Реферат 19-20 ғғ. Бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті. Орындаған


Әдеп - ғұрыптары мен ырым – жоралары



бет5/5
Дата02.12.2023
өлшемі23,23 Kb.
#131810
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-9701 (1)

Әдеп - ғұрыптары мен ырым – жоралары.
Қазақтың халықтық әдет-ғұрыптары,үйлену жоралары–«құдалық салтта» айқын ашыла түседі. Қалыңдық туысқандарының күйеу балаға деген көзқарасы ісләм белгілеген көптеген ырымдардан азат болды. Келісуден және қалымның алғашқы жарнасы берілгеннен кейін болашақ күйеу қалыңдығымен жасырын жолығыса алды және оның алғашқы келуі-ұрын келу, әдетте, қалыңдығының әке-шешесін- ен жасырын түрде, сол қалыңдығының аға-інісінің немесе туыстары- ның үйінде өтті. 15-17 ғғ.қазақдардың отбасылық өміріне ісләмнің ықпалы онша болған жоқ, молданың қатысуымен қалыңдықтың неке-сін қию ғұрпы қолданылмады. Ерлі-зайыптылық халықтың жаппай мақұлдауымен, бәрі қосылып той салтанатында орындалатын «жар-жар» өлеңін айтумен бекітілді.
Қазақтардың халық жылнамасының негізін ғасырлар бойы жинақ талған астрономиялық түсініктер мен аспан жұлдыздары ілімі құрады. Халықтың шаруашылық тірлік-тынысында табиғат құбылыстарының мезгілдігін бақылап отырудың практикалық зор маңызы болды. Көш- пелі шаруашылық уақытты есептей білуді және табиғат құбылыстары- ның мезгілдігін түсінуді талап етті. Қазақтар аспан жұлдыздарының қозғалысын бақылап отырды. Шетсіз, шексіз даламен үнемі көшіп-қонып жүру оларды әлемнің әр тұсын жақсы бағдарлауға, жұлдыздар бойынша жолды таба білуге, мекендердің, құдықтардың, жайылымдардың қай жерге орналасқан дәлме-дәл анықтай алуға үйретті.
Көшпелі мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік Қазақстан тайпаларының бірыңғай мәдениетінің негізін қалады. Қазақ халқының мәдениетіне көрші халықтардың, әсіресе, Еділ маңы, Сібір және Орта Азия халықтарының мәдениеті едәуір ықпал етті. Сондай-ақ мұсылм- мандық мәдениет те айтарлықтай із қалдырды. Сайып келгенде, 15-20 ғ.- дың басында Қазақстанда қазақ далаларының ежелгі тайпалары мәдениетінің таңдаулы дәстүрлеріне негізделген бірыңғай мәдениет іс-әрекетте болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет