Редактор: Закия Махитжанқызы


ПАйҒАМБАР  АҒАШЫНЫң  ЖЕМІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет230/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   293
ПАйҒАМБАР  АҒАШЫНЫң  ЖЕМІСТЕРІ

Риуаятта бір күні Аллаһ Елшісі 

r

 Хазіреті Әлиден:



«Ей, Әли! Аллаһты сүйесің бе?» – деп сұрайды.

«Иә, ей, Аллаһ Елшісі, сүйемін».



«Оның Елшісін де сүйесің бе?»

«Иә, ей, Аллаһ Елшісі!»



«Қызым Фатиманы да сүйесің бе?»

«Иә, ей, Аллаһ Елшісі!»



«Жарайды, Хасан мен Хұсайнды да сүйесің бе?»

«Иә, ей, Аллаһ Елшісі!»

Сонда Аллаһ Елшісі 

r

:



«Ей, Әли! Көңіл біреу ғана, сүйіспеншілік төртеу. 

Бір  жүрекке  мұнша  сүйіспеншілік  қалай  сияды?»  – 

деді.


Хазіреті  Әли 

  бұл  сұраққа  жауап  бере  алмайды. 



Толғанып, үйіне оралады. Хазіреті Фатима ері Хазіреті 

Әлиді үнсіз келіп, ойға шомғанын көргенде себебін біл-

гісі келеді. Не болғанын білу үшін, жәймен ғана:

«Сені  үнсіз  көріп  отырмын.  Қайғылы  бір  нәрсе 

болды ма?» – деп сөзін бастайды. «Егер мұңайған нәр-

сеңіз  дүниеге  байланысты  болса,  мұңаюға  тұрмайды. 

347

АЛЛАҺ  ҮШІН  СҮЮ, ЖЕК  КӨРУ




Ахіретке  байланысты  бір  мәселе  болса,  сені  мұңайтқан 

не?» – деп сұрайды.

Хазіреті Әли 

 



басынан өткендерін айтады. Хазі-

реті  Фатима  жағдайға  қанық  болғаннан  кейін  күлімсі-

реді де:

«Қанеки, әкемнің жанына бар да, бұл сұрақты бы-

лай шештік» – деп, кейбір түсініктемелер береді. Хазі-

реті  Әлидің  көңілі  бұл  түсініктемелерге  разы  болады. 

Дереу  Расулұллаһ 

r

 



Мырзамыздың  құзырына  жө-

неледі:


«О,  Расулұллаһ!  Адамның  оңы  мен  солы,  алды  мен 

арты,  арқасы  деген  жақтары  бар.  Жүрек  те  осылай. 

Мен  Аллаһты  ақылыммен,  иманыммен,  сізді  жаным-

мен,  иманыммен,  Фатиманы  адами  жаныммен,  Хасан 

мен Хұсайнды әкелік табиғи қажеттілігіммен сүйемін» – 

дейді.


Екі  әлем  нұры  Мырзамыз 

r

 



бұл  жауапқа  күлім-

сіреп:


«Ей,  Әли!  Бұл  сөздер  тек  пайғамбар  ағашының 

бұтағынан алынған жемістер» – дейді

38

.



Көріп  тұрғанымыздай  өзегінде  Аллаһ  ризалығы 

бар  барша  сүйіспеншіліктер  қабыл  етіледі.  Аллаһ  разы 

болмаған сүйіспеншіліктер жүректің рухани ісік ауруы.

38. Түркия газеті, Ислам ғалымдары энциклопедиясы, І, 145.

348

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет