Редактор: Закия Махитжанқызы


АЛЛАҺ  үШІН  СүЮ,  ЖЕк  кӨРу



Pdf көрінісі
бет240/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

АЛЛАҺ  үШІН  СүЮ,  ЖЕк  кӨРу

Риуаяттарда баяндалғандай, Аллаһ Тағала Хазіреті  



Мұсаға:

«Ей, Мұса! Тек мен үшін жасаған амалың бар ма?» 

– деп сұрайды.

Мұса 


u

:

«Аллаһым! Сен үшін намаз оқыдым, ораза тұттым, 



садақа бердім, сәжде еттім. Саған хамд еттім, кітабың-

ды оқыдым, сенің есіміңді еске алдым» – дейді.

Аллаһ Тағала айтады:

«Ей,  Мұса!  Намаз  –  сенің  жол  сілтерің,  ораза  – 

саған  қалқан,  берген  садақаң  –  саған  көлеңке  болады. 

Кітабымды  оқығаның  –  саған  сарай  мен  хор  қызын 

береді.  Менің  есімімді  еске  алғаның  –  сәулең  болады. 

Тек  мен  үшін  қандай  амал  жасадың?».  Бұған  Хазіреті 

Мұса 

u

:



«Ей, Раббым! Маған тек сен үшін болатын амалды 

айт, соны жасайын» – дейді.

Аллаһ:

«Ей, Мұса! Менің атымнан біреуді дос тұттың ба? 



Және Менің атымнан біреуді дұшпан деп білдің бе?» – 

дейді.


Осылай Хазіреті Мұса 

u

 Аллаһ алдында ең қабыл 



болатын амал – Ол үшін сүю және Оның атынан дұш-

пандардан жиіркену екенін түсінеді» 

(Мүкәшәфәтүл-құлуб, 86)

.

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ



360


Бұл мәселе жөнінде Хазіреті Исаға 

u

 



былай уахи 

етілгені риуаят етіледі:



«Егер  барлық  жер  мен  көктегілердің  құлшы-

лығын  орындасаң  және  Мен  үшін  достық  пен  Мен 

үшін  дұшпандық  болмаған  жағдайда  барлық  бұл 

құлшылықтарыңның  саған  еш  қандай  пайдасы  бол-

майды».

Барлық  құлшылық  пен  қарым-қатынастарымыз-

дың кемелі рухани тереңдігіміз мөлшерінде. Сондықтан 

жүрегіміздегі  сүйіспеншілік  те,  жиіркеніш  те  нәпсіміз 

үшін емес, Аллаһ үшін болуы керек.

Расында  Хазіреті  Пайғамбар 

r

  ақиқатқа  қарсы 



келіп,  қақ-құқықтың  тапталуынан  басқасына  ашулан-

байтын.  Құқық  бұзылған  жағдайда  ақиқат  орнын  тап-

қанша  ашуы  басылмай,  көңілі  тынышталмайтын.  Ол 

ешқашан  өзіне  тиісті  мәселелерде  ашуланбайтын,  өзі 

үшін ешкіммен ренжіспейтін.

Яғни,  мүмин  адам  иман  асылдығынан  болған 

Аллаһ  үшін  жек  көруді  бос  ашумен  араластырмауы 

керек.  Қайда,  қашан  және  не  үшін  ашулануын  білуі 

керек.  Ашуының  нәпсісінен  бе,  иманынан  ба,  неден 

туындағанына  мән  беруі  керек.  Өйткені  ашу  нәпсіден 

болса, оғаш көрінеді. Ақылды бастан алады, шайтан ол 

жерге  шабуыл  жасайды.  Егер  ашу  Аллаһ  үшін  болса, 

ол  иманнан  туындаған  үлкен  салмақтылық  пен  ізгілік 

жағдайы болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет