Редактор: Закия Махитжанқызы


АЛЛАҺ  үШІН  СүЮ,  ЖЕк  кӨРу



Pdf көрінісі
бет228/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   293
АЛЛАҺ  үШІН  СүЮ,  ЖЕк  кӨРу

Махаббат  сүюшінің  сүйген  адамында  өзінің  ерек-

шеліктерін  көруінен  туындайды.  Аллаһ  Тағала  құлында 

өзінің  әсем  сипаттарын  көргенде,  ол  құлын  сүйеді. 

Яғни  мүмин  Аллаһ  пен  Елшісі  бұйырған,  кеңес  берген 

көркем мінезді өз бойларына дарытқан мөлшерде иләһи 

сүйіспеншілікке ие бола алады.

Бұл  әлемде  күллі  болмыс  өзінің  қарама-қайшысы-

мен  бар.  Сүйіспеншіліктің  қарама-қайшысы  жек  көру 

болғандықтан  Аллаһтың  сүймеген  нәрселерінен  жиір-

кену де Оны сүюдің ең табиғи өлшемдерінен.

Расында  Аллаһ  "Сүйіктім"  деген  Елшісіне  қорлық 

көрсеткен  Әбу  Ләһәбке  лағынет  еткен  және  бұл  илә-

һи  ашуын  Құран  Кәрімде  арнайы  бір  сүремен  барша 

адамзатқа баян еткен. Олай болса, былай деуге болады 

– қарама-қайшылықтарына жиіркеніш көрсетілмей іске 

асқан  сүйіспеншілік  кем,  салмақты  және  шындықтан 

алыс.



Сүйіспеншіліктің Жаратушысы, бұлағы және соңғы 

мақсаты  –  Аллаһ.  Мүмин  барлық  фәни  сүйіспенші-

ліктерді  иләһи  махаббатқа  жетелейтін  баспалдақ  деп 

білуі  қажет.  Өйткені  шынайы  махаббат  фәни  сүйіс-

пеншіліктердің  тар  шеңберін  асқаннан  кейін  бастала-

ды.  Иләһи  махаббаттың  ләззатымен  салыстырғанда 

басқа  сүйіспеншіліктердің  өткінші  де  қас  қағым  сәттік 

ләззаттары күн алдындағы шырақтың сәулесіндей өшіп 

қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет