28. Ән’ам, 112.
177
келтіреді. Адамдар ол туралы тек сөйлеген болайын
деп осылай істегенін ойлайды. Хазіреті Пайғамбар
r
мұндай сөздер иләһи ашу тудыратыны туралы хабар
берген және былай деген:
«Кімде-кім адамдардың жүрегін аулау үшін
сөздің иірілуін қолдануды үйренсе, адамдарды жа-
лықтыратындай қажет мөлшерінен артық айтса,
Аллаһ қиямет күні оның парыз құлшылықтарын да,
нәпіл құлшылықтарын да қабылдамайды»
(Әбу Дәуіт,
Әдеп, 86/5006)
.
Сондықтан сөзді көбейтпей қысқаша ғана және
өзегін баяндау керек. Сөздеріміз таза су сияқты тұнық,
қарапайым, бірақ тартымды болу керек. Хазіреті
Мәуләнәнің сөзімен айтар болсақ:
«Ұзақ сөйлейтіндер мақсатын жеткізе алмай-
тындар».
Сөзді көбейту мен қайталай беру тыңдап отырған
адамды жалықтырады һәм оны түсініксіз адам жеріне
қою деген сөз. Бұған мылжың болу делінеді.
Көркем сөйлеу үшін алдымен тыңдауды үйрену
шарт. Аллаһ көбірек тыңдап, аз сөйлеуі үшін адамға
екі құлақ, бір тіл берген. Қажетсіз көп сөйлеу адамды
абыройсыз етеді. Сонымен қатар бос талас-тартыстар-
мен ұзақ сөйлесіп уақыт өткізуден сақ болу керек.
Имам Әузағи (өл. 157) былай дейді:
Құран ұсынған СӨЙЛЕУ МӘНЕРІ
178
«Аллаһ бір қауымға жамандық қаласа, оларға
орынсыз талас-тартыс есігін ашады. Сөйтіп оларды
ізгі амалдардан алыстатады».
Сол себепті қажетсіз теке-тірестер мен бос әңгі-
мелер сөз ысырапына жатады. Хазіреті Пайғамбар
r
айтады:
«Адам баласының сөздері өз пайдасына емес, зия-
нына. Жақсылықты әмір етіп, жамандықтан тыю
үшін айтқан сөздері бұдан тысқары»
(Ибн Мәжә, Фитән, 64)
.
«Ей, Хафса! Көп сөйлеуден сақ бол. Айтылған
сөз зікірұллаһ болмайынша жүректі өлтіреді. Аллаһ-
ты еске көп ал. Міне, жүректі сол тірілтеді»
(Әли әл-
Мүттәқи, № 1896)
.
«...Жақсы нәрселер айту – үндемегеннен жақсы.
Жаман нәрселер айтудан үндемеген жақсы»
(Хаким, III,
343; Бәйхаки, Шұаб, 256/4993)
.
Олай болса қай жерде, қашан және қаншалықты
сөйлейтінді жақсы білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: