Редакциясын басқарған т.ғ. д, профессор М.Ғ. Ескендіров



Pdf көрінісі
бет20/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,64 Mb.
#6429
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

 
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты.-Алматы:Қазақ университеті.1992. (37). 
2. Народное образование наука и культура в СССР.  стат. сб. М., 1971,  (22). 
3. Очерки истории Казахской советскойлитературы. - Алма-Ата.:  1958. (27). 
4. Литературная энциклопедия. 1-т. 1929. 
5.  Бейсембиев  К.  Победа  марксистко-ленинской  идеологии  в  Казахстане.-  Алма-Ата: 
Казахстан. 1970. (201). 
6. Қызыл-Қазақстан,1927, №1,40б. 
7. Еңбекші қазақ. 1925.14 қаңтар.  
8. Бүкілқазақстандық РК(б)П   конференциясы. Қызыл-Орда.1925,44б. 
9. Майлин Б. "Екі оқушыға жауабым//Социалды Қазақстан,   1934.12 маусым. 
10. Қызыл-Қазақстан.1927. №1. Б.38-39. 
11. БК(б)П Казкрайкомның V пленумының қаулылары мен қарарлары.А.,1929. 82б. 
12. Сонда, (82).  
13. Бұл да сонда, (82). 
14. Казахстанская правда. 1932.  21 апрель,№91. 
15. Казахстанская правда. 1932. 21 апрель,№91. 
16. ҚРПМ. 141 қ., 1 т.2387 іс. 168п. 
17. Михайлов В., Хроника Великого Джута, Алматы. СП."Интербук".1990. 205с. (91) 
18. Ленин В.И. Биографическая хроника.- М.,1976. т.7. 541с; 1977. т.8. (108). 
19.Кудерина Л.Д. Геноцид в Казахстане.-АО "Скорпион" М.:1994.   (8). 
20. Қазақ әдебиеті,1989, 26 мамыр. 
21. Советская степь. 1932, 20 январь, № 17. 
22. Лениншіл жас. 1937. 8 тамыз, № 117. 
23. Лениншіл жас. 1927. 21 қазан 
24. Лениншіл жас. 1937. 4  тамыз 
25. Лениншіл жас,1937. 18 шілде 
26. Лениншіл жас,1937. 8 тамыз 
27. Лениншіл жас,1937.12 қыркүйек 

151 
 
28. Лениншіл жас. 1937. 16 қазан 
29. Социалистік  Қазақстан, 1937. 15  тамыз 
30. Социалистік  Қазақстан, 1937. 27  тамыз 
31. Қазақ әдебиеті,1937. 26 сәуір  
32. Қазақ әдебиеті,1937. 26 сәуір  
33. Қазақ әдебиеті. 1937. 31 тамыз; Лениншіл жас. 1937, 12қараша.  
34. Лениншіл жас,1937.21 қаңтар. 
35. Лениншіл жас, 1988. 1 қазан. 
36. Ақиқат. 1997.№ 5.Б.20.  
37. Ақиқат. 1997.№ 5, Б.20.  
38. Байтұрсынов А., Шығармалары. "Жауға түскен жан сөзі." -      Алматы:  Жазушы. 1989. 
320б. (33). 
 
 
ӘОЖ 63.3                                   
Әбдіғұлова Б. Қ. 
пед.ғыл.док., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
МАНАШ ҚАБАШҰЛЫ ҚОЗЫБАЕВ - ТҰҒЫРЫ БИІК ТАРИХИ ТҰЛҒА 
 
Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  (1931-2001)  -  Қазақстан  Республикасы  Ғылым 
академиясының  академигі,  ғалым,  публист,  қоғам  қайраткері,  Қазақстан  Республикасының 
еңбек  сіңірген  ғалым  қайраткері,  Мемлекеттік  және  Ш.  Уәлиханов  атындағы  сыйлықтың, 
Президентік  «Бейбітшілік  және  рухани  келісімдік»  сыйлығының  иегері,    тарих 
ғылымдарының докторы, профессор. 
Ол Қостанай облысы Ленин ауданы Киевский совхозында дүниеге келген. Бұл кезде 
1928-1930  жылдары  конфискілеу,  ал  1931  жылдары  коллективтендіру  науқаны  жүріп  елде 
жұт пен аштық басталды.  
Осындай ауыр кезеңде дүниеге келген ұлын әкесі Қабаш (Ғабдолла) “Манаш” деп ат 
қойыпты. Әкесі Қабаш колхозды құруға белсене араласып, кейін ол үлкен ауылға айналған. 
Тарихшы-ғалым  балалық  шағын  былай  еске  алады:  “Мен  отызыншы  жылдары 
ашаршылық  жайлы  тек  әкемнің  айтуынан  немесе  архивтегі  құжаттардан  ғана  білмеймін. 
Өзім  шетін  көрдім  де.  Отызыншы  жылдардың  аяғы  болатын.  Бір  күні  әкеммен  бірге  келе 
жатып  ескі  көңдердің  ортасымен  өттік.  Байқап  қарасам,  жан-жағымыздың  бәрі  ескі  үйлер. 
Бірінің төбелері, енді біреулерінің есік, терезелері жоқ. Құллы жаңа ғана көшіп кеткен ауыл 
сияқты. Әкемнен “Бұл ауылдың адамдары қайда?” деп едім, ол “Балам-ау, бұл ауылдан бір-
ақ отбасы тірі қалған, қалғандарының барлығы аштан қырылған”-деді: Тұла бойым тітіркеніп 
кетті.  Сөйтсем,  мұндай  ауылдар  біздің  өңірде  өте  көп  екен.  Содан  болар,  менің  есімде  сол 
жылдар  қатты  қалды.  Ол  кезде  жазуға,  мұндай  шындықтың  тіпті  шетін  шығарып  айтуға 
рұқсат  жоқ.  Жағын  ашқан  жан  жазаға  тартылып,  қудалауға    ұшырайтын.  Қазақ  халқының 
тарихындағы “ақтабан шұбырындыдан”, кейінгі үлкен трагедияның бірі осы кезең болды״,– 
дейді (1). 
Жеті  жылдық  мектепті  бітірген  соң,  1947  жылы  Меңдіқара  педучилищесін  үздік 
бітіріп,  бір  жылдай  мұғалім  болып  жұмыс  істеген.  1953  жылы  М.Қозыбаев  С.М.Киров 
атындағы  ҚазМУ-тінің  тарих  факультетін  А.Иманов  атындағы  стипендиямен  оқып 
бітіргеннен  кейін  Қостанай  педагогикалық  институтында  аға  оқытушы  қызметін  атқарды. 
Сол  институт  қабырғасында  жүріп  кандидаттық,  ал  1969  жылы  тарих  ғылымынан 
докторылық диссертация қорғайды.  
1958  жылдан  КГИС  ОК  жанындағы  Марксизм-ленинизм  институтының  қазақ 
филиалы,  Партия  тарихы  институтында  аға  ғылыми  қызметкер,  ғылыми  секретарь  болып 
істеді.  Содан  кейін  түрлі  жауапты  қызметтерде  жұмыс  істеп,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 
жүргізді. 

152 
 
1941  жылы  “Қазақстан-майдан  арсеналы”-  атты  монографиясына  Ш.Уәлиханов 
атындағы сыйлық берілді. Қазақ совет энциклопедиясының бас редакторы, ҚазКСР ҒА-ның 
Ш.Уәлиханов  атындағы  тарих  және  археология  институтының  бөлім  меңгерушісі,  кейін 
өмірінің  соңына    дейін  сол  институттың  директоры  қызметін  атқарды.  1989  жылы  ҚазКСР 
ҒА  толық  мүшесі,  1995  жылы  ҚР  мемлекеттік  сыйлығын,  1997  жылдан  Президенттің 
Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының иегері. Ғалым зерттеу жұмыстарында Отандық 
тарихтағы  ең  өзекті,  ״ақтаңдақ״мәселелерді  терең  зерттеп,  400-ден  аса  еңбектер,  мақалалар 
жазды, олар орыс, украин, азербайжан, армян, молдаван және басқа тілдерге аударылды. 90 
жуық ғылым докторлары мен кандидаттардың ғылыми жетекшісі болды. Қазіргі мектептегі 
10  сынып  Қазақстан  тарихы  оқулықтарының,  бағдарламаның,  хрестоматия  мен  жұмыс 
дәптерінің авторы.  
«Ақтаңдақтар  ақиқаты»,  «Тарих  зердесі»  деп  аталатын  еңбектерін  ғалым  еліміз 
егемендік  алып,  тәуелсіздік  туын  тіккен  тарихымызға,  бостандық  үшін  күресте  ту  ұстаған, 
ұлттық  мүддені мұра еткен, арыстардың өмір жолына арнаған.  
 Ғалым былай деп жазады: «Ол бізге қымбат ата-бабаның рухын көтергені үшін! 
Ол бізге қымбат-сөнген мемлекетіміздің атын маздатып, жандырғаны үшін! Ол бізге 
қымбат-елімізді  қатарға  қосып,  әлемдік  қауымға  ендіргені  үшін!  Ол  бізге  қымбат–ата 
тарихымызды,  ана  тілімізді,  дінімізді,  ділімізді,  қаз  қатар  тұрғызып,  «Қазақ»    деген  атауға 
қан мен жан кіргізгені үшін! 
Ол  бізге  қымбат-«Отан»  деп  жүрегімізді  қақтырғаны  үшін,  «Елім»  деп  елеңдетіп, 
«Жерім»  деп  желпінтіп,  барша  62  тамырымызды  игізіп,  ата  жұртын  сүйдіргені  үшін.  
 
Рухымыз сөнбесін, бағымыз өрлесін, ағайын!». 
Манаш  Қабашұлының  мен  соңғы  докторанттарының  бірімін.  Ғалымның  тамаша 
қасиеттерінің  бірі  қарапайымдылығы,  еңбекқорлығы,  дарқан  даладай  көңілі  мен  ниетінің 
ақтығы мен кеңдігі.  Манаш аға 70 жасқа толғаннан кейін диссертациямды алып барып, аға 
мен  жұмысымды    бітірдім  дедім.  Сол  кездегі  жарқын  жанды,  кең  пейілді  адамның  жас 
баладай қуанғаны көз алдымда. Диссертацияны қолына алып, сондай қуанып, мәз болғанын 
көріп,  өзімде  қуандым.  Қашанда  барсаңыз  жұмыс  столының  алды  кітаптар  мен 
диссертацияларға толы болатын. Жұмысының көптігіне қарамастан жылы жүзбен, ренжімей 
елді  қабылдап,  қабылдауға  уақыт  табатын.  Жұмысым  көп,  қарай  алмаймын  деп  айтқанын  
естіген емеспін. Сайын даладай әрқашанда кең адам еді. Ағамыз жәнатта болсын.  
Қостанай  университетіне,  Алматыдағы  көшелердің  біріне  ғалым  есімі  берілген. 
Бүгінде  М.Қозыбаев  атындағы  қазіргі  Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  университетінде 
аудитория бар.  
М.Қозыбаев  өз  елінің  адал  перзенті,  тарих  жаршысы,  мақтан  тұтартұтар  азаматы, 
тұғыры биік тарихи тұлға. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. -Алматы., 1998. 
 
 
Төленова З.М. 
т.ғ.к., доцент,  ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 
бөлім меңгерушісі 
 
АКАДЕМИК М. ҚОЗЫБАЕВ: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ 
ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ 
 
Бүгінгі Қазақстан халқы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған киелі тәуелсіздіктің 
даңғыл  жолымен  дамып  келе  жатқанының  25  жылдығын  атап  өтуде.  Осынау  бір  атаулы 
оқиғаның  тарихында  ерекше  орын  алатын  тұлғалар  аз  емес.  Солардың  бірі  де,  бірегейі  де, 
мерекелі  жылы  85  жылдық  мерей  тойы  тұспа-тұс  келіп  отырған  Ұлттық  Ғылым 

153 
 
академиясының  академигі,  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Қазақ  КСР  Ғылым 
академиясының  Ш.Ш.  Уәлиханов  атындағы  сыйлығының,  ҚР  Мемлекеттік  сыйлығының, 
Президенттік  бейбітшілік  және  рухани  келісім  сыйлығының,  «Қазақ  ССР  ғылымына  еңбек 
сіңірген  қайраткері»  құрметті  атағының  және  «Парасат»  орденінің  иегері  –  Манаш 
Қабашұлы Қозыбаев. Өйткені Қазақстандағы тарих ғылымының дамуы жолында қарымталы 
еңбек  еткен,  ал  ескі  құндылықтардан  бас  тартып,  жаңа  құндылықтарды  қабылдау  мен 
пайымдауда  жаңа  тұжырымдамалық  тарихи  еңбектер  қажет  болған  тәуелсіздіктің  алғашқы 
онжылдығында  отандық  тарих  ғылымының  көшбасында  болған  академик  М.Қ.  Қозыбаев 
ғалым, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері ретінде де ұлтына адал қызмет еткен тұлға. 
Ойымызды  Халық  жазушысы,  белгілі  қоғам  және  мемлекет  қайраткері  Ә. 
Кекілбаевтың  “Біліммен  қоса  білік  деген,  азаматтықпен  қоса  кісілік  деген  ұғымдар  бар. 
Халық соңғы екеуін алдыңғы екеуінен кем қадірлемейді. Өз басыңды күйттегенде қайсысына 
жүгіну өз еркің, ал ел мүддесін күйттегенде төртеуіне бірдей жүгіну шарт. Манаш Қозыбаев 
– осыны терең түсініп, қапысыз меңгергендіктен де саясатқа келген ғалым” [
1
], - деп берген 
бағасы нықтай түсері анық. Ақиқатында кемеңгердің сөз астарында  талай сыр мен шындық 
жатыр емес пе?!. 
М.  Қозыбаевтың  ғылыми,  ғылыми-ұйымдастырушылық  және  педагогикалық 
қызметтерімен  қатар  мемлекеттік  және  қоғамдық  өмірге  де  белсенді  араласқан  көрнекті 
қоғам  қайраткері  ретінде  шыңдалған  кезеңі  -  ХХ  ғасырдың  80-жылдарының  ортасында 
басталған  қайта  құрулардың  тұсындағы  жаңа  серпін,  демократиялық  ағымдар  мен 
сөзбостандығы уақыты еді. Бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін өріс алған ұлттық 
сана  мен  тарихи  шындықты  қалпына  келтіру  жолындағы  алғашқы  қадамдар  болатын, 
сондықтан тарихшыларға ғана емес, жалпы қоғамтанушылар үшін жаңа міндеттер жүктеген 
күрделі жылдар деуге болады. М.Қ. Қозыбаев осы тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінен бастап-
ақ  оның  маңызы  туралы  алғашқы  ой  қозғап,  мәселе  көтерген  тарихшы-ғалым  және  халық 
қалаулысы еді. 
Тоқсаныншы  жылдардың  бас  кезінде  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің 
ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жою мәселелері жөніндегі идеологиялық комиссиясының 
ғалым-сарапшылар құрамында болған М. Қозыбаев «Қазақстан К(б)П ОК-нің 40-шы жылдар 
мен  50-ші  жылдардың  бас  кезінде  қоғамдық  ғылымдарға  қатысты  қабылдаған  кейбір 
қаулылары  туралы 
анықтаманы» 
және 
«Жүсіпбек 
Аймауытовтың 
өмірі 
мен 
шығармашылығы»  жайында  анықтаманы  дайындауға  белсене  қатысады  [2].  Комиссияның 
мақсаты  –  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  1930-1950-ші  жылдарға  дейін 
қабылданған  қаулыларын  қайта  қарап,  әділ  бағасын  беру.  Комиссия  құрамына  тарихшы, 
әдебиетші, тілші мамандар тартылып, олар  Қазақ зиялыларың ұлтшыл деп айыпталған деген 
қаулыларды түгелдей қарап шықты. Сөйтіп Манаш ҚабашұлыКомиссияның мүшесі ретінде 
оң  тұжырымдарын  жазып,  ұлы  арыстарымызды  ақтауға  үлкен  үлес  қосты.  1989-1990 
жылдардың  басында  алашқа  мәшһүр    азаматтарымыз  толығымен  ақталып,  бұл  мәселе  өз 
шешімін тапқандығы белгілі [
3
].  
Он  екінші  шақырылған  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  халық  депутаты  болып 
сайланған  1990  жылдардың  басы  М.  Қозыбаевтың  мемлекет  қайраткері  ретінде  танылған 
тұсының шырқау шыңы болды.  
Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаттығына  сайлануға  жалпы  республикалық  41 
қоғамдық ұйымдардан 168 кандидат, оның ішінде Ғылым академиясынан - 39 адам тіркеледі. 
Республика Ғылым академиясының және оның жанындағы ғылыми қоғамдардың 1990 ж. 19 
наурызда  өткен  конференциясында  сегіз  кандидат  бес  мандатқа  үміткер  болды.  Сайлау 
қорытындысы бойынша Академиядан ұсынылған ғалым-қайраткерлерден 8 адамнан  – Ш.Е. 
Есенов,  А.А.  Абдуллин,  С.З.  Зиманов,    М.  Қозыбаев,  О.С.  Сәбденовтер  депутат  болып 
сайланады [4].  
Депутат  Манаш  Қабашұлының  сайлау  алдындағы  платформасында,  яғни  нақтылы 
бағдарламасында:  саясат,  экономикалық  дербестік,  Ғылым  Академиясы  жанынан  іргелі 
ғылыми  зерттеу  бағыттарын  сараптау  және  болжау  жөніндегі  кеңес  құру,  ұлттық  саясат, 

154 
 
экология,  ғылым  салаларының  жағдайын  түбірімен  өзгерту  арқылы  жақсарту  мәселелері 
жан-жақты  қаралған  [5].  Ғалым-қайраткер  ендігі  жерде  сайлаушылар  аманатын  орындау 
үшін осы бағдарламасының үдесінен шығу жолында қызмет етеді. 
Алғашқы  қадамдарының  бірі,  өзі  басқарып  отырған  институт  ұжымын  сталиндік 
репрессияның  зардаптарын  ашуға  жұмылдырған  ғалым,  депутат  ретінде  бұл  мәселені 
Жоғарғы Кеңестің алдына да қояды: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
“Қазақ ССР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа 
 
 
 
 
 
 
ҚазССР Жоғарғы Советінің төрағасы Е. Асанбаевқа 
 
 
 
 
Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советінің  қараша  айындағы  сессиясының  қарауына  “Сталиннің 
Қазақстан  халқына  қарсы  жасаған  қылмыстары  туралы”  қаулының  жобасын  ұсынамын. 
Мұндай  қаулы  қабылдау  ел  арасындағы  дау-дамайдың,  жел  сөздің  ініне  су  құяр  еді, 
республика халықтарын топтастыра, біріктіре түсер еді деп ойлаймын. 
ҚазССР  Халық  депутаттарына  қаулының  жобасын  ресми  құжат  ретінде  таратып 
беруге рұқсат берулеріңізді сұраймын. 
 Құрметпен ҚазССР Халық депутаты,  академик Манаш Қозыбаев. 3.ХІ. 1990 ж.” [
6
]. 
Тарихи  әділдіктің  жеңуін,  орнауын  сұрауы  осы  Елжанды  азаматтың  келбетін,  шынайы 
тарихшы-ғалым екендігін танытады.   
ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдары  “Елдіктің  шарты  –  Егемендік,  дербестік  -  даму 
тұтқасы”  деген  ұран  басшылыққа  алынып,  қоғам  мен  халық  серпілген  тұста  Республика 
дербестігін  алу,  оның  Президентін  сайлау  керек  пе,  жоқ  па  деген  сауалдар  күн  тәртібіне 
қойылған  сәтте  депутаттық  мінберден  уақыт  талабына  алғашқылардың  бірі  болып  М.Қ. 
Қозыбаев үн қатты. Ол өз ойын былай білдірді: «Одақтас Республикаға президент керек пе?” 
деген  сұрақты  бүгінде  ел  аузынан  жиі  естуге  болады.  Егер  Одақтағы  Республикамыздың 
статусы  сол  күйінде  қалатын  болса,  бұл  сұраққа  мен  “керек  емес”  деп  үзілді-кесілді  жауап 
берер  едім.  Ал  егер  Қазақ  Советтік  Социалистік  Республикасы  жаңа  федерацияның 
құрамына  шын  мәнінде  шартпен  еніп,  өзінің саяси,  экономикалық  дербестігіне  сөз  жүзінде 
емес  іс  жүзінде  жетер  болса,  Президенттік  статус  керек.  Менің  түсінігімше,  Президент 
республика  басшысы,  ел  ағасы,  демократияны  шын  мәнінде  түсінетін  халықтың  қорғаны 
болады.  Президент  советтік  парламентке  өз  қызметі  туралы  есеп  беруге  міндетті,  халық 
алдында  тәуелді.  Олай  болса,  ол  шексіз  биліктің,  диктатураның  иесі  болмауы  керек.  Ол 
халыққа  қалтқысыз  еңбек  еткенде  ғана  ел  сүйіспеншілігіне  бөлене алады.  Міне,  сондықтан 
да  Одақ  көлемінде,  республика  шеңберінде  өміріміздің  толғағы  жеткен  мәселелерін  әрі-
сәріге салмай, өз билігімен шешетін, ел алдында, халық алдында, Қазақ ССР Жоғары Советі 
алдында, өз арының алдында жауап беретін Президент керек деп ойлаймын» [
7
]. 
Осы  шақырылымда  сайланған  ғалым-депутаттар  көптеген  маңызды  заңдар  мен 
құжаттар  жобасын  дайындап,  кейбірі  бойынша  тікелей  ұсыныс  жасап  қана  қойған  жоқ, 
олардың қабылдануына, сондай-ақ жылдар бойы кеңестік идеологияның шырмауында келген 
халықтың  оянуына  да  ықпал  ете  алды.  Мысалға  Қазақстанда  басқарудың  президенттік 
формасын  енгізу  туралы  Заңды  дайындауда  құрамына  көрнекті  ғалымдар  мен  қоғам 
қайраткерлері  енгізілген  жұмыс  тобы,  «қағидалары  дауылдарға  бергісіз  пікірталастардың 
туғанына», қарамастан оның Жобасын 1990 жылғы 24 көкекте жалпы қарауға ұсынады. Әлі 
де  үстемдігінен  айырылғысы  келмеген  Мәскеудің  атынан  СОКП  ОК  хатшысы  Г.П. 
Разумовскийдің бұл мәселені күн тәртібінен алып тастауды сұрағанына қарамастан, заңның 
тартысты тұстары болса да, депутаттар басым дауыспен оны қабылдайды [
8
].  
Сонау  көне  ғасырлардан  бастау  алған  қазақ  халқының  өз  тәуелсіздігі  жолындағы 
күресі  бірде  өршіп,  бірде  саябырсып  отырғанына  қарамастан  үздіксіз  жалғастығын  тауып 
келді. Оның айқын айғағы мәңгі мызғымастай көрінген кеңестік биліктің ыдырауына әкелген 
1986  жылғы  Желтоқсан  көтерілісі  екендігі  даусыз.  Соның  тамаша  жеңісі  Тәуелсіздік 

155 
 
ғасырларға  созылған  үздіксіз  күрестердің  жарқын  нәтижесі.  Қазақ  халқы  сырттан  сыналай 
кірген  шұбарала  заңдарға  бағынышты  болса  да,  ең  алдымен  өзінің  Далалық  заңдылықтары 
мен  дәстүрлі  құндылықтарын  құрметтеп,  сөз  ұстаған  көсемдерін  ұлықтай  алған  ел. 
Сондықтан  да  болар  республикамыздың  шынайы  тәуелсіз  дамуын  заңды  тұрғыдан 
рәсімдеуге  жол  ашқан  «Қазақ  Советтік  Социалистік  Республикасының  мемлекеттік 
егемендігі  туралы  Декларацияны»  дайындаған  комиссияның  мүшесі  ретінде  оны  халықтық 
талқылаудан  өткізу,  ұсыныстар  мен  ескертулерді  жинақтау,  сараптамадан  өткізу  сияқты 
жұмыстармен  қатар  мерзімді  баспасөз  бен  ақпарат  құралдарында  Декларацияның  маңызы 
мен мәнін халыққа түсіндіруде де ғылыми негізделген мақалаларын жазған М. Қозыбаевтың 
атқарған  ісі  мен  сөзі  көпшілік  қолдауына  ие  болды.  Ол  Конституциялық  актілер  негізінде 
құқықтық жолмен орныға бастаған тәуелсіздіктің бұл  алғашқы актісі  тарихымызда тұңғыш 
рет  Қазақстанның  ұлттық  мемлекеттілік  екендігн,  мемлекеттік  биліктің  дербес  және 
толыққанды екендігін мәлімдеп қана қоймай, жаңа мемлекеттік құрылыс пен экономикалық 
дербестіктің  негізін  қалап,  ұлт  тарихындағы  «ақтаңдақтарды»  түгендеуге  жол  ашқандығын 
өз мақаларына арқау етті .  
Кеңестер  Одағын  сақтап  қалу  жөніндегі  1991  ж.  17  наурызда  референдум  өткізу 
барысында талқылау және оны өткізуді ұйымдастыру жұмыстарына араласқан М. Қозыбаев, 
референдумды өткізу «бірауыздан қолдау» жағдайында емес, ішкі саяси жағдайлардың ауыр 
күйзеліске ұшырауынан туындаған шара екендігін айтады. Депутат ретінде Одақтық шартқа 
қол  қоюға  қарсылығын,  Одақтық  шарт  –  КСРО-ның  күйреу  тығырығынан  шығудағы 
амалсыздықтан туған жалғыз жол дейді [
9
].  
Жоғарғы  Кеңестің  “Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі”  туралы 
Заңды талқылаған 16 желтоқсан 1991 ж. 7-ші сессия мінберінен бұл жеңіс әлемдік үстемдікке 
тырысып келген империяның құлдырау сәтінде қалдырған мұрасы емес, бұл қазақ халқының 
сонау  Түрік  қағанаты  құрылған  кезеңнен  басталған  он  бес  ғасырлық  тарихы  бар 
мемлекеттілік  пен  өз  бетінше  даму  тәуелсіздігін  көксеген  арманы  болды.  Сондықтан  да 
мемлекеттілік  тәуелсіздік  туралы  заңда  халық  тағдырының  тарихи  сабақтастығы,  табанды 
күреспен алған тәуелсіздігін, әсіресе оны жоғалтып барып қайта алғандығын ашық көрсетіп 
жазу тарих тағылымы үшін қажеттілігін ашық айтады.   
Заң  туралы  өз  ұсыныстарында  «тәуелсіздік  –  қағидалары  бойынша:  өзара  егемендік 
пен  территориялық  тұтастығын  силау;  қарсы  шабуыл  жасамау;  бір-бірінің  ішкі  ісіне 
араласпау;  теңдік  және  өзара  пайда  табу;  бейбіт  өмір  сүру.  Міне,  осы  бес  қағида  жаңа 
халықаралық және өзара ынтымақтастықты орнатудағы ең тиімді жол болатындығын» баса 
көрсетеді [
1
0].   
ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты М. Қозыбаев 1990-1993 жылдары егеменді Қазақстан 
мемлекетінің Конституциясын, заңдары мен актілерін  қабылдауда орасан зор қайраткерлік 
танытты.  Егеменді,  тәуелсіз  елдің  Негізгі  заңы  –  Конституцияның  жобасын  талқылау 
барысында ондағы кемшіліктерді ашық айта отырып, ол өз ұсыныстарын да жеткізеді:  
– басты кемшілігі – қазақ мемлекетінің ұлттық сипаты ашылмайды. 
–  8-  бап  –  қазақ  тілінің  мемлекеттік  санатын  ашып,  дәрежесін  анықтау  керек, 
“мемлекет  ұлттық  тілдердің  пайдаланатын  аясын  сақтауға  гарантия  береді,  олардың  еркін 
дамуына қамқорлық жасайды” деп көрсетуді ұсынады. 
– “Азамат, оның хұқықтары, бостандығы мен міндеттері” бөлімінің негізгі кемшілігі – 
социализмнің  азаматқа  берген  экономикалық,  әлеуметтік  праволарынан  шегінгендік  бары. 
Әсіресе,  нарықтық  экономика  тұсындағы  білім  беру  жүйесінің  адам  құқығына  нұқсан 
келтіретіндігі,  еңбек  етуге  мемлекеттік  дәрежеде  кепілдік  берілмесе,  жұмыссыздықтың 
құрығына іліну қаупі барын айта келіп, “жаңа Конституция жобасында бұрынғы социализм 
алып береген экономикалық, әлеуметтік хұқықтардан бір шөкім де шегінбеуіміз керек, қайта 
алға жылжуымыз керек” дейді. 
–  2-ші  бөлім  кемшілігі:  ұлттық  кәсіпкерлікке  қамқорлықтың  жоғы.  Заңда  шетелдік 
емес, ұлттық кәсіпкерлерді қорғайтын тармақ керек. 

156 
 
–  3-ші  бөлімде  –  мемлекет,  оның  органдары  мен  институттары  жөнінде 
концептуалдық  олқылықтар:  67-баптағы  С.А.  Терещенко  ұсынған  мемлекеттік 
шенеуніктерге  қамқорлықты  күшейту  емес,  керісінше  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық 
болмысы зиялы қауымға – ғылым, білім, мәдениет потенциалына қажет. 
–  Халық  диктатурадан  опық  жеген,  сондықтан  Президенттік  республика  құру 
жолында Президент пен Жоғарғы Кеңес тең болып, халық алдында қалтқысыз, адал еңбек 
ететіні  Антта  айтылсын.  Ел  билеуде  біздегі  жалғыз  үлгі  –  тоталитаризм  үлгісі  ғана, 
сондықтан  Президент  құзыры  туралы  айта  келіп,  диктаторлық  жолға  кетіп  қалмау  жағын 
қарастыру керек. 
– 15-тараудағы отставкаға кету жөнінде алдымен қоғамда өз бетімен отставкаға кетуді 
енгізбей, өркениетті жоғары елдер қатарына көтеріле алмаймыз.  
–  16-тарау  бойынша  Кеңестер  мен  әкімдер  билігі  күрделі  екендігі,  ол  екуінің  бір-
бірімен қабыса алмайтындығын, тарауды қайта қарау қажеттігі. 
–  17-тарау  –  мемлекеттік  қорғаныс  пен  қауіпсіздік  сақтау  мақсатында  Кеңес 
Армиясының құрылымынан бас тартып, бізде жаңа армия болу керек”. 
–  “Заң  жобасы  орыс  тілінде  жазылып,  қазақ  тіліне  аударылған.  Шын  мәнінде,  Заң 
жобасы ең алдымен мемлекеттік тілде жазылуы керек еді” [
1
1]. 
Осында  жасаған  ұсыныстарын  1990-1992  жж.  Жоғарғы  Кеңестің    ұлттық  саясат, 
мәдениет  және тіл дамыту комитетінің мүшесі  ретінде депутаттық  мінберден әлденеше рет 
көтерген ғалым-қайраткер ұлттың нағыз жанашыр Азаматы келбетін анық көрсете алды. 
Сессия мәжілістері барысында Конституция, тәуелсіздік Декларациясы, тіл,  жер, т.б. 
Қазақстан меншігіне қатысты маңызды мәселелерді талқылау дау-дамаймен, пікір таласымен 
өткендігі мәлім. Идеологиялық бодандық менталитетімізден бірден арыла кету оңай соққан 
жоқ және болашаққа сенімсіздік үрейі жаулаған ел азаматтары да аз болған жоқ. Осы жерде 
қысқа  мерзім  ішінде  саяси,  экономикалық,  рухани  тәуелсіздігімізді  нығайту  қажет  болған 
тұста аяқтан шалғандар да табылды. Солардың бірі, депутат Б. Беликтің Конституцияны әлі 
қабылдауға  ерте  деген  ұсынысын  өткізбек  болған  әрекетіне  мінберден  жауап  берген  М. 
Қозыбаев:  “Мен  депутат  Б.  Беликтің  Негізгі  Заң  –  Конституцияны  қабылдауға  әлі  ерте 
дегеніне қосыла алмаймын. Ол мемлекеттің субъектісі – ұлт жоқ дегендей пікір айтты. Сізді 
ренжітуге  тура  келіп  тұр,  ондай  ұлт  бар,  ол  –  сонау  ХVІІІ  ғасырдың  ортасында, 
жоңғарлармен күрес барысында қалыптасқан қазақ ұлты. Қазақстанда одан басқа жүзден аса 
ұлт өкілдері тұрады. Олардың негізінде Белик мырза қалағандай жаңа ұлт қалыптасады деп 
айта  алмаймын”,  -  дей  келе,  -  “Қазақ  халқы  отаршылықтың  тепкісі  мен  азабын  әбден-ақ 
көрген халық. Ал депутат Сенько метрополия тілінің Нигерияда сақталуын метрополияның 
тарихи  маңызы  ретінде  көрсеткісі  келеді.  Африка  халықтары,  Сібір  халықтары  тілдерінің 
жоғалуын, қазақ тілінің құрып кетуге шақ қалғанын Ұлыбритания мен Ресей империясының 
сіңірген  еңбегі  деу  қалай  болар  екен.  Ол  мақтаныш  емес,  ол  масқара...”,-  арындап  барып 
тоқтаған шешен өз сөзін былай аяқтайды: “Сондықтан да мен айтар едім: “Қымбатты славян 
әріптестер, рақымды болыңдар, тым болмаса бір рет империялық ойлаудан шығып, қасіреті 
көп  қазақ  халқының  дамуы  мен  өркендеуіне  бөгет  жасамаңдар...”  [
1
2].  Міне,  осылайша 
кешегі өктемдіктен оңайлықпен арыла қойғысы келмегендерге халық атынан айтқан жауабы 
Азаматтың  жан  айқайы  еді.  Бұл  ел  тағдыры  шешілер  тұстағы  ұлт  алдындағы  перзенттік 
парызының өтеуіндей болған төрелік кесімі болды. 
Депутат-ғалым 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 75 жылдыңы қарсаңында оның 
тарихи маңыздылығы мен қоғам дамуындағы орнын ғылыми тұрғыдан негіздесе, енді халық 
қалаулысы ретінде – мемлекеттік тұрғыдан қолға алу қажеттілігін көтереді. Тағы да Жоғары 
Кеңестің атына ұсыныс-хат түсіреді. Хат орыс тілінде жазылғандықтан, үзіндісін аудармасыз 
беруді жөн көрдік:  
                                                                  
 
 
 

157 
 
 
      “Председателю Верховного              
                                                                  Совета КазССР  
                                                                  Асанбаеву Е.М. 
 
1991  год  войдет  в  историю  народов  Средней  Азии  и  Казахстана  как  год  памяти 
национально-освободительного  восстания  1916  года.  Эта  дата  в  исторической  памяти 
народов  региона  связана  с  апогеем  освободительного  движения  и  мощным  подъемом 
национального самосознания, консолидации общества в борьбе за суверенитет. В  ходе этой 
борьбы  народы  Средней  Азии  и  Казахстана  понесли  невосполнимые  людские  и 
материальные потери, оставшиеся навечно в их памяти ... 
... В связи с этим считаем необходимым принять ряд законодательных актов, которые 
будут способстовать восстановлению исторической справедливости. 
1.
 
Объявить  День  памяти  жертв  национально-освободительной  борьбы 
казахского народа. 
2.
 
Предоставить  казахам,  проживающим  за  рубежом,  потомкам  борцов  за 
национальное  освобождение,  жертвам  репрессий,  организованного  в  30-х  гг.  голода 
гражданство Казахской Республики или статус политических беженцев. 
                          Народный депутат М.К. Козыбаев. 16.VI.91 г.” [
1
3]. 
 
Ұсыныс  республиканың  Жоғарғы  Кеңесінің  Төралқасында  қабылданып,  1992  ж.  31 
мамырынан  бастап  1931-1933  жылдары  ашаршылық  тұсында  қайтыс  болғандарды,  яғни 
нәубет құрбандарын еске алу күні болып жарияланып, жыл сайын аталып өтуде.  
Сонымен, депутат М. Қозыбаев арқалаған аманаттың салмағы да берген нәтижесі де 
әр  түрлі  комиссиялардың  құрамында  атқарған  істерден  өз  қолтаңбасындай  анық  жарқырап 
көрініп  тұрады.  Соның  бірі  “1928  ж.  27  тамыздағы  ХКК  мен  ҚОАК-тің  “Байлар 
шаруашылығын кәмпескелеуі”, 1930 ж. 19 ақпандағы “Ұжымдастыру мәселесін нығайту мен 
бай,  құлақтарға  қарсы  күрес  жүргізуге”  қатысты  шыққан  жарлықтарын  тереңдете  зерттеу 
мәселесіне орай құрылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумы комиссиясының төрағасы 
міндетінің ақталғандығы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1991 ж. қарашада құрған 
Парламенттік  арнайы  комиссия  бір  жыл  жұмыс  істеп,  1920-1950  жж.  Қазақстандағы  саяси 
қуғын-сүргін  және  1931-1933  жж.  жаппай  ашаршылықтың  себептері  мен  зардаптарын 
арнайы  сараптаудан  өткізді.  Комиссия  құрамына  институт  қызметкерлері  –  Қ.С. 
Алдажұманов, Ж.Б. Әбілхожин, Ю.И. Романовтар тартылды. Олар бұрын зерттеушілер үшін 
жабық  болып  келген  ҚР  ҰҚК  мен  ІІМ,  республикалық,  облыстық  мұрағаттарында 
материалдармен  жұмыс  істеді.  Осы  топтың  жинаған  материалдары  негізінде  200  беттен 
астам  Баяндама  және  комиссия  Қорытындысы  жазылды.  Баяндама  мен  қорытынды  да 
Қазақстанда  30-шы  жылдары  орын  алған  оқиғаларға  адамгершілік  (гуманистік)  тұрғыдан 
тарихи  және  саяси  бағасы  беріліп,  1931-1933  жылдардағы  аштық  құрбандарының  саны 
анықталады және өзге мәселелер де шешімін табады.  
Комиссия  жұмысының  нәтижелері  ҚР  Жоғарғы  Кеңесінің  1992  ж.  7  желтоқсандағы 
мәжілісінде  қаралып,  қолдау  табады.  Бұл  комиссия  жұмысының  Қорытындысы  барша 
жұртшылыққа ақпарат және баспасөз материалдары арқылы жақсы таныс. Сөйтіп, Комиссия 
мүшелері дайындаған құжаттар мемлекеттік мәртебеге ие болады [14]. 
Комиссияның  қорытындылары  мен  ұсыныстары  бойынша  ҚР  ЖК  Төралқасы  Қаулы 
қабылдап, ұсынылған шараларды іске асыруды қолға алады. Ал М. Қозыбаев комиссияның 
кейбір  жұмыс  қорытындылары  хақында  өз  тұжырымдарын  “Қазаққа  зұлмат  қайдан  келді” 
мақаласында берді [15]. 
Осыдан  барып,  Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Кеңесі  қаулысымен  “Жаппай 
саяси  қуғын-сүргіндер  құрбандарын  ақтау  туралы”  комиссиясы  құрылып,  төрағалығына  М. 
Қозыбаев,  орынбасары  болып  –  Қ.С.  Алдажұманов  тағайындалды.  Осы  жерде  кеңестік 
тоталитаризм  мен  оның  зардаптары  бұрынғы  Кеңестер  Одағы  республикалары  ішінде 

158 
 
Қазақстанда  ғана  тыңғылықты  әрі  жүйелі  зерттеліп  келе  жатқандығын  ерекше  атап  өткен 
жөн. Академик М. Қозыбаев 30-40-жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің құрбандарын анықтау 
және  оларды  ақтау  жолында  жалпы  мемлекеттік  маңызы  бар  көлемді  де  жүйелі  жұмыстар 
жүргізді. Алматы облысына қарасты Талғар, Іле аудандарының аумақтарында, Кіші Алматы 
өзені мен Алматы-Николаевка жолы бойында, Әли және Жаңалық ауылдары маңында 30-40-
шы жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандары жаппай жерленгендігі анықталды. “Жаңалық” 
селосының  маңындағы  зират  басында  1993  ж.  “Әділет”  қоғамы  Талғар  аудандық 
әкімшілігімен  бірлесіп,  сталиндік  жаппай  сипат  алған  террор  құрбандарының  сүйектерін 
қайта  жерлеп,  келешек  мемориал-кешеннің  орнына  тас  қойды  [16].  Аталған  шаралар  өз 
жалғастығын  М.  Қозыбаев  республикалық  “Әділет”  тарихи-ағарту  қоғамының  төрағасы 
қызметін атқарған 1993 жылдан бері  жанданып, қанатын кең жая түсті. Соңғы алты жылда 
оның басшылығымен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы 5 томдық “Азалы кітап” , Ұлы 
Отан  соғысында  қаза  тапқандар  туралы  60  томнан  асатын  “Зерде  кітабы”  –  “Боздақтар” 
басылып шықты.  
Осылармен  қатар  ол,  Үкімет  тарапынан  шыққан  құжаттардың  қабылдануы  мен 
жалпыхалықтық  талдануына  да  барынша  атсалысады.  Мысалы,Тұңғыш  Ата  Заң  тәуелсіз 
мемлекеттігіміздің алғашқы қалыптасу сәтінде қабылданған болатын, қоғамдағы үрдістердің 
жылдам  дамуына  байланысты  араға  екі  жыл  салып  барып  Жаңа  Конституцияның  жобасы 
қайта  талқыға  ұсынылады.  Осыған  орай  ҚР  ҰҒА  өткізген  “дөңгелек  стол”  барысында 
академик: - кіріспе бөлімдегі “Біз Қазақстан халқы” деген тезисті  
–  “біз  қазақ  халқы  және  Қазақ  мемлекетінде  (республикасында)  тұратын  басқа 
ұлттардың және халықтардың өкілдері” деу тарихи шындыққа негізделетіндігі,  
– шетелдік ұйымдар бөлімінде шеттен келер діни ұйымдарға тиым салу,  
–  “жер  жеке  меншік  болуы  мүмкін”  6-баппен  еш  келісе  алмайтындығын,  ол  қазақ 
зиялылары  ғасыр  басында-ақ  қазақ  сахарасында  жер  сатудың  өте  қауіпті  екендігін 
дәлелдегенін  айта  келіп,  “Бізде  шет  ел  капиталымен  ауыз  жаласу  өмірдегі  шындыққа 
айналып отырған заманда қазақ жерін талан-таражға түсіруді Ата Заңға жазудан асқан күнә 
болуы мүмкін емес”,- деп төрелігін бірақ кеседі. 

 
 Орыс  тілі  мәртебесі  –  “орыс  тілі  ресми  түрде  қазақ  тілімен  бірдей”  деген 
тұжырымның орнына “орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар (наряду) деп берілсін, 

 
 Президент  сайлауы  баламалы  болса  демократияға  сай  болады,-  деген  шешен, 
және өзге баптар туралы да нақтылы ұсыныстары мен ескертулерін білдірді [17].   
Депутат М. Қозыбаевты жер мәселесі де көп толғандырды, өзге әріптестерімен бірге 
ҚазКСР  ЖК  сессиясында  осы  мәселе  туралы,  анығырақ  айтқанда,  Одақтық  ведомстволар 
билігінде  болып  келген  ҚазКСР  жерлерін,  табиғи  объектілерін  қайтарып  алу  көтерілген 
тұста,  ол  тағы  да  сессия  мінберінен  үн  қатты.  Сондағы  сөйлеген  сөзін  назарларыңызға 
ұсынсақ: 
“Қадырмен төрағасы – ел ағасы! 
Қадырмен халық депутаттары! 
Қазақстан  Ресей  құрамына  кіргеннен  кейін  патша  үкіметі  1868  ж.  “Далалық 
облыстардағы басқару жөніндегі уақытша Ереже” (яғни, Орал, Торғай, Ақмола және Семей) 
қабылдайды.  Ереже  бойынша  қазақ  жері  басты  меншік  болып  жарияланды.  1891  ж.  ол 
бекітілді.  Нәтижесінде  1917  ж.  қазақтардың  45  млн.  десятин  құнарлы  жерлері  тартылып 
алынды. Қазақ шаруасы өз елінде күшпен қоныс аударушыға айналды.  
Кеңес билігі тұсында жағдайдың өзгергені шамалы. Иесіз жерлер министрліктер мен 
ведостволардың билігіне көшті. Тек Қазақстанның бір өзінде ғана кеңестік Пентагон ҚазКСР 
Жоғарғы  Кеңесінің  шешімінсіз    республика  территориясында  орналасқан  полигон,  космос,  
ядролық,  бактерологиялық  қаруларына  45  млн.  га  пайдаланды  және  қазіргі  ЖК  Төралқасы 
ҚазКСР  министрліктеріне  бұл  жерлерді  мәңгілік  пайдалану  мәртебесін  қалдыруды  ұсынып 
отыр.  Жоба  бойынша  жерлерді  қайтару  жалғасын  табатын  сияқты.  Ол  шенеуніктердің, 
әміршіл-әкімшіл аппараттың сатып алуына беріледі.    
Ұсынамын:  

159 
 
1)
 
жер қазақ халқының, ҚазКСР-нің игілігі болып табылады 
2)
 
жерді, табиғи нысандарды қайтарып алу – бұл ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің міндеті 
3)
 
ертеректе  одақтық  ведомстволар,  министрліктерге  берілген  жерлер  ҚазКСР 
Жоғарғы Кеңесінде қайтадан қаралып, бекітілуі тиіс. 
Біз  КСРО  мүддесін  қолдаймыз,  бірақ  бұлардың  барлығы  ҚазКСР  Конституциясы 
нормаларын бойынша жүзеге асырылуы керек.  
Бұл - әлеуметтік шындық. 
Бұл  –  іс  жүзіндегі  егемендікті  танытады”  [18],-  деп  жер  халық  байлығы,  халық 
қазынасы,  жалпыхалықтық  меншік  болып  саналатындықтан,  оны  жекеменшік  иелеріне 
сатуға  болмайтындығын,  олай  болған  күнде  үлкен  даулы  мәселеге  айналатындығын 
ескертеді. 
“Халықтың  мәңгілік  ғұмыры  оның  тілінде”  деген  халық  даналығын  басты  өмірлік 
қағидаларының бірі ұстанған М. Қозыбаев және өзгеде Ғылым академиясынан сайланған А. 
Абдуллин,  С.  Сартаев,  С.  Зиманов  секілді  майталман  ғалым-қайраткер  депутаттар  тобы  өз 
мандаттары  жүрген  ЖК  сессиясының  тіл  мәселесі  қаралған  мәжілістерінде  қазақ  тілінің 
мәртебесін мемлекеттік деңгейге көтеру үшін аянбай күресті, өзгелерді де осыған шақырды. 
Тіл  мәселесі  өткір  қойылған  тұста  олар  барлығы  32  депутат  пен  ғалымдар,  өнер  адамдары, 
кәсіпкерлер қол қойған Ашық хат жолдайды. Онда былай делінген (түп нұсқасында беріліп 
отыр):                                                                         
                                                              “Президенту РК Н.А. Назарбаеву! 
                                                              ХІ сессии ВС РК І-го созыва! 
Открытое письмо 
Согласно  “Декларации  о  государственной  независимости”  РК  –  это  независимое 
унитарное  национальное  демократическое  государство  самоопределившейся  казахской 
нации.  Поэтому  государственным  языком  в  нем  может  быть  только  язык  коренного 
населения республики, давшего ей свое имя – казахской нации. Провозглашение же вместе с 
ним государственным языком или “действующим наравне с государственным языком”, (что 
практически  озночает  завуалированное  признание  его  государственного  статуса),  любого 
другого языка, в корне противоречит законам нашей республики. 
Учитывая эту объективную и несомненную истину, мы представители интеллигенции 
Казахстана  принципиально  настаиваем  на  том,  чтобы  касательно  языкового  статуса  в 
проекте Коституции РК были записаны лишь два пункта: 
1.
 
Государственным языком Республики Казахстан является казахский язык. 
2.
 
 Государство создает условия для свободного функционирования и развития языков 
всех  народов  проживающих  в  Казахстане”  [
1
9],  -  деп  тіл  тағдырының  шешілуі  Ата  Заңда 
анық  та  айшықты  көрсетілуі  қажет  екендігін,  оны  созбалаңға  салмай,  жалтақтамай  нақты 
шешуді  талап  етеді.  Сонымен  қатар,  “Мемлекеттік  тіл  туралы”  өз  мәлімдемесінде  казақ 
тілінің  мәртебесі  республиканың  орыс  тілді  тұрғындарынан  бұрын  қазақтардың  өзін  де 
толғандырып  отырған күрделі  мәселе.  Ұлттық  мемлекеттіліктің  бірден  бір  негізі  оның  тілі, 
ұлттық тілі, сондықтан да қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін (статусын) беру  - өмірлік 
маңызды мәселе, ұлттың белгісі болып табылатын тілді сақтау болып табылатындығын ашық 
айтады. Сонымен қатар, ұлтаралаық қатынас тілі болып танылған орыс тілі қорғауға мәжбүр 
еместігін, ол барлық салада еркін қолданылып отырғандығын және қолдана береді. Әкімшіл-
әміршіл  партиялық  билік  тұсында  қазақ  қоғамын  орыстандыру  күштеп  жүргізілсе,  қазіргі 
тәуелсіз  Қазақстанда  өзге  тілді  күштеп  енгізу  тиым  салынып,  жол  берілмеуін  талап  етеді. 
“Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде танығанда ғана өзінің ұлттық қастерлі құндылықтарына 
ие  болатындығын”  айта  келіп,  орыс  тіліне  мемлекеттік  мәртебе  беру  этикалық  ұғымға 
симайды ғана емес, қоғамдағы саяси тұрақсыздыққа апаратын жағдай екендігін де ескертеді 
[
2
0].  
Тарихи шындықтарды қалпына келтіруде ҚазКСР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа қазақ 
батыры Б. Момышұлына Кеңес Одағы Батыры атағын беру туралы  қайталап жазған сұрау-
хатының  [
2
1]  да  тарихи  маңызы  бар  десек  арттық  айтпаған  болар  едік.  Қайталау  деу 

160 
 
себебіміз,  осындай  хатты  ҚКЭ  Бас  редакторы  болып  тұрған  шақта  ғалым  Д.А.  Қонаевтың 
атына, Г. Колбиннің,  кейін Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаевқа жолдаған-
тын,  бірақ  жауап  болмады.  Ал  енді  халық  аманатын  көтерген  депутат  М.  Қозыбаев 
Президентке  жолдап,  ЖК  арнайы  тапсырмасы  бойынша  институт  қызметкері  (Қ.С. 
Алдажұманов)  Мәскеу  қаласына  мұрағаттардан  материалдар  жинауға  жіберіледі. 
Нәтижесінде,  соғыс  жылдарының  өзінде-ақ  Б.  Момышұлы  екі  мәрте  бұл  жоғары  атаққа 
ұсынылғандығы  анықталып,  құжаттардың  көшірмесі  әкелінеді.  Бұл  ұсынысты  кезінде  Ғ. 
Мүсірепов, көптеген азаматтар, жерлестері, соғыс ардагерлері де жасаған болатын. Сонымен, 
Елағасы атына жолдаған сұрауында Бауыржанға дер кезінде атақтың берілмеуін шындықты 
пір тұтқан өр мінезінен, әкімшіл-әміршіл жүйені ертерек түсініп, түңілген жан дейді. Автор 
өз ұсынысын: “Ұлы Отан соғысының Батырлары он екі мыңға таяу. Баукең болса халық өзі 
батыр  деп  таныған  санаулы  ғана  ұлының  бірі,  бір  де  болса  бірегейі.  Осылай  ол  ел 
сүйіспеншілігіне  бөленгенін  қанағат  етті,  медет  тұтты,  еліне,  халқына  сенген  ол  болашақ 
ұрпақтың өзін әділ бағалайтынына сеніп кетті. “Берген мырза емес, алған мырза” деген мәтел 
бар.  Баукең  бар  күшін,  қолбасшылық  дарынын  халқының  бақытына  берді.  Енді  жүктің 
ауыры болашақ ұрпақ бізде қалды. Ендеше, сол берешегімізді атқарайық елім, халқым, көш 
бастаған ағайын. Баукең “Қазақстанның Халық батыры” атағының көшін бастауы тиіс” [22], 
- деп қорытындылайды. 
Осылайша тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында М. Қозыбаев елімізде тарихи сананы 
қалыптастыруға, рухани өмірдің жаңғыруы мен дамуына, ұлтаралық жарасым мен халықтар 
бірлігін  нығайтуға  зор  үлес  қосты.  Ол  қазақ  мемлекеттілігі  тарихының,  отаршылдық  және 
кеңестік  тоталитаризм  жағдайындағы  Қазақстан  тарихының  жаңа  концептуальдық 
бағыттарын  қалыптастырудың,  саяси  қуғын-сүргін  құрбандарын  ақтаудың  бастау  көзінде 
тұрды.  
Он  екінші  шақырылған  ҚазКСР  Жоғарғы  Кеңесінің  сессияларында,  әртүрлі 
комиссиялардың құрамында сан-салалы - ұлттық саясат, Декларация, Ата заң, жер, тіл, әскер, 
территория тұтастығы, ғылым-білім, билік, сайлау, репрессия құрбандарын ақтау, Президент 
бағдарламасы,  референдум  өткізу,  Семей  полигонын  жабу  немесе  болмай  қалған  жаңа 
одақтық  шартты  талқылау,  т.с.с.  істерді  атқару  барысында  бірде  өткір  сын  айтса,  бірде 
ұсыныс, бірде жығылыс секілді жолдардан өтті. Жоғарғы Кеңестің құзырына енетін барлық 
мәселелердің ішкі астарына үңілді, болжам айтып, тұжырым жасар сәтте қателікке ұрынбас 
үшін  кей  мәселені  парламент  арқылы,  бірін  мерзімді  баспасөз  бен  ақпарат  құралдары 
арқылы, үшіншісін – депутаттық сұраулар арқылы шешті. 
Егер  академиктің  өз  тұжырымымен  айтар  болсақ  “Ер-азаматтың  тарланы  ұлт 
перзентіне  айналар  сәті  заманға  байланысты.  Замана  ерді  болат  семсердей  отқа  да,  суға  да 
салады, шыңдайды, сынайды. Күндердің күнінде көп ішінен көлбең етіп шыққан ер шыңға 
шығады, ұлт тағдырының бағдарын ұғады, жарқ етіп жұмсақты тіледі, қаттыны жарады. 
Тарих  ер  ел  көсемі  дәрежесіне  көтерілуі  үшін  талай  сыннан  өтетінін  көрсетеді. 
Ұлттық  мүддені  нысана  еткен  ол  біліктілік  көрсетіп,  ұлт  шеңберінің  аясында  шектеліп 
қалмайды, халықаралық тұғырға қонады” [23].  
Өздеріңіз көріп отырғандай, ғалым-қайраткердің қоғамдық қызмет жолы да ғылыми-
ұйымдастырушылықпен қатар, артында қалған қыруар ғылыми-шығармашылық мұрасындай 
қомақты  да  терең,  арқалаған  жүгі  ауыр.  Өзіне  де,  өзгеге  де  талап  қоя  білген  М.  Қозыбаев 
қоғам  қайраткері,  ұлтының  адал  перзенті  ретінде  де,  халық  қалаулысы  ретінде  де  алдына 
қойған  мақсат  мүддесінен  шыға  алды,  өзіне  артылған  сенімді  де  толықтай  ақтай  алды. 
Сондықтан  алаштың  ардақты  ұлдарының  санатынан  ойып  тұрып  орын  алды,  артында 
қалдырған  құнды  да  бағалы  рухани  байлығымен  мәңгілікке  ұлтының  санасында  хатталып 
қалары сөзсіз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет