Спорттық жүзу тәсілдерінің техникасы.
Қазіргі кезде спорттық жүзуде келесі тәсілдер қолданылады: кеудеде құлаштап жүзу, брасс және баттерфляй. Осы тәсілдер 2 топқа бөлінеді: аяқ пен қолдың алма-кезек қимылның тәсілдері (кеудеде және арқада құлаштап жүзу) және аяқ пен қолдың бір мезгілде қимылы (брасс және баттерфляйдельфин). Өзінің спорттық мағынасын жоғалтқан бүйір тәсілі алғашқы үйрету кезінде қолдалынады. Ол қолданбалы жүзуде, су добы ойынында және президенттік тестінің жиынтық нормасын тапсыру кезінде пайдаланылады.
Кеудеде құлаштап жүзу.
Кеудеде құлаштап жүзу алма-кезек және симметриялық аяқ пен қолдың қимылымен сипатталады. Бұл спорттық жүзудің ең шапшаң және атақты тәсілі. Шеңберлі құлаштап жүзу, әрқашан жүзушінің қысқа арақашықтықта аса қызығушылығымен орындалады. Кеудеде құлаштап жүзудің кең таралуының енді бір артықшылығы, су добы ойынында қолданылуда, мәнерлі жүзу және табиғи су қоймасында жүзумен түсіндіріледі. Кеудеде құлаштап жүзу жарыстардың барлық дистанцияларында еркін жүзу стилі қонданылады: 10,15,25,50,100,200,400 м, қолжалғауда 4х100 және 4х200 м еркін стилімен жүзу жиынтығымен 100 және 200 арқашықтықтарда.
Дененің қалпы. Баланың денесі су бетінде және жақсы ағымды жерінде көлденең қалыпта орналастырылған (шабуыл бурышы 08гр). Бас суға түсірілгені (бетпен төмен) соншалық, судың деңгейі шамамен маңдайдың үстіңгі жағында орналасқан.
Аяқпен қимыл. Аяқтардың қимылы тербеліс арналығымен (табанның сілтеу кеңдігі) шамамен жүзушінің төрттен бір бөлігіне тең, алма-кезек жоғарыдан төмен және төменнен жоғары орындалады. Аяқпен қимыл дененің тұрақты көлденең қалпын қамтамасыз етеді және жылжу жылдамдығын сүйемелдейді. Аяқпен төмен қимылдау жұмысы немесе есулік (ал кейбір дененің алға жылжуына себебін тигізеді) деп аталады. Дайындық қозғалысы -төменнен жоғары. Шеткі төменгі қалпында аяқ тізе буынында түзулі, ал табан ішке бұрылған. Денеге қатысты аяқ бүгілген қалпына ие болады, өйткені ол сан-жамбас буынында бүгілген күйінде қалады. Жоғары қимылдау аяқ,сан-жамбас буынында аяқты түзу жазуынан басталады. Көлденең қалыпқа дейін аяқ түзу қимылдайды. Кейн аяқ тізе буынында бүгуді бастайды, ал жіліншек және табан жоғары қозғалуын жалғастырады. Аяқ осы мезгілде сан-жамбас буынында бүгіліп, төмен қозғалуын бастайды. Алдағы жамбастың сыртқы жағы және дененің арасындағы бұрыш 165-170гр., артқы жіліншек беті мен жамбастың (тізе буынында) арасындағы бұрыш 130-140гр. құрайды, аяқтың төменнен жоғары қимылы аяқталған деп саналады. Жұмысшы қозғалыс (жоғарыдан төмен) оның кейінгі тізе, табан жіліншіктің (есудің аяғында) буынындағы және сан-жамбас буынындағы бір мезгілдегі бүгілуінен басталады. Осы кезде барлық аяқтардың бөліктері төмен қимылдайды. Кейін жіліншек пен табан тізе буынындағы аяқтың толық жазылуына дейін төмен қимылдауды жалғастырады, ал жамбас жіліншек пен табанды озып, жоғары қимылдауды бастайды. Жамбастың осы озу қимылы солқылдақ бейненің тұтас аяқ қимылы аркасында табанның төмен қимылдауының жылдамдығын күшейтеді. Аяқ тізе буынында түгел түзелгенде, жұмыс қозғалысы аяқталған болып саналады.
Қолмен қимылдау. Бір қол қимылының кезеңі келесі фазалардан тұрады:қолдың суға кіруі және қаптау, есудің тіреу бөлігі, есудің негізгі бөлігі, қолдың судан шығуы, су үстінде қолдың қимылдауы. Қолдың суға кіруі және қаптау өткізу . Ауада өткізілгеннен кейін шынтақ буынында жеңіл бүгілген қол суға өткір бұрыштың алдында біратаулы иық буынындағы ағу қалпында салынады және осылай жалғаса алады: білезік, білек, иық. Кейін қол жазылып, осы қалпында алға және төмен қимылдайды. Қаптау аяқталған соң, қол шынтақ буынында шамалы бүгіледі, ал білезік перпендикулярлы бағыт қимылының қалпына бұрыла бастайды. Осы кезде қолдың бетпен бұрышы шамамен 15-20гр құрайды.
Есудің тірек бөлігі. Қол алға және жоғарыдан төмен қимылдай, шынтақ буынында 135-140гр бұрышына дейін бүгілуін жалғастырады, ал білезік дененің жалғасқан осі астында жылжиды. Осы фазаның аяғында көлденең және қолдың арасындағы бұрыш 40-45гр құрайды, білезік тік қалпында қабылданады. Есудің негізгі бөлімі. Дененің астында жылжып, қол арасындағы 90-100 гр тең есу ортасын қалыптастырады. Әріқарай қол бірте-бірте жазылып, есудің негізгі бөлігін түзу аяқтайды. Қол жамбас сызығына жеткенде, есудің негізгі бөлігі аяқталады. Қолдың судаң шығуы. Қол білезігі жамбасқа жеткенде дененің алға жылжуына бағытталған белсенді бұлшық еттің жігері тоқтатылады, және иық буыны судан көтеріледі. Ендігі кезде судан иық, білек, білезік көтеріледі және қолдың су бетінде өткізу қозғалысы басталады. Су бетіндегі қолдың қимылы. Бүгілген және жартылай бүгілген қол, артық күш жұмсауынсыз қысқа жолмен тез су бетімен өтеді және суға салынады. өткізу уақытында шынтақ көтерілген, ал білезік су бетінде ұсталады. Кеудеде құлаштап жүзу кезінде қол қимылының дұрыс үйлесуі жоғары және әр кезңнің ұзақтығында жүзуші қимылы жылдамдығының бір қалыптылығына негізделген. Сондықтан бір қолмен есудің негізгі бөлігінің аяқталуы және екінші қолмен бастапқы есудің негізгі бөлігінің арасындағы кідіріс, жүзуші қимыллының жеткен жылдамдығын сақтау керек. Тыныс алу қимылының бір кезеңінде бір рет демді ішке тарту және бір рет демді шығару орындалады. Демді ішке тарту үшін бас қолдың ескекші жағына бұрылуы соншалық болу қажет, ауыз су бетінде болғандай. Демді ішке тарту жедел орындалып, ауыз кең ашылып қол өткізу бірінші жартысында белсенді орындалады. Осыдан кейін бас суға тез бұрылады (бетпен төмен) және алғашқыда ауыздан, кейін мұрыннан демді шығару басталады. Демді шығару демді ішке тартудан ұзағырақ; сонымен бірге демді шығару мен демді ішке тарту арасында кідіріс болмауы қажет. Жалпы қимылдық үйлесімдігі болу керек. Кеудеде құлаштап жүзуде аяқ пен қолдың жұмысы қимылдары үзіліссіз болуы, барлық қимылдар мен тыныс алудың ойқан үйлестіруінің арқасында үлкен жылдамдыққа жетеді. Егер жүзуші демді ішке тартуды оң қолдың астынан орындаса, осы кезде сол қол жедел жүзу кезеңінде болады және оң қол өткізу бірінші жартысын іске асырады, оң аяқ жоғарыдан төмен соққы жасайды, ал сол аяқ төменнен жоғары көтеріледі. Егер демді ішке тарту сол қолдың астынан орындалса, оң және сол аяқпен, қолдың қалпы өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |