Хазіреті Пайғамбар
r
Мырзамыз:
«Барлық дүниеуи ләззаттарды пышақ сияқты
кесетінді (яғни өлімді) еске көп алыңдар» – деген
(Термези, Зүһд,4)
.
Басқа бір хадис шәрифінде:
«Намазыңды (өмірге) қош бол деген адамның на-
мазы сияқты оқы!...» –
(Ибн Мәжә, Зүһд, 15)
нұсқауы-
мен бұл құлшылықтың өлімді ойлау мәселесіндегі тәрбие-
лік жағына ишарат еткен.
Яғни, намаз құлшылығы мына өткінші дүние өмірі-
нен негізгі өмір ахіретке рухани сапар. Күніне бес уақыт
Аллаһқа мойынсұну, бағыну, опалы болу, берік және
құлшылығын ұсыну. Құлдың бір түрлі жат өлкесі болған
дүниедегі иләһи қауышудан үлес алу шағының рухани
тәртібі.
Бұл жағынан намаз – дүние мен ахірет арасында
миғраж сапары. Намазын тағдилүл-әркәнға, яғни ере-
желерін толық, ықыласпен орындап, күнделікті істеріне
қайта оралған мүмин өлгеннен кейін қайта өмірге орал-
ғандай көңіл сезімімен өмір сүреді. Осындай намаз
адамды жамандық пен арсыздықтан қорғайды, шынайы
түрде орындалған намаз – өлімді ойлаудың керемет
тағлымы.
399
Намаздарын өмірге қош бол деген адам сияқты
орындай алған мүмин әр көргенін ахірет терезесінен
көріп тұрғандай бағалайды. Осындай рухи кемелдікке
болғандар өмір сапарында еш ібіліспен жолдас бола
алады ма? Нәпсіге тән қалаулардың тұтқыны бола ма?
Дүниеуи әуестіктерге көңіл бөле ме?
Достарыңызбен бөлісу: |