290
Хазіреті Әли
әкімдеріне үнемі басқаны ойлап,
жомарттықты
өсиет етіп, былай ескерткен:
«Сендерді қиындық пен таршылыққа түсу
ықтималымен қорқытып, жақсылықтан бас тарт-
қызуды қалаған сараңды, үлкен істерге деген белсен-
діліктеріңді босататын қорқақты және зұлымдыққа
салынып, сендерге әуесқойлықты ұнамды етіп көр-
сететін әуесқой адамды мәслихатқа қабылдама!»
Нәпсінің сараңдығы мен шайтанның уәсуәсәсінен
құтыла алған жандар инфәқ еткендерінің жоқ болма-
ғанын, керісінше, олардың ахіретте өздерін күтіп тұратын
бақыт қазынасына айналатынын өте жақсы біледі. Хадис
шәрифте айтылған:
«Мына үш қасиет туралы ант етіп айтамын.
Оларды жақсы ұғып алыңдар.
1. Садақа берумен құлдың мүлкі азаймайды.
2. Ұшыраған зұлымдыққа сабыр еткеннің абырой-
ын Аллаһ арттырады.
3. Тілену есігін ашқан адамға Аллаһ кедейлік есігін
ашады...»
(Термези, Зүһд, 17)
.
Достарыңызбен бөлісу: