Реферат 19-20 ғғ. Бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті. Орындаған


Қазақтардың материалдық мәдениеті



бет4/5
Дата02.12.2023
өлшемі23,23 Kb.
#131810
түріРеферат
1   2   3   4   5
Қазақтардың материалдық мәдениеті
Қазақ халқының тұрғын үйі – материалдық мәдениетінің тамаша ескерткіші. Ол аумағымен және түзілісімен ерекшеленіп, қыстық және жаздық болып бөлінеді. Жазғы уақыттары қазақтар жығып алуға жеңіл киізүйлерде, қыста – тұрақты, жылытылатын: «ағаш үй», «жер үй», «қара там» деп аталатын үйлерде тұрды. Ағаш пен киізден жасалатын жиналмалы киіз үй керегеден – негізден (ағаш тор) сфера тәрізді күнбез – шаңырақтан, тарамдана орналасатын сырықтар – уықтардан тұрды. Киіз үйдің көлемі қанаттарының санына байланысты болды. 12 қанаттан тұратын үйлер 100 - 120 шаршы метр алаңды алды. 12, 15, 18 қанатты үйлер 12 ғ.-дан 19 ғ.- дың басына дейін кездесті. Өзінің пайдалануына қарай киіз үйлер үш түрге бөлінді. Қонақтарды қабылдауға арналған салтанатты үйлер көлемінің аумақтылығымен және бай жиhаздарымен ерекшеленді. Салтанатты үйлер ең кем дегенде он екі қанат керегеден тұрғызылып, олардың үстіне ақ киізбен жібек маталар жабылды. Жасаулары жөнінен неғұрлым бай үйлер үйлену тойы өтетін – отау үй болды. Ал тұрғын үйлер шағын көлемде жасалды. Кішкентай жорықтық үйлер бір түйеге ғана немесе тіпті бір атқа тиеліп – ақ тасымалданды. Бұлардан басқа қоймалар ретінде және басқа шаруашылық әрекеттерге пайдаланылатын үйлер болды.
Үй жиhаздары әртүрлі ағаш және тері заттардың, киізден жасалған бұйымдардан, өрме, тоқымалардан және кілемдерден құралды. Киіз кілем – текеметтер, өрнектер ойылып тігілген киіз кілем – сырмақтар кеңінен, ал тоқыма кілемдер аздау тарады. Кілемдердің екі түрі болды Олар: түгі жоғы тақыр кілем және түгі бар түкті кілем. Өрнектермен , оюлы безектермен және кестелермен әшекейленген, түр-түске бай қабырғалық киіз кілемдер «түс киіз» деп аталды.
Аспаптар мен ыдыстар аяққаптарда, киіз қораптарда, қос қалталы кілем қоржындарда сақталды. Әрбір үйдің ерекше белгісі – сандықтар болды. Ағаш бұйымдар үстіне көрпе – төсек жиыстырылатын жүк аяқтар, тағамдар сақталатын кебежелер көркем өрнектермен әшекейл- енетін.
Қазақтың ұлттық киімінде этникалық, экономикалық және климаттық жағдайларына байланысты ежелгі дәстүрлері бейнеленді. Киім мауытыдан, жүн және жібек матадан, киізден және аң терісінен тігілді. Қазақтарда құланның, ақ бөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың терілері ерекше қымбат бағаланды. Бұл аңдард ың терілерінен тондар тігілді. Құнды аң терісі астар етіліп тігілген тон «ішік» деп аталды және тысына қарай аталуы да өзгеріп отырды.
Қайыстан, барқыттан, жүннен және жібектен жасалған белдіктер қазақ киімдерінің міндетті бір бөлшегі болды. Қайыс белдіктері өрнек түсірумен, әртүрлі жапсырмалармен, асыл тастардан көздер салумен, сүйек оюларын бастырумен әшекейленді. Мұндай белдіктер «кісе» деп аталады.Жас жігіттердің белдіктерінде алқа, әлеміштер болды. Әйелдердің белдіктері жалпақ әрі сәнді келді және негізінен жібек пен барқыттан тігілді.
Қазақ қарулары да әртүрлі болды. Ерекше болаттан имек қылыш, селебе, семсер соғылды. Қару ретінде сапы, қанжар, қайқы сапты ұзын пышақ – жеке ауыз, жіңішке ұзын пышақ – бұйда пышақ кеңінен тарады. Неғұрлым көп тараған қару – садақ пен жебе болды. Жебелердің ұшы: төрт қырлы, төрт қиғаш бұрышты, аша тәріздес болды. Сүңгі найзаға болат темірден үш, жылқының құйрық қылынан шашақ жасалды. Қару құрамына сондай-ақ теріден тігілген және болат шиыршықтардан өрілген сауыт, маңдайшасы бар тор көзді болат дулыға, сырты қаңылтырмен қайталған ағаш және тері қалқандар енді. Қазақт тардың тамағы негізінен ет және сүт өнімдерінен құралды. Сүт тағамы әр түрлі болды. Бие сүтінен – қымыз, түйе сүтінен – шұбат дайындалды. Сиырдың, ешкі мен қойдың сүті негізінен алғанда айран ұйытуға, май пісуге, әр түрлі құрт, ірімшіктер жасауға пайдаланылды. Қазақ елінің сүйсініп ішетін сусындарының бірі – айран болды. Айранға су араластырылған сусынды «шалап» деді. Күбіде пісіп, сүттен май алды. Ол майдың ұзақ сақталуы үшін оны суық сумен шайып, тұздап, қарынға салды.
Қазақтардың материалдық мәдениеті халықтың шаруашылық тұр- мысының ерекшеліктерін бейнеледі, дала малшыларының бұрыңғы ұрпақтары мәдениетінің дәстүрлеріне негізделді. Шаруашылық-экон- омикалық құрылыс, тамақ, киім олар өмір сүрген табиғат жағдайлар- на неғұрлым бейімдендірілген қалыпта болды. Халықтың материал дық және рухани өмірін олардың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары да бейнелейді. Тарихтық аңыз әнгімелерде сақталып қалған қазақтар- дың әлеуметтік, заңдық және шаруашылық-тұрмыстық терминология сында тарихи бағалылықтар аз емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет