Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет76/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   293
күЛІМСІРЕу

Дүние  өмірі  бірде  бақыт,  бірде  қайғы  сияқты  мың 

бір құбылыспен жалғасып келе береді. Көңіл қонақ үйіне 

ұқсайды. Оған келген ауру мен қайғы, қуаныш пен бақыт та 

қонақ сияқты. Ешқайсысы тұрақты емес.

Сондықтан мүмин болып жатқан жағдайларға қарап, 

аса  қуанышқа  немесе  аса  мұңға  беріліп,  фәни  өмірдің 

тыныштығы  мен  қарапайымдылығын  орынсыз  бұзбауы 

қажет.

Кемел  үлгілі  тұлға  ретінде  адамзатқа  ұсынылған 



ақыр  заман  пайғамбары  Расулұллаһ 

r

  Мырзамыз-

дың  өмірі  азап  пен  қасіреттер  тізбегі.  Өзі  де  жағдайын: 

«Аллаһ  жолында  ешкім  көрмеген  азаптарына  тап 

болдым…» – деп баян еткен 

(Термези, Қиямет, 34/2472)

.

Алайда  басынан  өткен  азаптардың  ешбірі  Аллаһ 



Расулының  байсалдылығы  мен  тепе-теңдігін  бұза  ал-

мады.  Ол  бұлардың  барлығына  үлкен  адамгершілікпен 




118

разылық  пен  төзімділік  танытты.  Көңілі  қасіретпен 

қаншама таңбаланса да, гүл жүзінен күлімсіреуі еш кем 

болмаған. Оны ешкім, еш уақытта тыржиған ұқсынсыз 

жүзін, түйілген қабағын көрмеген. Өйткені Ол Аллаһпен 

бірге  болу  қуанышы  мен  тыныштығына  бөленіп,  үнемі 

күлімсіреген күйде әрқашан Исламның жылы шырайын 

көрсеткен.

Өз  болмыстарын  Аллаһ  Расулының  махаббатымен 

фәни  еткен  қадірменді  сахабалар  мен  Аллаһтың  әулие 

құлдарының  да  жан  дүниелерінің  әсемдіктері  жүздері-

нен көрініп, үнемі күлімсіреген. Үммүд-Дәрда 

c

 былай 


деп түсіндіреді:

«Әбуд-дәрда  әңгіме  айтқанда  міндетті  түрде  күлім-

сіреп айтатын. Бір күні оған:

«Сенің  бұл  күйіңді  адамдардың  орынсыз  деп  тү-

сінуінен сескенемін» – дедім. Ол маған:

«Аллаһ Расулы 

r

 да әңгіме айтқанда міндетті түр-



де күлімсірейтін» – деді 

(Ахмед, V, 198, 199)

.

Расулұллаһ 



r

  Мырзамыздың  Аллаһ  жолындағы 

табандылығы мен құтты жүзінде ашылған гүлдей үнемі 

күлімсірегені  Оның  тыныштыққа  бөлейтін  Аллаһпен 

бірге болу сезімінің ең әсем мысалы.

Әр адам қуаныштан ләззат алады. Алайда, барлық 

нәрсе  сияқты  қуанудың  да  өлшемі,  лайықты  шегі 

бар.  Басқа  түскен  тауқыметтер  себебінен  өзін  жойып 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ



119

жіберетіндей  қайғыға  батудың  өзі  қалай  қате  болса, 

қуаныш пен бақыт беретін оқиғаларда есінен танатындай 

қарқылдап  күлу  сияқты  шектен  шығу  да  адами  абырой 

мен тұлғалықты бұзатын жайттар болып табылады.

Мүмин  үнемі  жұмсақ,  нәзік,  сезімтал  жүрек  иесі 

болуы  тиіс.  Әрдайым  әдемі  күлімдеген  жүзі  болуы  ке-

рек.  Шектен  шығып  күлудің  жеңілтектігіне  қарсы  мү-

миннің  байсалдылығы,  ұсқынды  жүздің  тартымсызды-

ғына қарсы мүминнің тартымды жүзі болуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет