Абайдың қарасөзінде де көрінеді. Бірақ осымен қатар мұсылман дініне иланған тыңдаушыларына құдайдың, пайғамбардың, иман, парыздардың жайларын көбірек айтады. Мынау оқушылармен әңгімелескенде өз ойына соларды көбірек серік етеді. Және өлеңнен қарасөздерді төменірек түсіретін тағы бір өзгешелік бар. Онысы: дін түтынушылар мен би-болыс, атқамінерлер жөніндегі аса аяусыз, сыншы, жазушы болған қалпын Абай қарасөздерде біраз жеңілейтіп, ашуын азайтыңқырап алады. Өлеңінде жаңағы топтар жөніндегі шығармалар көп болса, қарасөздерінде аз көрінеді. Бірнеше шығармаларда басып айтқан ащы, сыншы пікірлер болғанмен, көпшілік қарасөздер орташа шындықты орташа халде тарады. Бұнда жалпы байкалатын күй, осы тыңдаушылармен Абай тану, тыныш мәжіліс құрғандай болады. Ол тыңдаушыларды әрине «Ғаклиат-тасдихаттағы» оқушылар ғана деп бағалау дұрыс болмайды. Өйткені «Ғақлиатты» Абай өзінің касында жақын жүрген шәкірт достарына, үміт еткен жаксы жастарына аса бір жылы жүректен ағалық өсиет етіп айтқан. Ал, көпшілік қарасөзде Абайдың көзалдында көрініп отырған тындаушысы жаңағы жастар ғана емес сияқты. Бірақ олар Абайды аяп әңгімелесетін, тартына сөйлейтін адамдары тәрізденеді. Осы себептен болу керек, қарасөз ой тереңдігі жағынан да көп өлең сөздерден таязырақ, сәл ғана шындықтардың өріс-өрісін байқаткандай болады. Абай қарасөздерін баспаға дайындауда шығарушылар алқасы Мүрсейіт қолжазбаларының 1905, 1907, 1910 жылғы нұсқаларын, сондай-ақ әркездегі басылымдарды салыстырып, нақты зерттеулер жүргізді. Бұл қолжазбаларда қарасөздердің жазылған жылдары көрсетілмеген. Басылымдарда әр сөздің жазылған жылын шығарушылар ешбір дерекке сүйенбей өздерінше қойған. Мүрсейіт қолжазбаларында рет санымен қырықбір сөз, ал қалғандары «китаб тасдих», «Насихат», «Сократ хакімнің сөзі» деген тақырыптармен берілген. «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» тарихи еңбегі 1907 жылғы қолжазбада ғана бар. 1905 жылғы Мүрсейіт қолжазбасымен салыстырғанда Қарасөздердің рет саны әр кезде әрқалай өзгеріске ұшырағаны байқалады. 1907, 1910 жылғы колжазбалардағы саны бірдей. 1905 жылғы қолжазбадағы 8 -сөз, 1907, 1910 жылғы қолжазбаларда 7-сөз болып, 7-26-сөздердің рет саны сол тәртіппен бір сан кем болып келеді. Абай шығармаларының 1933 ж. жинағында М. Әуезов қарасөздердің рет саны мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған