Редактор: Закия Махитжанқызы


«(Елшім!)  сен  Раббыңның  жолына  даналықпен



Pdf көрінісі
бет117/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   293
«(Елшім!)  сен  Раббыңның  жолына  даналықпен, 

көркем насихатпен шақыр!...» 

(Нахл,125)

.

Рухтар  даналыққа  құштар.  Даналы  сөз  рухтың 



азығы. Хазіреті Әли 

 айтады:



«Тапқыр, даналы сөзбен, іс-әрекеттермен рухта-

рыңды демалдырыңдар. Өйткені дененің шаршайты-

нындай рухтар да шаршайды».

Яғни мүминнің тілі теңдесі жоқ иләһи ақиқаттардың 

рухани  әсемдіктерін  көрсететін  даналық  бұлағы  болуы 

керек.


Құран  Кәрім  бізге  өзіміз  үшін  туралық,  әділет 

және  тура  ниетпен  мәміле  көргіміз  келсе,  істеріміз  бен 

жағдайымыздың  түзеліп,  Аллаһтың  бізді  кешіруін 

қалайтын  болсақ,  біздің  әрбір  мәселеде  тура,  шынайы, 

әділ  және  ақиқат  сүйгіш  болуымызды  әмір  етіп,  «қаулән 

сәдидә»

22

, яғни дұрыс сөйлеуімізді талап етеді.



Тура  сөз  сөйлеу  және  ешкімді  әсте  алдамау  –  мұ-

сылманшылығымыздың  басты  шарты.  Мұсылман  ащы 

болса  да,  өзіне  зиянды  болса  да  тура  айтады.  Расынла 

22. Ниса, 9; Ахзаб, 70.

ِةَم ْك ِحْلاِب  َكِّبَر  ِليِب َس ىِلِإ ُعْدا

ِةَن َس َحْلا ِةَظِعْوَمْلاَو 

Құран  ұсынған  СӨЙЛЕУ  МӘНЕРІ



174

Аллаһ  Расулы 

r

  әзілдерінде  де  туралықтан  тыс  сөз 



қолданбаған.  Өйткені  Оның  туралық  сезімі  биік  дәре-

жеге жеткені сонша, бір әйел баласын:

«Кел,  қара,  саған  не  беремін!»  –  деп,  шақырғанда 

Пайғамбарымыз  әйелден  оған  не  беретінін  сұраған. 

Әйел бірнеше құрма беретінін айтқанда:

«Егер  оған  еш  нәрсе  бермегеніңде,  саған  өтірік 

айту күнәсі жазылар еді» деген болатын 

(Әбу Дәуіт, Әдеп, 

80/4991; Ахмәд, ІІІ, 447)

.

Міне,  туралыққа  бастаушымыз  Құран  қаншама 



аяты-мен бізді, мүминдерді тура, түзу, үйлесімді, жылы 

және тәтті сөздермен сөйлеуге шақырады. Қарама-қар-

сы сөздерден тыяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет