Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет200/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

Хазіреті  Мәуләнә  инфәқтың  мүлікті  кемітпей, 

керісінше,  берекеттендіретіні  туралы  ақиқатты  тамаша 

түсіндіреді.

«Аллаһ  жаратқан  жер  бетіне  таза  да  тура  дән 

егілсе, ол өспей қала ма? Бұл мүмкін бе?»

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




291

«Фәни  де  өткінші  бұл  жер  беті  түрлі  егіндер, 

жемістер мен өнімдер беруден бас тартпаса, жер бе-

тінен кең рухани әлем қалайша өнім бермейді?»

«Дүние  топырағының  өнімі  шексіз,  есепсіз.  Бір 

дәннің өнімінің өзі жеті жүз дана. Бұған мән бер де, 

о  жақтың  өнімінің  қанша  болатынын  түсін!  Мү-

лік садақа берумен азаймайды. Қайыр жасау мүлікті 

бітіп кетуден қорғайды!»

Құлшылық  пен  қарым-қатынастың  теңдесіз  қар-

жысы  болған  дүние  өмірінің  әрбір  сәті  мәңгілік  гау-

һарына  айналатын  ахірет  тұқымдары.  Адам  бұл  ахірет 

тұқымдарын  дүние  егістігіне  егіп,  о  дүниеде  бұлардың 

өнімдерін жинайды. Бірақ бұл құнды тұқымдар нәпсілік 

қалаулардың  шылаулары  ішінде  зая  кетсе,  ол  тұқым-

дар  тозақ  өнімдеріне  айналады.  Мұндай  ақымақтарға 

өкінішті-ақ! Кұран мен Сүннеттің руханиятымен безен-

ген уақыттар мәңгі жәннат бақшаларында өсетін бақыт 

тұқымдары.

Инфәқ  етілмеген  мүлік  опасыз  жолдас  сияқты,  ал 

инфәқ  етілген  мүлік  қайырлы  және  берік  дос  сияқты. 

Хадистерде айтылады:



«Байлық  мұсылманның  көркем  досы.  Тек  ол  бай-

лығынан  кедейге,  жетім  мен  жолаушыға  берсе,  бол-

ғаны!» 

(Ахмед, ІІІ, 21)

.

«(Қиямет күні) есеп алынғанша әркім садақасы-

ның көлеңкесінде болады» 

(Ихия, І, 626)

.

ЖАҚСЫЛЫҚҚА  АСЫҒУ




292

Ұбәйд бин Ұмәйр рахмәтұллаһи аләйһи бұл ақиқат-

ты былай түсіндіреді:



«Адамдар  қиямет  күні  қатты  аштық  пен  шөл-

деген  және  жалаңаш  халде  тірілтіледі.  Тек  Аллаһ 

үшін  жегізгенді  Аллаһ  тойдырады,  Аллаһ  үшін  іш-

кізгенді Аллаһ ішкізеді және Аллаһ үшін киіндіргенді 

Аллаһ киіндіреді».

Қияметтің сол қиын күнінде амандыққа жеткендер-

ді Раббымыз былай сүйіншілейді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет