частью общества. Всё это очень важно для формирования патриотов, достойных
граждан своего Отечества. Конкретное осмысление роли и места родной природы в
жизни общества и судьбе Отечества проявляется в каждом ученике в лично
заинтересованном, неравнодушном отношении к ней.
Большое значение для воспитания патриота имеют т тематические недели,
классные часы. Рассказывая о природе, можно связать её с событиями, которые
происходили, например, во время Великой Отечественной войны. Говоря о лесе,
связываем его с партизанским движением, потому что он стал защитой и охраной для
партизан, освобождавших свою Родину от немецко-фашистских захватчиков [6, с.54].
В ходе своей педагогической практики мы с учащимися 6 класса провели
праздник в виде концерта, посвященный 70-летию Великой Победы. Учащиеся активно
включились в работу – одни учили стихи, другие готовили рассказы о своих дедушках
и бабушках - ветеранах, пели военные песни, а в конце мероприятия, в качестве дани
памяти зажгли свечи. Все это позволило ребятам пропустить данную историю через
свое сознание, у кого-то дрожал голос при чтении стихотворения о роли народа, а у
кого-то наворачивались слезы при рассказе о своих близких. Именно в такие моменты
ребенок начинает чувствовать по-новому, по-другому смотреть на привычные вещи.
После проведения мероприятия мною была проведена беседа, в ходе которой
174
выяснилось, что учащиеся относятся с уважением и гордостью к подвигу своих
предков.
Подводя вышесказанное можно сделать вывод о том, что история играет одну из
наиболее важных ролей в формировании любви, уважения и гордости за свою страну.
Патриотами не рождаются, патриотами становятся, и многое зависит не только от
семьи и государственной политики, но и от учителя истории, который сумеет
правильно преподнести до своих учеников историю Родины, а так же научит их любить
и гордиться своей страной.
Литература:
1.
Чернышевский Н.Г. Полное собрание сочинений. В 15 т. Т. 7. - М., 1950. - с 9.
2.
Проект государственной программы по патриотическому воспитанию граждан Республики
Казахстан на 2006-2008 годы // Свободное общество. - Астана - Март. - №1(1). - 69 с.
3.
Галанин Ю. О патриотическом воспитании в кадетском корпусе МЧС // Воспитание
школьников. – 2002. - 215 с.
4.
Волкогонов Д.А. Феномен героизма. – М.,: Политиздат, 1995.- 456 с.
5.
Кобылянский В.А. Национальная идея и воспитание патриотизма // Педагогика. - 1998. - №5. -
122 с.
6.
Даринский А.В. Краеведение. - М.,: Учебная книга, 1995. С. 54.
ӘОЖ 94(524)
СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ (1940-1960)
Темирханова А.С.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
Ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Ибраева А.Ғ.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Солтүстік Қазақстан облысының
ауыл тұрғындарының шаруашылық жағдайы бірқатар қиындықтарды бастан өткерген.
Кеңестер Одағында да экономикалық саясатты жаңартып, жаңа экономикалық даму
жолына түсу мәселелері төңірегінде әртүрлі пікірлер айтылды. 1947 жылға дейін
И. Сталин халық шаруашылығының даму бағытына байланысты дәйекті шешім
қабылдамады. Ұлы Отан соғысының аяқталуымен Кеңестер Одағы мен Батыс
мемлекеттері арасында орын алған алшақтық И. Сталиннің соғыстың алдыңғы
жылдары қалыптасқан экономикалық жүйені қалауына әсер етті. Ендігі жерде кеңестік
басшылар социалистік экономиканы нығайту негізі ретінде бірнеше бағыттарды
белгіледі. Олар: ауыр өнеркәсіп, әскери өнеркәсіп кешенін дамыту; Одақтық
республикалар экономикасын орталықтан басқару; еңбеккерлердің еңбек етуге
ынтасын арттырудың орнына мәжбүрлеу әдістерін қолдану.
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) облыс бойынша егістік жерлер 126
мың гектарға немесе 24,2%-ға қысқарған. Әсіресе Промышлен (40,9%-ға), Полудин
(39%-
ға) және Соколов (38,8%-ға) аудандары үлкен қысқартуларға ұшырады. Соғыстан
кейінгі алғашқы 1946 жыл ауыл шаруашылығы үшін қиын жыл болды. Онсыз да нашар
азық-түлік жағдайын құрғақшылық одан бетер ушықтырып жіберді. 126 мың га
175
алқапты бұрынғы жыртылмаған жерді қайта өңдеуге тура келді. Машина, трактор
паркінің қысқаруы да шаруашылыққа кері әсерін тигізді. Соғыстан кейінгі алғашқы
жылдары астық тапсыру жоспарын көптеген шаруашылықтар жартылай ғана
орындады. 1946 жылы 102 ұжымшар мемлекетке астық тапсыруға қатысқан жоқ. Соғыс
жылдарында облыстың ауыл шаруашылығында техника мен жұмысшылардың
санының аздығына байланысты егістік аудандар мен мал саны қысқарып,
агротехниканың нашарлауы ауылшаруашылық өнімділігінің төмендеуіне алып келді.
Сондықтан басты мақсат ауыл шаруашылық техникасын қайта қалпына келтіру болды.
Төртінші бесжылдық жылдарында облыста төрт МТС ұйымдастырылған болатын.
Облыстың МТС-лары мен кеңшарларындағы тракторлардың саны 74%-ға, ал 1953
жылы екі есеге өскен. Соған сәйкес комбайндардың да саны артқан.
1946-
1947 жылдары Қазақстанды, Украинаны, Белоруссияны, Молдавияны,
Ресейді, Сібірді аштық жайлады. Аштық жайлаған өңірлерде жұрт егістік далаларын
қазып, бұрыннан қалған, үсіген картоппен, қызылшамен, сәбізбен, т.б дәнді-
дақылдармен қоректенді. Аштықтан, аурудан өлгендердің бүгін де әлі есебі жоқ. Сол
жылдардағы газет немесе басқа мұрағат құжаттарыннан «аштық» деген сөз таба
алмайсың. Алайда, аштықтың себебі тек құрғақшылық емес. Жоғарғы билік ұжымшар
мен кеңшарлардан міндетті мемлекеттік астық қорын жинап алғаннан кейін, оған
қосымша тағы үстеме тапсырыс берген. Осының кесірінен шаруаның қолына үкіметтің
өзі еңбеккүн есебінде берген астықты жергілікті шолақ белсенділер жаппай жинап
алып, өздерін аш қалдырған.
Сонымен қатар, 1946 жылғы Солтүстік Қазақстандағы күзгі жауындар егін
науқанын жинауға өз зиянын тигізді. Егінді жинау бойынша ұйымдастыру
жұмыстарына көмектесуге Қазақстанға БК(б)П ОК саяси бюро мүшесі А.И. Микоян
келген. Облыстың бірқатар аудандарында болып қайтқан. 1946 жылы 4 қарашада
облыстағы астықты дайындау жүрісі туралы А.И. Микоянның, БК(б)П ОК инспекторы
Задионченко мен Қазақ КСР Кеңесі Министрлігінің төрағасы Б. Оңдасыновтың
қатысуымен партияның облкомитетінің отырысы өтті. 1946 жылы 8 қарашада
партияның облкомитеті қараша айының алғашқы бес күнінде астықты тапсыру
жүрісіне бақылау орнатып, 416 ұжымшар астықты тапсыру жоспарын орындамағаны,
оның ішінде 102 ұжымшар астықты тапсыруға мүлде қатыспағаны анықталған.
Шаруалардың астықты жаппай ұрлауына жол бермеуіне тырысқан үкімет жазалау
шараларын күшейтті. 1932 жылы астық ұрлағандарды соттайтын халық арасында «бес
масақ статьясы» атанып кеткен заңға қосымша жазалаудың әдістері қосылып, қаулылар
қабылданды. Мысалы, 1945 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша астық
ұрланғаны үшін 290 адам қылмыстық жауапқа тартылған, бұл барлық
«қылмыскерлердің» 38,8%-ы болатын. Астық дайындау кестесін бұзған үшін
прокуратура органдары мен ІІМ 231 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Оның ішінде:
астық жинау мен астық дайындауды бұзғаны үшін – 24, астықты бүлдіргені үшін – 18,
ұрлап, талан-таражға ұшыратқаны үшін – 189 адам жауапқа тартылды. Астық
дайындауды бұзғаны үшін прокуратура органдары мен Ішкі істер министрлігінің
қаулысы бойынша 209 адам сотталды, оның 2-і ату жазасына, 15-і он жылға,
қалғандары әртүрлі мерзімдерге жазаға кесілді [1].
БК(б)П ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1946 жылғы 19 қыркүйекте
«Колхоздағы ауыл шаруашылық артелінің жарғысын бұзуды жою шаралары туралы»
қаулысы бойынша Облыстың партиялық және кеңестік ұйымдары бірқатар жұмыстар
атқарды. 1946-1950 жылдар аралығында облыстың ұжымшарларына қоғамдық және үй
жанындағы 62929 гектар жер, 428 мал басы, 65 автомашина, 11 қозғаушы, 40729
центнер дән, 4,7 млн. рубль қарыз ақша қайтарылды. Қаулыны орындау барысында
Солтүстік Қазақстан облысында жарғыны бұзудың мынадай фактілері анықталғаны
176
туралы дерек бар: 238 колхозда еңбеккүн дұрыс есептелмеген, 130 колхозда ешқандай
қатысы жоқ деп есептелген төлемнен алынып тасталған, ұжымшарлардың үй
жанындағы жерлерінің мөлшері белгіленбеген. Бұл қаулы да ұжымшарлардағы еңбекті
дұрыс бағалауға жол аша алмады және шаруаларға қысым жасау жалғаса берді.
Мысалы, 1947 жылы ақпанда 72 шаруаның меншігінен 7 гектар жер қайтарылып
алынған [2].
1946 жылдың 20 қыркүйегінен 1949 жылдың 1 қаңтар аралығында облыста 3279
адам әкімшілік қызметтерінен, ұжымшар өндірісіне қатысы жоқ 136 адам
жұмыстарынан босатылды. Соғыстан кейінгі жылдары ауылдардағы партиялық
ұйымдардың саны әскерден қайтып келген коммунистер мен ең үздік адамдар есебінен
бірқатар артты. Егер 1945 жылы 1 қаңтарда 426 ұжымшардың 134-інде партиялық
ұйымдар болса, 1948 жылы 1 қаңтарда олардың саны 335 көтерілген.
Облыс пен аудан орталықтарынан 18 мыңға жуық тұрғын кеңшарлар мен
ұжымшарларға егін науқанын жинауға көмектесу үшін ауылдарға бет алды. Петропавл
ауданында әрбір коммунист-ұжымшаршы, ұжымшар өндірісіне белсенді қатысып, 1946
жылы орта есеппен алғанда ұжымшар мүшесіне қарағанда еңбеккүнін 51 пайызға
артығымен орындады. Аудандар, егін науқанын жинау барысының қиындығына
қарамастан, мемлекетке астықты жоспарымен тапсырып отырған [3].
Ауылдарға қарағанда қалалардың азық-түлікпен жақсырақ қамтамасыз етілуі де
халықтың қалаға көшуінің бір себебі еді. КСРО Министрлер Кеңесі мен БК(б)П ОК-нің
1946 жылғы 27 қыркүйектегі «астық тұтынудағы үнемділік туралы» қаулысында
ауылдық жерлерде нанды карточкамен алатын азаматтар санын қысқарту шаралары
белгіленген болатын. Қаланың жұмыс істемейтін ересек азаматтарының бір бөлігі және
қамқорлықтағы жандар паек есебінен шығарылып тасталды [4].
1948 жылы 19 сәуірдегі КСРО Министрлер Кеңесінің «Ұжымшарлардағы
ұйымдастыруды жақсарту, еңбек өнімділігін көтеру және еңбекақыны ретке келтіру
туралы» қаулысы қабылданды. Бұл қаулы ұжымшарлардағы кемшіліктерді түзеуге
бағытталған. Онымен қоса КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумы «Ауыл
шаруашылығындағы еңбек қызметіне қасақана жасаушылар мен қоғамға қарсы
арамтамақтыққа салынғандарды еліміздің қиыр аудандарына жер аудару туралы» (1948
жылы 2 маусым) Жарлығын қабылдады. Бұл қаулы ұжымшар өндірісіне экономикалық
жағдайға қызықтырудың орнына әкімшілік шараларды енгізіп, кінәлілерді іздеуге
кірісті. Облыста 615 ұжымшар мүшесі тәртібін түзеу қажеттілігі туралы ескерту алды.
IX облыстық партия конференциясында ІІМ облыстық басқармасының бастығы Волков
жекелеген ұжымшаршыларға қолданылған әділетсіздікті атап көрсетіп, Соколов
ауданындағы «Дозор Ильича» колхозының колхозшысы Кресстің, Совет ауданындағы
«Баян» колхозынан бригадир Бекішевтің тағы басқалардың жазықсыз жапа шеккенін
жазды [5].
1950 жылы 30 мамырда ұжымшар өндірісін күшейту мақсатында ұсақ
ұжымшарларды ірілендіру шараларын жүзеге асыру үшін жаңа қаулы қабылданды.
Облыста 230 ұжымшар болып, әрбір ұжымшарға 10980 гектар жерден бекітілген. 170-
ке жуық шаруа қожалығы болып, еңбекке жарамды – 226 жұмысшы болған, егін
ауданы – 2172 гектар жерді құраған, қоғамдық мал шаруашылығында – 1922 бас мал
болған. Қазақстанда 1950 жылдың соңында колхоздар саны 6737 болса, олар екі еседей
қысқарып, барлық колхоздардың жартысы ғана қалған. Сөйтіп, бас-аяғы бір жылдың
ішінде колхоздар саны КСРО-да екі есе, ал Қазақстанда екі есеге жуық қысқарды.
Ұжымшарларды ірілендіру шаралары 1952 жылдың басында үлкен нәтижеге ие
болды. Облыста 430 ұжымшардың орнына енді 226 ұжымшар қалды. Олардың 138
ірілендірілген және 88 ірілендірілмеген болып қалды. Ұжымшарлардың экономикалық
жағдайлары өзгере бастады. Егер 1949 жылы облыстың әр ұжымшарына орташа
177
есеппен 6042 гектар жер бекілсе, 1952 жылдың басында оның саны 11602 гектарға
жеткен. Бір ұжымшарға шамамен 86 немесе 155 қора-қобсыдан берілген.
Ұжымшарлардағы еңбекке жарамдылардың саны 130 немесе 230 адамға дейін жеткен.
Жерді, техника мен еңбек ресурстарын рационалды қолдануға шарттар жасалып,
ұжымшар өндірісінің екпінді өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды.
Облыстың бірқатар ұжымшарлары мен кеңшарлары әлі де болса өз даму
қалпында қала берді. 1953 жылғы қыркүйектегі КОКП ОК Пленумы ауыл шаруашылық
артта қалу себептері мен басшылықтың жіберген қателіктерін айқындап берді. Билікке
таласушылар арасындағы ішкі саяси тартыс салдарынан, аграрлық реформаның тиімді
нәтижелері жоққа шығарылды. Қыркүйектегі және кейінгі Пленумдарда ауыл
шаруашылығының барлық бағытында мықты бағдарламалар жасалып, оларды шешудің
нақты жолдары көрсетілді. Ауыл шаруашылығы бірқатар жаңа техника қабылдады.
1954 жылы 5-6 ақпанда өткен Қазақстан Компартиясы Ок пленумында бірінші
хатшыны және екінші хатшы И.И. Афоновты республикалық партия басшылық
қызметтен босатады. Бірінші хатшылыққа П.К. Пономаренко, ал екінші хатшының
орнына Л.И. Брежнев сайланады. Қалыптасқан жағдайға байланысты 1954 жылы 23
ақпаны мен 3 наурыз аралығында Мәскеуде КОКП ОК пленумы өткізілді. Пленум
«Тың және тыңайған жерлерді игеру арқылы астық шаруашылығын көбейту» және
«Екі-үш жылдың ішінде еліміздегі халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету»
туралы қаулы қабылдаған.
Мемлекеттің бірінші хатшысы Н.С. Хрущев болса екі-үш жылд азық-түлік
өнімдерімен қамтамасыз ету проблемасы шешіледі деп үміттенді. Мемлекетте,
республикада қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстанның солтүстік
аймағында тың және тыңайған жерлерді игерудің нақты тәжірибесі 1954 жылы 1
наурызда басталды. Солтүстік Қазақстан облысына Алматыдан тың игерушілердің
алғашқы отряды 1954 жылы 2 наурызда келген. Олардың құрамында 74 комсомол
мүшесі болған. Одан кейін 1954 жылы 4 наурызда Мәскеуден еріктілердің отряды
келген болатын. Келгендердің көбісінде мамандықтары болмаған, оларды Петропавл
қаласындағы жатақханаларға орналастырып, ауыл шаруашылық механизаторы
мамандығының курстарына жіберген.
Солтүстік Қазақстандағы алдыңғы қатарлы ұжымшарлардың жетістіктері
көптеген артельдердің тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысын туғызған.
Мәселен, Конюхов ауданының «Путь Ленина» колхозында егіннің орташа шығымы
гектарына 14,5 центнер болса, жаңа игерілген жерден гектарына 30 центнерден өнім
алған. Ұжымшарларда жаңа 350 гектар жерге егін егілген. Преснов ауданындағы
Молотов атындағы артель, Ленин ауданындағы «Бұлақ», «Мир» артельдері 1954-1955
жылдары бір мың гектардан жаңа жерлерді игерулері тиіс болған. Кезекті бір
жиналыста Ленин ауданының Воровской атындағы ауылшаруашылық артелі жоспары
ұлғайтып тыңайған жерлердің есебінен астық егетін жерді 500 гектарға көбейтуге
шешім қабылдады [6].
1954 жылы 20 сәуірде жаңа тың совхозы құрылысының салына бастағаны туралы
хабарланды. Возвышен ауылынан 40 шақырым жерде құрылысшылардың алғашқы
шатыры пайда болды. Мәскеуден, Кубань өлкесі мен Сочиден келген құрылысшылар
жаңа үйлердің ірге тасын қалады, механизаторлар жаңа совхоздың болашақ орталығын
салуды бастады. қоныстанушылар қиындықты жеңіп, қажырлы еңбек еткен.
1954 жылы 13 наурыз бен 29 наурыз аралығында қаулыға сай облыста 12
шаурашылық құрылған. Олар: Булаев ауданы бойынша: «Булаев» (директоры Кенжер
А.Ф.), «Жданов» (директоры Николенко М.П.), «Молодогвардейский» атындағы
(директоры Лизунов Н.М.) және т.б. Жаңа совхоздарды құру жыл бойы толласыз
жүргізілді. 1954 жылы 1 қазанда «Озерный» және «Целинный» совхоздары, 12 қазанда
178
Булаев ауданында «Веселовский» совхозы, 21 қазанда «Молодежный» және
«Черкасский» совхоздары ұйымдастырылды. Алғашқы тың игерілген жылдары СҚО-
ның аумағында 19 тың игеруші совхоз құрылды. 1954 жылы наурызда бұрынғы
Возвышен кеңшарына Москва, Сочи, Ярославь, Краснодар қалаларынан 530 қыз бен
жігіт келген. Келгендердің көбі өндіріс жұмысшылары, бұрын станокта істегендер
болатын.
Солтүстік Қазақстан облысында 1955 жылдың желтоқсанында 37 кеңшар болған.
Есеп беру кезінде 19 жаңа ірі кеңшар ұйымдастырылды. Бұл кеңшарлар 2616 трактор,
1164 комбайн, 793 автомашина мен өзге де күрделі техника алған [7].
Солтүстік Қазақстан астық өндірудің өте жоғарғы көрсеткішіне 1956 жылы
жеткен. Ауа райы қолайлы болып, бұрын төрт жылда жиналатын астыққа бір жылда
қол жетті. Отан қоймасына 85 мың пұт астық тапсырылды. Бұл үш жылда берілетін
астыққа тең болған. Облыс әр гектардан орта есеппен 12,7 центнер өнім алса, кейбір
аймақтар бұдан екі еседен артық шығымдылыққа қол жеткізген. Мысалы, Конюхов
ауданы бойынша – 17,5 центнер, Петропавл кеңшарында – 26 центнер астық алған.
Осының барлығы жеке адамдардың, жеңімпаз идея мен Мәскеудің көреген
басшылығының арқасында деп түсіндірілді. Облыс, барлық аудандар, 12 кеңшар, 21
МТС, 111 ұжымшар ҚКП ОК мен Қазақ КСР Министрлер кеңесінің ескерткіш Қызыл
туын алған. Ауылшаруашылығы партия, кеңес, кәсіподақ және комсомол қызметкерлер
санатынан 3700 адам ордендермен, медальдармен марапатталған. 12 адамға
Социалистік Еңбек Ері деген атақ берілген. 37 мың адам «Тыңды игергені үшін»
медальмен мараптталған.
1957 жылы экономика салалық басқарудан аймақтық басқаруға өтіп көптеген
министрліктер жойылып, кәсіпорындар аймақтық халық шаруашылығы кеңестеріне –
совнархоздарға көшірілді. Сөйтіп, өнеркәсіп пен құрылыста мемлекеттің билігін
шектеу процессі басталды. Солтүстік Қазақстан мен Көкшетау облыстарының
кәсіпорындары бір совнархозға бірікті. Теміржолшылар жоспардан тыс 1,5 млн. тонна,
автокөлік 17,6 млн. тонна жүк тасымалдады. Тұрғын үй құрылысы дамытыла бастады.
1960 жылғы 26 желтоқсанда құрылған Тың өлкесінде 5 облыс – Қарағанды, Семей,
Шығыс Қазақстан, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан, 67 аудан, 54 кеңшар тресі, 642 кеңшар,
103 ұжымшар бар еді. Ауыл шаруашылығының аудандық, облыстық, өлкелік
басшылық құрылымында 5064 маман жұмыс істеді.
Ауыл
шаруашылығында
жұмыс
істейтіндердің
әлеуметтік-тұрмыстық
жағдайларын жақсартудың бір шарасы ретінде 1953 жылы қыркүйекте партияның ОК-
ті пленумында қаралған «Шаруалардың қосалқы шаруашылығы туралы» мәселе 1964
жылы 27 қазанда қайта қаралды. Колхозшылардың Бүкілодақтық III съезінде
ұжымшардың жаңадан жасалған «Үлгі жарғысы» қайта қаралып, бекітілді. Осы
жарғының арнайы бөлімінде колхозшылардың қосалқы шаруашылығы туралы нақты
айтылып, жеке меншікте мал ұстауға қойылған шектеу алынып тасталды. Ауылдағы
еңбеккерлердің мал ұстауға, үй іргесіндегі бау-бақша баптауға көмек көрсетілді.
КОКП-ның XXIV съезінде бекітілген бағдарламасында ұжымшар шаруалары мен
кеңшар жұмысшыларының қосалқы шаруашылығында құсты, мал басын көбейту
қарастырылды. 1960 жылдары аса көп шығын қажет етпейтін үй іргесіндегі
шаруашылық жүйесін қайта құру үрдісі жалғасты.
1960 жылдың басында аграрлық сектордан әскери-өндірістік кешенге қаражатты
басым жұмсау одан әрі сақталып, КСРО қарулану жарысына белсене қатысты. 1960
жылдың басында Хрущевтің көптеген бейбітшіл мәлімдемесіне қарамастан, мол қаржы
әскери салаға жұмсалып, ауыл шаруашылығын қаржыландыру соңғы орында қала
берді. 1963 жылғы егіннің шықпай қалуы, соған дейін жүргізілген аграрлық
реформаның азды көпті оң әсерлерін жоққа шығарды.
179
1963 жылдан бастап ішкі қажет үшін шетелден астық сатып ала бастады. бұл ауыл
шаруашылығындағы терең дағдарыстың көрінісі еді. 1961-1963 жылдары ауыл
шаруашылық өндірісінің дамуы жетіжылдықта жоспарланған 70 пайыздың орнына 14
пайызға ғана орындады.
Қорыта айтқанда, 1954-1964 жылдардағы КСРО-дағы социалистік қайта құру
ауыл экономикасын құлдыратқан. Ауылды, тиісінше, ауыл шаруашылық өндірісін
қайта құруға бағытталған көптеген саяси экономикалық шаралар күткен нәтижелер
бермеді. Жаңа бағдарлама мен шынайы өмір арасында терең қайшылықтар кездесті.
Әдебиет:
1.
СҚММ. 22-қ., 04-т., 164-іс, 15 п.
2.
СҚОПМ. Ед.хр. 164. Л.19. Ед.хр. 194. Л.227
3.
СҚОПМ. 22-қ., 4481-қ., 139-п.
4.
Данилов А.А., Пыжиков А.В. Рождение сверх державы. СССР в первые послевоенные годы.
М., 2001, - 274 с.
5.
СҚОПМ. 22-қ., 4-т., 11 п.
6.
Қонаев Д. А. Өтті дәурен осылай. – А.: Дәуір, 1992, - 448 с.
7.
СҚММ. 22-қ., 5-т., 470-іс.
180
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР / ТЕХНИЧЕСКИЕ НАУКИ
THE STUDY OF ELECTRICAL CIRCUITS IN UNIVERSITY TECHNICAL
SPECIALTIES THROUGH INFORMATION VISUALIZATION USING
MICROSOFT OFFICE APPLICATIONS
Sukhov M.V.*, Kudritskaya M.I.*, Lifenko V.M.**
(*Kostanay State Pedagogical Institute, **Kostanay State University after A.Baytursynov)
Abstract: This paper describes the process of optimizing the training of engineers and
technicians through information visualization using Microsoft Office applications.
Keywords: optimization of the educational process, simulating the program, a training
simulator, and Microsoft Office applications.
Introduction
Visualization of educational information technology is one of the methods for
educational process optimization. The process of solving the experimental technical and
physical problems begins with a study of the theoretical foundations and definitions. At the
workshops familiarity with formulas is achieved by using Microsoft Office applications by
typing mathematical symbols in the formula editor, imported from the Power Point slides,
followed by oral presentation of the information in the slides.
Students learn the definitions in the process of creating a video using mobile devices, the
WEB-camera or digital video camera, accompanied with a voiced text and formulas.
Image schema, on the proposed layout of the circuit is carried out with the help of Electronics
Workbench Help program (Figure 1).
Figure 1 Figure schemes implemented using Electronics Workbench Help program
Familiarity with conventional graphic symbols of discrete elements, rules and features
of the oscilloscope connectivity, ammeter, voltmeter and ohmmeter and scientific
measurement method and the recording device is performed through this simulating program.
Method for mathematical modeling is widely used to study the modes of operation of
electrical circuits, along with numerical and analytical methods.
181
Organization of educational research:
Image circuitry is implemented in a graphics editor Paint Brush and imported into Excel
environment, whereby the readings of ammeters and voltmeters get visualized (Figure 2).
Visualization of experimental results of the solved problem is represented by graphics, tables,
charts, flowcharts, and mathematical model. The corresponding mathematical model
facilitates the analysis of the electrical characteristics of the electronic device and each loop
can be used to predict conditions and usage.
Figure 2 Implementation of a mathematical model of the electrical circuit sinusoidal current
with Microsoft Office Excel application.
Visualization of problem-solving process for the simplified model or device is also
carried out on the simulator (Figure 3), implemented in the visual environment, C ++ Builder
6.0 software [1-2]
Figure 3 The implementation of a mathematical model of the sinusoidal current electrical
circuit using a visual programming environment C ++ Builder 6.0.
Rendering algorithm
1.Selection of the experimental conditions
182
2.Installation parameters of discrete elements and power supply circuit
3.Manipulation with objects models
Exploring the different operating modes of the circuit, the trainees thoroughly learn the
laws of the flowing sinusoidal current as well as scientific methods of measurement and get
the skills of chains assembly.
Conclusion: Visualization of the experimental tasks results is an effective method to
improve the quality of mastering a sinusoidal current flow laws. Development of a
mathematical model of the electronic device for the investigation of their characteristics and
the prediction modes of operation contributes to the optimization of teaching and research
training of engineers and technicians for their future professional activity.
List of sources used:
1.
Bazhenova I.J. Delphi 7. Teach programmista. - Univ.: Kudits-image, 2003. - 448 p.
2.
Galiseev G. Programming in Delphi 7: Teach. - Univ.: Williams, 2003. - 288 p.
183
Бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы №13404-Ж Куәлік ҚР мәдениет және ақпарат
министрлігімен 2013 жылдың 25 ақпанда берілген. «Жоғары оқу орындары аралық хабаршы»
журналының 2(30)-шi нөмiрiн басып шығарған М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан
мемлекеттiк университетi. Басуға 22.06.2016 ж. қол қойылды. Форматы 60х90 1/8. Көлемі
22,9
шартты б.т. Таралымы 40
дана. Қағазы газеттік. №100 тапсырыс.
Свидетельство о постановке на учёт средства массовой информации №13404-Ж от 25.02.2013 г.
Выдано Министерством культуры и информации Республики Казахстан. Издатель
«Межвузовского вестника» №2(30) - Северо-Казахстанский государственный университет
им. М. Козыбаева. Подписано в печать 22.06.2016 г. Формат 60х90 1/8. Объем 22,9 усл.п.л.
Тираж 40 экз. Бумага газетная. Заказ №100.
Отпечатано в Северо-Казахстанском государственном университете им. М. Козыбаева
150000, г. Петропавловск, ул. Пушкина, 86.
Document Outline - межвузовский вестник _2(30)2016 г. редколлегия, выходные
- Члены коллегии
- Акбердин Р.А., доцент ВАК
- Усеинов Б.М., к.ф.-м.н., доцент
- Савинкин В.В., д.т.н.
- Минжасов К.И., д.вет.н., профессор
- Сагалбеков У.М., д.с.-х.н., профессор
- Баязитов Т.Б., к.с.-х.н.
- Гершун В.И., д.вет.н., профессор
- Цапова О.А., к.э.н.
- Колдыбаев С.А., д.филос.н., профессор
- Баёв А.В., к.филос.н.
- Табакова З.П., д.ф.н., профессор
- Кадыров Ж.Т., к.ф.н., доцент
- Мурзалинова А.Ж., д.п.н., профессор
- Содержание МВ №2(30)2016г.
- МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ
- Шарапова Е.Г. (СКГУ им. М.Козыбаева, студентка гр. зПМНОII-в-14) Использование технологии проблемного обучения для развития функциональной грамотности младших школьников…………..……...…………....
- ТМНДО Сборник конференции 28 янв 2016 Секция _2 стр. 3-136
- 2. Мельникова Е.Л. Проблемный урок или как открывать знания с учениками, Пособие для учителя. – М.: Баласс, 2008, 56 с.
- 3. Особенности формирования функциональной грамотности учащихся основной школы при освоении дисциплин общественно-гуманитарного цикла. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. 40 с.
- Формативное оценивание – это процесс поиска и интерпретации данных, используемый учениками и их учителями для определения этапа, на котором находятся обучаемые в процессе своего обучения, направления, в котором следует развиваться, и установления, как...
- Таблица 1. «ЗАВЕРШИ ФРАЗУ»
- Таблица 2. ОЦЕНКА СОБСТВЕННОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ НА УРОКЕ
- На последующих уроках ученики проводили рефлексию по таблице «Микрофон» и листам самооценивания [Рисунки 3 и 4]. Быть может эти виды покажутся однотипными, но для меня было важно, чтобы дети учились оценивать себя объективно, так как мы с ними ещё тол...
- Рисунок 3.
- Рисунок 4.
- После серии уроков я провела консультирование с учениками посредством анкетирования. В анкету я включила вопросы, позволяющие увидеть отношение ребят к формативному оцениванию. В анкетировании принимало участие 23 ученика. [рисунок 5]
- Проанализировав методическую литературу и свою практическую работу, я сделала определённые выводы. Оценивание является тем камнем преткновения, о который споткнулся не один учитель в своей практике. Формативное оценивание поможет детям воспринимать о...
- Литература:
- «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-16 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» атты құжатында «...тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай...
- Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының...
- Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық негіздеріне келер болсақ, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері ескерілуі керек. Оқу, жазу сауаттылықтарын қалыптастыруда, ең ...
- УДК 378
- ОСНОВЫ ОРГАНИЗАЦИИ ГРУППОВОЙ РАБОТЫ
- НА УРОКАХ В НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЕ
- Крылова Е.А.
- (школа-лицей «Дарын»)
- РНПК Земля родная-2016+КостГУ стр.137-183
- 1. Назарбаев рассказал, как Казахстан стал многонациональным государством. Режим доступа: 4TUhttps://www.nur.kz/kk/888124-nazarbaev-rasskazal-kak-kazakhstan-st.htmlU4T
Достарыңызбен бөлісу: |