Редакция ал қ



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата21.02.2017
өлшемі3,55 Mb.
#4639
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

М.ӘУЕЗОВ                

    ҚОЛТАҢБАСЫН 

КІМДЕРГЕ БЕРГЕН?

филология 

ғылымдарының 

докторы, профессор

Гүлзия ПІРӘЛІ

Әуезов қолтаңбаға сараң болған сыңайлы. Оны да 

жанына жақын тұтқан тұлғаларға, көңілі құлаған 

қаламгерлерге, сенімінен шыққан шәкірттеріне,  

мейірімі түскен жақынына ғана жазған.

Шынында да, жүректен шыққан шынайы сөз 

ғана жүрекке жететінін ескерсек, жалғандыққа 

жаны қас жазушы бұл жанрда да жаңылмапты. 

Мұхтар Әуезовтің өз қолымен жазылған, 

жүрегінен шыққан шынайы сезімдерді, ыстық 

ықыласты танытатын әзірге қолға түскен 

қолтаңбалар төрт жол болса да, жолданып 

отырған жанға деген ізгі ілтипатты, іріден ғана 

туар ізгілікті танытады. Оған дәйекті дәлел 

– 

осы 


қолтаңбалар мәтініндегі мөлдірлік, мәрттік, кез 

келген жүректі толқытып, тәнті ететін тазалық. 

Оқып көрелік: «Дорогому моему воспитателю Ва-

силию Ивановичу, впервые зародившему во мне 

большую любовь к русской литературе. Навсегда 

признательный  автор  /қолы/. 4/ІІ



. 49 г.». Бұл 

– 

алғашқы ұстазы 



– 

 Семейдегі 5 кластық қалалық 

училищедегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің  

мұғалімі В.И.Поповқа жазған қолтаңбасы.

Екіншісі жазушының  сүйікті әрі үлкен сенім 

артқан қызы 

– 

Ләйлә Мұхтарқызына жазған 



қолтаңбасы: «Моей надежде и радости самой 

любимой моей Лелюсенке. С крепкой верой втвое 

светлое будущее. Папа.

 2/VІІ.42».

Бұл екі қолтаңба да М.Әуезовтің 

мұражайындағы экспонаттар залында ұлыдан 

қалған бойтұмардай қастерленіп, құнды жәдігер 

ретінде  тарихи орындарын иеленген.   Үлкен 

жүректен шығып, жүрекке  жеткен жылы лебіз, 

зор махаббат, төрт жол болса да, теңдессіз 

сезімнің құйылысын, оймақтай ойдың орда-

лы арнасын танытатын теңіздің тамшысындай 

тағылымды ой-түйіндер тамсандырады. 

Автографтағы әке сенімінің ақталғанының 

алғашқы бір куәсі – «ҚазССР ҒА Хабарлары» 

журналының 1957 жылғы санында жарияланған 

Ләйлә Мұхтарқызының «Развитие земледелия 

у казахов в последней четверти ХІХ в.» деген  

алғашқы ғылыми еңбегіне: «Дорогому папе 





 

первый труд от дочери. 30/Х 57. Лейля»,

 –

 деп 

ұсынуы еді. Әрбір ата-ананың бақыты баласының 

қуанышына ортақтасып, еңбегінің жеңісін көру 

емес пе?! 

1975 жылы Қазақстан Республикасы ҒА 

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, 

тарихшы ғалым Ләйлә Мұхтарқызы Әуезова  

«М.О.Әуезов творчествосындағы Қазақстан 

тарихының проблемалары («Абай жолы» 

эпопеясының материалы бойынша)» атты 

докторлық диссертация қорғап, әке аруағын тағы 

бір қуанышпен тербеді.

Дарыны мен данышпандығы дара суреткердің 

сол сенімін, шынында да,  сүйікті қызы Ләйлә 

Әуезова ақтады. М.Әуезов мұражайының ашы-

луына, ондағы барлық мұрағаттың мұқият әрі 

жоғары сапада сақталып, ғылыми, әдеби, тарихи 

айналымға енуіне, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени 

орталықтың жазушы мұрасын жүйелі түрде 

зерттеуіне жетекшілік жасап тек ұлының ұрпағы 

ғана емес, қазақ руханиятының жанашыры, 

қазақтың қайраткер ғалымы ретінде әке аманаты-

на адал болып, сенімінен шыға білді.

Мұхтар Әуезовтің сүйікті қызы 

– 

Ләйләдан 



кейін әкелік мейірімін төгіп, шапағатын 

шашқан,  үлкен сеніммен үміт күткен ұлы Мұрат 

Әуезов болды. Мұхтар Әуезовтің соншалықты 

сағынышпен күткен ұлына өзі ат қойғысы келгені 

жөнінде Фатимаға (Мұхтар ол кісіні Батима деп 

атаған 


– 

Г.П) жазған хатында мынадай мәлімет 

бар: «...Мен сенің жайыңды ойламайды емеспін. 

Көңілде сенің балалы болған халің бірде-бір уақыт 

ұмытылған емес. Сен кеткелі өзіңді сағынып 

та, дос жүрекпен соншалық жақын тұтып 

та көп-көп ойлаймын. Кейде уайым етіп, кейде 

адамшылық қайратыңа, бас қасиетіңе сеніп, 

үміттеніп қуанышта еске аламын. Болашақ 

кішкененің тірлігіне, саушылығына үміт артып 

қуанамын.

Сүйікті, сағынышты, ыстық балам бола-

ды, Батиматай. Осыныма сен. Қыжылданбай, 

қатты болмай, дос жүрекпен сен.

Балаң ертең бала болса, атын қарапайым 

қазақша қойма. Өз аттарымдай кітапша 

ат қой. Мен «Хайдар» деген атты ұсынар 

едім. Амандық саулықпен босанған жайыңды 

айтып хат жаз. Сағынып, сүйген досың М.  

10.ХІ.42 ж.». (М.Әуезовтің 50 томдық толық 

шығармалар жинағы. 50-том). Міне, осы хат-

та айқындалғандай, жазушы ұлының есімін 

«Хайдар» деп ұсынғанымен,  анасы Фатима 

«әкесі Мұхтарға ұқсас болсын» деген ниетпен 

«Мұрат»  қойыпты. Оған Мұхтар Әуезов те қарсы 

болмаған сияқты. Фатима Ғабитованың алғашқы 

ерлері – Біләл Сүлеев пен Ілияс Жансүгіровті 

Мұхтар Әуезов жақсы танып, сыйлаған, аса қатты 

құрметтеген. Сондықтан кейін екеуі де ұсталып, 

саяси репрессияға ұшырап, Фатима айдауда 

болған жылдары өзгелер қамқор қолын созуға 

үркіп,  шетте жүргенде ештеңеден жүрексінбей, 

қазақтың екі ұлы қайраткер, қаламгерлердің ұл-

қыздарын қолтықтан демеп, өмір сүруіне, білім 

алуына бар күш-жігерін жұмсаған бірден-бір 

тұлға да Мұхтар Әуезов болатын. 1938 жылдың  

10 тамыз күні НКВД жендеттері: «24 сағат ішінде 

Алматыны тастап, қайда болса да, 2 жыл ға 

кетесіз» дегенде Семейге, ал 1942 жылдың шілде 

айында  тағы да Алматыдан кетуге тура 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

82

83

келгенде Мұхтар Әуезовтің кеңесімен оның туыста-



рын жағалап, Меркеге баруға мәжбүр болған. Осы 

айдаулардың бәрінде тек Мұхтар Әуезов қана  

4 баласы бар Фатима Ғабитоваға қамқорлық 

көрсетіп, ұлылардан қалған ұрпақтардың ұнжырғасы 

түсіп, тапталып кетпеуіне көп көмегін көрсеткен. 

Оған М.Әуезовтің өз қолымен жазған бірнеше хаты 

куә.  Кейін өмірге Мұрат келген соң бұл қамқорлық 

нығайып, таза әкелік сүйіспеншілікке ұласқаны 

көпшілікке мәлім. «Жырақта болса да жүрек жылуын 

сезініп өссін» деген дана жүректің Мұратқа деген ма-

хаббаты алабөтен ерекше болатын. Әрбір хаттарын-

да: «Кішкентай Мұраттың саушылығы, өсуі қалай?... 

Мұратайым жақсы өссін... Мұрат туралы осылайша 

жақсы қып, жиі жазып тұр... 5.1.45»,– деп үнемі 

мейіріммен атап, әкелік қамқор көңілмен қадалағап 

отырған. Ұрпағы мен ұлтын ұлықтаған кемеңгер 

Мұраттай ұл өсіріп, сәби жасынан сөз өнеріне бау-

лыды. Кітапқа үйір етіп, өз шығармаларын оқытуға, 

олардан үлкен ой түйіп, танымын тәрбиелеуге талап-

тандырды.

Алыста болса да, айналайынын аямай, аяулы 

сезіммен сүйе білген сүйікті ұлы Мұратқа  деген 

мөлшерсіз махаббат оған сыйлаған алғашқы авто-

граф мәтіндерінде  де сол мөлдірлігін жоғалтпаған 

күйінде сақталыпты:

 «Алтын балам, ақылды, жақсы 

Мұратайға. Ағасынан» 28/ХІ.1953 ж.».



 Бұл 

– 

Фатима 



Ғабитқызы айдауда жүрген кезде өмірге келген кенже 

ұлы 


– 

Мұратқа арнап жазған алғашқы жүрекжарды 

сөзі, сағынышы, сүйіспеншілігі, әкелік махаббаты еді.

1953 жылы Алматыдағы «Қазақтың мемлекеттік 

көркем әдебиет» баспасынан түзетіліп, үшінші 

басылымы ретінде шыққан «Абай» атты тари-

хи романының бірінші кітабына түскен осы екі 

ауыз сөзден құрылған  қолтаңбадан қаншама 

мейірімнің мәйегі менмұндалайды. Бір сөйлемге 

ұлы жазушының ұлына деген шексіз әрі шынайы 

сүйіспеншілігі сыйып кеткен. Автографтың шағын 

болса да, жанға шуақ шашар жанрлық қасиеті, 

жүрекке жылу сыйлар сөзі, мәңгілік есте қалар 

құндылығы да осында болса керек.

Мұхтар Әуезовтің көзі тірісінде көзінің 

қарашығындай болған ұлы Мұратқа өз қолымен 

жазған екінші қолтаңбасы 1953 жылы араб қарпімен 

жарияланған «Абай жолына»: «Мұратай мен 



тәтелеріне. Сәлеммен...» – деп, өз қолы қойылып 

берілген.

Сол сағынышпен күтіп, өмірінің мәніне айналған 

ұлы Мұратқа жазған үшінші қолтаңбасы Қазақ ССР 

Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет  институтының 

баспасынан 1959 жылы шыққан «М.О.Әуезовтің 

алпыс жылдығына арналған мақалалар жинағы» 

деген еңбекке түсіріліпті: «Сүйікті ұлым Мұратайға 



Келешегіңнен үлкен үміт еткен, қуаныш күткен 

көңілмен сыйлаймын. Ағаң» 1959. 10 ноябрь». 

Мұраттың анасы Фатимаға жазған әрбір хатында да 

жүрек жарды сырлары мен мөлшерінен асып-тасыған 

мәңгілік махаббаты, мөлшерсіз мейірімі төгіліп 

жатады. Жазушының өз қолымен жазған әрбір мәтін  

әке мен бала арасындағы өлшеусіз махаббаттың 

куәсіндей.

Автограф сыйланған кітаптың бірінші бетіне 

жазылар сөз ғана емес, автордың қолтаңбасы 

түскен барлық құжат, барлық көркем мәтін, 

жазбалар екендігін ескерсек, Мұхтар Әуезов 

жазған эпистолярлық мұрасы да осы жанрды 

толықтыратыны анық. Сондықтан ұлы жазушының 

сүйікті ұлына деген мөлшерсіз махаббатын 

мәлімдейтін бір-екі мәтінді орайы келгенде орын-

ды пайдаланған да оңды болар деп ойлаймыз. 

Бұл мәтіндер Мұхтар Әуезовтің әлгінде жазған 

автографтарындағы сөздерін толықтыра, нақтылай 

түсері сөзсіз: «...Мұратай! Айналайын жақсы ба-

лам. Тілі тәтті, өзі тәтті Мұратайым. Сен мені 

сағындың ба? Мен сені көп ойлап, көп сағынам. 

Қашан тағы көрер екем деп ойлаймын. «Енді 

көргенде Мұратайым маған тағы қандай әндер ай-

тып берер екен» деп ойлаймын. Сен әнді жақсы ай-

тушы едің. Осы күнде тіпті көп өлең, ертегі білетін 

болған шығарсың. Үйрене бер. Ең болмаса, харіптер 

үйрен. Тәтеңе айтып, маған өзің де хат жаз.

Жаздыгүні мен саған велосипед әперем, алда-

маймын, айналайын жаным. Ал, бетіңнен, көзіңнен 

сүйдім. Хат жазған ағаң. 4.ІІ.48 ж.», – десе, енді бір 

хатында:


«...Айналайын, Мұратайым!

Сенің тәтеңе ерік бермей, маған хат 

жазғызғаныңа мен соншалықты қуанамын. Сен 

ақылды болып келесің. Ағаңды ойлағаның 

– 

сол 

ақылды болғандығыңнан. Енді бұдан былай аз-аздап 

сабақ та оқи беру керек. Тәтең саған жеңіл-жеңіл 

кітаптар оқып беретін болсын...», – деген сөздерінің 

сөзі даналықтың дәнегіндей, тағылым мен тәрбиенің 

төресіндей емес пе? 

Өзінің әрбір шыққан жаңа шығармасына шы-

найы әкелік махаббатын мөлдіретіп жазып, ұсынған 

Мұхтар Әуезов ұлы Мұратқа төртінші қолтаңбасын 

1958 жылы қалдырыпты. Осы 4 қолтаңба да  әке 

мен бала арасындағы аса бір  сұлу сүйіспеншіліктің 

символы іспеттес. Кішкене кезінде осындай ойлы 

хаттар жазып, бүлдіршінін білімге баулып, оқуға 

дағдыландырса, есейе келе енді әдебиет әлеміне 

әкесінің мұраларын оқыту арқылы өзіндік ойлау 

жүйесін қалыптастыруға тырысады. Оның айқын 

айғағы 


– 

мына автографы:



 

«Мұратай!

Мен сені енді ер жетті, есі кірді деп менің кіта-

бымды оқитын, білетін кезі де жетті деп «Абайды» 

жіберіп отырмын. Асықпай тәтеңмен бірге оқып, 

біліп ал. Папаң. 1958. 28.ХІ».

 Бір ескеретін жайт 

бұрынғы хаттарында «Ағаң» деп қол қойса, мұнда 

«Папаң», яғни «Әкең» деген атаулар пайда болыпты. 

Бұл да баласының есі кіріп, оң-солын дұрыс тануына 

сай кезеңде айтылған ақиқаттарды айқындаса керек. 

Автографтар арқылы талай тарихтың беті ашылып, 

өмір мен өнердің тасасындағы тылсым сырлар  

ғылыми, әдеби тақырыптарға өзек болары хақ. Бір 

ғана «Ағаң» мен «Папаңның» арасындағы сырлар 

жүгі, бұл түсініктердің орныққан кезі т.б  зерттейтін 

жанға қаншама құнды деректер ұсынар еді?!

Жазушының  Ғабитова Фатима Зейноллақызынан 

туған сол сүйкімді ұлы Мұрат Мұхтарұлы 

– 

бүгінде 



елімізге кеңінен танымал тұлға, мәдениеттанушы 

ғалым, публицист жазушы, мемлекет және қоғам 

қайраткері. Қазақ пен қытай мемлекеттерінің са-

яси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қарым-

қатынасының тәуелсіздік кезеңінде зор қарқынмен 

дамуына үлес қосқан тұңғыш дипломат, ҚР 

еңбек сіңірген қайраткері. Мәскеу мемлекеттік 

университетінің шығыс тілдері факультетін және 

М.Горький атындағы Әдебиет институтының 

аспирантурасын бітіріп, 1969 жылы «филология 

ғылымдарының кандидаты» атанды. Ол бүгінде 

 



«Времен связующая нить», «Иппокрена», «Уйти, 

чтобы вернуться» атты кітаптардың авторы. Өз 

ұсынысымен құрылған «Мұхтар Әуезов қорын» 

(2007-2014) басқарып, ұлы жазушының аса бай әдеби 

мұраларын жинап, жариялауда көп жұмыс жүргізді. 

Қоғамдық ұйым негізіндегі қор ұлы жазушының 

кітаптарын жариялау, әлем тілдеріне аударылып, 

кеңінен насихатталу, 100 жылдық мерейтойын 

ЮНЕСКО деңгейінде өткізу, деректі фильмдер түсіру   

секілді көптеген ұйымдастыру, қаржыландыру 

жұмыстарын жүргізді. Бұл өмірлік деректер 

– 

М.Әуезовтің ұлын сәби кезінен саналы түрде өзінің 



рухани іздеушісі болуға баулығандығының дәлелі. 

Өзіндегі ұлттық ойдың өзегін үзбейтін ұлы да 

Мұрат екендігіне сенген әке баласын о бастан қазақ 

мектебіне беріп, әдебиетші ғалым, шығыстанушы 

болуға бағыттады. Ақыл-ой өрісін  өз бақылауында 

ұстаған әке-ұстаз балапанын баптаған бүркіттей 

шыңдарға шақырды. Әке тарапынан көрсетілген 

мейірімділік, мәрттік, адалдық, тазалық, ізгілік пен 

адамгершілік бала бойындағы асыл қасиеттерді 

қалыптастырды. Бауыр еті баласының бетінен 

қақпай, барын бағалай, белін буып, ел болашағын ой-

лайтын ер-азамат етіп өсіруі 

– 

өнеге ғана емес, күллі 



қазақ сүйсінерлік сирек құбылыс. 

 «Қыранды қыран қиядан таниды»,

 –

 дегендей, 



болар баланың болмысын зерттеушілік зердемен, 

кемеңгерлік көсемдікпен байқаған бапкер – әке 

бар білімді кітаппен беріп, қолтаңбасындағы 

қомақты ойлармен ауыр жауапкершілік жүктеген. 

Әрбір қадамын қадағалап,  «елдің, ұлттың, жал-

пы адамзаттың рухани құндылығына үлкен үлес 

қосар» деген үмітпен қайраткерлікке, қаламгерлікке 

бағыштады. Оған М.Әуезов өмірінің ең соңғы 

күндері өз қолымен жазған қолтаңбасы, яғни, 

Мәскеудегі Кунцева ауруханасынан жазған хаты 

айғақ. Қолтаңба  құндылығының өзі қаламгердің 

қолы тиіп, өзекжарды тілегін қағазға өз қалауымен 

түсіруінде емес пе?! Үміт күткен ізбасарын, өзінің 

бар шығармашылығының шырағы болар жанашы-

рын, ұлының ұлы мұратын ақтар перзентін, тап бір 

табиғат тәңірі сездіргендей, өз елінің абыройлы аза-

маттарына, ең жақын ағайын-туыстарына, етжақын 

жолдастарына сеніп тапсырып, «ендігі тағдыры, 

ел-жұртымен табыстыру 

– 

сендердің міндеттерің» 



дегендей хат жолдап, аманат етуі де 

– 

тылсым сырға 



толы ғажайып құбылыс. Хат жазушының Семейдегі 

ең жақын туысы Кәмен Оразалинге 25-шілде күні 

жолданады. Себебі 26 күні операцияға дайындау 

жұмыстары жүргізілетіндіктен, хат жазуға, кітап 

оқуға, кісі қабылдауға рұқсат берілмеген. Сондықтан 

Мұратқа  өзінің туып-өскен жеріне барып, туған-

туыстарымен танысып қайтуды табыстайды. Ал сол 

сапар туралы әсерін кейін ауруханадан шыққан соң 

Ыстықкөлде кездесіп, арқа-жарқа бір отырғанда 

әңгімелеп беруін де тапсырады.

Мұхтар Әуезовтей ұлының ұрпағы, алтынның 

сынығының сағы сынбауы үшін арқасүйер ағалары, 

өз ел-жұрты болуын қатты қадалаған қаламгердің 

соңғы сезімдері мен сөздері түскен қолтаңба мәтіні 

мынадай:   

«Қымбатты Кәмен!

Мынау Мұрат Әуезов – менің туған балам. 

Москва университетінде оқушы еді. Қазір жазға Се-

мейге, содан ары Абай ауданын – әкесі туған жерді, 

елді көруге бара жатыр. Өзіне: Саған, Балташқа 

бар»,

 –

 дедім. Осыны ауданды аралатып, елді, жерді 

көрсетіп, танытуға, өзің бар, Балташ бар, көмек 

етулеріңді сұраймын. Өзім «сен өз үйіңе түсірсең» 

деймін.


Мен ауырып, Москвада больницада жатырмын, 

жайымды Мұрат айтар. Үйіңе көп-көп сәлем. Мұхтар 

Әуезов.

Елдегі бар ағайынға мың сәлем. Балташтікіне 



жайды ұғындырып, өзің алып барарсың» («М. 

Әуезов. Шығармаларының елу томдық толық 

жинағы.Алматы: Жібек жолы 2011. 50-том, 91-б.). 

Қазір ойласаңыз, М.Әуезовтің бұл хаты жалғыз 

Кәмен Оразалинге емес, бейне бір барлық қазақ 

жұртына жолдаған соңғы аманатындай сезіледі. 

«Ұлыдан 

– 

ұлағат» дегеннің өзі осы емес пе? Ұлт 



пен ұрпақты сабақтастырып, тұтастандырып тұрған 

да осы бауырмалдық пен бапкерлік болса керек. 

М.Әуезовтің қолымен жазылған соңғы қолтаңбаның 

қазақ әдебиеттануы мен мұхтартану саласы үшін де 

тарихи орны мен маңызы ерекше. 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

84

85

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТӨЛ 



АТАУЫН ҚАЛПЫНА 

КЕЛТІРУГЕ БОЛА МА?

Ерлік Ержанұлы, журналист

Т

абиғаттың бір бөлшегі ретінде адам 



баласы сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ 

өсімдіктер дүниесімен тығыз байланыста 

өмір сүріп келе жатыр.  Өсімдіктерсіз тіршілікті 

көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Олар болмаса жер 

бетіндегі бүкіл тіршілік иелері тыныс алып отырған 

оттегі де болмас еді. Өсімдіктер бізге өмір ғана 

сыйлап қоймай, бүкіл тіршілігімізге қажеттінің бәрін 

беріп отыр. Олардан алынған өнім кисек – киім, 

ішсек  – тамақ, жатсақ – төсек, бір нәрсені жазып-

сызам десек – бояу мен қағаз ғана емес, аңшылық 

пен жаугершілік кезінде қару да бола алды. 

Ғалымдардың анықтауынша, өсімдіктердің 

ғылымға белгілі 500 мыңнан астам түрі

 

бар. Оның 



жартысына жуығы суда, қалғаны құрлықта өседі. 

Қазақстанда оның 15 мыңы бар көрінеді. Бұлардың 

500-і мүк,  600-і қына, 2 мыңнан астамы балдыр, 

5 мыңы саңырауқұлақ, 6 мыңнан астамы жоғары 

сатыдағы түтікті өсімдіктер екенін ескерсек, жер 

көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын 

Қазақстан үшін аз болып көрінуі күмәнсіз. Оған негіз 

де жоқ емес. 

Қазақстан аумағын  ата-бабалары өте ерте 

замандардан бері тұрақты мекеніне айналдырған 

қазақ халқының өзін қоршаған ортаны танып-білуде 

өзгелерден кем қалуы – ақылға қонымсыз нәрсе. 

Егер олардың көшпенді өмір салтын өткен ғасырдың 

алғашқы ширегіне дейін сақтап келген, әлемдегі 

санаулы ұлттың бірі болғанын еске түсіретін болсақ, 

бұл мүлде елдігімізге сын болуы тиіс. Өйткені 

табиғаттың тепе-теңдігін толық сақтап, оның әрбір 

құбылысы ғана емес, барлық жанды-жансызына 

ат қойып, айдар тағудағы біздің бабаларымыздың 

тапқырлығына қайран қалып, таңырқап, тамсанған 

саяхатшылар мен түрлі зерттеушілердің жазбалары 

өте көп. Тек оны оқып, танып, жарыққа шығарып

ғылыми айналымға түсіруге кежегеміз кейін 

тартып, енжарлық танытып жүргенімізді мойындау 

керек. Мәселен рауғаш өсімдігін көрген алғашқы 

еуропалық Марко Поло екен. С.Небесный 

«Необыкновенное в необыкновенных овощах» 

(1970) деген кітабында: «Марко Полодан алты 

ғасырдан кейін Қытайда рауғаш плантациясын алғаш 

көрген М.П.Пржевальский (1870-1873) болды», 

– дейді. Алайда оның шындыққа жанаспайтынын 

білетін адамдар әдетте үнсіз қалып жүр. Себебі 

М.Полодан кейін рауғашты сипаттап жазған Шоқан 

Уәлиханов еді. Ол өзінің 1856 жылғы «Ыстықкөл 

сапарындағы күнделігінде» рауғаштың сабағында 

қымыздық қышқылы болатыны жөнінде пікірін 

айтады, дәмінің анар жемісіне ұқсайтығын ескертіп, 

суретін салады. Ал тибеттіктер рауғаштың шипалық 

қасиетін біздің жыл санауымыздан 2700 жыл бұрын 

білген екен. Кейін оны қытайлар Грекияға, одан соң 

Персияға қымбат бағаға сатып тұрған. Ол бір кездері 

қытайлардың сыртқа шығарып сататын ең пайдалы 

деген заттарының бірі болған көрінеді. 

Жалпы орыстарда 70-80 мың, ал ағылшындарда 

500 мыңнан астам өсімдіктің  атауы бар екен. 

Ал қазақ тіліндегі өсімдік атауларының саны 

«Уикипедия» ашық энциклопедиясындағы мәлімет 

бойынша – 848. Он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме 

сөздігінде» – 736.  Тоғыз томнан тұратын «Қазақстан 

флорасында» – 350. Әрине, бұл – көңілге кірбің 

түсіретін сан. Сондай-ақ Қазақстанда өсетін 15 мың 

өсімдіктің 730-ы – әлемде тек біздің жерімізде ғана 

кездесетін эндемиктер. Басқасын былай қойғанда, 

тек біздің жерімізде ғана кездесетін осы бірегей 

эндемиктердің төл атауын түгел білмейміз. 

Әрине, «өсімдік атауларының ең алғашқысы 

қайсы?» дегенге дәл жауап беру қиын. Өйткені ол  

халықпен бірге жасасып келе жатыр. Ал тіршілігінің 

қайнар көзі болған төрт түлік малының жағдайына 

қарап, жылдың төрт маусымында шөптің шүйгінін, 

судың тұнығын іздеп, көшіп-қонып жүрген ата-

бабаларымыздың өсімдіктердің қайсысы малға 

жұғымды, қайсысы улы екенін білмеуі мүмкін емес. 

Ендеше қазақ халқында оның төл атауының болмауы 

– мүлде ақылға сыйымсыз жағдай. 

Тарихқа көз жүгіртсек, өсімдіктердің қазақша 

атаулары жөніндегі алғашқы мағлұматтар 

Н.И.Анненковтың 1878 жылы жарық көрген  

«Ботанический словарь» деген кітабында 

кездеседі. Өсімдіктердің қазақ тіліндегі халық 



ҰЛЫ ДАЛА МӘДЕНИЕТІ

ҰЛЫ ДАЛА МӘДЕНИЕТІ

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

86

87

атауларын жинап, жариялауға алғашқы кезде 



шетелдік ботаник-ғалымдар  көп еңбек сіңірді. 

Мәселен, И.В.Ларин (1930), Н.В.Павлов (1947)  

еңбектерінде 300-ге жуық өсімдік атаулары 

берілген. Одан кейін оның саны «Орысша-қазақша 

сөздікте» (1954) және С.Арзымбетов (1955) 

пен Т.Мұсақұловтың (1959, 1960) сөздіктерінде 

толықтырыла түсті. 9 томдық «Қазақстан 

флорасы» (1956-1966) деген кітапқа енген 5630 

өсімдік  түрлерінің 350-нің ғана қазақша атаулары 

келтірілді. Ал  1977 жылғы С.А.Арыстанғалиев пен 

Е.Р.Рамазановтың «Қазақстан өсімдіктері» атты 

кітабында  республикада өсетін 126 тұқымдастың,  

1024 туыстың және  5685 түрдің қазақ тіліндегі 

атаулары келтіріліп, 64 тұқымдасқа халық атаулары 

қабылданып, 25 тұқымдасқа жаңа атау ұсынылды.  

Одан кейін 2002  жылы С.Арыстанғалиев «Қазақстан 

өсімдіктерінің қазақша-орысша-латынша атаулары 

сөздігінде»  гүлді өсімдіктердің  1022 туысы 

мен 5647 түрінің қазақ тіліндегі халықтық және 

ғылыми атауларын келтірді.  Өкінішке орай, өз 

ұлтымыздан шыққан бұл зерттеушілердің бастаған 

жұмысы әлі де жүйелі түрде, өз жалғасын тауып 

жатқан жоқ. Оны кейінгі жылдары жарық көрген 

30 томдық «Қазақша-орысша, орысша-қазақша 

терминологиялық сөздікте», 15 томдық «Қазақ 

әдеби тілінің сөздігінде», 10 томдық «Қазақ тілінің 

түсіндірме сөздігі» және өзге де ғылыми еңбектерде 

өсімдіктердің қазақ тіліндегі атауларының әртүрлі 

көрсетілуінен де айқын аңғаруға болады. 

Өткен ғасырдың алғашқы жартысында жазылған 

Ілияс Жансүгіровтің «Жер түгі» деп аталатын 54 

жолдық өлеңінде 30 түрлі ағаш, 60-қа жуық шөптесін 

өсімдіктің атаулары кездеседі. 

Ағашта өзің білген қарағай, тал,

Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар.

Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша,

Ақ сасыр, қызыл қайың, барша, шынар.

Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,

Үйеңкі, шырғай, балғын тораңғылар,

Сарыағаш, қойқарақат, жиде, шетен,

Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар;

Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік

Сықылды ағаштардың талайы бар.

Биікте бітед шөптен сарыкүйік,

Тістеніп жатыр жұлып малы сүйіп,

«Қымызын сарыкүйіктің ішеміз», – деп,

Албандар қоныстайды құстай биік.

Тауқонақ, шайшөп, маңқа, құлынембес,

Сүттіген, еңдік, мейіз, киізкиік. 

Ақшалғын, көкемарал, бетеге, раң, 

Жапырақтеңге, бұйра, қисық, иық.

Балдырған, уқорғасын, атқұлақты, 

Елік жүр сонысында соны қиып. 

Желкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр, 

Сауыны биеемшектің кеп тұр иіп.

Мыңтамыр, жуа, рауғаш, жаужапырақ, 

Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ, 

Сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ, 

Шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ.

Ішінде сол қурайдың сұлу солар, 

Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ, 

Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып 

Бөлінед жуалар мен таусарымсақ. 

«Қымыздық», «қызсаумалдық» дейтіндерге 

Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ.

Өріске біткен осы өңкей сүттің

Ішінде бір сүйкімсіз отыр бір-ақ:

Қалақай қара тарғыл – ол айтқаным,

Сүйеді сүйкенгенді шымшып, бұрап.

Өзге жан өмірі оған жоламайды,

Төңбекшіп түйе жесе, қалар құлап.

Шалқиды шалғын көлдің қамысындай, 

Атқұлақ Тасарықтың тарысындай

Үш қырлы, сұлу қырлы айылқияқ,

Кіндігі қырғыз өрме қамшысындай.

Селтеңдеп сепсе қурай сырға қадап,

Саржағал сәлемдесед танысындай.

Жуалар шайқаңдаған, ол – бір кербез,

Шалма орап мұсылманның абызындай.

Құс таңдай самал соқса – сыбырласад

Әзілді әйел, ажын-абысындай.

Солармен судырласып ойнайды жел

Дүрмектің көкпар тартқан шабысындай.

Неше елді аттандырған құтты қоныс

Әлі тұр әсемдігі тауысылмай.

Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,

Жерінің Жетісудың бәрі сондай!

Қазіргі жастар бұл өсімдіктердің кейбірінің атын  

мүлде естімегені анық. Өйткені олар күнделікте 

қолданыста аталмайды. Жалпы өсімдіктер туралы, 

олардың атаулары туралы шығарма  жазған ақын-

жазушылар  елімізде аз емес. Өздерінің туып-өскен 

жерлеріндегі өсімдіктер дүниесін  К.Әзірбаев «Шөп 

аттары», Ж.Шантөбетов «Қызылқұм көрінісі», 

С.Мұсабеков «Шөлдің түгі» деген өлендерінде, ал 

Дулат Исабеков «Дермене» повесінде  жан-жақты 

жазады. 

Өсімдіктер туралы сөз болған кезде, көбіне-

көп  оның емдік қасиеті алдымен назарға алынады. 

Өкінішке қарай, Қазақстанда өсетін емдік  өсімдіктер 

тізімінде «Уикипедия» ашық энциклопедиясында 

62 өсімдіктің ғана  атауы бар. Ал халық емшісі, 

тамыршы Сейітқамза Қалиев «Емдік рецептер 

энциклопедиясы. Қазақ емінің рецептері мен Тибет 

медицинасының негіздері» деп аталатын кітабында 

дәрілік өсімдіктерді халық емшілерінің төрт рай 

(суық, ыстық, жылы, салқын), бес дәмге (қышқыл, 

кермек, тәтті, ащы, сор) бөлетінін айтып, 700-ге 

жуық өсімдіктің атауын мысалға келтірген. 

Жалпы дәрілік шөптерді жинап, оны халықтық 

медицинада қолданудың тарихы өте тереңде 

жатыр. Зерттеушілердің анықтауынша, адамның 

ауруға, аштыққа төзімділігін арттыру үшін Шығыс 

Азия халықтары шай ішсе, Орталық Америка 

халықтары какао, Оңтүстік Америка халықтары мате 

жапырақтарын, ал ондағы Амазонка тұрғындары 

гуараны пайдаланған. Біздің дәуірімізге дейінгі 

460-377 жылдары өмір сүрген, медицинаның атасы 

саналатын әйгілі грек дәрігері – Гиппократтың 

еңбегінде 230 дәрілік өсімдіктің атауы келтірілген 

екен.  Біздің дәуірімізден 4000 жыл бұрын 

мысырлықтар дәрілік өсімдіктердің 80-нен астам 

түрін,  3000 жыл бұрын қытайлықтар  230 түрін 

білген.  Б.з.д. 2600  жылдары жазылған Қытайдың 

алғашқы дәрілік шөптер туралы кітабында (Бень 

Цао) 900 дәрілік өсімдік сипатталған. Кейін Әбу 

Әли ибн Сина өз еңбегінде 900-дей дәрілік затты 

пайдалану жолын жазған. Испандық Ибн Байтер оны 

ары қарай толықтырып,  1400 өсімдік түрін сипаттап 

көрсеткен. 

Тарихқа жүгінсек, дәрілік өсімдіктермен 

сауда-саттық жасау біздің дәуірімізге дейінгі 

мыңжылдықтарда-ақ басталғанын байқауға 

болады. Патшалық Ресейде ХVII ғасырда басталған 

дәрілік өсімдіктерді іздеу, анықтау жұмысын түрлі 

экспедиция құрамындағы ғалымдар ХVIII ғасырда 

Қазақ жерінде де қарқынды түрде жүргізе бастайды. 

Ал XIХ  ғасырдың екінші жартысынан бастап 

қазақ жерінен жиналған дәрілік өсімдіктер Еуропа 

елдеріне экспортталды. Бұл жұмысты кейін Кеңес 

Одағы ары қарай жалғастырып, оның тізімі мен 

жиналатын көлемін ресми түрде белгілеп отырды.  

Өкінішке қарай, халықтың ғасырлар бойы атадан 

балаға жалғасып келген дәрілік шөптерді жинау 

мен оны қолдану өнері өткен ғасырдағы күштеп 

ұжымдастыру мен қуғын-сүргін науқандарынан 

кейін тоқырауға түсіп, жинақталған мол білім мен 

тәжірибе ұмыт бола бастады. Көптеген өсімдіктердің 

байырғы атаулары ұмытылып,  сырттан таңылған 

бөтен атауларға ие болды.

Бір кездері әйгілі этнограф Жағда Бабалыққа  

малдың жайын жетік білетін ағасы Оспан тек 

Алматы қаласының айналасында өсетін 10 мың 

өсімдіктің түсін түстеп, қазақша атауын атап берген 

екен. Өкінішке қарай, Жағда атамыз қайтыс болған 

соң, ол кісінің мұрағатындағы құнды деректер 

зерттеушілер назарынан тыс қалып келе жатыр. Егер 

мемлекеттік құзырлы мекемелер қызығушылық 

танытып, оны жарыққа шығарып, ғылыми айналымға 

түсіретін болса, бұл тек Қазақстан ғана емес, күллі 

әлемнің өсімдіктанушылары үшін  зор жаңалық 

болары күмәнсіз.



ҰЛЫ ДАЛА МӘДЕНИЕТІ

ҰЛЫ ДАЛА МӘДЕНИЕТІ

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

88

89



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет