Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет182/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

Мал-мүлік  пен  жан,  ұрпақ  адам  көп  әуестенетін 

және  олардан  бас  тарту  өте  ауыр  нығметтер.  Бұл  үш 

мәселеде берілетін сынақтар да ең қиын сынақтар. Аллаһ 

қаншама  құлдарын  бұл  мәселелерде  ауыр  сынақтар-

ға  түсірді!  Сөйтіп  құлдықтағы  шынайылық  деңгейін 

сынаған.

Хазіреті  Ибраһим 

u

  бұл  үш  мәселедегі  сынақты 



Аллаһтың сыйымен өтіп, Хаққа Халил, яғни дос болған. 

Ол  кедейліктен  қорықпай  барлық  мүлкін  инфәқ  етті. 

Тәухид  күресінде  көзін  қақпай  Нәмрудтың  әмірімен 

отқа  атылды,  өстіп  керек  кезде  жанын  да  Раббысына 

ұсына  алатынын  көрсетті.  Адам  баласы  үшін  ең  ауыр 

33. Хужвири, Кәшфул-Махжуб, ауд: Сүлейман Ұлудағ, Ыстанбұл, 1996, 302-бет.

266

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




267

сынағының бірі ретіндегі ұрпақ мәселесінде де Аллаһқа 

бағынып, Оған берілгенін көрсете алды.

Бала  –  ұрпақтың  жалғасуы  ретінде  адамның  жа-

ратылысындағы  жасырын  мәңгілік  қалауының  бір  түрі. 

Бұл үшін адам баласы баласына өте құштар болған. Бала 

әке-шешенің жалғасуы.

Ұлы  Исмайлды  Аллаһқа  құрбан  етуі  әмір  етілген 

Ибраһим  u  сынақтың  ең  ауырына  тап  болды.  Әрі 

өзінің,  әрі  ұлы  Исмайлдың  ақылға  сыймас  ризалық 

пен  берілуінің  дүниедегі  сыйы  ретінде  Жәбірейіл 

u

 



Аллаһтың  әмірімен  жәннаттан  бір  қошқар  түсірді. 

Бұл  жанкештіліктің  естелігі  ретінде  қияметке  дейін 

жалғасатын  барлық  иман  ұрпағына  құлшылық  ретінде 

сыйланды.

Сондықтан  құрбан  құлшылығындағы  негізгі  мақсат 

–  керек  болғанда  Аллаһ  үшін  жанынан  да  пидакеш-

тік  көрсе-тетіні  туралы  құлдың  Раббысына  сөз  беруі. 

Сонымен  қатар  құрбан  –  тақуа  сынағынан  өте  алу, 

Аллаһқа  бағыну  және  берілуімізді  дәлелдеу.  Аятта 

құрбандар жайында:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет