Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет52/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   293
Юнус Әмре Хазірет қандай жақсы айтқан:

Дәруіш көңілсіз болуы керек.

Сөккенге тілсіз болу керек,

Тиіскенге қолсыз болу керек,

Халыққа есесін қайтару керек емес.

Яғни,  адамдар  көрсеткен  жәбір-жапаға  кешірімді 

қарап,  сабырмен,  салмақтылықпен  қарай  білу,  сондай-

ақ  мақлұқатқа  Халықттың  (Жаратушының)  назары-

мен  қарай  білу  дәруіш  жаратылсты  мұсылмандардың 

ісі.  Қатардағы  адамдар  сияқты  әр  жағымсыздық  пен 

дөрекілікке ашуланып, сондай пиғыл танытқандар, бәл-

кім, өз есесін қайтарған болады. Бірақ тасаввуфи ахлақ 

талап еткен кешірім, ғапу ету, төзімділік таныту сияқты 

адамгершілік қасиетін ұстана алмаған, Хақтың сынақ ре-

тінде жіберген сыр мен хикметен қапыда қалған болады.

Алайда  Хақ  Тағаланың  құлдарына  кешіріммен  қа-

рау, ғапу ету, сабыр мен төзімділік таныту сияқты қасиет-

тер  Аллаһтың  мархаматын,  разылығы  мен  махаббаты-

на  бөленуді  қамтамасыз  ететін  ерекше  құндылықтар. 

Сондықтан  тасаввуфи  ахлақта  бұл  қасиеттер  олжа  деп 

бағаланған. Мәуләнә Хазірет жақсы айтқан:

«Жамандарға  сабыр  ету  салих  мүминдердің 

руханиятын  биік  шыңға  көтереді.  Қайда  бір  Хаққа 

құштар  жүрек  болса,  сабыр  сол  жүректі  жанданды-

рып, тірілтеді».

85

БІЛІМСІЗДЕР мен НАДАНДАРҒА САБЫР мен ШЫДАМДЫЛЫҚ




86

Соныммен  қатар  бұл  көркем  ахлақ  көбінде  жаман, 

дөрекі  адамдардың  түзелуіне  де  әсер  етеді.  Бірақ  сон-

дай  дөрекілік  жасағандар  өкінбей,  өз  жағдайларын  дұ-

рыстамаса,  өздерінің  заттық  һәм  рухани  тұрғыдан  үл-

кен зиян тартуына, тіпті, құрдымға кетулеріне де себеп 

болады.  Өйткені  солай  істей  берсе,  сабырлы  болып, 

кешірімділік  танытқан  салих  құлдарының  есесін  Аллаһ 

Тағаланың  өзі  қайтарады.  Аллаһ  Тағаланың  сүйікті 

құлдарының  хақы  мен  есесін  залмыдардан  алуы  кейде 

жалал көрінісімен, яғни Аллаһтың ұлылығы көрініс тап-

қан  өте  қатты  өш  алумен  іске  асады.  Мына  қисса  бұл 

хикметті көркем баяндайды:

Исмайл  Фәкирұллаһ  Хазіретіне  қызмет  еткен 

Ибраһим Хаққы Хазірет су алу үшін жол бойындағы 

су  құбырына  барады.  Ыдысын  толтыратын  кезде  сол 

жерге атымен келген бір кісі:

«Алдымнан қаш, ей, бала!» деп айқайлайды. Ибра-

һим Хаққы Хазіретті сөгіп, атын суға қарай айдайды. 

Ол  ыдысын  алып,  бір  шетке  шығайын  деп  тұрғанда 

әлгі  адам  атымен  оны  қыстырады.  Ибраһим  Хаққы 

қолындағы  шелегін  тастап,  өзін  құтқарып  қалғанда  ат 

шелекті басып, сындырады.

Ибраһим жылай отырып, ұстазының қасына келеді. 

Болған істі айтып береді. Ұстазы:

«Шелегіңді  сындырған  кісіге  сен  бір  нәрсе  айттың 

ба?»

«Жоқ! Еш нәрсе айтпадым» дейді Ибраһим.



Ұстазы:

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




87

«Олай болса, тез бар да сол адамға бір-екі сөз айт!» 

деп бұйырады.

Ибраһим  Хаққы  Хазірет  судың  басында  атын  су-

ғарып  тұрған  адамның  жанына  барып  күтеді.  Бірақ 

әдептілігінен:

«Менің шелегімді неге сындырдың, ей, залым?» деп 

те айта алмайды.

Қайтып келеді. Ұстазы:

«Бір нәрсе дей алдың ба?» деп сұрайды.

«Айта  алмадым,  тақсыр!  Айтайын  деп  едім,  бірақ 

қайтсем де ауыр сөз айта алмадым!» дейді.

Ұстазы дауысын көтере отырып қайта айтады:

«Саған  айтып  тұрмын.  Тез  бар  да  сол  адамға  бір 

нәрсе айт! Әйтпесе ол құриды!»

Ибраһим  Хаққы  Хазірет  бұл  жолы  шешім  қабыл-

даған  күйде  судың  басына  барады.  Бірақ  шелегін 

сындырған  әлгі  адамды  аты  теуіп,  ол  жасыз  жерде 

жатыр екен. Жүгіріп келіп, ұстазы Исмайл Фәқирұллаһ 

Хазіретке айтып береді. Ұстазы мұңайып:

«Қап! Бір шелекке бір адам!» дейді. 

Қасындағы  адамдар  еш  нәрсе  түсінбегендерін  айт-

қанда, үлкен уәлі былай деп түсіндірді:

БІЛІМСІЗДЕР мен НАДАНДАРҒА САБЫР мен ШЫДАМДЫЛЫҚ




88

«Ол  адам  Ибраһим  Хаққыға  зұлымдық  жасады. 

Зұлымдық  көрген  адам  бір  сөзбен  болса  да,  қарсы-

лық  бермеді.  Осылай  залымды  Аллаһқа  тапсырған 

болды.  Бұл  жағдай  Аллаһтың  қайратына  тиді.  Оны 

жазаландырды.  Егер  Ибраһим  оның  зұлымдығына 

қарсы  сөз  сөйлесе,  есесін  қайтарған  болатын  еді.  Бірақ 

Ибраһим  мазлум,  яғни  зұлымдыққа  ұшыраған  болуды 

қалады.  Мен  есесін  қайтарып,  адамды  құтқару  үшін 

тырыстым. Өкінішке орай, сәтсіз аяқталды!»

Міне,  бұл  сырға  қанық  болған  ариф  тұлғалар  Аллаһ 

Тағаланың  құлдарының  өздері  себебінен  жазаға  кесіліп, 

Хақ алдында мүшкіл жағдайға түспеулері үшін кейде тап 

болған дөрекілікке аз болса да, қарсылық беріп, оларды 

жалал көріністеріне душар болудан құтқарғысы келеді.

Сөздің  қысқасы,  нағыз  мүминдер  адамдар  арқылы 

келген  жәбір-жапаның,  негізінде,  Хақтан  келген  сы-

нақ екенін ойлап, оларға ең көркем түрде шыдай білуге 

тырысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет