Реферат абай Құнанбаевтың қара сөздері Орындаған: Түркебай Динара Тобы: еп-20-11к3 Қабылдаған: Насирдинов Б



бет1/5
Дата27.06.2022
өлшемі23,67 Kb.
#37350
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Абайтану 2

    Бұл бет үшін навигация:
  • Абай

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ

Абай Құнанбаевтың қара сөздері

Орындаған:Түркебай Динара


Тобы:ЕП-20-11к3
Қабылдаған:Насирдинов Б

Шымкент 2021ж


Абай Құнанбаевтың қара сөздері


Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары - «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Оның алты-жеті үлгісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылатындар Он алтыншы, Он сегізінші, Он тоғызыншы, Жиырмасыншы, Жиырма төртінші, Отыз бірінші, Қырық бесінші сөздері. Жалпы қарасөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын- Қырық алтыншы сөз. Ол тарихтық мақала - очерк тәрізді. Қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқазерттеу сияқты. Өзге қырық бес сөздің ішінде көлем жағынан ең мол шығарма бұрын Абайдың қолжазбаларында «Ғақлиат тасдиқат» деген атпен бөлекше көшіріліп жүретіндін, мораль мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен ой-толғауы болады. Бұл - Отыз сегізінші сөз. Осыдан соң қарасөзбен жазылған мысал, өсиет есебіндегі Сократ пен оның шәкірті Аристодим әңгімесі. Бұл -Жиырма бесінші сөз. Көпшілік қарасөздерден және де өзгешерек қалыптанған Абайдың Отыз жетінші сөзі. Бұл бөлімше өзге қарасөздерге тұтас құрылған бүтін шығарма емес. Шартты түрде Отыз жетінші сөзден бір араға бастары құрылған афоризмдер саналады. Мүрсейіттің көшірулерінде және Абайдың толық жинақтарының бәрінде осы афоризмдер Жиырма үш деп саналады. Анығында, Абайдың афоризмдері бұлар ғана емес және жинақтарға басылғандай бір ғана 1896 жылда туған болмау керек. Әр жылдарда айтылған терең ойлы, шешен, шебер сөздерді 1896 ж. ең алғаш 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет