Көркемдік мәдениет. Баспасөз Революцияға дейінгі Қазақстанның көркемдік мәдениеті өзінің бойына отаршылдық қанаудан туған жаңалықтармен бірге патриархалды-феодалдық құрылысқа тән дәстүрлі ерекшеліктерді де жиыстырды. Оның неғұрлым айшиқты кұрамдас бөліктері әдебиет пен музыка бол- ды.Діни догмалар мен тиы салушылық бейнелеу өнері мен театрлық мәдениетінің дамуын қатты шегеріп қалды.
Әдеби процестер екі бағытта: ауызекі шығармашылық пен жазба әдебиет бағытында жүріп жатты. Ауызекі шығармашылық ақындар айтысы, дастандар, ерлік және сыршылдық-эпикалық поэмалар, ертег- ілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және басқалар түрінде дамыды. 19-20 ғғ. басқы кезінде өткен көптеген айтыстарда Жанақ, Шөже, Ақан сері, Сүйінбай, Жамбыл, Сара Тастамбекова,Біржан сал сияқты ақын- дар өткір сөзділігімен, тапқырлығымен, суырып салушылығымен, ха- лықтың әдеп-ғұрпын, дәстүрін, тілін терең білетіндігімен ерекшеленді Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы А. Құнанбаев болды. Ол қазақ қоғамындағы жаңалық, прогресс атаулының бәрін өз бойында сақтаушы болды. Оның пікірі бойынша әрбір ойлайтын адам қоршағ- ан болмысқа деген өзінің санслы қатынасын қалыптастыруға тиісті. Ол адамзат қоғамын ізгі әрі парасатты, прогрессивті дамушы тұрғыс- нда көргісі келді. Әрбір адам бұған өзінің шама-шарқындағы үлесін қосуға тиіс. Сондықтан Абай естілер қатарында болғысы келген барл ық адамдарды: « Күніне бір рет, немесе аптасына бір рет, тіпті ең бол-мағанда айына бір рет өзіне өзін есеп бер, осы уақыт ішінде сен өзіңді өмірде қалай ұстадың, ізгілік пен парасаттылыққа сәйкес келетін істер жасай алдыңба?» деген сұраққа жауап қатуға шақырды. 19 ғғ. қазақ баспасөзінің өмірге келуі басталды. 1870 ж. 28 наурызда «Түркістан уәлаяты» газетінің бірінші нөмірі шықты. Ол қазақ және өзбек тілдер- інде шығарылды. Оның беттерінде Ш. Уалиханов туралы, Маңғыстау қазақтарының көтерілісі және басқа оқиғалар жөніндегі материалдар басылды. 1911 ж. бірінші қазақ журналы « Айқап » жарықкөрді, өмір сүрген төрт жыл ішінде оның 88 нөмірі шықты. 1913-1918 жж. Қазақ гаеті шығарылып тұрды. «Айқап» пен «Қазақ» қоғам өмірінің барлық жақтарын жазып тұрды. Олар қазақтардың отырықшылықты өмір сүр- уге көшуін, сөйтіп, егіншілік мәдениетін менгеруін жақтады және сон ымен бірге көшпеліліктің маңызы мен өмірден алар орнын да теріске шығармады. Бұл басылымдар сондай-ақ әйел және ұлт мәселелерін батыл көтерді, дәрігерлік, агрономиялық білімдерді таратты. Бүкілқа- зақстандық съезд шақыру идеясын қолдады.