіреу жоқ, үстінде
байлау жоқ. Сол жерде сол қатын жұрттың бәрін
жиып алып: « Мынаны көріңдер!» – деді. «Бұл – Алланың
әмірінен бала болған, мұның садағын Алланың әмірімен
сағым көтеріп тұр. Мұны патша қылыңыз! Анау үшеуі
бұған зорлық қылса, сол үшеуін өлтіріңдер! Сендер
көпсіңдер, зорлық қылдыртпаңдар» [ Ел қазынасы – ескі
сөз (В.В.Радлов жинаған қазақ фольклоры. Үлгілер).
– Алматы: Ғылым, 1994. – 275-279-б.].
Кезінде, өз заманында, жұртшылыққа кеңінен тараған
бұл қазақы аңыздың моңғолдардың «Алтын тобшы»,
«Құпия шежіресімен» байланысты екені байқалады.
Моңғолдардың Шыңғыс хан жайындағы әйгілі
тарихи эпикалық шежіресі «Құпия шежіре» мен «Алтын
топшыдағы» баяндауда Бөрте Чиноның (Ақ қасқырдың)
он екінші ұрпағы Дойұн (Добу) мерген ежелгі Арығ
Усун (үйсін) жерінде туған Алон Ғоуа деген сұлу
қызға үйленеді. Одан екі бала туады. Дойұн мерген
қайтыс болғаннан кейін жесір қалған Алон Ғоуа үш
балалы болады [Лубсан Данзан. Алтан тобчи («Золотое
сказание»). Перевод с монгольского, введение, комментарий
и приложения Н.Т.Шастиной. – М.: Наука, 1973].
Құпия шежіреде былай делінеді:
Дойұн мергеннің тірі кезінде туған екі ұлы оңашада:
«Әкеміз болса – жоқ, ол мына үш ұлды қалай тауыпты?»
– деп күңкілдеседі.
Балалардың осындай күңкіл сөзі шешесі – Алон
Ғоуаның құлағына жетеді. Сонымен, көктемгі күннің
бірінде Алон Ғоуа қойдың сүр етін асып, бес баласына
бере отырып, оларға бес жебе беріп: «Сындырып
көріңдер», – дейді. Олар бытырлатып сындыра салады.
Одан соң Алон Ғоуа бес жебені біріктіріп буады да:
«Сындырып көріңдер» – дейді. Балалардың ешқайсысы
сындыра алмайды. Сонда шешесі: «Сен екеуің «Үш
баланы қайдан тапты екен?» деп күмәнданасыңдар.
Бұларың орынды. Дегенмен мұнда мән бар. Әр күні түнде
бір ақсары адам кейде түндіктен, кейде маңдайшадан
сағымдай сырғып, сәуледей созылып келеді де менің
қарнымды сипалайды. Ол сәуле құрсағыма сіңіп
кеткендей болады. Таң сызылмай, ай бұзылмай тұрғанда
әлгі сәуле сары ит секілденіп өрмелеп, үйден шығып
кетеді. Сонымен, екіқабат болып қалатынмын. Одан
күмәнданатын дәнеңе жоқ. Байқайым, осы балалар
Тәңірдің шарапатынан жаралса керек.
Қара басты пендемен
Салғастырма бұларды.
Хан болады ұлысқа,
Халық сонда ұғады», –
деп, ақыл айтады. Алон Ғоуа бес баласына:
«Егер сендер алды-алдына кетсеңдер, манағы
сыңар жебе секілді оп-оңай опырыласыңдар.
Кім көрінгенге жем боласыңдар. Бастарыңды
біріктіріп, жұптарыңды жазбай жүрсеңдер,
біріктіріп буған бес жебедей жұмыласыңдар. Онда
сендерді ешкімде сындыра алмайды. Ешкімнен
де жеңілмейсіңдер», – дейді. Сөйтіп, ай өтеді,
жыл артынан жыл өтеді [ «Моңғолдардың
құпия шежіресі». - ҚХР: Ұлттар баспасы, 1992.
Аударғандар: Міркамал Жәлелханұлы, Әбдірәшит
Тойлыбайұлы]. Алон Ғоуа моңғолдар арасында
қасиетті саналатын «нирундар» деп аталатын
әулеттің анасы болады.
Әрине, эпикалық баяндауларда Уақыт пен
Кеңістік хронологиялық жақтан бірі кейін, бірі
ілгері болып үйлеспеуі мүмкін. Бергі замандікі
арғы, керісінше, арғы замандікі бергі болып
кетуі – эпикалық шарттылық. «Құпия шежіреде»,
«Алтын тобшыда» Тәңірдің таң шапағынан
«Алон Ғоуа ананың құрсағында пайда болғандар
шежіре бойынша Шыңғыс ханның оныншы
атасынан (Боданчар Мүнгтағтан) басталады.
Шамалауымызша, біздің заманымыздың 900
жылдарының басталған шағы болса керек.
Ал қазақы аңызда тәңіриялық объект
Шыңғыстың (Теміршінің) арғы ата-бабалары емес,
оның өзі болып саналады: Темучун 1155 жылы
туған, 1962 жылы ҚХР-да 800 жылдығы салтанатты
түрде аталып өткен.
Ең жоғары билік иесін (хан, хақан, патша,
әмір т.б.) сакральдандыру – ежелгі көшпенділер
мәдениетінде де, ерте дүниедегі отырықшы
өркениетті елдерде де кеңінен тараған
типологиялық ерекшелік. Мысалы, ежелгі Мысыр
елінде перғауындар: «Күннен жаралған жердегі
Құдаймыз!» – деп, өздерін Құдаймен теңестірді.
«Қасқырдың қаншығын емген бала», «Қасқырдың
қаншығы мен адамның жұптасуынан туған
бала» т.б. тәрізді аңыздар ерте дүние тарихын-
да ұшырасып отырады. Мұндай зооморфтық,
антропозооморфтық аңыздардың биліктегі белгілі
бір тұлғаны, одан тарайтын әулетті қасиеттендіру
арқылы билікті, билік иесінің құрған жүйесі мен
тәртібін күшейтуде идеологиялық функциясы
болған.
Сағымға садақ ілдірген жайындағы мифтік
аңыз кезінде Шыңғыс хан құрған империяның,
оның құрамынан тараған мемлекеттердің
билік жүйесінің, оның саяси құрылымының
идеологиясына арқау болды. Байырғы қазақ
қоғамында оны билер мен ақсақалдар хандық
мемлекеттің идеологиясына тірек етті. Ескілікті
бұл фразеологизмнің «сағымға ілген садағым»
нұсқасы қазақтың ең көне эпикалық жыры – «Қозы
Көрпеш- Баян сұлуда» да кездеседі [ Қозы Көрпеш-
Баян сұлу. - Астана: Фолиант, 2002]. Онда: «Жан
досым қайда, бері кел, сағымға ілген садағым! » – дейді.
Сағымға садақ ілдіру көшпелі дала
мәдениетінде хан (қаған) тәрізді ең жоғары
саяси билік иелерін қасиеттендірудің
(сакральдандырудың) бір жолы болды.
Сағымға садақ ілдіру – жай ғана керемет
емес, оның түпкі мазмұнындағы ақпараттарға
мән беретін болсақ, хандық лауазым Тәңірден
бұйырған, сондықтан ханға және оның үрім-
бұтақтарына қаралар (қара халық) сөзсіз бағынуға
тиіс. «Ханға қарсылық – Құдайға қарсылық» деп
білді. Тәңірдің қалауымен болған сағымға садақ
ілдіргендер «төрелер» деп аталып, олар байырғы
қазақ қоғамында ерекше артықшылыққа ие
әлеуметтік жікке айналды. Төрелер сағымнан
жаратылғандардың үрім-бұтағы болғандықтан,
айрықша құқықтық мәртебемен қамтамасыз
етілді. Төрені өлтіргендердің төлейтін құны
қарадан әлденеше есе жоғары болды. Егер қараның
адамы төреге қамшы тигізсе, қамшы қаны
жазасын тартатын болған. Хан, сұлтан тек
төрелерден сайланды. Төрені көргенде қаралар:
«Алдияр тақсыр!» – деп, этикеттік формуламен
тіл қату қатаң нормаға айналды. Жер-жерлерде
ру-тайпаның өз төресі болды. Төресі қартайып,
артында баласы болмаса, төрелері бар елден «бізге
төре болады» деп, бесігіне белгі салып кететін
де болған. Әсіресе арғы аталары хан, сұлтан
болған төрелерден өз еліне бала алып, төре еткен.
Сонымен, «табаны жалпақ, құрығы ұзын рулы ел
болуы үшін дуалы ауыз биі мен ақсақалы, байрақты
батыры, дәулетті бай-мырзасы, тайпалық таңбасы,
жауынгерлік ұраны және төресі болуын рулық
қоғамның қалыптасқан тәртібі» деуге болады.
Бұндай рудың жүлделі жырауы, адырна жақ ақыны,
бәйгелі балуаны, тұмарлы жүйрігі (бәйге аты) рулы
елдің атағын асқақтата түскен.
Сұлтан төрелерден сайланған. Оларды тіпті
дәріптеп, жергілікті ру «хан» деп те атады. Хан да,
сұлтан да билер мен батырларға, ақсақалдарға иек
сүйеді. Олардан тұрымтай кеңес (кіші кеңес), тағанақ
кеңес (үлкен кеңес) құрылып, ел басқаруда хан
билігін жүзеге асырудың ұжымдық институтына
айналды, олардың ұйымдық, реттеушілік,
үйлестірушілік, құқықтық функциясы болды. Хан
қолында биліктің тізгіні болса, шылбыры билер
қолында болды.
Жүген, тізгін, ноқта, шылбыр, әдетте, тұрмыстық
мазмұндағы сөздер болғанмен, халық тілінің
фразеологиялық қорындағы «екі тізгін бір шылбыр»
дейтін өрнекті сөз орамы – жай ғана тұрмыстық
саладағы сөз емес, хандық дәуірдегі биліктің екі
тармағы болғанын көрсететін саяси-қоғамдық
деңгейдегі термин. Этномәдени семантикасындағы
кодты ашар болсақ, тізгін – «хан билігі», ал шылбыр
– билердің қолындағы билік жүйесі. Әдетте, тау –
жердің қазығы, хан – елдің қазығы; тұз – май қатығы,
хан – ел қатығы деп хан билігін дәріптей отырып,
бір есептен, халық қаласа, хан жалғыз атын сояды;
филология
ғылымдарының докторы,
профессор
Нұргелді УӘЛИ
САҒЫМҒА
САДАҚ ІЛДІРГЕН
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ
№ 2 ( 2 0 1 6 )
№ 2 ( 2 0 1 6 )
76
77
халық хан үшін жаралмаған, хан халық үшін жаралған
деп, биліктің екі тармағын теңгеру жолымен реттеп те
отырған. Екі тізгін бір шылбырдың хан қолында болуы,
яғни, бүтін биліктің тұтасымен ханда болуы ерекше бір
жағдайда ғана кездесуі мүмкін. Осындай аяға кіретін
тілдік және этномәдени өрістегі кодқа салынған әр алуан
ақпараттардың түрлері ерекше этномәдени жүйе құрайды.
Жауласқан қарсы жақтың хан-сұлтандарын қолға
түсіргенде ханның басын хан алар, қардың басын
қар алар деген қағида бойынша қаралардың оларды
жазалауына, өлтіруіне қатаң тыйым салынған, жаза
тек ханның бұйрығымен орындалады. Сондай-ақ қолға
түскен ханның ханымы, балаларына дейін хан ордасына
аман-есен жеткізілуге тиіс. Олардың әрі қарайғы тағдыры
ханның бұйрығы мен әміріне байланысты.
Хан қараның қызына үйленетін болса, қазақтың
кәдімгі құдалық жолы жүрмейді. «Құда түсу», «қалыңмал
беру», «жасау-жабдық беру» деген болмайды. Хан
мен қара бірін бірі «құда» деспейді. Халық тілінің
паремиологиялық қорынан тарихи таныммен байланысты
ондай деректі әзірге ұшыратқамыз жоқ. Хан ордасына
алдырылған қараның қызы ордада басқа да қызметші
қыздар тәрізді жүреді де белгілі бір уақыттан соң некесі
қиылып ханым аталады.
Алайда қазақ ру-тайпалары әйтеуір «төре екен» деп,
Шыңғыс ханның кез келген ұрпағын өз елінде төре етіп
ұстамаған. Шежірені жақсы білетін, рулы елдің билері
мен ақсақалдары Жошы ханның үлкен ұлы – Орда
Еженнен тараған хан тұқымдарын ақ киізге отырғызып,
хан көтеруге лайық көрген. Бұл қағида қазақ қоғамында
қатаң сақталған.
Төре немесе сұлтанды ақ киізге (кілемге емес!)
отырғызып хан көтеру рәсімі – сағымға садақ ілдіргендер
идеологиясының нақты бір көрінісі. Көрнекті этнолог
ғалым Нұрсан Әлімбай қазақ қоғамында хан көтеруді
тарихи, тарихи-этнографиялық жақтан ізерлей келіп,
бұндағы ақ киіздің «тіршілікпен байланысты киелі
кеңістік», ал хан – «тіршілік кеңістігіндегі жаңа бір
кұт-берекенің бастауы көзі» деп, семасиологиялық
тұрғыдан ақ киіз бен ханның этномәдени мән-мазмұнын
ашып көрсетеді. Сонымен қатар «хан киімін тәбәрік
тұтып, жыртып ханталапайға салып бөлісетін болса,
кеңістіктің символы – ақ киіз ханталапайға түспейді»,
– деп тұжырым жасайды, сондай-ақ «ақ киізді де
ханталапайға салады» дегендерді кейіннен қосылған
тиянақсыз дерек деп біледі [Қазақтың этнографиялық
категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі.
Энциклопедия
Достарыңызбен бөлісу: |