Редактор: Закия Махитжанқызы


«(Ей,  Расулым!  Сол  кезде)  cен  тек  Аллаһтың



Pdf көрінісі
бет43/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   293
«(Ей,  Расулым!  Сол  кезде)  cен  тек  Аллаһтың 

рахметімен  оларға  жұмсақ  қатынастың.  Егер  дөрекі, 

қатыгез болсаң, әрине, олар сенен алыстап, бәрі тар-

қап кетер еді. Енді (бұдан кейін де) оларға кешірім-

ді бол, және оларға (Аллаһтан) кешірім тіле...» 

(Әлү 


Имран, 159)

.

Аллаһ  жолында  қилы  ауыртпалықтарға  төзген  Расул 



Әкрәм  Мырзамыз  алға  қойған  мақсатында  табысқа 

жетіп,  Аллаһ  мұсылмандарға  күш-қуат  пен  жеңістер 

сыйлаған  кезде  де  адамдардан  оңашаланып,  олардан 

келген ауыртпалықтардан құтылайын деген жоқ.

Бір күні Хазіреті Пайғамбар 

r

 сахабалар көп бол-



ған  ортада  олармен  бірге  тізе  бүгіп  тамақ  ішіп  жатқан. 

Оның бұл халін көріп, таң қалған бәдәуи:

6. Бұхари, Вүдуғ, 58; Әдеп, 80.

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

74



75

«Бұл  қалай  және  басқа  бір  отырыс?!»  деп, 

Мырзамыздың  жоғары  әдептілігін  тілге  тиек  етті. 

Расулұллаһ 

r

:

«Аллаһ  Тағала  мені  шарапатты  құл  ретінде 



жаратты  (қарапайым  құл  қылды),  қасарысып  қа-

латын залым ретінде жаратпады» – деді

7

.



Яғни,  өзінің  ешқашан  өркөкірек,  тәкаппар  адам-

дардай  әрекет  етпейтінін  айтқан  болды.  Осылай  нә-

зік  те  сезімтал  рухымен  бүкіл  адамдарға  нәзіктік  пен 

әдеміліктің  биік  шыңы  Мырзамыз 

r

  қасарысу  мен 



залымдық  сияқты  жаман  мінездердің  мүмин  тұлғаға 

жараспайтынын,  оның  жаратылысымен  еш  санаспай-

тынын меңзеді.

Пайғамбар  Мырзамыздың  немере  ағасы  Хазіреті 



Аббас 

  інісінің  аулы  баласының  адамдармен  қаты-



насып,  олардың  түрлі  ауыртпалықтарына  тап  болуына 

қатты қиналатын. Бұл үшін Әлем Мақтанышы Мырза-

мыздың биік таққа отырып, бұл ауыртпалықтардың бі-

разынан аман қалуын ойлаған еді. Мырзамыз 

r

:

«Жоқ!  Болмайды.  Аллаһ  мені  іштерінен  алып, 



рахатқа бөлегенше олардың арасында боламын. Мей-

лі  өкшеме  бассын,  мейлі  киімімді  жұлқыласын,  мейлі 

ортаны шаң қылып мені қинасын (бәрі-бір)»

8

.

7. Әбу Дәуіт, Әт’имә, 17/3773.



8. Ибн Сағд, II, 193; Хәйсәми, IX, 21.

БІЛІМСІЗДЕР мен НАДАНДАРҒА САБЫР мен ШЫДАМДЫЛЫҚ




76

Мүминдерге де былай ескертті:



«Адамдар  арасына  араласып,  олардың  жапасы-

на  төзген  мұсылман  оларға  араласпай,  жапасына 

төзбеген адамнан қайырлы»

9

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет