ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы: «Санат», 1995. 48б
2.Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы: «Ататек» 1995 78 б., 46 б. 130 б.
3.Қозыбаев М. Қ. Тұлғалар тұғыры. Алматы: ҚазАқпарат. 2009. 191 б.
4.Пірманов Ә., Қапаева.А. Қазақ интеллигенциясы. Алматы: «Атамұра», 1997. 159 б.
5. Сыдықов Е. Б. Алаш қаласының тарихы. Семей, 2010ж. 42,80,97 б.
6.Канафин К.К. Райымжан Мәрсеков. Формирование мировозрения. Общественно-
политическая деятельность (1879-1922г.г). Алматы, 1999.
7.Қойгелдиев М.Қ. Ұлттық саяси элита. Алматы: «Жалын», 2004. 256 б.
8.Төлепберген Б. Мәңгі жас-Алаш идеясы. Алматы, 2008ж. 304 б.
9. ХХІ ғ. Алаштың Ақ жолы (ғылыми-публистикалық еңбектер, мақалалар мен сұхбаттар)
Астана: «Экономика», 2015ж. 768 б.
10. Қозыбаев М.К. Аласұрған ХХ ғасыр.(толқын, ізденіс, проблемалары). Казакстан в начале
ХХ века. Алма-Ата. 1993ж. 10б.
124
Даутова А.Ф.
1 курс магистранты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА САУДА ҚАТЫНАСТАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ
ЖӘРМЕҢКЕЛЕРДІҢ РӨЛІ (XIX – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)
XIX ғасырдың ортасынан бастап капиталистік қатынастардың дамуына байланысты
Қазақстанда сауда дами бастады. Шаруашылықтың типіне сәйкес Қазақстанда сауданың
негізгі үш түрі: көшпелі аудандарда – тасымалды сауда, шаруашылық типі жартылай
отырықшы аудандарда – жәрмеңке саудасы, отырықшы шаруашылықтары басым аудандарда
– тұрақты сауда (магазиндер, қоймалар, дүкендер) болды.
Дала халқына барынша жақындай түсу үшін Россия саудагерлері Қазақстанға
сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізді.
Халқы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені
көшпелі өлкеде жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түрі болды. Орыс қалаларында ғана
өткізіліп келген жәрмеңке Қазақстанда тұңғыш рет 1832 жылы Бөкей ордасында хан ордасы
жанынан ашылды. Кейіннен (1855 ж.) Семейде екі қалалық жәрмеңкелер ашылды. Ақмола
облысы Тайыншакөл, Константиновск, Петровск (Атбасарда) және 50-ден астам ұсақ және
орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал
кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл,
Темір (Орал облысы) жәрмеңкелер жұмыс істеді.
Патша үкіметі де, ірі саудагерлер де далалық өңірде сауда жасаудың қажеттігін ерте
түсінді. Алайда, алғашқыда сауда орындарын, базарларды елді мекендерден ашып көрмекші
болды.
Жергілікті билік алдымен округтердің орталықтары – приказдарда жәрмеңке ашуды
қолға алды. Аягөз, Қарқаралы приказдарында жәрмеңкелер ашуға талпыныстар жасалды.
Бірақ бұл жәрмеңкелер күткендегідей нәтиже бермеді. Аягөз приказының Сібір қырғыздары
(қазақтар.-Авт.) шекара бастығына 1843 жылғы 6 наурызда жіберген мәлімдемесінде сауда
ұйымдастыру ісінің сәтсіз болғандығын баяндайды: «Окружной приказ дал знать всем
волостным управителям, вместе с тем обязал старшего султана и российских заседателей
внушить киргизам всю пользу от учреждения ярмарки, и дабы они старались сколько можно
больше приветить киргиз к съезду на ярмарку [1].
Қарқаралы приказында алғашқы жәрмеңке 1843 жылы 22 тамызда ашылып, бір аптаға
созылатыны туралы жарияланды. Бірақ халықтың жиналмауына байланысты жәрмеңке өтпей
қалды. Округтің аға сұлтаны: «Қазақтар ең басты товары – қойларын көктемде мамыр
айында Петропавлдан, Пермь губерниясынан және т.б. жақтан келетін саудагерлерге сатып
жіберетіндіктен, базарға дәл қазір әкелетін малдары жоқ» деген жоғарғы жаққа рапорт
жөнелткен.
Қарқаралыдан бар болғаны 50 шақырым жердегі Талды өзенінің Қарасор көліне
құярлығында аумағы 100 шаршы шақырымға жететін көк шалғынды Қоянды жазығы бар
болатын. Бұл жерде бұрынғы кездерден бері Жетісудан Россияға мал айдайтын саудагерлер
малдарын отықтыру үшін тоқтайтын. 1848 жылы Ялуторов көпесі Варнава Ботов елден арық-
тұрақ, ақсақ-тоқсақ малдарды арзан бағаға жинап алып, осы жерде қоңдандырып, келесі
маусымда жақсы бағамен сатып жібереді. Осы уақыттан бастап «Қоянды-Ботов»
жәрмеңкесінің даңқы дәуірлеп, Сібірге, Орта Азияға, Оралға, Батыс Қытайға атағы мәлім
болды. Далалықтар алыпсатарлардың қызметіне жүгінбей-ақ малдарын бірден осы
жәрмеңкеде сатуға мүмкіндік алды.
Географиялық жағынан қолайлы жерге орналасқандықтан Семей облысындағы
Қоянды жәрмеңкесінде сауда қарқынды дами бастады. Ресей қалаларына Қытайдан келетін
керуендердің және қазақтардың саудаға мал айдайтын жолының бойында орналасуы Қоянды
жәрмеңкесінің маңызын арттырып, ұлғаюына мүмкіндік туғызды.
125
Жәрмеңкенің дамуына көрші мемлекеттермен сауда-саттықты жақсарту үшін жасаған
үкімет шараларының көмегі де аз болмады. Бұл жеңілдік шараларының қатарына:
1. Сібір линияларына сыртқы округтерден әкелінетін иленбеген тері мен майға
салынатын салықтан саудагерлердің босатылуы - 1831 жыл.
2. Батыс Сібір аймағында тұратын бұхарлықтар мен ташкенттіктерге азиялық
товарларды шекаралық аймақта гильдиялық салықтан босату - 1834 жыл.
3. Азиялықтардың саудагер куәлігінсіз сауда жасауына рұқсат беру - 1845 жылы
4. Шайдан басқа тауарларды баж салығынсыз қытай шекарасында саудалау, Россия
мен Қытай арасындағы сауда келісімі (трактат) - 1852 жыл.
Сөйтіп, аталған шаралардың нәтижесінде 1848 жылы ашылған Қоянды жәрмеңкесінің
жылдық сауда айналымы 1869 жылы 500 000 рубльге жетті. Осы жылдар арасында Қоянды
жәрмеңкесі алдын ала хабарласу арқылы шақырылып, әкімшілік тарапынан ресми түрде
тіркелмеген болатын. 1869 жылы Қояндыны ресми түрде жәрмеңкеге айналдыру туралы
ұсыныстар түсіп, Батыс Сібір Басқармасының Бас Кеңесінің 12 қыркүйек 1869 жылғы
қаулысымен Талды өзенінің бойындағы Қоянды қонысында 15 мамырдан 15 маусымға дейін
ресми жәрмеңке жұмыс істейтін болды. Жәрмеңке негізін салушының құрметіне Ботов
аталынды.
Жәрмеңкелік сауда түрі қалалардың барлығында жұмыс істеді. Жәрмеңкелер екі
күннен бір айға дейін созылатын. 1899 жылы Семей облысындағы 25 жәрмеңкенің он бесі 4-
разрядты жәрмеңке қатарына жататын. Облыстағы ең ірі Қоянды-Ботов пен Шар жәрмеңкесі
2-ші разрядқа жатқызылды [2].
Жәрмеңкедегі саудаға айдалып әкелінетін мал санының жыл сайын ұлғая түсуіне
байланысты жайылымдық үшін 1871 жылы қазақтардың жерінен Батыс Сібір генерал-
губернаторының жарлығымен 55 кв.верст жер бөлінді. Осы кезден бастап саудаға қажетті
құрылыстар (сауда алаңдары мен қоймалар) салына бастады. Жәрмеңке 1919 жылға дейін
жұмыс істеп келді.
Қоянды-Ботов жәрмеңкесінің сауда айналымы (рубль есебімен)
Жылдар
Айналымы
Жылдар
Айналымы
1869
500 000
1899
1 731 708
1870
516 425
1900
1 644 894
1875
1 226 297
1901
2 103 945
1880
1 368 016
1902
2 694 088
1882
1 785 114
1903
2 210 479
1885
597 214
1904
3 151 000
1887
892 278
1905
2 292 646
1888
1 217 692
1907
2 722 505
1889
1 781 700
1908
2 135 688
1890
850 730
1910
4 020 060
1892
1 193 219
1911
4 123 116
1893
1 358 885
1912
4 701 024
1894
1 713 358
1913
4 956 106
1898
1 586 842
1914
4 953 106
Кестеде көрсетілгендей жәрмеңкенің тауар айналымы тұрақты түрде үздіксіз өсіп
отырған. Осыған орай оның саудаға лайықталып жабдықталуы да түзеле түсті. Жәрмеңкедегі
сауда алғашқы кезде киіз үйлер жүргізілетін, ресми статус алғаннан кейін ғана арнай
орындар салына бастады. Сауда барақтарының санының өсуін төмендегі таблицадан көруге
болады:
Жылдар
Сауда барақтары
Киіз үйлер
1876
16
120
126
1879
70
170
1883
110
205
1886
200
Деректері жоқ
1890
276
707
Жәрмеңкедегі сауда айналымының жыл сайын өсуі қосымша қызмет түрлерін де
қажет етті. Сондықтан 1885 жылдан бастап жәрмеңке маусымы кезінде почта байланысы
жұмыс істеді, ал 1888 жылы телеграф желісі тартылды. Қоянды жәрмеңкесінде 1888 жылы
Мемлекеттік Банк бөлімшелерін ашу жөнінде ұсыныстар жасалынды. Банк бөлімшесі 1894
жылы ашылып, оған тастан арнайы ғимарат та салынды.
Жалпы қазақ жеріндегі басқа жәрмеңкелер сияқты Қоянды-Ботовта да негізінен мал
және мал шаруашылығы өнімдері саудаға түсетін. Қазақтың ірі байлары саудаға аса көп
мөлшерде мал шығаратын: «За один месяц продавали более полумиллиона овец и до 200
тыс. головкрупного рогатого скота. Отдельные степные магнаты, такие, как казахские
миллионеры Касимов и Маманов, ежегодно поставляли на ярмарку 50-100 тыс. голов скота»
[3].
Ірі қара мен ұсақ мал ХІХ ғасырдың соңында жалпы сауданың 80%, ал ХХ ғасырдың
басында 40-60% құрады.
ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында тұрақты сауда орындары көбейгендіктен
жәрмеңкелердің маңызы сәл төмендегені байқалды. Жәрмеңкелер сатылатын тауарларына
байланысты бес категорияға бөлінді: мал; мал өнімдері шикізаты; «тұрмыс қажеттері мен
шаруа бұйымдары»; азиялық тауарлар; европалық тауарлар. ХІХ ғасырдың 90-жылдарында
алғашқы екі категория сауда айналымының 70 %, бесінші категория 20% құрады [4].
Саудагерлер үшін фабрикалық бұйымдарды сатып, мал мен шикізат түріндегі мал
өнімдерін сатып алудан түскен айырма далалық өңірден түскен таза пайда болып
есептелетін.
Қоянды жәрмеңкесінде сатылатын мал саны ХХ ғасырдың екінші онжылдығынан
бастап азайғанымен, ауылшаруашылық машиналары, россия фабрикаларының маталары
және тағыбасқа тауарлар (мануфактура, галентерея және т.б.) есебінен сауданың жалпы
айналымы көбейе түсті. (таблица) .
1910-1913 жылдар аралығындағы Қоянды жәрмеңкесінің тауарлар ассортименті мен
сауда айналымы (рубль) [5].
№
1910 ж.
1911 ж.
1912 ж.
1913 ж.
1.
Мануфактура тауарлары
2.242.000
2.195.191
2.350.000
2.500.000
2.
Галантерея тауарлары
69.650
77.325
85.000
85.000
3.
Бакалея тауарлары
12.000
15.500
23.250
35.000
4.
Азия тауарлары
82.550
90.250
101.525
100.000
5.
Тері: а) ірі қара малдың
60.000
50.000
83.000
78.000
6.
б) жылқының
50.000
37.000
110.650
88.000
7.
в) түйенің
5.000
4.000
4.300
5.700
8.
г) ешкінің
25.000
20.000
53.500
65.000
9.
д) қойдың
70.000
50.000
90.000
125.496
10. Былғары
80.000
87.500
105.886
115.800
11. Жүн: а) қойдың
270.000
300.700
297.300
311.849
12. б) түйенің
42.000
32.500
50.000
94.926
13. в) ешкінің
35.000
34.300
31.000
45.435
14. Жылқының қылы
34.760
58.800
148.000
62.000
15. Киіз
32.000
40.000
50.000
45.000
16. Құстың қауырсыны
8.800
8.250
8.750
8.000
127
17. Аң терісі мен елтірі
25.500
27.900
31.400
32.600
18. Шай мен қант
680.000
760.000
800.000
780.000
19. Ыдыс-аяқ
6.000
7.200
8.000
12.000
20. Москатель тауарлары
(бояулар, желім, т.б. химия
заттары)
12.000
15.800
19.200
23.000
21. Аяқ киім
5.600
6.200
7.000
15.000
22. Жібек
20.000
25.000
30.000
42.000
23. Темірден жасалған
бұйымдар
30.000
35.000
41.409
48.500
24. Шойын бұйымдары
50.100
65.000
80.000
82.000
25. Бас киім
4.000
5.000
6.500
5.300
26. Сандықтар
25.000
33.500
38.000
35.500
27. Қайыс бұйымдар
2.000
2.400
2.800
4.500
28. Тігін машиналары
4.500
5.000
5.556
13.000
29. Күміс пен алтын
1.500
1.800
2.000
2.500
30. Ұсақ-түйек тауарлар
35.100
30.200
37.318
40.000
31. Астық
-
-
-
40.000
32. Темекі мен сіріңке
-
-
-
12.000
Барлығы
4.020.060
4.123.116
4.701.021
4.953.100
Жәрмеңкелер товар-ақша айналымын ұлғайтып, нарық қатынастарын дамытуға
жәрдемдесті, мал шаруашылығының товарлылығын арттыруға ынта туғызды. Жәрмеңкелер
қазақ шаруашылығының капиталистік экономикамен байланысын нығайтты. Натуралды
шаруашылықтың ыдырауын тездетті.
Сауданың дамуына ең басты кедергі жердің шалғайлығы, жол қатынасының
нашарлығы болды. Жолдардың болмауынан тау-кен өндірісі де, олардың өндірген
шикізатына сұраныс та баяу дамыды, соған орай сауда айналымының көлемі де қарқындап
өсе алмады. Шаруаға салатын бос капиталдың болмауы, істі белгілі бір шеңберден аспай ескі
тәсілдермен жүргізу сауданың дамуына едәуір кедергі келтірді.
Соған қарамастан Семей облысының жәрмеңкелерінде 1901 жылы 2899030 рубльға
сауда жасалынған, бұл 1898 жылғыдан 373598 рубльге артық [6]. Ең ірі Қоянды
жәрмеңкесінде осы жылы 1731708 рубльдің саудасы жасалынған, оның ішінде мал 638965
рубльге сатылған.
Сатылым мөлшері бойынша Екінші орынды Шар жәрмеңкесі (215170 рубль),
Павлодардың Баянауылындағы Покровская (214902) және Спиридоновская жәрмеңкелері
(207000 рубль) иеленді.
Сұраныс пен ұсынысқа байланысты жәрмеңкелердің саны да өзгеріп тұрды. Нарық
заңдары тезірек пайда табу үшін өндірушілерді тұтынушылардың сұранысын
қанағаттандыру бағытында жұмыс істеуге итермеледі. Нарықтық экономиканың басты
қағидасы – сұраныс пен ұсыныс – жәрмеңкелердің жиілігі мен санын, өтетін жерлері мен
сауда көлемінің мөлшерін анықтады. Семей облысында 1901 жылы 26 жәрмеңке жұмыс
істесе, 1906 жылы 29 жәрмеңкенің 18 ғана жұмыс істеп, айналымы 8 миллионды құрады [7].
1911 жылы 14 жәрмеңке жұмыс істеді, оның ішінде бір ғана Ботов жәрмеңкесінің сауда
айналымы 4 миллионнан асты. Ішкі саудада мануфактура тауарлары 36% жетіп басымдыққа
ие болды, бакалея тауарлары - 15%, сусындар -11% құрады.
Революция кезіндегі саяси жағдайлар жәрмеңкелерге, жалпы сауда саласына
жағымсыз әсерін тигізді. Сауда айналымы төмендеді, саудаға шығарылатын тауарлардың
ассортименті де жұтаң тартты. Ішкергі жақтан әкелінетін тауарлар түрлері де, жалпы сомасы
128
да азайды, саяси қиыншылықтардан туған дағдарыстан халықтың сатып алу мүмкіндігі
төмендеді. Мұның өзі жәрмеңкелік сауданың ролінің түсуіне әкеліп соқтырды.
Қоянды жәрмеңкесінің ролін қайтадан қалпына келтіру мақсатында Кеңес үкіметінің
алғашқы жылдарында біршама талпыныстар жасалынды. 1923 жылдан бастап Қоянды
жәрмеңкесі қайтадан тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Мұнда жеке саудагерлер
Дүйсенбаев, Анашин, Хайбулин, Мамраев, Шеломенцевтер сауда жасауға келді.
Мемлекеттік сауданы «Текстиль», «Кирцентрторг», «Кожсиндикат», «Сибторг, «Семгубсо-
Юз» трестері жүргізді. Жәрмеңкені Бургс-дорф, Нахинман мен Соколов ашты.
Алайда революция мен азамат соғысына кейін ашылған жәрмеңке бірден жанданып
кете алмады. Сауда тым жұтаң өтті. Бірақ, 1924 жылы Қоянды қайтадан түрленіп шыға келді.
Ақмола, Омбы, Жетісу, Алтай, Батыс Қытай, Монғолиядан келген саудагерлер сауда
айналымын көтеріп жіберді. Жәрмеңкеге 15 мыңнан астам жергілікті мал өсірушы шаруалар
келді. Олар 50 мың қой, 10 мыңнан астам ірі қара мен жылқыны саудаға салды [3].
Шығыс өңірдегі жәрмеңкелік сауданы қолдау үшін одақтық үкімет 1925 жылы
Қоянды жәрмеңкесін түрлі алымдар мен салықтан босатты. Жәрмеңкеге темір жол арқылы
товар апаратын саудагерлерге жеңілдіктер жасалды. Жеке адамдардың саудасының үлесі
жоғары болды (22%). Сауда маусымы кезінде Семей-Қоянды-Қарқаралы маршрутында
автокөлік те жүргізілді. Алайда, сауда қарқын алып кете алмады, айналымы аз болды.
Нақты айтқанда, 1925 ж. - 1104,6 мың руб., 1926 ж. - 1503,5 мың руб., 1927 ж. -1620,9
мың рубль, 1928 ж. - 1416,8 мың рубль ғана болды [3].
Ең соңғы рет 26 сәуір 1930 жылы Қарқаралы округтік атқару комитеті жәрмеңке
өткізу туралы мәселе қарады. Бірақ, осы жылдың мамыр айында Москвадан жәрмеңкеге
товар бөлінбейтіндігі туралы хабар келіп түседі. Жәрмеңкені жергілікті билік өз
мүмкіндіктерін пайдаланып өткізуіне ұсыныс жасалынады. Жәрмеңке өткізуге бұрыннан
белсене араласып келе жатқан «Казгосторг», «Окрживсоюз», «Потребсоюз», «Маслосоюз»
және басқа тұрақты қатысушылардың талпынысынан ештеме шықпайды. Мұның бәрі
ұжымдастырудың нәтижесі еді, малдың бәрі колхоздар мен совхоздардың меншігіне
айналды. Бұрыннан бері саудаға түсіп келе жатқан мүліктердің барлығы мемлекет меншігіне
өтіп кеткендіктен сататын да ештеме қалмаған болатын.
1930 жылдың қыркүйегінде жәрмеңкені жою комиссиясы құрылып, оның барлық
жылжымайтын мүліктері сол жердегі жаңадан құрылған колхоз, совхоздарға таратылып
берілді.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. ЦГА РК, Ф.374, оп.1, д.1018, л.62-62 об. Копия.
2. ЦГА РК, ф.460, оп.1, д.19, л.104
3. Попов Ю. Вспоминая Куяндинский торг // Индустриальная Караганда. - 6 нояб. 1992. - С.2
4. ЦГА РК, ф.15, оп.1, д.1594, л.57
5. Куяндинская ярмарка. 1924, Ведомость №2. Қарқаралы С. 381
6. ЦГА РК, ф.15, оп.1,д.472, л.82
7. ЦГА РК, ф. 460, оп.1, д.20, л.15
Магзумова Н.А.
1 курс магистранты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУДАҒЫ СЕМЕЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ (1946 – 1990 жж.)
Қоғамды дамытуда білімнің маңызды рөл атқаратыны белгілі. Оның деңгейі мен
сапасы мемлекеттің даму дәрежесін, экономикасының жалпы жай-күйін білдіретін
көрсеткіш. Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде Семей облысындағы білім саласында да оң
129
өзгерістер орын алды, орта және жоғары оқу орындарының саны көбейді.Бұл сөз жоқ
мемлекеттің оқу-ағарту саласындағы саясатымен де байланысты.
Соғыстан кейінгі жылдарда ағарту ісіне бөлінетін қаржының көлемі үнемі артып
отырды. Мектептерге көмек көрсетілді, қор жасау үшін жексенбіліктер ұйымдастырылды,
малшы балалары үшін мектеп-интернаттар салынды. Оқу ісінің одан арғы дамуында 1947
жылы қабылданған “Қазақ КСР-де жоғары және орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары
туралы” қаулының маңызы ерекше болды. Сонымен бірге, жоғарғы және орта білім беру
жүйесіне бөлінетін қаржының да көлемі молайды.
1949 -1950 оқу жылында бүкіл елде халыққа жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық
білім беру енгізілді. Бұл сөз жоқ үлкен жетістік болатын. Оқуға тартылмай жүрген 15 жасқа
дейінгі бала саны 1948 жылы 200 мың болса, 1955 жылы ол 16 мыңға азайды.
1950 жылдары мектептерде политехникалық білім беруге, оқушыларды өндірістік
еңбекке араластыруға, мектептің өмірмен байланысын нығайтуға бағытталған шаралар да
кең жүргізіле бастады.1959 жылы “Мектептің өмірмен байланысын нығайту және халыққа
білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру туралы” заң қабылданды. Осыған сәйкес 1962-1963
оқу жылынан бастап 8 жылдық білім беруге көшу, 11 жылдық еңбек-политехникалық
мектептерін құру, жұмысшы жастар мектептерін көбейту, мектеп-интернаттар жүйесін
кеңейту шаралары көзделді.
Соғыстан кейінгі мәселенің бірі – мамандарға, оның ішінде мұғалімдерге деген
зәрулік болды.Мемлекет осыны да реттеуге күш салды. 1946-1956 жылдары кәсіптік-
техникалық білім беру жүйесінде 344,5 мың жас маман дайындалды. 1965-1966 оқу жылында
39 жоғары оқу орындарында 144,7 мың студент оқыды. Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде
жоғары білімді мамандар даярлау 11 есеге өсті. 1965 жылы халық шаруашылығында 0,5 млн-
нан астам дипломды маман жұмыс жасады.
Жалпы мемлекет тарапынан қолға алынған осы шаралар республикадағы білім
саласының дамуына әсер еткен жағдайлардың қатарына жатады. Соның нәтижесінде 70 - ші
жылдары жалпыға бірдей орта білім беруге көшуге мүмкіндік туды. Осы кезеңде кабинеттік
жүйені енгізу шаралары атқарылды. Ауыл мұғалімдеріне жеңілдіктер жасалынды. Жаңашыл
мұғалімдердің тәжірибесін тарату, әдістемелік жаңалықтарды енгізу жұмыстары жаппай
жүргізілді. Ал 80 - ші жылдардың басында жалпыға бірдей міндетті орта білім беру жүзеге
асырылды. Бұл өз тарапынан 1984 жылы кезекті мектеп реформасын жүргізуге негіз болды.
Осы кезеңде мектептің материалдық базасын одан ары нығайту, 6 жастан бастап оқыту, жаңа
пәндер енгізу, мұғалім беделін көтеру мәселелері де қарастырылды.
Осындай оң өзгерістерге қарамастан, қазақ мектептерінің жағдайы әлі де болса
біршама ауыр болып қала берді. 1970 жылдары ірі агрокешендер құрылып, “болашағы жоқ”
елді мекендер жойылып жатты. Бұл шағын комплектілі қазақ мектептеріне зиянды әсер етті.
Себебі, олар еріксіз жабылды. 50-70 жылдардың ішінде орыс тілінде оқытылатын мектептер
1,5 мыңға артқанда, қазақ мектептері 3891-ден 2577- ге азайды. Әрине бұның осылай
болуына басқа да факторлардың әсері аз болған жоқ.
1980 жылдардың ортасында республикадағы ЖОО-ның саны 55-ке жетті. Бұл
жылдары студенттік құрылыс отрядтары өріс алды. Орта арнаулы оқу орындарының саны
246-ға жетті. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 550 мыңға жуық студенттер мен
оқушылар 200 түрлі мамандық алды.
Сол кезеңдегі болған қиындықтарға қарамастан, халыққа білім беру жүйесіне үздіксіз
мұғалім мамандар даярлау ісінде ондаған жылдар бойы 1937 жылы 31 қазанда Қазақ КСР
Халық комиссарлар Кеңесінің қаулысымен құрылған Н.К.Крупская атындағы Семей
педагогикалық институтының орнының ерекше болғандығын айтамыз. Сол қаулыда Қазақ
КСР Халық ағарту кеңесі мен Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің Семей
қаласында 1937 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 4 жылдық педагогикалық институт
ұйымдастыру жөніндегі ұсынысының қабылданғаны айтылған [1,32].
Сонымен, 1937 жылға дейін жоғары оқу орны құрамында тарих, география, физика –
математика және жаратылыстану факультеттері бар Мұғалімдер институты ретінде өмір
130
сүрді. Ал, жаңадан құрылған Семей педагогикалық институтының бір ерекшелігі сол, оның
құрамында Мұғалімдер институты да қызметін жалғастырды. 1937 жылы Семей
педагогикалық институтының физика – математика және жаратылыстану факультеттеріне
алғаш рет студенттерді қабылдау жүргізілді.Педагогикалық институтта да, әрі мұғалімдер
институтында да орыс тілі және әдебиеті факультеттері алғаш рет ашылды.
Педагогикалық институт студенттер құрамын жасақтау барысында қиындықтар
туындағанына қарамастан, сондай - ақ Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды,
Ақмола облыстарындағы мектептердің оқушылары арасында да, бүгіндері кәсіби бағдар деп
аталатын, үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. Институтқа түсуге үміткерлерге арналған
плакаттар, үндеулер және өзге де материалдар таратылды. Педагогикалық инситутқа
қабылдау туралы хабарламалар газеттер беттерінде жарияланды.
Студенттер, күндізгі бөлімде орыс тілі мен әдебиеті, жаратылыстану және химия,
математика, ал сыртқы бөлімде орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, математика,
жаратылыстану және химия сияқты мамандықтар бойынша білім алды. Инситут түлектері
орта мектептің мұғалімі мамандығын иеленді.
Институтты дамыту барысында мемлекет тұрмыстық жағдайға да көңіл бөліп отырды.
30 жылдардың соңына қарай 68 бөлмелі 4 қабатты жатақхана тұрғызылды. 500 мың сом
қаржы жұмсалып, кабинеттер мен зертханаларды қайта жабдықтау жүргізілді. 1940 жылы
институттың ішкі және сыртқы бөлімдерінде 1200 студент білім алды.
Жоғары оқу орнының сапалық деңгейінің артқанының көрсеткіші – оқытушылардың
ғылыми және кәсіби біліктілігінің өсуіне көп көңіл бөлінуі болып табылатыны аян. 1940
жылы институттың Ғылыми кеңесі кандидаттық минимум тапсыру, кандидаттық және
докторлық диссертацияларды қорғату мақсатында Мәскеу, Ленинград, Алматы, Қазан және
өзге де қалалаларға оқытушылардың 17 ғылыми іс сапарын белгіледі. Осы кезеңде
оқытушылардың түрлі ғылыми жұмыс бағыттары қалыптаса бастады.
Семей педагогикалық институтының оқытушылары елдегі түрлі жоғары оқу
орындарының түлектері болғанын да атап өту керек. Бірнеше оқытушы Қазан мемлекеттік
университеті мен Қазан педагогикалық институтын бітіргендер болатын. Мәскеудегі Герцен
атындағы Бүкілодақтық педагогикалық институтта және Ленинградтағы Философия, Тілтану
және әдебиет институтында білім алған оқытушылар да институт қабырғасында қызмет
етті. Сондай-ақ, бұлардың қатарында Мәскеу мемлекеттік университетінің, Мәскеу
философия тарихы институтының түлектері де қызмет жасады.
Соғысқа дейінгі жылдарда Семей педагогикалық институтында ірі ғалым және қоғам
қайраткері Қайым Мұхамедханов білім алды. Ол педагогикалық институттың жұмысына
оқуға түспей тұрып ақ ат салыса бастады. 1935 – 1937 жылдары мұғалімдер даярлайтын
курста оқи жүріп, Облыстық халыққа білім беру бөлімінің мұғалімдер даяндау курсында
қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ жүргізді. Семей педагогикалық институтында оқи жүре, ол
1938 жылдан бастап институттағы дайындық бөлімдеріндегі орыс топтарына дәріс берді.
Институтты бітіргеннен соң Қайым Мұхамедханов қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына
оқытушы болып қалтырылды. Қ.Мұхамедхановтың ғылыми ізденістері студенттік кезден
басталған еді. Оның өзі айтқандай, ол тек білім ғана бермей, ғылымға деген қызығушылық
оятатын оқытушылардан да дәріс тыңдау бақытына ие болды.
Ұлы Отан соғысының басталуы институт өміріне де үлкен өзгерістерді алып келді. Ең
бастысы, оқытушылар мен студенттер бүкіл еліміздің азаматтары сияқты отанын қорғауға
аттанды. Соғыстың бастапқы кезеңінде ақ 40 оқытушы майданға аттанды. Соғыс
жағдайының қиындықтарына қарамастан, оқу ағарту саласына мамандарды даярлау ісі одан
әрі, тоқтаусыз жүргізілді. Педагогоикалық институттың барлық жұмыс соғыс уақытының
жағдайына сәйкес бейімделіп, қайта құрылды. Оқу процесі өзгермелі жоспарлар бойынша
жүргізілді.Институттың ғимаратында әскери госпиталь орналасты. Елдегі қабылданған
тәртіп бойынша институттың оқытушылары мен студенттері әскери мамандықтарды игеруге
де міндеттенді. Институтта байланысшылар, атқыштар, мейірбикелер дайындайтын
үйірмелер ұйымдастырылды.
131
Сонымен қатар, педагогикалық институттың қызметкерлері мен студенттері елдің
экономикалық күш қуатының артуына да өз үлесетрін қосты. Новосібір облыстық отын
дайындау және өткізу мекемесімен жасалған келісімге сәйкес, институт сол облыстың
жеріндегі шахталардағы жұмысқа 100 адам жіберуге міндеттенсе, отын дайындау және
өткізу мекемесі институтқа 400 тонна көмір жіберуге міндетіне алды [1,34].
Осы қиындықтарға қарамастан, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы студенттердің бір
жағынан жолдары болды деп те айтуға болады. Себебі, осы кезде еліміздің ірі ғылыми
орталықтары – Мәскеуден, Ленинградтан, Киевтен, Харьковтен, Одессадан, Бакуден және
өзге де қалалардан Семейге эвакуацияланғандармен бірге небір атақты ғалымдар келді. Сол
кездегі студенттер осы адамдардан білім алу бақытына ие болды [1,50].
1944 жылы соғыс туғызған қиындықтарға қарамастан, жоғары оқу орнының 10-
жылдық мерейтойы да аталып өтті. Сол жолы Қазақ КСР Халық ағарту комиссариаты
институттың жоғары білікті мамандар даярлау ісіндегі жемісті еңбегін атап көрсетті. Онда
соғыс басталғаннан кейін институттың өз жұмысын соғыс мақсатына сай өзгерткені атап
өтілді. Қорғаныстық – шаруашылық мақсатта ғылыми-зерттек жұмыстарына көп көңіл
бөлінгені, майданға көмек ретінде жылы киімдер мен ақшалай қаржы жинау істеріне, халық
шаруашылық жұмыстарына ат салысқаны көрсетілді [1,35].
1942 жылы Семей педагогикалық институтының құрамындағы Мұғалімдер институты
жабылды. Бірақ, 1943 жылы құрамына физика-математика және тарих-филология
факультеттері енген Мұғалімдер институты жұмысын қайта жалғастырды. Бұл институт
Семей педагогикалық институтының құрамында 1952 жылға дейін қызмет жасады [1,56].
Соғыс жылдары институтты Н.С.Ким (1942 – 1945), ал 1945 – 1951 жылдар
аралығында педагогикалық институтты Р.М.Барлыбаев басқарды, одан кейінгі жылдарда оқу
орнының басшылары К.Д.Даукеев (1951 – 1953), А.А.Курочкин (1953 – 1971), Ю.Г.Чернов
(1971 – 1983), Е.А.Кузнецов (1983 – 1985), М.С.Панин (1985 – 1995) болды.
Педагогикалық институт тарихының жарқын беттері қатарына институттың
профессор-оқытушылар құрамының жаңадан құрылған жоғары оқу орындарына қамқорлық
көрсеткен кезеңін де жатқызуға болады. 1952 жылы Семей мұғалімдік институтының
базасында Өскемен педагогикалық институты құрылды. Осы кезде Семей мұғалімдік
институтының оқытушылары толық құрамда Өскемен педагогикалық институтына
ауыстырылды. Семей педагогикалық институтында ұзақ жылдар бойы сабақ берген
оқытушылардың көпшілігі жаңадан құрылған оқу орнына ауысты. Семей педагогикалық
институтынан Өскемен педагогикалық институтына кітапхана қорынаң бір бөлігі мен оқу
құралдары берілді. Павлодар педагогикалық институтының қалыптасуына да осындай көмек
жасалынды [1,5].
Бір сөзбен айтқанда, аса бір күрделі уақыттары бар, соғыстан кейінгі кезеңдегі
Н.К.Крупская
атындағы
Семей
педагогикалық
инситутының
республикамыздың
мектептеріне және т.б. оқу орындарына үздіксіз білікті мамандар дайындаған орасан зор
қызметі, әлі де осы мәселені тереңдете зерттеуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |