Сабаққа арналған сұрақтар: Өткен тақырыптардан: 1. Коллаген талшықтарының құрылысы
2. Коллаген талшықтарының түрлері мен түзілуі
3. «Дифференциялану» түсінігі.
Сабақтың тақырыбы бойынша 1. Шеміршек- мүше ретінде. Гиалинді және талшықты шеміршек.
2. Сүйек тіні. Өсуі. Регенерациялану мүмкіншіліктері.
3. Қаңқалық тіндердің гистогенезі.
Сүйек-мүше ретінде. Жасқа байланысты өзгерістері мен сүйектің қайта құрылуы.
Сабақты өткізу түрі: Бастапқы білім деңгейін анықтау (жазбаша немесе/және ауызша сұрау), сабақтың тақырыбы бойынша №1,2,3,4,5,6,7 тәжірибелік дағдыларын көрсету. ҚО кезінде: Moodle dis.kaznmu және Zoom, MS Teams. Платформалары қолданылады.
Бақылау: жазбаша немесе/және ауызша сұрау, тәжірибелік дағдыларды демонстрациялау барысында баға қойылады (бағалау парағы бойынша) (сабақтың суммативті бағасының 100%). ҚО кезінде: Moodle dis.kaznmu және Zoom, MS Teams платформалары қолданылады.
БОӨЖ тапсырмалары:Ситуациялық есептерді шешу, хаттаманы сапалы толтыра білу, препараттардағы гистологиялық құрылымдардың суретін салу, белгілеу. ҚО кезінде Moodle dis.kaznmu және Zoom, MS Teams платформалары қолданылады.
БОӨЖ бақылау: бағалау формативті (аралық бақылау кезінде кері байланыс түрінде)
Сабақ № 3. Сүйек байланыстары. Буынның құрылысы.
Сабақтың сонында студент: Тірек-қимыл жүйесінің мүшелерінің микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысын анықтай алады.
Микроскоптың көмегімен тірек-қимыл мүшелерінің құрылымдық компоненттерін анықтай біле алады.
Сүйектердің байланысының тіндік құрамын микроскоппен анықтай алады.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өзінің білімділігін, бастапқы ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіре алады.