түкіреді де, Хазіреті Әли кенет тоқтап, оны өлтіруден
бас тартады. Бұл ерекше үлгі. Бұл сырға толы іске ақыл
жеткізе алмаған әлгі кәпір адам өлуді, өлтіруді ұмытып,
таңқала сасқалақтай сұрайды:
«Ей, Әли! Мені тап өлтіргелі жатқанда неге тоқ-
тадың? Не болды сонша, қатты ашуыңнан түсініксіз
үнсіздікке көштің? Найзағай сияқты жарқылдап жатып,
бір мезетте тұнық ауа сияқты тұрып қалдың. Бұл бір
сәттегі өзгерістің себебі неде? Бұл күйің маған құпия
болды» – дейді.
Хазіреті Әли
мына жауапты береді:
«Мен тек Аллаһ жолында ғана жиһад етемін. Аллаһ
дұшпандарының басын Оның ризалығы үшін ұрамын.
Бұған еш нәпсімді араластырмаймын ... Сен жүзіме
түкіріп, маған қорлық көрсетіп мені ашуландырғың келді.
Мен сол сәтте ашуға берілсем, сені нәпсіме еріп жаман
себепке сүйене өлтіретін едім. Алайда мен өз нәпсімді
қандыру үшін емес, Аллаһ ризалығы үшін соғысамын».
Міне, бұл ізгілік алдында дұшпан адам иманмен
абырой табады.
Сөздің қысқасы, ақылды бастан кетіретін және
адамды қателік пен мен жаңылысқа итермелейтін ашу
нәпсіден туындайтын және тізгінделуі міндетті ашу. Тек
дін мен иманға, ахлақ пен руханиятқа шабуыл жасалып,
зұлымдық көрсетілген жағдайда бейқам қалып, елемеу
– ашуды тізгіндеу емес. Керісінше, мұндай бір іс-қимыл
үлкен бейқамдық. Аллаһ ризалығына жету үшін ашуды
жеңу сияқты, қажет жағдайда Аллаһ үшін ашулану да
маңызды.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
362
363
Хазіреті Омар
күпірлік пен зұлымдыққа,
әділетсіздікке қарсы өте қатал және ашулы болатын.
Сондықтан ол бар жерде ешкім әділетсіздікке баты-
лы бармайтын. Өйткені оның Аллаһ үшін ашуы және
жиіркенішінен шайтан да оған жолығып қалса, дереу
жолын өзгертіп, одан қашатын.
Көреген бір кісі Жүнәйд Бағдади Хазіреттің жа-
нына барады. Оның жанынан шайтанның қашқанын
көреді. Ол адам Жүнәйд Бағдадидің жанына жақын-
дағанда, бет-әлпетінен оның өте ашулы екенін көріп:
«Ей, Жүнәйд! Білеміз, адам ашуланғанда оған
шайтан жақындайды. Бірақ, қатты ашулы болғаныңда
неліктен шайтан сенен қашады? Бұның себебі не?» –
деп сұрайды.
Жүнәйд Бағдади:
«Білмейсіңдер ме, біз нәпсіміз үшін ашуланбаймыз.
Басқалар өз нәпсілері үшін ашуланғандықтан шайтан
оларға шабуыл жасайды. Біздің ашуымыз Аллаһ үшін
болғандықтан, біз ашуланғанда шайтан қашқандай бас-
қа ешбір кезде қашпайды» деп жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: