Редакциясын басқарған т.ғ. д, профессор М.Ғ. Ескендіров



Pdf көрінісі
бет1/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,64 Mb.
#6429
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

 


 
 
 
 
 
УДК 94(574) 
 
Редакциясын басқарған т.ғ.д, профессор М.Ғ. Ескендіров 
 
 
Редакция  алқасы:  т.ғ.д.,  профессор  Атантаева  Б.Ж.,  т.ғ.к.,  профессор  Каримов  М.Қ.,  т.ғ.к., 
доцент Ахметова Р.Д., Тлеубердиев Д.Р. 
 
 
«Академик  Манаш  Қозыбаев  және  отан  тарихының  өзекті  мәселелері»  Халықаралық 
ғылыми-тәжірибелік  конференциясы  материалдарының  жинағы.  «Академик  Манаш 
Козыбаев  и  актуальные  проблемы  Отечественной  истории»    Сборник  материалов  
международной  научно  –практической  конференции  –  Семей:  Семей  қаласының  Шәкәрім 
атындағы мемлекеттік университеті, 2016. -  265 б.  
 
 
 
Жинаққа  енген  мақалалар  Қазақстан  Республикасы  және  Ресей  Федерациясы  мұрағат 
мекемелері қорларындағы Қазақстанға қатысты әр кезеңдердегі материалдарға негізделген. 
 
 
 
Жинақ  профессорлық-оқытушылық  құрамға,  ғылыми  қызметкерлерге,  магистранттар  мен 
студенттерге,  колледж және мектеп мұғалімдеріне арналған.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС 
 
 
ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ 
 
Әбжанов Х.М. 
ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, 
т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі 
 
АКАДЕМИК М. ҚОЗЫБАЕВТЫҢ МҰРАСЫ 
 
Көркем  шығарманы  жанрға  –  роман,  поэма,  повесть,  т.б.  –  топтастыру  ежелден  бар. 
Ал  тарих  ғылымында  зерттеулерді  түрге  жіктеу  түпкілікті  орнықпаған  күйде  қалуда. 
Көлеміне  қарай  монография,  мақала,  кітапша  деп  айдарлап  жатамыз.  Өмірде  небір 
таңғажайыптар  болатыны  тәрізді,  кейде  15-20  беттік  ғылыми  мақала  өзінің  жаңалығы, 
нәтижелері  бойынша  көлемі  15-20  баспа  табақ  монографиядан  да  салмақты  шығып,  уақыт 
өткен  сайын  ізашар  жаңашылдығымен  зорайған  үстіне  зорая  түсетініне  көзіміз  жетуде. 
Мәселен,  1893  жылғы  15  желтоқсан  күні  Дания  азаматы  Вильгельм  Томсен  Данияның 
корольдік Ғылым академиясының Президиумында байырғы түркі жазуын оқудың кілтін паш 
етті.  Бүгінде  В.  Томсен  ашқан  жаңалықтың  арқасында  түркі  өркениеті  мойындалды,  сол 
кілттің  әлеуетін  барша  әлем  түркітанушылары  кәдеге  жаратуда.  Қазақстанның  тарих 
ғылымына  көз  жүгіртсек,  ұлы  даланың  қадір-қасиетін  әспеттеген  палеолит  дәуірі, 
ортағасырлық  түркі  және  парсы  деректері  жайлы  классикалық  еңбектерін  археолог  Х. 
Алпысбаев, шығыстанушы С. Ибрагимов алғашқыда ғылыми мақала түрінде жариялағанын 
көреміз. Қалың-қалың монография жазып отыруға бұлардың уақыты да жетпеді.  
Демек,  ғалымның  ғалымдығы  ашқан  жаңалығымен,  нағыз  ақиқатты  айта  алуымен 
өлшенеді. Бұған 1991 жылғы 16 желтоқсанда жарияланған мемлекеттік тәуелсіздіктен кейін 
біржолата  иландық.  Шығармашылық  еркіндік  шын  ғалымның  жұлдызын  жарқыратып, 
жасампаз қабілет-қарымын шырқау биікке шығаратынын қапысыз дәлелдеген  қазақстандық 
тұлға һәм құбылыс – академик М.Қ. Қозыбаев (1931-2002). Азаттық тұсындағы 10 жыл 2 ай 
ғана  ғұмыры  ішінде  Манаш  аға  оқырманның  тарихи  санасын  жаңаша  қалыптастырған, 
бұрын-соңды  беймәлім  деректер  мен  құжаттарға  сүйенген,  «ақтаңдақтар»  ақиқатын  ашқан 
ондаған  монографиялар,  жүздеген  мақалалар  жариялады.  Әрқайсы  тарихнамалық, 
деректанулық,  эпистемологиялық,  теориялық-методологиялық  тұрғыдан  арнайы  талдау 
нысанына айналуға лайық. Осылардың ішінен 1992 жылы Бүкілқазақтық тұңғыш құрылтайда 
оқыған «Ата тарихы туралы үзік сыр» баяндамасын, 1999 жылы «Отан тарихы» журналының 
№4 санында жарияланған «Қазақстанның ХХ ғ. тарихын зерделеу проблемалары» мақаласын 
ғылыми  танымның  жұлдызды  табысы  деуге  негіз  бар.  Біріншісі  ұлт  тарихын  мүлде  жаңа 
ұстаныммен  зерделеуге  есік  ашса,  екіншісі  –  академиктің  ХХІ  ғасыр  тарихшыларына 
қалдырған аманаты.  
Бұлай  дейтін  себебіміз,  біріншіден,  1999  жылғы  мақалада  кеңестік-идеологиялық 
қысыммен  тарихи  ақиқаттан  алшақ,  таптық,  партиялық  ойлаумен  құрастырылған, 
империялық  өктемдікті  жақтайтын  жалған  мифтерді  жою  міндеті  күн  тәртібіне  қойылған. 
Содан  бері  20  жылға  жуық  уақыт  өтсе  де,  академиктің  аманаты  діттеген  межесіне 
жетпегендіктен  өзектілігін  жойған  жоқ.  Екіншіден,  1989  жылы  қазақ  қоғамын  дүр 
сілкіндірген «Ермак: аңыз және ақиқат» атты зерттеуі жарық көргеннен 2002 жылы дүниеден 
озғанша  Манаш  аға  ұлттық  тарихымызды  мифтерден  арылтуға  «күндіз  отырмастан,  түнде 
ұйықтамастан» қызмет етті, боламын деген жанға бағыт сілтеді. Тап осы 1989 жылы әлемдік 
тарихта орны бар бетбұрысты оқиғалармен:  Берлин қабырғасының құлауымен, социалистік 
лагердің  ыдырауымен  қазақ  даласына  азаттық  елесі  мен  рухы  оралды.  Олардың  нығаюына 
республика  басшылығына  Н.Ә.  Назарбаевтың  келуі,  қазақ  тіліне  мемлекеттік  мәртебенің 
берілуі  септескені  сөзсіз.  1990  жылы  «Казахстанская  правда»  газетінің  үш  санында 


 
жарияланған  мақаласына  «Истина  и  мифы»  деп  тақырып  беруі  де  әсте  кездейсоқтық  емес. 
Үшіншіден,  М.  Қозыбаев  әшкерелеген  мифтер  қатары  жаңаларымен  толығуда.  Мәселен, 
қазақ  қазақ  болып  қалыптаспаған  ғасырлардағы  қытайдың  ақынын,  моңғолдың  билеушісін 
қазақ халқының перзенті ретінде «дәлелдеген» қалың-қалың зерттеулер жарық көрді. Демек, 
мифтермен күресуге шақырған аманат әзірге аманат мәртебесімен сақталуда.  
Енді мақалаға оралайық. Еңбекте сегіз мифке арнайы тоқталған. Олар:  
1.
 
Қазақ  халқының  ұлт-азаттық  қозғалысының  статусын  төмендетіп,  қазақ 
сахарасында пролетариат қозғалысының статусын әсірелеу мифі.  
2.
 
Қазақстан  тарихында  қазақ  халқының  Ресейдің  құрамына  енуінің  прогрессивтік 
маңызын әсірелеу мифі.  
3.
 
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын большевиктік арнада әсірелеу мифі. 
4.
 
Әдебиетте  1917  жылғы  Ақпан  революциясының  болмысын  тұқыртып,  оның 
жасаған  жақсылық  ісін  жасырып,  кемшілігін  асырып,  Қазан  революциясымен  шендестіру, 
қарама-қарсы қою мифі.  
5.
 
Қазан төңкерісінің заңдылығы туралы миф.  
6.
 
Ұлт мүддесін қорғаған қайраткерлерге, кейін барша халыққа ұлтшылдық айдарын 
тағу мифі.  
7.
 
Қазақ кеңестік мемлекеттік статусты әсірелеу мифі.  
8.
 
Бұрынғы  Одақтың,  одан  қалды  Қазақстанның  70-80  жылдардағы  дамуы  туралы 
қарама-қарсы миф.  
Бұлардан  басқа  И.  Сталин  туралы,  Ұлы  Отан  соғысының  сипаты  туралы,  Ұлы 
Жеңістің  қозғаушы  күштері  туралы,  соғыс  шығыны  туралы  төрт  мифке  талдау  жасалған. 
Осынау талас проблемалар Қазақстан мысалдары негізінде ғана емес, бүкіл Кеңестер Одағы 
тарихымен  байланысты  қарастырылды.  Өйткені  Жеңістің  55  жылдығы  жақындап  келе 
жатты.  
Мақала Қазақстанның ХХ ғасырдағы тарихына арналғанмен хронологиялық ауқымы 
мен мазмұны бойынша XVIII-XIX, тіпті XV ғасырларға дейін қамтып жатыр. Мәселен, 1-ші 
мифке  қарсы  шыққанда  алға  тартқан  уәжі:  «Шын  мәнінде,  ұлт  қозғалысы  жұмысшы 
қозғалысы жоқ кезде қазақ Ресейге бодан болған күннен бастап туындады... Шет аймақтарды 
XVI  ғ.  екінші  жартысынан  жаулап,  оны  жегідей  жеп,  метрополия  мүддесіне  пайдаланған 
Ресейде  орыс  халқы  отаршылық  жүйесіне,  жаугершілікке  қатысты,  отар  елден  түскен 
байлыққа кенелді, империялық рухта тәрбиеленді» деген ойлармен өріліп, оқырманды Көшім 
хан заманына алып кетеді. Азаттық үшін күрестің хронологиялық ауқымын кеңейткені кеше 
де, ертең де теориялық-методологиялық әлеуеті зор күйінде қала бермек.  
Қазақ  хандығындағы  қиыншылықтар  мен  қайшылықтар  Ресейге  бодандықты 
қабылдауға  итермелегенін,  Ресей  құрамына  ену  қазақ  халқына  тек  прогрессивті  емес, 
регрессивті  де  нәтижелер  әкелгенін  кесек-кесек  айғақ-дәлелмен  көрсетуі  2-ші  мифтің 
жалғандығын  дәйектейді.  Осы  орайда  автор  «дәрменсіздік»,  «амалсыздық»,  «мәжбүрлік» 
терминдерін  бірнеше  қайта  қолданған.  Ал  «қазақ  халқының  күштеп  шоқындырылуы, 
азаматтық  правосының  шектелуі,  ұлттың  рухын  жаншуы,  қазақ  жерін  бөлшектеп,  ұлт 
территориясын  орыс  әкімшілік  жүйесіне  қосып,  ыдыратуы,  мұсылман  қозғалысы,  ұлт-
азаттық  күресінің  үзілмей  келген  арқауы  –  бостандық,  тәуелсіздік,  ұлт  болмысын  сақтау, 
өркениетті елдер деңгейінде даму жолында ұлттық дискриминациядан, геноцид саясатынан 
құтылу  жолы  сияқты  проблемалар  ата  тарихынан  тыс  қалды,  не  көмескі  айтылды»,  деген 
өткір  пайым-тұжырымы  ұлттық  тарихнамамыздың  болашағын  болжаған  батылдық  әрі 
ғалымдарға жүктеген аманаты. 
Түптеп  келгенде,  осынау  екі  мифті  тарихи  сана  мен  зерттеулерден  ығыстырмай, 
Ресейдің  отарлау  саясаты  мен  практикасын  сындарлы  зерделеу  емес,  ақтау  орын  алатын 
болады.  
3-ші  миф  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс  тарихы  мен  тағылымын  большевиктік 
бұрмалаумен  дүниеге  келді.  Кеңестік  тарихнама  ұлы  сілкіністі  жойдасыз  саясаттанған 
тұрғыдан  зерделеуден  жаңылмады:  большевизм  ықпалын  дәріптеді,  алашшылар  сатқын 


 
ретінде  бағаланды,  ұлтаралық  қатынастың  ушыққаны,  патша  үкіметінің  геноцид  саясаты 
«ақтаңдақ»  күйде  қала  берді.  «Шын  мәнінде,  –  дейді  М.  Қозыбаев,  –  1916  жыл  ХХ  ғасыр 
басында қазақ халқының саяси тәуелсіздік пен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі 
болды.  Көтеріліс  басында  ел  сайлаған  хандар,  әскери  жасақтардың  басында  ел  сайлаған 
сардарбектер  тұрды,  салық  жинау  жүйесі  қалыптасты,  хан  Кеңесі  жұмыс  істеді,  басқа 
мемлекеттермен елшілік арқылы байланыс жүргізілді». 
Мақалада  жергілікті  халық  пен  келісімсектер  арасында  қантөгіс  шайқастар  жүргені, 
ұлыдержавалық шовинизм жаңа белеске көтерілгені, қазақ сахарасы «от жалынға шарпылған 
жер мен ел» қасіретіне ұрынғаны баса көрсетілген.  
Уақыт  академиктің  болашақты  дөп  басып  болжай  алғанын  дәлелдеді.  Қазақстан 
тарихшылары ізденетін тақырыптар – осылар екеніне көзіміз жетті. 1916 жылғы көтерілістің 
100  жылдығына  орай  Ресей  ғалымдары  құжаттар  жинағын  жариялап,  ғылыми  еңбектер 
жазып,  патшалық  билік  пен  әскердің  отар  өлкедегі  қанды  қылмысын  жасыруға,  көтеріліс 
себептерін  басқа  арнадан  іздеуге  барын  салды.  Айталық,  2016  жылы  Мәскеуде  шыққан 
«Восстание 1916 года в Туркестане: документальные свидетельства общей трагедии: сборник 
документов  и  материалов»  атаулы  жинақтың  алғы  сөзін  жазған  Т.В.  Котюкова  отарлық, 
ұлттық  езгіні  көрмей,  көтеріліске  себеп  ретінде  өлкедегі  басқару  ақпаратының  кадрлық 
әлжуаздығын,  байырғы  халықтың  тілін  білмегенін,  неміс,  түрік  шпиондары  Ресейге  қарсы 
насихатымен  отқа  май  құйғанын,  түркістандықтардан  бұрын  переселендік  деревня 
тұрғындары жапа шеккенін дәлелдеуге тырысқан. 
2016 жылы жарияланған «События в Семиречье 1916 года по документам российских 
архивов» атаулы жинақтың электрондық нұсқасындағы тарих ғылымдарының докторы А.В. 
Ганин жазған алғы сөз де Ресейді ақтауды көздейді. Қоныс аудару саясатын сипай сынаған 
автор  1916  жылғы  көтеріліске  алыпқашпа  сөзді  басты  себеп  санайды.  Байырғы  халық 
переселендерді  тонауға  бейімдік  танатыпты.  Оның  пайым-тұжырымы  мынадай:  «Мощным 
катализатором  волнений  стали  слухи,  многократно  преувеличивавшие  истинный  масштаб 
событий.  Среди  причин  беспорядков  было  стремление  местного  населения  грабить 
переселенцев, поземельные споры в связи с активной переселенческой политикой в регионе, 
налоговое бремя. 
Трагическому  развитию  событий  способствовали  бездейственность  местной 
администрации,  расцвет  коррупции,  туземная  феодальная  знать  (ханы,  беки,  манапы)  и 
духовенство, преследовавшие свои интересы, а также внешние дестабилизирующие силы». 
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр соңында академик М. Қозыбаев әшкерелеген 1916 жылғы 
көтеріліс төңірегіндегі мифтің жаны сірі екен. Аманатты атқару үшін әлі көп интеллектуалды 
тер төгуге тура келеді. 
Келесі  миф  1917  жылғы  Ақпан  революциясының  Қазақстан  тарихындағы  орны  мен 
маңызына  қатысты.  М.  Қозыбаев  қазақ  даласына  революция  әкелген  жеті  жақсылықты 
қадап-қадап  көрсетеді.  Оның  төртеуі  (жазалаушы  отрядтардың  кейін  шақырылып  алынуы, 
көтеріліске  қатысқан  қазақ  азаматтарына  кеңшілік  жариялануы,  босқын  қазақтардың  елге 
оралуы,  шабылған  қазақ  отбасыларына  мемлекеттік  көмек  көрсетілуі)  1916  жылғы 
оқиғалармен  астасып  жатты.  Қалған  үшеуі  Алаш  қозғалысымен,  зиялы  қауым  тарихымен, 
демократиялық  үдеріспен  байланысты.  Кеңестік  тарихнамада  1917  жылғы  буржуазиялық-
демократиялық  революция  жартыкеш,  шала  туған,  пайдасынан  зияны  басым  оқиға 
мәртебесімен бағаланатын. Қайта бірінші орыс революциясына жағымды басымдық беретін. 
Академик  ағамыз  тарихи  әділеттілікті  қалпына  келтіруді  аманаттады.  Біздің  ойымызша, 
Ақпан революциясының себебі  мен салдарын дұрыс  тиянақтау ғана  ғасырлар тоғысындағы 
Қазақстан тарихын тарқата талдауға мүмкіндік береді.  
Бесінші  миф  –  Қазан  революциясының  заңдылығы  –  большевиктер  өктемдігімен 
түзілді.  1917  жылы  Ресей  жұмысшы  табы  елдегі  саяси  билікті  қолына  алуға  даяр  емес  еді 
деген Г.В. Плехановтың пікіріне қосылған М.Қозыбаев социализм қазақ даласына жоғарыдан 
қондырылды  деп  қорытындылады.  Әкелген  нәтижесі  де  жан  шошытарлық  болып  шықты: 
«қазақ ұлтын қансыратты».  


 
Иә,  социалистік  революцияның  қазақтарға  жат,  түсініксіз  құбылыс  екені  рас.  Соны 
кемел ғылыми ізденіспен дәйектейтін уақыт келді. Мақсатқа жету үшін бірінші кезекте Алаш 
партиясының,  Алаш  Орда  үкіметінің,  Түркістан  мұхтариятының  жеңілу  себептерін  ашу 
керек.  Қалың  бұқараның,  ұлт  зиялылары  мен  буржуазиясының  миссиясындағы  және  өзара 
ықпалдастығындағы  қайшылықтарды,  кемшіліктерді,  жаңсақтықтарды  дөп  басып  табу 
алдағы  күндердің  еншісінде.  Ең  бастысы  –  социалистік  революцияны  заңдылық,  заңды 
құбылыс  ретінде  дәлелдеуге  мәжбүрленген  тарихшылар  қауымы  бүкіл  социалистік 
құрылыстың  тарихын  тоталитарлық  өктемдік  тұжырымдамасы  аясында  жазбасқа  шамасы 
қалмады.  Миллиондардың  өмірін  жалмаған  ашаршылық  азық-түлік  тапшылығы  деген, 
қазақтардың  ана  тілін  ұмыта  бастауы  халықтардың  жақындасуы  деген  жылтыр  сөздермен 
рәсімделді.  Қансыраған  қазақ  халқын  еш  қымсынбастан  социализм  бақытына  бөленген 
халық  деумен  ақиқаттан  алшақ  пайым  санаға  тықпаланды.  Ендеше,  Қозыбаев  көрсеткен 
бағытпен жүріп, дұрыс жол таба білу – бізге серт.  
6-шы  мифті  жою  –  қазақтың  ұлттық  болмысын  қалпына  келтіру  деген  сөз.  Ол 
мемлекеттік  тілді  шын  мағынасында  мемлекеттік  деңгейге  көтерумен,  рушылдық, 
жершілдік,  жемқорлық  тәрізді  кереғарлықтарды  санадан,  іс-әрекеттен  ығыстырумен, 
Қазақстан халқының  бірлігін  және  бірегейлігін  нығайтумен  қалыптасады.  Тап  қазір  ұлттық 
тарихнамада М. Қозыбаев бекерлеген ұлтшылдықпен айыптау жоқ. Есесіне ұлтсыздық көзге 
түсуде.  Ең  ауыры  –  бүгiнгi  қазақ  өзiн-өзi  iздеген,  қилы  тағдырмен  этникалық  сәйкестігі 
шайқалған  халық.  Аты  да,  заты  да  бiр  қазақ  өркениеттік,  тілдік,  рухани  т.б.  ұстанымдары 
тұрғысынан  қаншаға  бөлiнiп  кеткенiн  көзбен  көрiп,  жүрекпен  сезiнiп  отырмыз.  Ал  ендi 
соларды  санап  көрейiкшi:  1.  Бар  болмыс-бiтiмiмен  нағыз  қазақ  қалпындағы  қазақтар  бар. 
Сақтардан  жеткен  мұра,  байырғы  түркiлердiң  нақыл  сөздерi,  Қорқыттың  күйлерi,  Ақан, 
Бiржан, Шәмшiнiң әндерi бұларға асылдың сынығындай. 2. Кешегi өктем империяның, яғни 
Ресейдің  сойылын  соғып  жүрген  қазақтар  аз  емес.  Мұндайларды  Шер-ағаң:  «Ұлы 
империяның  улы  жемiсi»  деген  едi.  3.  Тiлi,  дiлi  орыстанып  кеткенмен  халқына  бүйрегi 
бұратын  қазақтарды  қаперден  шығармағанымыз  жөн.  Бұлардың  бiр  бөлiгiне  ұлтжандылық 
сезiм тән. Қазақша сыңар жол өлең жазбаса да О.Сүлейменовты кiм орыс ақыны дей алады? 
4.  Жаhанданудың  салмағына  жаншылып,  Америкаға,  Батысқа  шыбындап  бас  изейтiн, 
өзiнiкiне мұрынын шүйiретiн қазақтар шықты. 5. Басқа дiннiң ықпалына түсiп, не ол емес, не 
бұл  емес  қазақтар  саны  өсiп  келедi.  Білетіндердің  айтуына  қарағанда,  бұлардың  қарасы 
жарты  миллионнан  асып  түсіпті.  6.  Тарихи Отанына  сағынышпен  жеткенде  бауырларының 
өзiн де, сөзiн де түсiнбей, айран-асыр күйге түскен  оралмандар үлкен қауым. 7. Жүзге, руға, 
жерге  бөлiну  сияқты  дерттен  айықпаған  "ортағасырлық"  қазақтар  арамызда  жүр.  8. 
Жекешелендiру  мен  нарықтан  қарқ  болған  "жаңа  қазақтар"  да  этникалық  сәйкестігімізді 
әрлендіре бермейді.  
«Алтау ала болса, ауыздағы кетедi», деген екен бабаларымыз. Ал ондайлар алтаудан 
да  көп  болғандықтан жерiмiздiң  асты-үстiндегi  байлық  шетел  асып,  қулығы  мен  сұмдығын 
асырғандардың қанжығасына байланғаны айтудай-ақ айтылды. Бұл – бiр.  
Екiншiден,  этностың  өз  iшiндегi  ала-құлалық  ұлттың,  мемлекеттiлiктiң  болашағына 
қатер туғызбай қоймайды. Алғашқыда ұлттық тұтастықтан, сонсоң мемлекетiнен айрылудың 
әкелер қасiретiн – бек ұлдардың құл болатынын, пәк қыздардың күң болатынын осыдан 13 
ғасыр  бұрын  Күлтегiн  тасына  қашап  жазған  байырғы  түркiлердiң  даналығына  қалайша  бас 
имейсiз.  Кеңестiк  жылдары  Күлтегiндей  дананың  айтқаны  басымыздан  өткенi  рас  қой. 
Ендеше  Елбасымыз  Н.Назарбаевтың:  «Қазақтың  сана-сезiмi  өткендегi,  қазiргi  және 
болашақтағы  –  тарихтың  толқынында  өзiнiң  ұлттық  «МЕН»  дегiзерлiк  қасиетiн  түсiнуге 
тұңғыш  рет  ендi  ғана  мүмкiндiк  алып  отыр...  Бiрақ  бұл  мүмкiндiк  қана:  ол  шындыққа,  тек 
қазақтардың  ғана  емес,  барлық  қазақстандықтардың  жаппай  санасына  орныққан  фактiге 
айналуы қажет», деп жазуында өмiрлiк мәнi бар шындық жатыр.  
Тарихнамадағы 7-ші мифтің туу себебін М. Қозыбаев кеңестік Қазақ автономиясының 
құрылуынан,  шашылған  қазақ  жерінің  жиналғанынан  көреді.  Бірақ  ұлттық  мемлекет 
құрылмады.  Академиктің  пайымдауынша,  Кеңес  өкіметі  ұлт  мәселесінде  жарты  жолда 


 
тоқтады,  территориялық  ұлттық  автономия,  кейін  одақтас  республика  құрды,  бірақ  ол 
декаративті мемлекеттік құрылым дәрежесінде қалды. 
Кеңестік  Қазақ  мемлекетінің  «қуыршақ  мемлекет»  мәртебесімен  өмір  сүргенін 
тәуелсіздік тұсындағы мемлекет құрылысы тәжірибесін, басқа да үдерістерді алға тартумен 
тиянақтаған  жөн  шығар.  Бәрі  салыстырумен  танылады.  Мәселен,  тәуелсіздіктің  25  жылы 
ішінде  адам  құқына  байланысты  60  халықаралық-құқықтық  акт  Қазақстанда 
ратификацияланыпты, адам құқығы мен бостандығы бойынша 78 заң қабылданыпты. Біздің 
еліміз  8  мыңнан  астам  халықаралық  договорлар  мен  келісімдерді  бекітіпті,  70-тен  астам 
халықаралық ұйымдарға мүшелікке кіріпті. Кеңестік дәуірде бұлар түсімізге де кірген емес. 
Демек, 7-ші мифті әшкерелеу жалғасын табуы керек.  
8-ші  екі  миф  бірін-бірі  жоққа  шығарады.  М.  Қозыбаев  айтқандай,  «бірі  –  бұл 
жылдарды  шарықтау  кезеңі  десе,  екіншісі  –  тоқырау  кезеңі  дегенді  айтады.  Бұл  тартыс 
принципке  негізделген.  Егер  біз  бірінші  мифті  қостасақ,  Кеңес  өкіметінің  құлауы 
кездейсоқтық  болуын  мойындаймыз.  Ал,  екінші  миф  тарихи  процесті  толығымен  аша 
алмайды, шындықты бұрмалайды».  
Өкініштісі  – ұлттық тарихнамада екеуі  де өмір сүріп келеді. Түптеп келгенде, соңғы 
екі мифке байланған «ақтаңдақтарды» жою ғылыми таным үшін, әсіресе «Қазақстан – 2050» 
Стратегиясын, «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» іс-шаралар дестесін, «Мәңгілік Ел» ұлттық 
идеясын жүзеге асыру үшін ауадай қажет.  
М. Қозыбаев тарихшы-ғалым ретінде ғасыр жүгін арқалаған азамат еді. Академиктің 
аманаты  ХХІ  ғасыр  тарихшыларының  мойнында.  Ұрпақтар  мен  идеялар  сабақтастығы 
үзілмеуі керек. Мұнсыз даму жоқ.    
 
 
Ескендіров М.Ғ. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіның ректоры, т.ғ.д., 
профессор 
 
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ  
 
Халқымыздың  ұзақ  тарихында  өз  елінің  көсегесін  көгертуге,  оның    дамудың  биік 
деңгейіннен көрінуіне, абыройының асқақтауына өз саласында еңбек ете жүріп, бүкіл саналы 
ғұмырын арнаған, үлесін қосқан ұлдары мен қыздары аз болмаған.  
Кезінде,  Қазақстан  тарихшыларының  көшбасшысы  бола  білген,  академик  Манаш 
Қабашұлы Қозыбаев сол шоғырдың ішіндегі дара тұрғандардың бірі еді. Манаш Қабашұлы 
Қозыбаев көзінің тірісінде-ақ, Қазақстан тарихының классигіне айналған тұлға болды.  
Мен,  Манаш  Қабашұлының  алдынан  дәріс  алған  студенті  болып  едім  деп  мақтана 
алмаймын.  Бірақ,  бұл  жерде  асыл  ағаның  жанында  болып,  оның  тағылымға  толы  ой-
тұжырымдарын  тыңдаған,  кеңесін  алғандардың  қатарында  болғанымды  да  айтуым  керек. 
Манаш  Қабашұлының  берген  ақылы  мен  кеңесі  шын  мәнінде,  менің  ғылыми  ізденістеріме 
және  оның  биіктеріне  қарай  жүруіме  рухани  қолдау  болды.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  мен 
өзімді  халқымыздың  ардақты  перзенті,  ғұлама  ғалымы  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаевтың 
шәкірттерінің бірі ретінде сезінемін.  
Манаш  Қабашұлын  біздің  семейлік  азаматтар  да  өте  жақсы  білетін.  Семейде,  С.М. 
Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде, соғыстан кейінгі кезеңде онымен бірге 
оқыған,  бүгіндері  дүниеден  озған  Топшиноев  Петр  Петрович,  Дәуменов  Кеңес  Дәуменұлы, 
Түсіпов  Сұлтан  Түсіпұлы,  бүгіндері  көзі  тірі  Ауғанбаева  Сәлима  Қадырбайқызы,  Ілиясов 
Мұстафа  сияқты  тамаша  достары  болды.  Солардың  бірі,  сонау  Ақмола  жеріндегі 
Қорғалжында  туса  да,  Семей  жерінің  төл  баласындай  болған,  Манаш  ағаның  жақын 
достарының бірі, белгілі ғалым, марқұм Құрманбаев Асылхан Сүлейменұлы еді. Бұл кісінің, 
жақыннан байқағанымдағы өзім білген ерекше қасиеттерінің бірі  – жастық шағындағы осы 
жолдастарын  оның  ерекше  құрметтеуі,  оларға  деген  адал  сезімі.  Оны  біз  Манаш  ағаның 


 
сирек  болса  да,  Семейге  келген  кездеріндегі  достарымен  қауышқан  ыстық    құшақтарынан 
байқайтынбыз.  
1998
 
 жылы  Семейге  келген  сапарында,  Шәкәрім  университетінде  болған  Манаш 
Қабашұлының:  «Семей  жері  сонау  көне  дәуірден  бері  тұнған  тарих  қой,  керек  десеңіз  бұл 
кәрі  Семейде  Әлихандай  Алаш  ұлдарының  іздері  әлі  де  сайрап  жатыр  емес  пе?  Қазақ 
тарихын  зерттейтін  болсақ,  оның  аймақтарының  тарихына  да,  үлкен  мән  беруіміз  керек. 
Аймақтар  тарихын  зерттеу  қажеттілік.  Сондықтан,  жергілікті  тарихты  зерттеу  үшін 
университеттер жанынан зерттеу орталықтарын құру бүгінгі күннің талабы»  - деген сөздері 
әлі  күнге  дейін  жадымызда.  Абзал  ағаның  осы  сөздерінің    негізінде,  2000  жылдың  25 
наурызындағы  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  №  248  хаттамасымен,  бүгіндері 
нәтижелі  еңбек  жасап  жатқан,  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік 
университетінің Тарихи зерттеулер ғылыми орталығы дүниеге келді. Ал, 2004 жылдың 5-ші 
сәуірінде  университеттің  Ғылыми  кеңесінің  қаулысымен  Тарихи  зерттеулер  ғылыми 
орталығына академик Манаш Қозыбаев аты берілді.  
Еліміз  алғаш,  аңсаған  тәуелсіздікті  алғанда,  сол  кездегі  Шоқан  Уәлиханов  атындағы 
Тарих,  археология  және  этнология  институтының  басында,  сол  сияқты  тарихшылардың 
көшбасында  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  сияқты    кемел  ғалымның,  тұлғаның  тұруы, 
отандық тарих ғылымының одан арғы дамуына тағдырлық ықпалы болды деп айта аламыз. 
Шын  мәнінде,  Манаш  Қабашұлы  тәуелсіздік  алған  ел  тарихының  даму  бағдарын  көрсетіп 
кеткен  тұлға  болды.  Ғалымның  терең  ізденістері  мен  толғаныстарының  нәтижесінде, 
отандық  тарихтың  өзекті  проблемалары  айқындалды.  Ол  Елбасының  «солшылдықтан», 
«рушылдықтан»,  «жүзшілдіктен»  аулақ  болуды  тапсырған  аманатын  басшылыққа  ала 
отырып,  отан  тарихын  зерделеудің  парасатты  жолын  ұсынды,  оның  басшылығымен 
азаматтардағы кең тарихи сананы қалыптастыру бағдарламасы жасалынды. 
Манаш  Қабашұлы  1985  жылға  дейін  ғылыми  жұртшылыққа  Қазақстанның    Кеңес 
дәуірі  кезеңіндегі  ірі  зерттеушісі  ретінде  мәлім  болса,  ал    еліміз  тәуелсіздігін  алғаннан 
бастап,  ол  өзінің  зерттеуші  ретіндегі  міндетін,  егемендік  алған  жағдайдағы  Қазақстанның  
тарихын жаңаша зерделеуден  көрді.  Манаш Қабашұлы шын мәнінде тәуелсіз  Қазақстанның  
жаңа тарихының концепциясын жасаудың негізін қалаған тұлға.  
Манаш Қозыбаев Қазақстан тарихының «ақтаңдақ беттерін» зерттеуді алғаш рет қолға 
алушы  болды.  Оның  ізденістерінің  нәтижесінде,  сонау  30-шы  жылдарда  сталиндік  солақай 
саясаттың  салдарынан  қазақ  халқының  басына  түскен  зұлмат  бүкіл  жұртшылық  білген 
шындыққа айналды.   
Оның  Ұлы  Отан  соғысындағы  қазақстандықтардың,  оның  ішінде  қазақ  халқының 
майдандағы ерліктері мен тылдағы ерен еңбектеріне арналған іргелі зерттеулері, мақалалары 
кезінде  үлкен  баға  алған,  бүгінде  құндылықтарын  жоймаған  еңбектер  қатарына  жатады. 
Ғалым, бүгіндері кейбір ортада дискуссияға айналып жүрген «Ұлы Отан соғысы біздікі ме, 
әлде басқанікі ме?» - деген сұраққа бұлтартпас мысалдармен келе отырып, «Ендеше мұндай 
соғыстың отандық сипатына неге шек қоямыз?» - деп, тұжырымды жауап берген [1]. 
Манаш  Қабашұлы  отандық  тарихтың  бірқатар  басты  мәселелерін  ашуға  жаңаша  ой-
тұжырым жасады. Солардың ішінде, қазақ халқының этногенезі, қазақ мемлекеттігінің пайда 
болуы  мен  қалыптасуының,  қазақ  халқының  ойрат  басқыншыларына  қарсы  жүргізген 
азаттық күресінің, XVIII-XX ғасырдың басындағы отаршылдыққа қарсы халқымыздың ұлт-
азаттық күресінің, Қазақстанның Ресей құрамына өтуінің, Кіші қазан саясатының,  1928-1932 
жылдардағы  көшпелі  шаруаларды  күштеп,  ұжымдаструдың,  саяси  репрессиялардың, 
бүтіндей  халықтарды  жер  аударудың  және  де  т.б.  жағдайлардың  мәселелері  бар.  Манаш 
Қозыбаев  біздің  халқымыздың,  сонымен  бірге  еуразиялық  далалық  өркениеттің    әлемдік 
өркениетке  қосқан  үлесін  жаңаша  пайымдады.  Биік  зерттеушінің  қаламынан  бірқатар, 
кезінде айтылса да нақты бағасын алмаған немесе мүлде айтылмаған қазақ халқының тарихи 
тұлғаларының  портреттері  шықты.  Бұл  да,  тарихымыздың  ақтаңдақтарын  азайтуға  қосқан 
зор үлес болды.  


 
Сексенінші  жылдардың  аяғында,  ғалым  Ресей  Ғылым  Академиясының  Тарих 
институтымен  бірлесе  отырып,  Орта  Азия  мен  Қазақстандағы  күштеп  ұжымдастыру 
саясатын  қайта  қарады.  М.Қозыбаев  бастаған  авторлық  топтың  мақаласы  «Казахстанская 
трагедия»  тақырыппен  сол  кездегі,  «История  СССР»  журналында  жарияланды  [2].  Манаш 
Қабашұлы  байларды  тәркілеу,  күштеп  ұжымдастыру,  соның  салдарынан  болған 
ашаршылықты, жеке басқа табынудың тұсындағы оқиғаларды қайта қарап, оларға жаңа баға 
беруді ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Президиумның алдына қойды. Мұның өзін біздер,  ғалымның 
азаматтық ерлігі деп бағалаймыз.  
Былтыр, 2015 жылы, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына байланысты 
талай  зерттеулер  жарық  көріп  жатты.  Мен  сол  кездерде,  кезінде  Манаш  Қабашұлы  айтқан: 
«Қазақ  мемлекеттілігінің  пайда  болуын  Ақордадан  бастау  керек»  деген    сөздерін  еске 
түсірдім. Былай, адам ойланып қараса бұл тұжырымның да шындықтан алыс кетпейтіндігін 
көреміз.  Болашақ  қазақ  халқының  біртұтас  организмге  айналу  үдерісі,  кезінде  біздің 
жеріміздегі болған Ақорда мемлекетінің шаңырағының астында жүргені де шындық [3].  
Көптеген  мәселер  төңірегіндегі  зерттеулер  нәтижесінде,  Манаш  Қабашұлының 
қаламынан шыққан «История и современность», «Ақтаңдақтар ақиқаты», «Жауға шаптым ту 
байлап», «Тарих зердесі», «Проблемы отечественной истории: методология, историография, 
источники»,  «Казахстан  на  рубеже  веков:  размышления  и  поиски»  сияқты  және  т.б.  сүбелі 
еңбектер дүниеге келді.  
Ғалымның  ел  іздеп  жүріп  оқыған  «Ақтаңдақтар  ақиқаты»  деп  аталатын  еңбегіндегі 
«Голощекин.  Саяси  портрет»,  «Сталин  және  Қазақстан»,  «Хрущев  және  Қазақстан», 
«Брежнев  және  Қазақстан»  сияқты  мақалалары  отандық  тарихи  әдебиеттегі  тұлғалық 
портреттер  галереясын  жасаудағы  алғашқы  қадам  болды.  Осы  еңбегінде,  ол  біз  үшін 
беймағлұм  болып  келген,  алғашқы  отарлаушы  Ермактың  түп-тұқиянына  дейін  жеткен 
мақаласын берді.   
Бұрындарда,  КСРО  халықтарының  жер  аударлуы,  күштеп  көшірілуі  тарихы  тыйм 
салынған  «қауіпті»  тақырыптарға  жататын.  Бұрынғы  сөздіктер  мен  анықтамаларда 
«депортация» сөзі туралы ештеңе табу мүмкін емес. Тек бір ғана жерде, 1957 жылы шыққан 
Үлкен  Совет  энциклопедиясында,  оның  өзінде  үстіртін  айтылған  мынандай  анықтама 
беріліпті:  «Депортация  –  от  латинского  deportation,  изгнание  в  буржуазной  стране, 
принудительное  выселение  судом  или  в  административном  порядке  лица,  признанного 
социально  опасным,  из  места  его  постоянного  жительства  и  поселение  его  в  место  с 
ограничением  свободы  передвижения»,  яғни  бұл  белгілі  бір  себептермен  азаматтарды 
тобымен  жер  аудару.  Бұндай  жағдай  энциклопедияда  көрсетілгендей,  тек  буржуазиялық 
қоғамда ғана болатын көрінеді [4]. Ал, жеке халықтардың құқықтарын аяқ асты жасау кешегі 
КСРО-да  болды  емес  пе?  Ал,  1970  жылы  шыққан  Үлкен  Совет  энциклопедияда  да 
«депортация»  сөзіне  қысаң  анықтама  берілген.  Онда  да  ондай  жер  аудару  бізде  болмаған 
сияқты, ештеңе делінбейді. Мысал ретінде, 1791 жылы Францияның саяси қылмыскерлерін 
Гвианаға жер аудару көрсетілген [5].  
Депортацияланған  халықтар  проблемасына  байланысты  бетбұрыстың  алғашқы 
пердесін  ашқан  да  Манаш  Қабашұлы  болды.  Қазақстандағы  ұлтаралық  қатынастар 
мәселесіне байланысты ол кісі 1990 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының «Хабаршысы» 
басылымында  «Национальные  отношения  накануне  и  в  годы  Великой  Отечественной 
войны»  мақаласын  жариялады.  Осы  бір  тарихшы  үшін  болсын,  кімге  болсын  тартымды  
мақалада  Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  қарсаңындағы  және  соғыстың  кезіндегі  Қазақстан 
аймағына  депортацияланған  диаспоралардың  қалыптасу  тарихына  деректік  тұрғыдан 
сараптама жасалынған [6]. 
Үлкен ғалымның, ұлағатты ұстаздың өмірдегі жүрген жолына көз сала отырып,  осы 
жерде халқымыздың «Дүниеде өлмейтін, өшпейтін екі-ақ нәрсе бар. Оның бірі – ғалымның 
хаты.  Екіншісі  –  жақсының  аты»  деген  нақылын  еске  түсіргіміз  келеді.  Шынында,  Манаш 
Қабашұлы Қозыбаев – ұлтпен мәңгі бірге жасайтын тұлға.  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет