Сондықтан Аллаһ достары жомарттықта берекелі
өзендерге ұқсайды. Олар ұзақ жыл бойы адамдарға,
жануарлар мен ағаштарға, құстар мен гүлдерге, қысқа-
сы, барша мақлұқатқа қуаныш төгіп, ағып кете береді.
Шынайы инфәқ – ықылас, мейірім, жанашырлық
көрсету мен басқаның қамын ойлауға толы жүрекпен,
мұңды және бұлтты көңілдерге қарау арқылы Аллаһ
ризалығын іздеу. Басқалардың кемшіліктерін толықты-
ру үшін мүмкіндігінше көмек көрсетуге ұмтылу.
Раббымыз адамзатқа тән абыройдың ең табиғи
қажеттілігі және мейіріммен тәрбиеленген ұждандар-
дың ең кемелді көрінісі ретіндегі инфәқты қоғамдық
құлшылықтардың ең маңыздыларының бірі еткен.
Күмәнсіз, бұл Оның ерекше сыйларының бірі. Яғни,
Раббымыз құлдарына берген нығметтерінің кішкентай
бөлігінің шүкірлік мәмілесі ретінде тағы Өзіне ұсыны-
луын қалап, оның сыйы ретінде инфәқты күнәлар-
дың кешірілуіне себепші, сондай-ақ мәңгі бақыттың ең
маңызды сауап есігі еткен.
Достарыңызбен бөлісу: