Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет262/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

ӨЛІГЕ  ЕМЕС, ӨЗІңЕ  ЖЫЛА...

Хасан Басри Хазірет айтады:

«Әзірейіл 

u

  рызығын  бітіріп,  өмірін  тәмамда-



ғанның  жанын  алады.  Өлген  адамның  үйіндегілер  зар 

еңірейді. Әзірейіл 

u

 күй-пішін тілімен:



«Неге  жылайсыңдар?  Мен  бұл  адамның  рызығын 

жемедім, өмірін де кеспедім. Рызығы бітті, өмірі соңына 

келді. Аллаһ әмірі іске асты. Иләһи нұсқау келді, жанын 

алдым. Босқа жыламаңдар, мен үнемі осы жерге келіп-

кетіп жүремін және еш біріңді қалдырмаймын» – дейді.

Хасан  Басри  Хазірет  сөздерін  былай  жалғасты-

рады:


«Егер үй тұрғындары Әзірейілді 

u

 көріп, айтқан-



дарын естігенде өліні ұмытып, өздері үшін жылар еді» 

Әр ісін асқан даналықпен істейтін Раббымыз өлімді 

еш  уақытта  ұмытпауымыз  және  оған  әр  қашан  дайын 

болуымыз,  сонымен  қатар  дүниедегі  тіршілік  істерінен 

кері қалмауымыз үшін ажал уақытын бір сыр пердесімен 

жасырған. Бұл Оның құлдарына деген мейірімінен. 

Мәселен,  адам  өлетін  уақытын  алдын  ала  білсе, 

өлмей  тұрып  істерін,  тіпті,  жанұясын  да  қайғыдан  тас-

тап  кетер  еді.  Өмір  тәртібі  мен  үйлесімділігін  жоғалтар 



397

еді.  Тағы  адамдар  болатындарды  әуелден  білер  болса, 

бақытты  болуларына  және  өмірдің  түрлі  белестерімен 

араласып,  бақыт  табуларына  мүмкіндік  таба  алмас  еді. 

Бір шеше туарда баласының балалық шағында өлетінін 

білсе,  немесе  кейінірек  жаман  біреу  болатынын  білсе, 

өмірі бақытсыздық ішінде өтер еді.

Сөздің қысқасы, құлдың өлім сәтін білмеуі – иләһи 

сый. Өйткені Аллаһ дүние өмірін сынақ үшін жаратқан. 

Сондықтан  адамның  тағдыры  мен  оған  тәуелді  болған 

ажалын беймәлім еткен. Сол себепті өлімге әр сәт дайын 

болу керек.

Аят кәримәда:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет