﴾٩﴿ ًارو ُك ُش َلاَو ءاَز َج ْمُكنِم ُديِرُن َلا ِ َّللا ِه ْجَوِل ْمُكُمِع ْطُن اَمَّنِإ
﴾١١﴿ ًاروُر ُسَو ًةَر ْضَن ْمُهاَّقَلَو ِمْوَيْلا َكِلَذ َّر َش ُ َّللا ُمُهاَقَوَف
253
Адам бақытты болғанда инфәқ етуі оңай. Өйтке-
ні осындай инфәқ мүліктің артығынан берілгені үшін
адамның нәпсісін аса көп мазаламайды. Ал қиыны тар-
шылықта жомарт бола білу.
Хазіреті Әли
тамаша айтқан:
«Дүние өзіңде бар болғанда бере біл! Өйткені,
берумен ол бітпейді. Дүние сенен бет бұрса да бер!
Өйткені, ол үнемі тұрмайды!»
Исарда, яғни адамның өзінің де мұқтаж болған
нәрсесін инфәқ етуінде нәпсісінің қарсы шығу дауыл-
дарына сабыр етіп, ризалық пен мойынсұну, пидакештік
жасай білу деген мәселе бар. Бұл әр жігіттің ісі емес, ер
жігіттің ісі. Бұл мінезді паш ете білу рухани салмақты-
лық, жүрек тазалығы және рух сафтығын қа-жет етеді.
Әр жақсылықтың сауабы оның қиындығы деңгейін-
де. Бұл жағынан исардың сауабы да басқа инфәқтардан
үлкенірек. Сондықтан Хақ достары бұл мінездің рухани
табысын теңдесіз олжа деп бағалаған. Оның ахіреттегі
бақыт пен салтанатына жете білу үшін бұл фәни әлем-
де «кедейліктен қорықпай» инфәқ ету арқылы көңіл
байлығына жеткен.
Хақ досы Хазіреті Мәуләнә қандай тамаша айтқан:
«Шынардың жапырағы төгілсе, Аллаһ оған жапы-
рақсыз да өмір сүру күшін береді. Жомарттықтан
қолында басқа мүлік қалмаса, Аллаһтың жәрдемі сені
аяқ астында ездіреді ме?»
ИСАР
254
Олай болса, исар – қауіпке бас тігіп бере алу, мақ-
рұм болуы, аш қалуы мүмкін бола тұра қолындағыны дін
бауырына тарту ете білу деген ұлылықты көрсете білу.
Нәпсіге қаншалықты ауыр келсе де жүзін тыржитпай,
көңіл рахатымен инфәқ ете алу.
Достарыңызбен бөлісу: