"... Аллаһ саған
жақсылық істегендей,
сен де (басқаларға)
жақсылық істе..."
(Қасас, 77)
.
Сағди Ширази айтқан:
"Хақ достары
ешкім бармайтын
дүкендерден
сауда-саттық жасайды".
жомарттық пен
Инфәқ
Соққан самал жел сияқты мүмин жанашыр, жауған
нөсер жаңбыр сияқты жомарт болуы тиіс және
әрқашан айналасына қуаныш төгіп, Аллаһтың
ризалығын іздеуі керек.
Сондықтан Хақ достары қараңғы түндегі жарық ай-
дай нұрлы, сезімтал, жұмсақ, басқалардың қамын ой-
лайтын мейірімді, жомарт және инфәқ ету ынтасына
толы болған. Олар жомарттығымен тасыған өзендерге
ұқсайды, ұзақ жылдар бойы мыңдаған жан иесіне, адам-
дарға, жануарларға, ағаштарға, құстарға, раушан гүл-
дер мен сүнбілдерге қуаныш сыйлап, ағып кете береді.