Сүйіспеншілік...
көңілдерді өзіне баураған көңіл махаббаты.
10
адамдардың саны бұл мәселені түсінуге жеткілікті мы-
сал емес пе?
Мына оқиға бұл ақиқатты тамаша түсіндіреді:
Аббас халифасы Һарун Рашит Ракка қаласында
дәулеті мен шен арқасында басқарып тұрған кезі бола-
тын. Бір күні ол жерге Абдұллаһ бин Мүбәрак келеді.
Барлық қала тұрғыны оны қарсы алу үшін қала сырты-
на шығады. Халифа бейне бір үлкен қалада жалғыз
қалғандай болды. Бұл көріністі терезеден көріп тұрған
Һарун Рашиттің бір күңі:
– Бұл не нәрсе? Не болып жатыр?– деп сұрады.
Ол жердегілер:
– Хорасаннан бір ғалым келді. Есімі Абдұллаһ
бин Мүбәрак. Халық оны қарсы алуда» – дейді. Бұны
естіген күң:
– Нағыз патшалық, міне, осы! Һарундыкі патша-
лық емес! Өйткені Һарунның патшалығында әскер-
лер нұсқамайынша жұмысшылардың өздері бір араға
жиналмайды», – дейді.
Шынайы патшалық, міне, осы... Өйткені, мате-
риалдық патшалықтар қайткен күнде де бір күні жоқ
болып кетеді. Бірақ, рухани патшалық өлімнен кейін
де сол беделімен жалғаса береді. Адамзат сондай көңіл
сұлтандарына әрқашан мұқтаж, оларды іздейді және
олардың берекелі іздерімен жүреді. Ғасырлар бойы
Қожа Ахмет Яссауи, Абдүллкадир Гәйлани, Бахаүддин
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
11
Нақшибәнди, Юнус Әмре, Мәуләнә сияқты басқа да
Хақ достарының махаббат бұлағы көңіл тілдеріне деген
сағыныш пен байланыстың себебі де, міне, осында.
Бұл ұлы патшалықтың сыры, күмәнсіз, Хақ дос-
тарындағы рухани тартымдылық пен махаббат. Сондай-ақ
бұл тұлғалардың ерекше қасиеттері. Мысалы,
Фәнә фир-Расул, яғни Расулұллаһ махаббатында
бақыт пен тыныштық тауып, өз болмыстарын Хазіреті
Пайғамбардың ғашықтығымен жойып, фәни болған
Хақ достары нәпсілері мен қалаулары туралы әңгіме
қозғамайды. Олар бір сырнай сияқты ішкі әлемін Хақ-
тан алыстататын әр нәрседен босатқандықтан олардың
ділі мен тілінен шыққан барлық сөз бен сәулелер мінез-
құлқымен безенген Пайғамбарлардың тынысының бір
үлесі. Олардың жүректері Хақ пен ақиқат нұрлары ша-
ғылысқан тұнық, таза айна сияқты. Пайғамбар сөзімен
айтар болсақ
«...Аллаһ Тағала олардың еститін құлағы, көретін
көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы, сезінетін жүрегі
және сөйлейтін тілі болады»
(Бұхари, Риқақ, 38)
.
Олардың көңіл әлемдері Аллаһ Тағаланың көр-
кем есімдерінің ерекше бір көрініс табатын орны.
Раббымыздың Құран Кәрімде көп қайталанған
«Рахман» мен «Рахим» есімдері олардың көңілдерінен
барлық махлұқатты қамтитын мейірім ретінде көріне-
ді. Жаратушының жұмсақтықпен, мейірім назарымен
АЛҒЫ СӨЗ
12
мақлұқатқа қарау кейпі өмірлеріндегі айнымас үрдіс
болып келген.
Достарыңызбен бөлісу: