Редактор: Закия Махитжанқызы


Баһаүддин Нақшибәнди Хазірет



Pdf көрінісі
бет6/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   293
Баһаүддин Нақшибәнди Хазірет сопылық жолды 

ұстанғанының  алғашқы  жылдарында  ауру  мен  мұқтаж 

адамдарға,  иесіз,  жараланған  хайуандарға  қызмет 

көрсетіп,  тіпті  жеті  жыл  бойы  адамдардың  жүретін 

жолын  тазалап,  өте  керемет  деңгейдегі  жаратылысқа 

қызмет  көрсету  өмірін  өткізген.  Көңіліндегі  «ештіктің» 

шыңына жеткен сезімін

Әлем бидай, мен сабан

      Әлем жақсы, мен жаман...

–  деп  жеткізген.  Ең  жоғары  рухани  ләззат  рахатына 

осы қызметтері кезінде жеткенін айтады.

Әбу  Ханифа  Хазірет  басшылықта  отырған  хали-

фаның қалауы бойынша ижтиһад жасамай (үкім шыға-

ру),  Бағдат  қазысы  қызметінен  бас  тартып,  түрмені 

таңдаған.  Осылайша  өз  басын  қатерге  тіксе  де,  ақиқат 

пен әділетті орнатудың ерекше үлгісі болған.

Ахмет  бни  Ханбәл  Хазіреті  «Құран  махлуқ  па, 

махлуқ  емес  пе?»  –  деген  пікір-таласында  мемлекет 

АЛҒЫ  СӨЗ



14

басшыларының  қыспағына  шыдап,  ақиқаттан  бас  тарт-

пай,  зынданға  қамалып,  зұлымдыққа  ұшырауға  разы 

болған.


Қорыта  айтқанда,  иманның  кәмілдігі  мен  шыңы 

жайлы  келтірілген  барлық  бұл  мысалдар  Хақтың  дос-

тық  пен  жақындығына  баламаланған  махшардың  үрейі 

мен  қайғысынан  азат  етілген  сол  бахтияр  құлдардың 

үлгілі  де  өнегелі  мінез-құлықтарынан  шағылысқан  көп 

мысалдардың кейбіреуі ғана.

Егер  бізде  Аллаһ  Тағаланың  сүйікті  құлдары 

әулиелерге деген сүйіспеншілігіміз болып, ахіретте олар-

мен  бірге  бір  жерде  жиналуды  армандасақ,  олардың 

көркем  мінез-құлықтарынан  үлгі  алуға  тырысуымыз 

керек. Өз тіршілігімізді үнемі олардың іс-әрекеттерімен 

таразылап,  оларды  іс-қимылдарымыздың  өлшемі  деп 

олардың  көңіл  пішінінен  үлгі  алуға  тырысу  –мәңгілік 

бақыт кепілі.

Қолдарыңыздағы  қарапайым  шығармамен  түсін-

діруге тырысқан ақиқаттар осылар. Егер қысқа да нұсқа 

мазмұндайтын  болсақ,  шығармада  орын  алған  мақала-

лар қамтыған тақырыптар мыналар:

Адамзат  әлемінде  көркем  ахлақ  пен  нәзіктіктің, 

сыпайылық  пен  жұмсақтықтың  шыңы  –  Хазіреті 

Пайғамбарымыз  Мұхаммед 

r

.  Оның  теңдесі  жоқ  ізгі 



тұлғасында  барлық  көркемдік  пен  даналық  бар.  Оның 

көңіл әлемі нәзік, үлбіреген хош иісті гүлдерден жасал-

ған  жәннат  бақшасы  сияқты.  Пайғамбар  мұрагері  Хақ 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




15

достары көңілдерді тыныштандыратын сол жәннат бақ-

шасынан соққан самал жел іспеттес. Біз үшін ең маңыз-

дысы  –  өмірімізде  сол  жәннат  бақшасына  жетелейтін 

тура жолды таба білу. Сондықтан да Хақ достарындай 

«Хазіреті  Пайғамбарды  жүрекпен  тануға»  өте 

зәруміз.  Өйткені  Оның  көңіл  дүниесін  танымай,  тек 

хронологиялық өмірбаян деректерімен ғана тану мүмкін 

емес.


Бұл  әлемде  иман  негізінде  көрініс  тапқан  барлық 

көркем  ахлақтар  пайғамбар  ахлағының  адамдарға  та-

ратылуынан  тұрады.  Сондықтан  Хазреті  Пайғамбар 

Мырзамыздың 

r

  рухани  жаратылысынан  нәр  ал-



майынша,  Оны  тек  көңіл  көзімен  оқымайынша,  қабыл 

болатын құлдық ғұмыр кешу мүмкін емес. 

Бұл  дүние  –  иман  дәрісханасы.  Мұнда  біз  рухани 

сабақ алу үшін жүрміз. Бар мәселе – рухани кәмілдікке 

жете  отырып,  Раббымыздың  разы  болатын  куәлікпен 

өмір дәптерімізді тәмамдай білу. 

Бұл  рухани  сабақтан  ең  алдымен  үйренетін  нәрсе 

«кішіпейілділік», яғни Аллаһ Тағала                  деп та-

нытқан, Рахманның мейірімі көрініс тапқан құл бола бі-

лу. Өйткені Хақ Тағалаға құлдықтың негізін білдіретін 

бұл көңіл сипатына ие болмай жасалған амалдар Хақ-

тың  құзырында  қабыл  етілмейді.  Құл  тек  кішіпейілді-

лікті  бойына  сіңірген  жағдайда  ғана  Аллаһ  Тағала  оны 

рахметіне бөлеп, дәрежесін көтереді.

АЛҒЫ  СӨЗ

ِ ٰنمْحَّرلا ُداَبِع



Аллаһтың  достық  сарайына  ашылған  есіктен  өту 

үшін  құлға  қойылған  бірінші  шарт  –  өзімшілдігі  мен 

менмендігінен  арылып,  кішіпейілділікке  бүркенуі.  Бар-

лық  материалдық  пен  рухани  нығметтерді  Оның  кең-

шілігінен деп білу. Менмендік – рухани өмірдің қатерлі 

ісік ауруына шалдығуға ұқсайды. 

Және  де  өмір  сүріп  жүрген  иман  мектебінде  Хақ 

жолаушыларының  алдына  сынақ  ретінде  шығатын 



«Білімсіз  бен  надандарға  сабыр  мен  шыдамдылық» 

мәселесінде  көңілдердегі  туралық,  мойынсұнушылық 

пен  ризалық,  шыдамдылық  сынағына  кіргендей  бола-

ды. Парасатты ариф құлдар қандай жағдайға тап болса 

да  «Жамандықты  жақсылықпен  қайтару»  арқылы 

рухани тәлімдерін жетістікпен тамамдайды. Кәміл иман-

ның  Жаратушыға  жетелейтін  жолда  шағымдануды 

ұмыту  өнері  бар  екенін  нақ  сезініп,  ешқашан  жалығу 

мен шаршау белгілерін көрсетпей, еш жүзін тыржитпай, 

барлық  дерт  пен  мұңын  жүрегіне  көмеді.  Әрқашан 

жүзі  жайдары,  яғни  Исламның  «Күлімсіреген»  мінезін 

көрсетеді.  Теңдесі  жоқ  дініміз  Ислам  басынан  аяғына 

дейін  «Әдеп  пен  нәзіктік»  қағидаларынан  құралған. 

Бір  адам  діндар  екенін  айтып  отырып  дөрекі  немесе 

басқалармен басы піспей, қатыгез бола алмайды.

Кәміл  мүминдердің  отырысы  мен  тұрысын,  жүрісі 

мен  күлкісін  әрбір  іс-әрекетін  Құран  мен  Сүннет 

қағидалары  бекітеді.  Бұл  ережелерге  бағындырылуы 

керек  адами  іс-әрекеттеріміздің  ең  бастысы  –  сөз  сөй-

леу  мәнері.  Сөз  –  адамның  ақылы  мен  көңіл  деңгейін, 

иманы  мен  мінез-құлқына  қатысты  жағдайын  көрсететін 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

16



АЛҒЫ  СӨЗ 

тұнық  айна.  Сондықтан  тілдің  кеселінен  сақтанып, 

мейірім  тілімен  сөйлесуіміз  үшін  «Құран  ұсынған  сөз 

үлгісін» білуіміз керек.

Иманның  алғашқы  жемісі  –  мейірім-шапағат. 

Аллаһтың  мейіріміне  мейірімнен  мақрұм  көңілмен  қол 

жеткізу  мүмкін  емес.  Жаратқанға  деген  сүйіспеншіліктен 

туындайтын  жаратылғандарға  деген  мейірімнің  табиғи 

нәтижесі  –  «Жомарттық  пен  инфәқ».  Мүмин  самал 

жел  сияқты  мейірімді,  жауған  жаңбыр  сияқты  жомарт 

болып  әрқашан  айналасына  бақыт,  мейірім  мен  берекет 

сыйлап,  Хақтың  ризасын  іздеу  керек.  Яғни  «Инфәқ 

әдебіне»  сай  табиғи  тарту  жасау  мен  ихсан  халінде 

болу  керек.  Беруші  алушыға  алғыс  айта  отырып  беруі 

керек. Сондай-ақ мұқтажды ренжітпеуге тырысу керек. 

Көзбояушылықтан  сақтанып,  ысырап  пен  сарандық-

тан  алыс  болу  керек.  Әйтпесе  «Инфәқтағы  ықылас» 

қағидасы бұзылып, амалдар босқа кетеді.

Әдеп  пен  нәзіктік  ережелеріне  бағына  отырып  іске 

асырылған жомарттық пен инфәктың шыңы – «Исар» 

күйі.  Хақтың  әулие  құлдарына  берілетін  ерекше  қасиет 

–  исар.  Өзі  де  мұқтаж  болып  отырған  құқықты  неме-

се  мүмкіндікті  басқа  бір  мүмин  бауырына  беру.  Қан-

дай  жағдайда  да  алдымен  дін  бауырының  тыныштығы 

мен  бақытын  ойлап,  «алдымен  мен»  дегеннің  орнына 

«алдымен сен» немесе «алдымен ол» дей білу.

Сондай-ақ  жақсылықтың  маңыздылығы  мен  құны 

–  уақытында,  кешіктірілмей  жасалуы.  Дін  бауырының 

басына түскен қиын – қыстау кезінде жанында болмау, 

17



мүмкіндік  бола  тұра  немқұрайдылық  танытып,  Аллаһ 

жолында  жасалынатын  жақсылықтарды  кешіктіру 

немесе  кейінге  қалдыру  да  қажет  кезде  жасалмаған 

мүмкіндіктің  ешбір  маңызы  болмағандығы  сияқты  өте 

ауыр  күнә.  Уақыттың  не  алып  келері  беймәлім.  Сол 

себепті  қолымызда  мүмкіндік  бар  кезде  «Жақсылыққа 



асығуымыз» керек.

Ислам  дініміз  дүние  тарихында  әлі  ешкім  көрме-

ген  «Бауырластық»  құқығын  орнатты.  Яғни  Ислам 

мүминдерді  бір-біріне  бауыр  қылып,  оларға  бір-біріне 

қарайласуды  жүктеген.  Дін  бауырының  дертімен  дерт-

тену ахіреттік жауапкершілік деп саналған.

Мүмин  барлық  дін  бауырларын  көңіл  сарайына 

сыйдырып,  оларға  ерекше  сүйіспеншілікпен  адал  дос-

тығын  сыйлап,  олардың  қуанышына  қуанып,  қиын 

жағдайларда  жұбаныш  бұлағы  бола  біліп,  ұждан 

бақыты  ішінде  өмір  сүруі  қажет.  «Бауырластықты 

жандандыру»  деген  жауапкершілікті  лайықты  түрде 

атқара  білу,  мүминдерді  Жаратушымыздың  разылығы 

мен  Пайғамбар  Мырзамыздың 

r

  «бауырларым»  де-



ген  ілтипатына  ие  болуға  жетелейді.  Сондықтан  шай-

тани  және  нәпсілік  сылтаулармен  өкпе,  таршылық,  са-

бырсыздық    пен  өкпеге  бой  алдыру  Ислами  тұрғыдан 

ауыр күнә болып саналады. Бір дін бауырыңды қорлау 

және  оларға  мән  бер-меу  –  көңіл  әлеміне  шашылған  у 

іспеттес.

Тағы бір айта кететін жайт – Хаққа деген құлдықтағы 

ең  маңызды  құндылығымыз  –  махаббат.  Махаббатты 

18

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




19

оған  лайық  болғандарға  қарата  білу  –  ең  үлкен  рухани 

пайда көзі. Керісінше, оған лайық болмаған жаққа қара-

ту мәңгілік пәлекеттің себебі болады.

Лайықты  орнын  таба  алмаған  махаббат  –  өткінші 

өмірдің өкінішке толы ысырапы. Рухани тұрғыдан түк-

ке  тұрғысыз  пайдалардың  қыспағында  қалған  махаб-

баттар  жол  шетінде  ашылған  гүлдерге  ұқсайды.  Олар 

ертелі-кеш аяқ астында тапталып, жоқ болады. Көшеде 

түсіріп  алған  әшекей  қаншалықты  әлсіз  десеңізші!  Ла-

йықсыз бір қолдың ақысыз мүлкі болу нендей өкінішті!

Бұл  әлемде  барлық  нәрсе  қарама-қайшы  мағына-

сымен  жаратылған.  Махаббаттың  қарама-қайшысы 

жек көру болғандықтан Аллаһ сүймеген нәрселерді жек 

көру  –  Аллаһты  сүюдің  ең  негізгі  көрінісі.  Иманды 

сүйген күпірді жек көреді, сауап пен жақсылықты сүйген 

күнә  мен  жамандықты  сүймейді.  Сондықтан  «Аллаһ 

үшін сүю, жек көру» қасиеттеріне ие болуымыз қажет. 

Иманымыз «лайықтысын сүю, тиістісін жек көру» деген 

ұғымға негізделуі керек.

Қарама-қарсыларын  жек  көрмей  іске  асқан  махаб-

бат  кем,  салмақтылық  пен  шынайылықтан  алыс. 

«Сүйіспеншілік  пен  жек  көрудегі  шынайылық»  – 

Аллаһқа  деген  махаббатта  кемшілікке  жол  бермеу, 

Аллаһты  ренжітетін  нәрселерге  әуестенбеу,  тіпті,  Аллаһ 

үшін оларға қарсы тұру.

Бұл  әлемнің  сынақ  әлемі  екенін  біліп,  «Фәнилікті 

ұмытпау»  сезімімен  өмір  сүрген  мүмин  қаншалықты 

АЛҒЫ  СӨЗ 




бағалы  болса  да,  дүниелік  пайдалары  мен  нәпсі  пай-

далары үшін тура жолынан таймайды. Мәңгілік бақыт-

ты  жалған  дүниенің  келіп-кетер  пайдалары  үшін  жұм-

самайды.  Бос  нәрсеге  алданбайды.  Дүниенің  өткінші 

ойыншықтарына  көңіл  аудармайды.  Ахіреттік  пайданы 

дүниелік  ләззатқа  айырбастамайды.  Әрқашан  «Дүние-



ден  ахірет  артық  деп  біледі».  Дүние  нығметтері  мен 

мүмкіншіліктері,  ахіреттегі  мәңгі  бақыттың  қаржысы 

болуы үшін қажымай еңбек етеді. 

Қысқасы, өмірін тақуалық үшін арнайды. Бұл тақуа 

өмір құлды Жаратушысына дос етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет