Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет49/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   293
Имам  Ғаззали  Хазірет  те  адамдардың  ауырт-

палықтарына  шыдаудың  абзалдығына  қатысты  мына 

қиссаны жеткізген:

Хакімнің  біреуі  хикметке  қатысты  360  шығарма 

жазып,  сол  арқылы  Аллаһқа  жақындағанын  ойлады. 

Аллаһ Тағала сол кездің пайғамбарына былай деп уахи 

етті:

«Пәленшеге  айт,  жер  бетін  нифәққа,  бүліншілікке 



толтырды.  Мен  оның  нифәқынан  еш  нәрсені  қабыл 

алмаймын!»

Сонда  әлгі  адам  үңгірді  паналап,  оңаша  күйде 

құлшылық  жасай  бастады.  Ақыры  «Міне,  енді  Раб-

бымның  разылығына  қол  жеткіздім»  деп  ойлай  баста-

ды. Аллаһ Тағала тағы пайғамбарына:

«Анаған  айт!  Адамдар  арасына  араласпай,  олар-

дың  қиындықтарына  төзбейінше,  разылығыма  бөлене 

алмайды» деп уахи етті.

Адам базарға барып, адамдарға араласты. Олармен 

жүрді,  отырды,  бірге  ішіп-жеді.  Сонда  Аллаһ  Тағала 

пайғамбарына былай уахи етті:

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ



81

«Анау  пендеме  хабар  бер,  енді  Менің  разылығыма 

қол жеткізді» 

(Ихя, II, 610-611)

.

Тасаввуфта белгілі уақыт оңаша болып, адамдар мен 



дүние істерінен қол үзіп, рухани кемелдену үшін қажетті 

жаттығу ретінде бағаланса да, бұны рухбандық (христиан 

дін  адамдары  сияқты  өмір  сүру)  сияқты  өмір  салтына 

айналдыруға  қатаң  тыйым  салынған.  Адам-дар  ішінде 

өмір сүріп, Хаққа құл болу – «халуәт дәр-әнжүмән» 

атауымен ережелендірілген.

Басқаша  айтар  болсақ,  «көп  ішінде  "бір"»,  яғни 

қалың  адамдар  ішінде  де  Аллаһпен  бірге  болу  халі 

мүминнің  рухани  деңгейін  көрсететін  құлшылық  әдебі. 

Сондай-ақ  адам  өзгелермен  бір  арада  өмір  сүрсе  де, 

жүрегінің  әрқашан  Хақ  Тағаламен  бірге  (қылует)  бо-

луына  еш  қандай  бөгет  пен  кедергі  болмағанын  баян-

дау ретінде айтлыған «Қол кәрда (кәсіп пен пайдада)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет