Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет50/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   293
көңіл Жарда...» сөзі өте танымал болған.

Хазіреті Мәуләнә айтқан:

«Дүниенің  қай  бұрышы  бәлекетсіз,  тұзақсыз 

дейсіз.  Хақты  (Аллаһты)  көңілде  тауып,  Оны  па-

налау,  Оның  рухани  құзырында  өмір  сүруден  басқа 

амандық, тыныштық пен рахат жоқ».

«Аллаһқа  ант  етемін,  сабырлы  болуды  білмеген 

адам  тышқанның  тесігін  паналаса  да,  мысықтан 

құтыла алмайды».

БІЛІМСІЗДЕР мен НАДАНДАРҒА САБЫР мен ШЫДАМДЫЛЫҚ




Адамдармен  бірге  өмір  сүріп,  олардың  жәбір-

жапасына  шын  жүректен  шыдаудың  абзалдығын 

Мұхаммед Икбал мына хиқаямен тілге тиек еткен:

«Надан  марал  білімді  де  салмақты  маралға  шағым-

данады:

«Бұдан кейін Қағбада, (аң аулауға тыйым салынған) 

Харам  аймағында  өмір  сүремін.  Өйткені  аңшылар 

ойпаттар  мен  жайлауларда,  ормандарда  тұзақ  құрып, 

түні-күні артымыздан жүреді. Енді аңшы деген дерттен 

құтылып, рахат өмір сүргім келеді».

Надан маралдың айтқандарын тыңдаған тәжірибелі 

марал:


«Ей, ақылды досым! Өмір сүргің келсе, қауіпті жер-

де  өмір  сүр.  Өзіңді  үнемі  қайрақ  таспен  қайра.  Өткір 

және гауһарға айналған қылыштан да өткір бол. Иман-

ның  деңгейі  тек  қиыншылық  кезінде  белгілі  болады. 

Қауіп сенің күшіңді сынайды. Тәнің мен рухыңның қан-

ша күшті екенін сол айғақ қылады».

Хақтың уәлі құлдарының басқа бір қасиеті – залым 

не  зұлымға  ұшыраған  адам  болу  жағдайында  зұлымға 

ұшыраған адам болуды таңдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет